Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 5 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 107 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30863 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12921 болып тіркелген);

      2) "Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17668 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________Т. Жаксылыков
      Төраға _____________ А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады