ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған есептерді талдауды құзыретті орган 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Есептерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі 1 (бірінші) сәуірге дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушыларға Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелердің есепті жыл үшін кемінде отыз пайызға орындалуы туралы хабарлама жіберіледі.
Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелердің нақты көлемі бойынша келісімшарт талаптарының бұзушылықтарын жою мерзімі 6 (алты) айдан, Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген міндеттеме бойынша – 3 (үш) айдан, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген өзге де міндеттемелер бойынша Кодекстің 133-бабының 3-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 1 (бір) айдан аспауға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы жіберілген бұзушылықты хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жояды және жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ол туралы құзыретті органға жазбаша хабарлайды.
Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 133-бабының 5-тармағына және 181-бабының 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген міндеттемелердің бұзушылығын жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты осындай ұзартудың себептерін негіздей отырып, құзыретті органға жолдауға құқылы. Жіберілген бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қараудың нәтижесі бойынша құзыретті орган оны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға мерзімді ұзартумен келісетіндігі туралы хабарлайды немесе осындай ұзартудан уәжді бас тартуды ұсынады.
Осы тармақта көзделген хабарламалар, хабарлар мен ұсыныстар "Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17012 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары) бұйрығына сәйкес жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы жіберіледі және беріледі.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелердің бұзылуы туралы хабарламаларды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыларға есепті жылдан кейінгі 1 (бірінші) қыркүйектен кешіктірмей жібереді.
Осы тармақта көзделген хабарламалар Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларына сәйкес жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі