"Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17668 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 5 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 107 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 30.11.2022 № 5 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 107 бірлескен бұйрығымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12921 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Мыналар:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға

      3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты мемлекеттік статистика саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 31 қазандағы
  № 36 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 795 бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісін тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанына бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда Заңда айқындалған мағынадағы ұғымдар мен мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу кезіндегі ескертулер - Заңның 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының "Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама (бұдан әрі - Әдіснама) талаптарының сақталмауы бойынша ескертулер;

      2) елеулі бұзушылықтар - техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық жіктеуіштердің қолданылмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің деректерімен, оның ішінде электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ЭӘШБЕА БҚ) деректер базасының ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорының (бұдан әрі - АШЖ ДҚ) (5%-дан 15%-ға дейін), ЭӘШБЕА БҚ-ның тұрғын - үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрі - ТҚСТ) (5%-дан 15%-ға дейін) деректерімен сәйкессіздігі бойынша бұзушылықтар;

      3) елеусіз бұзушылықтар - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар), әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болмауына, сондай-ақ оны толтыру бойынша түсіндірмесінің болмауы бөлігінде, талаптардың сақталмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын өзекті емес (жаңартылмаған) әкімшілік деректердің болуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (5%-дан төмен), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (5%-дан төмен) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты бұзушылықтар;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқоры - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жануардың иесі туралы деректерді ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

      5) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық - бұл бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы нормаларының бұзушылығына әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі;

      6) өрескел бұзушылықтар – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерінің уәкілетті органмен келісілмеуіне байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      уәкілетті орган деректерін әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінің және (немесе) басқа да ресми дереккөздердің әкімшілік деректерімен салыстыру және салыстырып тексеруі арқылы анықталатын әкімшілік дереккөздердің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік деректердің өтеусіз негізде ұсынылмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (15%-дан жоғары), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (15%-дан жоғары) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты;

      бақылау субъектілеріне барып алдыңғы профилактикалық бақылаудың негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптардың сақталмауына байланысты (бес және одан артық ескерту бар болса) байланысты бұзушылықтар;

      7) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешені;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – мемлекеттік сатистика саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланысты емес бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тексеру парағы – орындалмауы адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін бақылау субъектісінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

      11) уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы;

      12) электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету - кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізуді, түзетуді және сақтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ енгізілген ақпарат негізінде агрегатталған деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.

      3. Мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) тәуекелді айқындау;

      2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды жоғары тәуекел тобына жатқызу, ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде әкімшілік дереккөздер ұсынған анық емес әкімшілік деректерді пайдалану нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің неғұрлым ықтималдығы негізінде объективті өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады.

      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне статистикалық қызметті қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеушілік, іске асырушылық немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу және өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар жатады.

      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері жатады.

      8. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау қолданылады.

      9. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

      1) бақылау субъектілері бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, деректер базасын қалыптастыру;

      2) бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге жататын бақылау субъектілерін айқындау мақсатында ақпаратты талдау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      11. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері;

      2) бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді.

      12. Қолда бар ақпарат көздері негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша; кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша осы Өлшемшарттарға 1, 2-қосымшаларға сәйкес тәуекелдер дәрежесі айқындалады.

      13. Субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне: өрескел, елеулі және елеусіз болып бөлінеді.

      14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

      Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі уәкілетті органның субъективті өлшемшарттар бойынша ресми дереккөздерден алған деректеріне жүргізілетін талдау, мониторингілеу және салғастыру нәтижелері бойынша және жылына бір реттен көп емес айқындалады.

4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      15. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесі көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рз = (∑Р2 х 100/ ∑Р1) х 0,7,

      мұндағы:

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рн = (∑Р2 х 100/ ∑Р1) х 0,3,

      мұндағы:

      ∑Рн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;

      ∑Р1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ∑Р2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      ∑Р = ∑Рз + ∑Рн,

      мұндағы:

      ∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ∑Рн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне - 61-ден 100 қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған - 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      16. Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

      17. Аумақтық статистика органдары мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылған бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы аумақтық органдарында орналасқан жерлері бойынша бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау тағайындау актісін тіркеуді жүзеге асырады.

  Мемлекеттік статистика
  саласындағы тәуекелдер
  дәрежесін бағалау
  өлшемшарттарына
  1-қосымша

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

1.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған келісілмеген нысандар

өрескел

2.

Көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелері

өрескел

3.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық жіктеуіштерді қолданбау

елеулі

4.

Уәкілетті орган деректерін әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінің және (немесе) басқа да ресми дереккөздердің әкімшілік деректерімен салыстыру және салыстырып тексеруі арқылы анықталатын әкімшілік дереккөздердің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы

өрескел

5.

Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік деректерді әкімшілік дереккөздердің өтеусіз негізде ұсынбауы

өрескел

6.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болмауы

елеусіз

7.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірулердің болмауы

елеусіз

8.

Әкімшілік деректердің басқа ресми дереккөздер деректерімен сәйкессіздігі

елеулі

9.

Әкімшілік дереккөздердің ресми Интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзексіздігі (жаңартылмауы)

елеусіз

Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі аталған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

1.

Келісілген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау талаптарының сақталуы

өрескел

2.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы

өрескел

3.

Көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы

өрескел

4.

Ұлттық жіктеуіштерді қолдану бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

5.

Әкімшілік деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы

өрескел

6.

Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынуы бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

7.

Әкімшілік дереккөздердің ресми Интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзектілігін (жаңартылуын) қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

8.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болуын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

9.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірудің болуын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

  Мемлекеттік статистика
  саласындағы тәуекелдер
  дәрежесін бағалау
  өлшемшарттарына
  2-қосымша

Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

1.

ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы саны деректеріндегі айырмашылықтар 15%-дан жоғары

өрескел

2.

ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан 15%-ға дейін

елеулі

3.

ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан төмен

елеусіз

4.

ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 15%-дан жоғары

өрескел

5.

ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы ауданы шаршы метрмен) 5%-дан 15%-ға дейін

елеулі

6.

ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 5%-дан төмен

елеусіз

Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі аталған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

1.

Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталуы бес және одан артық ескертулер орын алды

өрескел

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 31 қазандағы
  № 36 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 795 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік статистика саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты тексеру парағы

      Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан орнының мекенжайы __________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Келісілген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау бойынша талаптардың сақталуы





2.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы





3.

Көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы





4.

Ұлттық жіктеуіштерді қолдану бойынша талаптардың сақталуы





5.

Әкімшілік деректердің анықтығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы





6.

Уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынуы бойынша талаптардың сақталуы





7.

Әкімшілік дереккөздердің ресми Интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзектілігін (жаңартылуын) қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы





8.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болуы бойынша талаптардың сақталуы





9.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірменің болуы бойынша талаптардың сақталуы





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________

      (лауазымы) (қолы)

      _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ________

      (лауазымы)      (қолы)

      _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 31 қазандағы
  № 36 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 795 бұйрығына 3-қосымша

Мемлекеттік статистика саласында кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты тексеру парағы

      Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан орнының мекенжайы __________________________________________________

ф

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталуы бес және одан артық ескертулер орын алды





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________

      (лауазымы) (қолы)

      _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ________

      (лауазымы)      (қолы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады