"Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30830 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін."

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларына, бағдарламаларына және оны ұйымдастыруға:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды (бұдан әрі – кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен (бұдан әрі – тестілеу) және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Орталық (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.";

      5-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-1-қосымшасында келтірілген.

      Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушіні, "электрондық үкімет" ақппараттық-коммунткациялық инфрақұрылым операторын, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығын Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап ол туралы үш күн ішінде хабардар етеді.

      6. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тапсырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.

      Құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.

      Кандидат Тізбенің 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Бірыңғай байланыс орталығында ала алады.";

      7-1- және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.1 Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.

      8. Кандидат осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін) бар адамдар жіберіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тестіленуші кандидат осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.

      Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.

      Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.

      Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.

      Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
2-қосымша";

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
4-1-қосымша";

      5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
5-қосымша";

      6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
6-қосымша";

      7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
7-қосымша";

      9-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
10-қосымша";

      11-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
1-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
____________________________
тел._________________________
эл. мекенжайы _____________

Өтініш

      Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: _________.

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _______

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: ____

      "___" ___________________20 __ ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
2-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды
тесттен өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
1-1-қосымша

"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

Тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.

4

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі

Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.
Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды түрде.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде кандидаттан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:
www.gov.kz
2) порталда www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

портал арқылы:
электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері

1) кандидаттың соңғы бір ай ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі;
2) кандидаттың соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) бекітілген Тестілеу ережелерін бұзу туралы қызмет беруші толтырған актінің бар болуы;
3) соңғы бір жыл ішінде тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы оператор толтырған актінің бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар

Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
3-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және
оны ұйымдастыруға
3-қосымша

Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-OKGP-6, C-OKGP-7, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, С-FM-2, С-FM-3, С-FM-4, С-FMО-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, В-PK-4, В-PK-5, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-4, В-PKО-5, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-OKGP-6, C-OKGP-7, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттағы құқық қорғау қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуге арналған тестілер.

      Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
4-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидаларын,
бағдарламаларын және
оны ұйымдастыруға
4-қосымша
  Нысан

Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруды бұзу туралы АКТ

      20__ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.

      Тестілеу операторы__________________________________________________

      (оператордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Кандидаттың________________________ЖСН _______________________

      (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын,

      бағдарламаларын және оны ұйымдастырудың 16-тармағын бұзу фактісі анықталды:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Ереже бұзудың қысқаша сипаты)

      Тестілеу операторының қолы:________________________________

      Актімен таныстым:

      _______________________________________________________________

      (жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген кандидаттың

      осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)

      _______________________________________________________________

      (жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас

      тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      ЖСН)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
5-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және оны
ұйымдастыруға
9-қосымша

Құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

      Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PK-4, В-PK-5, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, В-PKО-4, В-PKО-5, С-FM-2, С-FM-3, С-FM -4, С-FMO-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 2 балл, талдамалық - 2,5 балл, ұйымдасқандық - 2,5 балл, стратегиялық ойлану - 2,5 балл, көшбасшылық - 2,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1,5 балл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - 2 балл.

      2) екінші бағдарлама C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OKGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-OKGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 1,5 балл, сараптамалық - 2 балл, ұйымдасқандық - 1,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1 балл, жемқорлыққа шыдамау - 2 балл.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 240 бұйрығына
6-қосымша
Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және оны
ұйымдастыруға
11-қосымша

Өтініш

      ____________________ _____________________ қ.

      (тестілеу күнін көрсету)

      өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері

      бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.

      Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:

      _______________________________________________________

      _______________________________________________________

      _______________________________________________________

      _______________________________________________________

      Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары,

      бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін

      және оларды орындауға міндеттенемін.

      "___" _______________ 20__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады