"Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 қыркүйекте № 35031 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30836 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе жана редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеінің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды жіберу және қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді белгілеу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды жіберу және қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді белгілеу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерінің тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-9-бабының 1-тармағына сәйкес отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты республикалық маңызы бар қалалардағы, құрамында электр станциялары жұмыс істейтін, соның ішінде жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) энергия өндіруші ұйымдармен ғана жасалады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) жобаны дайындау және іске асырудың жоспар-кестесі (бұдан әрі – жоспар-кесте) – есепті көрсеткіштерді айқындайтын және энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы бекітетін іздестіру, логистикалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын іске асыру мерзімдерін көздейтін инвестициялық келісімді іске асырудың егжей-тегжейлі кестесі.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Инвестициялық бағдарламалар Нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды.

      Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайта алады.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Нарық кеңесі инвестициялық бағдарламаны, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды, Қорытындыны Нарық кеңесіне енгізілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіште уәкілетті органға енгізеді.";

      26-тармақта:

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф қамтылады.

      Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілсе, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтер пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне байланысты айқындалады;";

      6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шаралар туралы мәліметтер;

      мынадай мазмұндағы жаңа 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) жоспар-кесте.";

      осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес 1 және 2 қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 310 Бұйрыққа
1-қосымша
  Отынның баламалы түрі ретінде
газ пайдаланылатын
генерациялайтын
қондырғыларды сала отырып
жаңғырту, реконструкциялау
және (немесе) кеңейту жөніндегі
инвестициялық
бағдарламаларды қарау,
отынның баламалы түрі ретінде
газ пайдаланылатын
генерациялайтын
қондырғыларды салу арқылы
жаңғыртуға,
реконструкциялауға және
(немесе) кеңейтуге
инвестициялық келісімдер
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы тиісті шарттар жасасу
және осы шарттар үшін электр
қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметке
жеке тарифтерді, электр
қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметті
сатып алудың көлемдері мен
мерзімдерін белгілеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат

      1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шараларды қамтитын электр станциясының атауы (атауын көрсету).

      2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

Іс-шараның атауы

Іс-шараның басталу күні (айы, жылы)

Іс-шараның аяқталу күні (айы, жылы)

Құны, (млн. теңге)

Іске қосылатын негізгі генерациялаушы жабдықтың техникалық параметрлері

Белгіленген электр қуаты, (МВт)

Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/с)

1

2

3

4

5

6

7

Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының жұмыс істеп тұрған негізгі генерациялайтын жабдығын ауыстыру

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясында қосымша негізгі генерациялайтын жабдықты енгізу (кеңейту)

1.







2.













Қолданыстағы (бұрыннан бар) электр станциясын жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту, қолданыстағы отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғылар салу (негізгі жылу және электр энергиясын өндіретін жабдыққа қатысты)

1.







2.



























      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.";

      3. Электр станциясының (атауын көрсету) инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейінгі және кейінгі жұмыс параметрлері туралы ақпарат *.

Белгіленген қуаты

Орташа жылдық қолда бар қуат

Шартты отынды босатуға жұмсалатын меншікті шығыс**

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/с)

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/с)

Электр энергиясы (отынның үлестік шығысы/кВтс)

Жылу энергиясы (отынның үлестік шығысы/Гкал)

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін

1.







Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін

2.







      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.

      ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.

      4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.

Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай)

Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің көлемі, МВт

Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу мерзімі, жыл

Жыл сайынғы қажетті қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл

1

2

3

4

5

1.





      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.

      5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:

      1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;

      2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 310 Бұйрыққа
2-қосымша
  Отынның баламалы түрі ретінде
газ пайдаланылатын
генерациялайтын
қондырғыларды салу арқылы
жаңғырту, реконструкциялау
және (немесе) кеңейту жөніндегі
инвестициялық
бағдарламаларды қарау,
отынның баламалы түрі ретінде
газ пайдаланылатын
генерациялайтын
қондырғыларды салу арқылы
жаңғыртуға,
реконструкциялауға және
(немесе) кеңейтуге
инвестициялық келісімдер
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы тиісті шарттар жасасу
және осы шарттар үшін электр
қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметке
жеке тарифтерді, электр
қуатының әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметті
сатып алудың көлемдері мен
мерзімдерін белгілеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім

__________________________
(қол қойылған қала)

20 ___ ж. "____" ________________
(жасалған күні)

      ________________________________________________________________________,

                        (мемлекеттік органның атауы)

      бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталып,

      ___________________________________________, _________ (ереже немесе бұйрық)

      _________________________негізінде әрекет ететін_____________________________

      ____________________________________________________ атынан, бірінші тараптан,

                  (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

      және ____________________________________________________________________,

                  (энергия өндіруші ұйымның атауы)

      бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталып,

      _____________________________________________, _______(жарғы немесе сенімхат)

      __________________________негізінде әрекет ететін____________________________

      ___________________________________________________________________атынан

                  (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

      екінші тараптан, әрі қарай бірлесін "Тараптар" деп аталып, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған осы инвестициялық келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

      1. Келісім Тараптардың отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейтуге міндеттемелер мен құқықтарды көздейді.

      2. Энергия өндіруші ұйым мынаған:

      1) осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес және жоспар-кестеге отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыруды міндеттенеді;

      2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізгені туралы есепті ұсынуға;

      3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін өзінің интернет-ресурсында және энергетиканың цифрлық платформасында растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар және т.б.) жариялай отырып, жоспар-кестені іске асыру туралы есепті орналастыруға міндетті.

      3. Энергия өндіруші ұйым мыналарға:

      1) Заңға және Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Уәкілетті орган мыналарға:

      1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісім жасалған жағдайда, Келісімге 3-қосымшаға сәйкес мыналарды белгілеуге:

      жеке тарифтердің осы жылдарға сәйкес орташа өлшенген мәндерімен ұсынылған жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті;

      электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің осы жылдарға сәйкес сомаларымен ұсынылған жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін;

      электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің ең көбі болып ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімін белгілеуге міндеттенеді;

      2) Келісім үшін әрбір жылға мынадай көрсеткіштер бойынша мынадай нысаналы индикаторларды: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығыстарын; қолда бар электр қуатын; негізгі генерациялайтын жабдықтың қызмет ету мерзімін; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімін, тозу дәрежесін; экологиялық көрсеткіштерді белгілеуге міндеттенеді;

      3) Келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген, сондай-ақ Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жаңартулар жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын іске асыру мерзімдері бұзылған жағдайда, осы Келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, жүйелік операторды хабардар ете отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін өзгертуге;

      4) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін тартылған негізгі борыш сомасы ұлғайған жағдайда, Келісімді іске асырудың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифке түзету жүргізілсін;

      5. Уәкілетті орган мыналарға:

      1) энергия өндіруші ұйымнан осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      6. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын және азаматтық заңнаманы басшылыққа алады.

      7. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған кезде, мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.

      8. Келісімнің ережелеріне, Келісімді орындау процесінде қандай да бір Тарап алған немесе сатып алған ақпаратқа Тараптардың шешімі бойынша құпия сипат беріледі.

      9. Құпия ақпарат Тараптардың бірі екінші Тараптың келісімінсіз мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат ұсынатын;

      2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермейді.

      10. Келісімнің күшіне енген күні оған қол қойылған күн болып табылады.

      11. Келісім мына мерзімге жасалды________ (___) жыл.

      12. Тараптар екіжақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      13. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қояды.

      14. Келісім бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекенжайлар бойынша жіберіледі:

      Уәкілетті орган.___________________________________

      Энергия өндіруші ұйым _____________________________

      15. Келісім мынадай:

      1) қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) бұзылған;

      3) сот шешімі;

      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамада және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда күшін тоқтатады.

      16. Тараптардың заңды мәртебесінің не ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданысын тоқтатпайды және Келісім бұзылған, Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгеретін не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық мирасқорларына ауысады. Бұл ретте Тараптар бір-бірін құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы осы оқиғалар басталған күннен бастап бір айлық мерзімде жазбаша нысанда хабардар етеді.

      17. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар екі түпнұсқа данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

      18. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.

Уәкілетті орган:

Энергия өндіруші ұйым:

________________________

______________________________

________________________

______________________________

  Отынның баламалы түрі ретінде
газ пайдаланылатын
генерациялайтын
қондырғыларды салу арқылы
жаңғырту, реконструкциялау
және (немесе) кеңейту жөніндегі
инвестициялық келісім
нысанына
1-қосымша
  Нысан

Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама

      1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шараларды қамтитын электр станциясының атауы (атауын көрсету).

      2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

Іс-шараның атауы

Іс-шараның басталу күні (айы, жылы)

Іс-шараның аяқталу күні (айы, жылы)

Құны, (миллион теңге)

Іске қосылатын негізгі генерациялаушы жабдықтың техникалық параметрлері


Белгіленген электр қуаты, (мегаватт)

Белгіленген электр қуаты, (мегаватт)

1

2

3

4

5

6

7

Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының жұмыс істеп тұрған негізгі генерациялайтын жабдығын ауыстыру

1.







2.







..







Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру

1







2







..







Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясында қосымша негізгі генерациялайтын жабдықты енгізу (кеңейту)

1







2







..







Қолданыстағы (қолданыстағы) электр станциясын жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту, қолданыстағы отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғылар салу (негізгі жылу және электр энергиясын өндіретін жабдыққа қатысты)

1







2







..














      Ескертпе:

      * кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.

      3. Электр станциясының (атауын көрсету) инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейінгі және кейінгі жұмыс параметрлері туралы ақпарат *.

Белгіленген қуаты

Орташа жылдық қолда бар қуат

Босатуға жұмсалатын шартты отынның үлестік шығыс**

Электр (мегаватт)

Жылу (гигакалория/сағ)

Электр (мегаватт)

Жылу (гигакалория/сағ)

электр энергиясы (отынның үлестік шығысы/кило ватт-сағат)

жылу энергиясы (отынның үлестік шығысы (гигакалория/сағ)

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін

1.







Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін

2.







      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.

      ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.

      4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(мегаватт*ай)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, мегаватт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

Жыл сайынғы қажетті қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл

1

2

3

4

5

1.





      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.

      5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:

      1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;

      2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.

  Отынның баламалы түрі ретінде
газ пайдаланылатын
генерациялайтын
қондырғыларды салу арқылы
жаңғырту, реконструкциялау
және (немесе) кеңейту жөніндегі
инвестициялық келісім
нысанына
2-қосымша
  Нысан

Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісімнің мақсатты индикаторлары Электр станциясының атауы (атауын көрсету)*

Кезең (жыл)

Көрсеткіштер



Электр станциясының электр энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығысының кезең ішіндегі орташа мәні (отынның үлестік шығысы/киловатт-сағат)

Электр станциясының жылу энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығысының кезең ішіндегі орташа мәні (отынның үлестік шығысы/ гигакалорийя)

Іске қосылатын негізгі генерациялайтын жабдықтың қолда бар электр қуатының желтоқсан айындағы орташа мәні (мегаватт)

Пайдалануға берілген негізгі генерациялайтын жабдықтың қызмет ету мерзімі (кезең соңындағы жағдай бойынша қалған) (жыл)

Электр станциясының азот тотығы шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (миллиграмм /текше метр)**

Электр станциясының күкірт тотығы шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (миллиграмм /текше метр)**

Электр станциясының қатты бөлшектері шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (миллиграмм /текше метр)**

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.

      ** - осы көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып қойылады.

  Отынның баламалы түрі ретінде
газ пайдаланылатын
генерациялайтын
қондырғыларды салу арқылы
жаңғырту, реконструкциялау
және (немесе) кеңейту жөніндегі
инвестициялық келісім
нысанына
3-қосымша
  Нысан

Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімі *

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(мегаватт*ай)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет көлемі, мегаватт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

1

3

4

5

1.




...




...




      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады