Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеінің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | М. Журебеков |
Министрдің міндетін атқарушы 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 Бұйрығымен бекітілген |
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді белгілеу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды жіберу және қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді белгілеу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды жіберу және қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді белгілеу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-9-бабының 1-тармағына сәйкес отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты республикалық маңызы бар қалалардағы, құрамында электр станциялары жұмыс істейтін, соның ішінде жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) энергия өндіруші ұйымдармен ғана жасалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) бірыңғай сатып алушы – Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті орталықтандырып көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
4) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама (бұдан әрі – инвестициялық бағдарлама) – отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі бағдарлама;
5) отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім (бұдан әрі – инвестициялық келісім) – уәкілетті органның жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге жасасатын келісімі;
6) сараптама комиссиясы – инвестициялық келісімдер жасасу (жасасудан бас тарту туралы) туралы шешімдер қабылдау мақсатында уәкілетті орган құратын уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, жүйелік оператордың, бірыңғай сатып алушының, Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардан тұратын, саны 15 (он бес) адамнан аспайтын комиссия.
7) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;
9) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жасалған инвестициялық келісім негізінде айқындалған тариф;
10) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
11) жобаны дайындау және іске асырудың жоспар-кестесі (бұдан әрі – жоспар-кесте) – есепті көрсеткіштерді айқындайтын және энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы бекітетін іздестіру, логистикалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын іске асыру мерзімдерін көздейтін инвестициялық келісімді іске асырудың егжей-тегжейлі кестесі.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау тәртібі
4. Уәкілетті органмен инвестициялық келісім жасасуға ниет білдірген энергия өндіруші ұйым жиырмасыншы қарашаға дейінгі мерзімде Нарық кеңесінің қарауына инвестициялық бағдарламаны қағаз және электрондық жеткізгіште жібереді.
5. Инвестициялық бағдарламамен бірге Нарық кеңесіне мыналар да енгізіледі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы ақпарат;
2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және 5-тармағына сәйкес келмейтін инвестициялық бағдарламалар Нарық кеңесінің қарауына қабылданбайды.
7. Инвестициялық бағдарламалар Нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды.
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайта алады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Нарық кеңесі әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша оны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы жеке-жеке қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) дайындайды.
9. Инвестициялық бағдарламаны іске асырудың орындылығын не орынсыздығын бағалау үшін Нарық кеңесі ұсынылған инвестициялық бағдарламаны қарау жөніндегі уақытша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
10. Комиссия құрамына мынадай тұлғалар тізімі кіреді:
1) Нарық кеңесі айқындаған ұйымның басшысы;
2) тиісті салаларда жұмыс тәжірибесі бар және Нарық кеңесінің өкілдері болып табылатын жоғары техникалық білімі бар кемінде бір сарапшы және жоғары экономикалық білімі бар кемінде бір сарапшы;
3) электр энергетикасы саласында жұмыс тәжірибесі бар өзге де сарапшылар.
11. Комиссия кемінде бес адамнан тұрады.
12. Нарық кеңесі Комиссияның инвестициялық бағдарламаны қарау және іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы қорытынды дайындау тәртібін дербес айқындайды.
13. Қорытынды мынадай ақпарат көрсетіле отырып, еркін нысанда баяндалады:
1) инвестициялық бағдарламада ұсынылатын іс-шаралардың техникалық және технологиялық орындылығын талдау;
2) инвестициялық бағдарламада ұсынылатын іс-шараларға жұмсалатын қаржылық шығындардың шамасы мен орындылығын талдау;
3) ұсынылатын іс-шаралар шеңберінде сатып алу болжанатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзекті баға ұсыныстарын талдау;
4) осы іс-шараларды орындауға ұсыныс беруге себеп болған нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан инвестициялық бағдарлама ұсынатын іс-шаралар көлемінің орындылығын талдау;
5) талдау нәтижелеріне негізделген инвестициялық бағдарлама бойынша шешім;
6) инвестициялық бағдарлама бойынша қабылданған шешімнің негіздемесі.
14. Қорытынды осы инвестициялық бағдарламаны қарауға қатысқан Комиссия мүшелерінің қолдарымен расталады (бекітіледі).
15. Нарық кеңесі инвестициялық бағдарламаны, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды, Қорытындыны Нарық кеңесіне енгізілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіште уәкілетті органға енгізеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Қорытынды уәкілетті органға Нарық кеңесінің ресми бланкісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізіледі.
3-тарау. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу тәртібі
17. Инвестициялық келісімді жасасу (жасасудан бас тарту туралы) туралы шешімдер қабылдау үшін уәкілетті орган осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сараптама комиссиясын қалыптастырады.
Сараптама комиссиясын құру кезінде уәкілетті орган мүдделер қақтығысын болдырмауды қамтамасыз етеді.
18. Сараптама комиссиясын құру туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылданады.
Сараптама комиссиясын құру туралы шешім уәкілетті органның интернет-ресурсында комиссия хатшысының байланыс телефонын көрсете отырып, жарияланады.
19. Уәкілетті органның бірінші басшысының электр энергетикасы саласындағы мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары сараптама комиссиясының төрағасы болып табылады.
20. Сараптама комиссиясының хатшысы уәкілетті органның өкілдерінен айқындалады және комиссия мүшесі болып табылмайды.
21. Сараптама комиссиясы сараптама комиссиясын құру туралы бұйрық күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес шешімдер қабылданғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.
22. Сараптама комиссиясының отырыстарын оның төрағасы шақырады.
Сараптама комиссиясының отырыстары, егер оған сарапатама комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
23. Сараптама комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысып отырған сараптама комиссиясының мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Сараптама комиссиясының мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптама комиссиясының шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, қатысып отырған сараптама комиссиясының мүшелері қол қояды.
Қабылданатын шешіммен келіспеген кезде сараптама комиссиясының мүшесі ерекше пікірін жазбаша нысанда баяндайды, олар хаттамаға қоса тіркеледі.
Сараптама комиссиясының отырысы кезінде сараптама комиссиясының отырысының бейне-аудиожазбасы жүргізіледі, ол сараптама комиссиясының отырысы өткізілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
24. Сараптама комиссиясы құрылған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Нарық кеңесінің қорытындысы негізінде инвестициялық келісім жасасу немесе келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, Заңның 15-9 бабы 8-тармағының екінші бөліміне сәйкес, энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлайтын республикалық маңызы бар қалада газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауы инвестициялық келісім жасасудан бас тартуға негіз болып табылады.
25. Cараптама комиссиясының шешімдерінің негізінде уәкілетті орган комиссия шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде энергия өндіруші ұйымдарды инвестициялық келісім жасасуға дайын екендігі не одан бас тартатындығы туралы жазбаша хабардар етеді.
26. Инвестициялық келісімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген "Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім" нысаны бойынша хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қол қойылады және ол мынадай ақпаратты қамтиды:
1) энергия өндіруші ұйымдардың атауы;
2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі. Бұл ретте, энергия өндіруші ұйымға бірыңғай сатып алушымен осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасуға тыйым салынады;
3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф қамтылады.
Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілсе, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтер пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне байланысты айқындалады;
4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген күнінен бастап кемінде 10 (он) жыл;
5) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыны пайдалануға берудің жоспарлы күніне сәйкес келетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталу күні;
6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шаралар туралы мәліметтер;
7) жоспар-кесте.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Инвестициялық бағдарлама инвестициялық келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оған қосымшаларымен ресімделеді.
4-тарау. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасу және осы шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімдерін белгілеу тәртібі
28. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен инвестициялық келісім жасасқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бірыңғай сатып алушыға инвестициялық келісімнің көшірмесін электрондық нысанда жібереді.
29. Бірыңғай сатып алушы инвестициялық келісімнің электрондық көшірмесін алғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде энергия өндіруші ұйымға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
30. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасу инвестициялық келісімнің көшірмесін алған күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.
31. Осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу тиісті энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізу актілерін енгізген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, бірақ осы Қағидалардың 27-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген күннен ерте емес мерзімде жүзеге асырылады.
Егер генерациялайтын қондырғыларды кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендері енгізген жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне байланысты электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
32. Инвеститциялық келісім жасалған энергия өндіруші ұйымның электр қуатын жүйелік оператор осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша оның көрсетілетін қызметін іс жүзінде сатып алған күннен бастап міндетті түрде жыл сайын аттестаттауға тиіс.
Аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтау үшін жыл сайынғы міндетті аттестаттауды жүйелік оператор жүргізеді.
Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, онда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының кезекті аттестаттауын өткізгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
33. Осы баптың шеңберінде отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның жыл сайынғы амортизациясының шамасы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифке енгізілуге жатпайды.
Баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шараларды қамтитын электр станциясының атауы (атауын көрсету).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.
№ | Іс-шараның атауы | Іс-шараның басталу күні (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу күні (айы, жылы) | Құны, (млн. теңге) | Іске қосылатын негізгі генерациялаушы жабдықтың техникалық параметрлері | |
Белгіленген электр қуаты, (МВт) | Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/с) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының жұмыс істеп тұрған негізгі генерациялайтын жабдығын ауыстыру | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясында қосымша негізгі генерациялайтын жабдықты енгізу (кеңейту) | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Қолданыстағы (бұрыннан бар) электр станциясын жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту, қолданыстағы отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғылар салу (негізгі жылу және электр энергиясын өндіретін жабдыққа қатысты) | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.";
3. Электр станциясының (атауын көрсету) инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейінгі және кейінгі жұмыс параметрлері туралы ақпарат *.
№ | Белгіленген қуаты | Орташа жылдық қолда бар қуат | Шартты отынды босатуға жұмсалатын меншікті шығыс** | |||
Электр (МВт) | Жылу (Гкал/с) | Электр (МВт) | Жылу (Гкал/с) | Электр энергиясы (отынның үлестік шығысы/кВтс) | Жылу энергиясы (отынның үлестік шығысы/Гкал) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.
4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.
№ | Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің көлемі, МВт | Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу мерзімі, жыл | Жыл сайынғы қажетті қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:
1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________ |
20 ___ ж. "____" ________________ |
________________________________________________________________________,
(мемлекеттік органның атауы)
бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталып,
___________________________________________, _________ (ереже немесе бұйрық)
_________________________негізінде әрекет ететін_____________________________
____________________________________________________ атынан, бірінші тараптан,
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
және ____________________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы)
бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталып,
_____________________________________________, _______(жарғы немесе сенімхат)
__________________________негізінде әрекет ететін____________________________
___________________________________________________________________атынан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, әрі қарай бірлесін "Тараптар" деп аталып, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған осы инвестициялық келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1. Келісім Тараптардың отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейтуге міндеттемелер мен құқықтарды көздейді.
2. Энергия өндіруші ұйым мынаған:
1) осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес және жоспар-кестеге отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыруды міндеттенеді;
2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізгені туралы есепті ұсынуға;
3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін өзінің интернет-ресурсында және энергетиканың цифрлық платформасында растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар және т.б.) жариялай отырып, жоспар-кестені іске асыру туралы есепті орналастыруға міндетті.
3. Энергия өндіруші ұйым мыналарға:
1) Заңға және Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Уәкілетті орган мыналарға:
1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісім жасалған жағдайда, Келісімге 3-қосымшаға сәйкес мыналарды белгілеуге:
жеке тарифтердің осы жылдарға сәйкес орташа өлшенген мәндерімен ұсынылған жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті;
электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің осы жылдарға сәйкес сомаларымен ұсынылған жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін;
электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің ең көбі болып ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімін белгілеуге міндеттенеді;
2) Келісім үшін әрбір жылға мынадай көрсеткіштер бойынша мынадай нысаналы индикаторларды: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығыстарын; қолда бар электр қуатын; негізгі генерациялайтын жабдықтың қызмет ету мерзімін; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімін, тозу дәрежесін; экологиялық көрсеткіштерді белгілеуге міндеттенеді;
3) Келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген, сондай-ақ Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жаңартулар жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын іске асыру мерзімдері бұзылған жағдайда, осы Келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, жүйелік операторды хабардар ете отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін өзгертуге;
4) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін тартылған негізгі борыш сомасы ұлғайған жағдайда, Келісімді іске асырудың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифке түзету жүргізілсін;
5. Уәкілетті орган мыналарға:
1) энергия өндіруші ұйымнан осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
6. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын және азаматтық заңнаманы басшылыққа алады.
7. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған кезде, мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.
8. Келісімнің ережелеріне, Келісімді орындау процесінде қандай да бір Тарап алған немесе сатып алған ақпаратқа Тараптардың шешімі бойынша құпия сипат беріледі.
9. Құпия ақпарат Тараптардың бірі екінші Тараптың келісімінсіз мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат ұсынатын;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермейді.
10. Келісімнің күшіне енген күні оған қол қойылған күн болып табылады.
11. Келісім мына мерзімге жасалды________ (___) жыл.
12. Тараптар екіжақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
13. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қояды.
14. Келісім бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекенжайлар бойынша жіберіледі:
Уәкілетті орган.___________________________________
Энергия өндіруші ұйым _____________________________
15. Келісім мынадай:
1) қолданылу мерзімі аяқталған;
2) бұзылған;
3) сот шешімі;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамада және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда күшін тоқтатады.
16. Тараптардың заңды мәртебесінің не ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданысын тоқтатпайды және Келісім бұзылған, Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгеретін не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық мирасқорларына ауысады. Бұл ретте Тараптар бір-бірін құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы осы оқиғалар басталған күннен бастап бір айлық мерзімде жазбаша нысанда хабардар етеді.
17. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар екі түпнұсқа данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
18. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.
Уәкілетті орган: | Энергия өндіруші ұйым: |
________________________ | ______________________________ |
________________________ | ______________________________ |
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім нысанына 1-қосымша |
|
Нысан |
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама
1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шараларды қамтитын электр станциясының атауы (атауын көрсету).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.
№ | Іс-шараның атауы | Іс-шараның басталу күні (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу күні (айы, жылы) | Құны, (миллион теңге) | Іске қосылатын негізгі генерациялаушы жабдықтың техникалық параметрлері | |
Белгіленген электр қуаты, (мегаватт) | Белгіленген электр қуаты, (мегаватт) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының жұмыс істеп тұрған негізгі генерациялайтын жабдығын ауыстыру | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
.. | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
.. | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясында қосымша негізгі генерациялайтын жабдықты енгізу (кеңейту) | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
.. | ||||||
Қолданыстағы (қолданыстағы) электр станциясын жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту, қолданыстағы отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғылар салу (негізгі жылу және электр энергиясын өндіретін жабдыққа қатысты) | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
.. | ||||||
Ескертпе:
* кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
3. Электр станциясының (атауын көрсету) инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейінгі және кейінгі жұмыс параметрлері туралы ақпарат *.
№ | Белгіленген қуаты | Орташа жылдық қолда бар қуат | Босатуға жұмсалатын шартты отынның үлестік шығыс** | |||
Электр (мегаватт) | Жылу (гигакалория/сағ) | Электр (мегаватт) | Жылу (гигакалория/сағ) | электр энергиясы (отынның үлестік шығысы/кило ватт-сағат) | жылу энергиясы (отынның үлестік шығысы (гигакалория/сағ) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.
4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.
№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(мегаватт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, мегаватт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл | Жыл сайынғы қажетті қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:
1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім нысанына 2-қосымша |
|
Нысан |
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісімнің мақсатты индикаторлары Электр станциясының атауы (атауын көрсету)*
№ | Кезең (жыл) | Көрсеткіштер | ||||||
Электр станциясының электр энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығысының кезең ішіндегі орташа мәні (отынның үлестік шығысы/киловатт-сағат) | Электр станциясының жылу энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығысының кезең ішіндегі орташа мәні (отынның үлестік шығысы/ гигакалорийя) | Іске қосылатын негізгі генерациялайтын жабдықтың қолда бар электр қуатының желтоқсан айындағы орташа мәні (мегаватт) | Пайдалануға берілген негізгі генерациялайтын жабдықтың қызмет ету мерзімі (кезең соңындағы жағдай бойынша қалған) (жыл) | Электр станциясының азот тотығы шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (миллиграмм /текше метр)** | Электр станциясының күкірт тотығы шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (миллиграмм /текше метр)** | Электр станциясының қатты бөлшектері шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (миллиграмм /текше метр)** | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
** - осы көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып қойылады.
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім нысанына 3-қосымша |
|
Нысан |
Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімі *
№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(мегаватт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет көлемі, мегаватт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл |
1 | 3 | 4 | 5 |
1. | |||
... | |||
... |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.