Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 386 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 97 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30851 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығы тоқтатылған заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.     

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________Т. Жаксылыков
      Министрдің міндетін
атқарушы
__________М. Журебеков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті 

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 97 мен Министрдің міндетін
атқарушы 2022 жылғы
29 қарашадағы № 386
Бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысандарына сәйкес уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие заңды тұлғалар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығы тоқтатылған заңды тұлғалар;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) болмашы бұзушылықтар – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы тексеру және профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, мынадай түрде орын алған:

      Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес конкурстық комиссияны қалыптастыруға қойылатын талаптарды сақтамау;

      Қағидаларға сәйкес ашық конкурс өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыруға қойылатын талаптарды сақтамау;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылықтар – Кодекстің міндеттейтін нормаларын сақтамаумен байланысты бұзушылықтар;

      6) өрескел бұзушылықтар – Кодекстің тыйым салатын нормаларын сақтамаумен байланысты бұзушылықтар;

      7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан тексеруден босату процесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 194 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік органдар бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) төмен тәуекел.

      4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      6. Тәуекелді айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып, жүзеге асырылады:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (облысқа) ықтимал теріс салдарлар ауырлығының, зиянның ауқымы;

      3) адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.

      7. Уран өндіруге жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты бар) заңды тұлғалар болып табылатын бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.

      Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығы тоқтатылған тұлғалар болып табылатын бақылау субъектілері тәуекелдің төмен дәрежесіне жатады.

      8. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелді бағалау;

      10. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының уран өндіру саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелері пайдаланылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 194 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      11. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қорытындылау жолымен кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 ұпайға дейінгі диапазонға қалпына келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 10-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЅРз = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,7,

      мұнда:

      ЅРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – елеулі бұзушылықтардың қажетті саны;

      ЅР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЅРн = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың қажетті саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      ЅР = ЅРе + ЅРш,

      мұнда:

      ЅРт – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      ЅРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅРш – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызуға негіз болып табылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) төмен тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 70-ке дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдылығына және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығына сүйене отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      XI – субъективті өлшемшарттар көрсеткіші,

      Wi – XI субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің үлес салмағы хі,

      N – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Субъектілер (объектілер) бойынша есептелген R көрсеткіші бойынша мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға қосымшада келтірілген.

      Талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардын деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігін жоғары тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау органы жылына ең көбі бір реттен асырмай айқындайды.

      Алынатын мәліметтерді талдау және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына екі рет есепті жылдың бірінші мамырына дейін және бірінші желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген жағдайда, соңғы бару арқылы профилактикалық бақылау аяқталған күннен кейінгі күннен бастап жүргізілетін талдау басталғанға дейінгі кезең талданатын кезең болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 194 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Уран өндіру саласында жер
қойнауын пайдалану бойынша
операцияларды жүргізу кезіндегі
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі талаптың бұзылу дәрежесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 194 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету (кепілдік, банктік салым және (немесе) сақтандыру кепілдігі) сәйкес келмеген не ол тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұру міндетін сақтау

Елеулі

2

Уран өндіру бойынша барлық жұмыстарды құжаттау жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

3

Уран кен орнын игеруге талдау жүргізу жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

4

Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына және (немесе) кен орнын әзірлеу жобасына сәйкес уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі талапты, сондай-ақ жобалық құжат болмаған кезде осындай жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды сақтау

Өрескел

5

Өндірілген уранды дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті сақтау

Елеулі

6

Кен орнын әзірлеу жобасына сәйкес жете барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша, сондай-ақ кен орнын әзірлеу жобасына қосымшаға сәйкес жете зерттеу ішінде табылған жаңа кен орнын бағалауды жүргізу бойынша талапты сақтау

Өрескел

7

Уран өндірудің салдарын жою жөніндегі талапты сақтау, атап айтқанда:
жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын бекіту және сараптамалардан өту үшін ұсыну;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және сараптамалардың оң қорытындыларын алған өндіру салдарын жою жобасына сәйкес уран өндіру салдарын жоюды жүргізу;
уран өндіру салдарын жою жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесінде өндіру салдарын жоюды аяқтау

Елеулі

8

Уран өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында айқындалған сома мөлшерінде банктік салым кепілімен уран өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

9

Әзірлеу жобасының көрсеткіштеріне сәйкес жобалау шарттарының орындалуын талдауды құзыретті органға сараптамаға жіберу жөніндегі міндетті сақтау

Елеулі

10

Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және өндіру кезеңінде пайдалану блогының, кен орнының қышқылдануы мен өңделуіне кезеңдік стационарлық бақылауларды орындау жөніндегі талапты сақтау:
жер асты суларының деңгейі: бақылау (процесті бақылауға арналған ұңғымалар, аралас деңгейжиектерді бақылауға арналған ұңғымалар, көлденең ағуды бақылауға арналған ұңғымалар) тоқсанына бір рет;
геофизикалық зерттеулер: технологиялық ұңғымаларда (айдау және кері айдау), бақылау ұңғымаларында (процесті бақылау үшін, аралас горизонттарды бақылау үшін, көлденең ағуды бақылау үшін) жылына бір рет жер асты сілтісіздендіру

Елеулі

11

Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру мен өндіруді жүргізу кезінде уран қорларының негізсіз ысырабына әкеп соғатын кен орнының бай немесе жеңіл қолжетімді учаскелерін іріктеп игеруге тыйым салуды сақтау; тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру мен уран өндіруді жүргізу кезінде жобалық көрсеткіштерден асатын ысыраптар; өнімді ерітінділерді жер асты суларымен байыту немесе пайдалану блогының контурынан тыс сілтісіздендіру ерітінділерінің таралуы

Өрескел

12

Бірінші басшының немесе уәкілетті өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы заңнамада белгіленген нысандар мен тәртіп бойынша төменде көрсетілген есептерді уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну жөніндегі талапты сақтау:
1) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы;
2) кадрлардағы елішілік құндылық туралы;
3) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы;
4) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы;
5) лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы;
6) келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы;
7) өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы;
8) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы;
9) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы;
10) уран өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы;
11) уран өндіру бойынша

Елеулі

13

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін немесе жұмысы осындай тізілімнің жұмысымен синхрондалған интернеттің қазақстандық сегментінде орналастырылған электрондық сатып алудың өзге де жүйелерін қолдана отырып, ашық конкурс, бір көзден алу және төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілдерімен уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі міндеттерді сақтау

Елеулі

14

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын жиырма пайызға шартты түрде азайту жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

15

Уран өндіру саласындағы уәкілетті органға жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей не келісімшарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы операторды тартқан кезде оператордың өтеулі қызметтер көрсетуі жоспарланатын сатып алу туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетін сақтау

Елеулі

16

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес конкурстық комиссияны қалыптастыруға қойылатын талаптарды сақтау

Болмашы

17

Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген конкурстық құжаттамада талаптарды белгілеуге жол бермеу

Өрескел

18

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес ашық конкурс және конкурстық құжаттама өткізу туралы хабарландыруды тізілімде (жүйеде) орналастыруға қойылатын талаптарды сақтау

Болмашы

19

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уөндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін бұза отырып, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін тапсырыс берушінің негізсіз жіберуіне және (немесе) қабылдамауына жол бермеу

Өрескел

20

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың мазмұны және оны жасасу талаптары бойынша талаптарды сақтау

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 97 мен Министрдің міндетін
атқарушы 2022 жылғы
29 қарашадағы № 386
Бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 194 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      Профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт_____________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі___________

      _____________________ Орналасқан жерінің мекенжайы __________________

      ____________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету (кепілдік, банктік салым және (немесе) сақтандыру кепілдігі) сәйкес келмеген не ол тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұру міндетін сақтау



2

Уран өндіру бойынша барлық жұмыстарды құжаттау бойынша талапты сақтау



3

Уран кен орнын игеруге талдау жүргізу жөніндегі талапты сақтау



4

Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына және (немесе) кен орнын әзірлеу жобасына сәйкес уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі талапты, сондай-ақ жобалық құжат болмаған кезде осындай жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды сақтау



5

Өндірілген уранды дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету бойынша міндетті сақтау



6

Кен орнын әзірлеу жобасына сәйкес жете барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша, сондай-ақ кен орнын әзірлеу жобасына қосымшаға сәйкес жете зерттеу ішінде табылған жаңа кен орнын бағалауды жүргізу бойынша талапты сақтау



7

Уран өндірудің салдарын жою жөніндегі талапты сақтау, атап айтқанда:
жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын бекіту және сараптамалардан өту үшін ұсыну;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және сараптамалардың оң қорытындыларын алған өндіру салдарын жою жобасына сәйкес уран өндіру салдарын жоюды жүргізу;
уран өндіру салдарын жою жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесінде өндіру салдарын жоюды аяқтау



8

Уран өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында айқындалған сома мөлшерінде банктік салым кепілімен уран өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтау



9

Әзірлеу жобасының көрсеткіштеріне сәйкес жобалау шарттарының орындалуын талдауды құзыретті органға сараптамаға жіберу бойынша міндетті сақтау



10

Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және өндіру кезеңінде пайдалану блогының, кен орнының қышқылдануы мен өңделуіне кезеңдік стационарлық бақылауларды орындау бойынша талапты сақтау:
жерасты суларының деңгейі: бақылау (процесті бақылауға арналған ұңғымалар, аралас деңгейжиектерді бақылауға арналған ұңғымалар, көлденең ағуды бақылауға арналған ұңғымалар) тоқсанына бір рет;
геофизикалық зерттеулер: технологиялық ұңғымаларда (айдау және айдау), бақылау ұңғымаларында (процесті бақылау үшін, аралас горизонттарды бақылау үшін, көлденең ағуды бақылау үшін) жылына бір рет жер асты сілтісіздендіру



11

Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру мен өндіруді жүргізу кезінде уран қорларының негізсіз ысырабына әкеп соғатын кен орнының бай немесе жеңіл қолжетімді учаскелерін іріктеп игеруге тыйым салуды сақтау; тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру мен уран өндіруді жүргізу кезінде жобалық көрсеткіштерден асатын ысыраптар; өнімді ерітінділерді жер асты суларымен байыту немесе пайдалану блогының контурынан тыс сілтісіздендіру ерітінділерінің таралуы



12

Бірінші басшының немесе уәкілетті өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы заңнамада белгіленген нысандар мен тәртіп бойынша төменде көрсетілген есептерді уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну жөніндегі талапты сақтау:
1) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы;
2) кадрлардағы елішілік құндылық туралы;
3) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы;
4) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы;
5) лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы;
6) келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы;
7) өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы;
8) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы;
9) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы;
10) уран өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы;
11) уран өндіру бойынша



13

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін немесе жұмысы осындай тізілімнің жұмысымен синхрондалған интернеттің қазақстандық сегментінде орналастырылған электрондық сатып алудың өзге де жүйелерін қолдана отырып, ашық конкурс, бір көзден алу және төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілдерімен уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеттерді сақтау



14

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын жиырма пайызға шартты түрде азайту жөніндегі талапты сақтау



15

Уран өндіру саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын сатып алуды жүргізу үшін жоспарланатын жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей не келісімшартты жасаған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кешіктірмей, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарлы сатып алу туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті сақтау



16

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес конкурстық комиссияны қалыптастыруға қойылатын талаптарды сақтау



17

Қағидаларда көзделмеген талаптарды Конкурстық құжаттамада белгілеуге жол бермеу



18

Қағидаларға сәйкес ашық конкурс өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыруға қойылатын талаптарды сақтау



19

Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін Қағидаларды бұза отырып, негізсіз жіберуіне және (немесе) қабылдамауына жол бермеу



20

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың мазмұны және оны жасасу талаптары бойынша талаптарды сақтау



      Лауазымды адам (-дар) ______________________ ______________ __________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ______________________ ______________ __________ ______________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ __________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 97 мен Министрдің міндетін
  атқарушы 2022 жылғы
  29 қарашадағы № 386
Бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығы тоқтатылған заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 194 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт_____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________

      ___________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не кейіннен оны өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесіне консервациялау жүргізу шешімі туралы хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату бойынша міндетін сақтау



2

Жою немесе консервациялау жобасы бекітілгеннен және олардың сараптамаларының оң қорытындылары алынғаннан кейін жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстарды дереу бастау міндетін сақтау



3

Жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдықтар мен өзге де мүлікті уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға бергенге дейінгі мерзімге, құзыретті органның жер қойнауы учаскесін уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру шешімі туралы хабарламасын алған күннен бастап бір ай мерзімде беру жөніндегі міндетті сақтау



4

Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып табылатын банктік салым шарты бойынша құқықты хабарламада көрсетілген мерзімдерде жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру жөніндегі талапты сақтау



5

Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын сараптамалардан өту үшін жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған, сондай-ақ уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою аяқталған күннен бастап екі айдан кешіктірмей бекіту және ұсыну жөніндегі міндетті сақтау



      Лауазымды адам (-дар) ______________________ ______________ __________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ______________________ ______________ __________ ______________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ _______________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады