Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30868 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау бірінші
вице-министрі
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-143 бұйрығымен
бекітілген

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 3) тармақшасына және 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) тәртібін, осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін, биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпарат пен өзге де есепке алу және есептілік құжаттамасының (ақпараттың) түрлерін, биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу тәртібі

      2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу:

      1) патогенді биологиялық агенттермен (бұдан әрі – ПБА) жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерге;

      2) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге (бұдан әрі – ЫҚБО);

      3) ПБА-мен жұмыс істеуге;

      4) ПБА-мен жұмысты жүзеге асыратын мамандарға және көмекші персоналға, оның ішінде олардың біліктілігіне және ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат беруге;

      5) зерттелетін ықтимал қауіпті заттар мен материалдарға, оның ішінде адамдардан және табиғи орта компоненттерінен (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа) бөлінген ықтимал қауіпті заттар мен материалдарға;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларының, оның ішінде әкелінген жағдайлардың туындауына және таралуына;

      7) шетел мемлекеттерінің іргелес аумағындағы эпидемиялық және эпизоотиялық ахуалға;

      8) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың табиғи ошақтарына, оның ішінде стационарлық қолайсыз пункттерге, эпизоотиялық ошақтарға, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың ошақтарына;

      9) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулар ошақтарындағы эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шараларға;

      10) иммундық-биологиялық, дәрілік, диагностикалық және ветеринариялық препараттарды, оның ішінде олардың азаймайтын республикалық қорын өндіруге және олардың қозғалысына;

      11) ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің (бұдан әрі – субъект) қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелеріне;

      12) коллекциялық қызметке;

      13) жеке қорғаныш құралдарына, қорғаныш костюмдеріне, дезинфекциялау құралдарына, зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарына;

      14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізуге және оның күшін жоюға;

      15) субъектілердің қызметіне, сондай-ақ ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат беру құжаттарына;

      16) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулар бойынша қолайсыз аумақтардан халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің көші-қонына;

      17) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларға;

      18) сыртқы және ішкі тәуекелдерді қоса алғанда, биологиялық тәуекелдерді бағалауға;

      19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарға, көлік құралдарына және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы бақылаудағы өнімдерге (тауарларға) қатысты жүргізіледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

      2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган;

      3) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган;

      4) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган;

      5) ғылым саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу ПБА-мен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде:

      1) статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу және есептік құжаттаманы (ақпаратты) жинау және өңдеу;

      2) аумаққа, табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне, аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың таратушылар мен тасымалдаушыларына (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдеріне), заттар мен материалдарға, халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларының пайда болу себептерін және жағдайларын анықтауға тексеру жүргізу;

      3) ведомствоаралық ақпарат алмасу;

      4) халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ақпарат алмасу;

      5) ашық көздерден алынған ақпаратты жинау, қорытындылау және талдау;

      6) мынадай:

      патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін (бұдан әрі – субъектілер тізілімі);

      ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімін (бұдан әрі – ЫҚБО тізілімі);

      патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің тізілімін (бұдан әрі – ПБА тізілімі);

      патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімін (бұдан әрі – мамандар тізілімі) тізілімін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеудің тиісті салаларында бөлек есепке алуды жүзеге асырады.

      6. Ведомствоаралық ақпарат алмасу шеңберінде Заңның 10-бабы 1-тармағында көзделген мемлекеттік органдар және (немесе) олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тиісті мемлекеттік органның сұрау салуы болған кезде қолжетімділігі шектеулі ақпаратты тарату жөніндегі талаптарды ескере отырып, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін маңызы бар ақпаратты 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      7. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпарат алмасу Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

3-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру тәртібі

      8. Субъектілер статистикалық ақпаратты және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін маңызы бар өзге де есепке алу және есептік құжаттаманы (ақпаратты) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, нысанда және мерзімде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық нысанда не қағаз тасығышта береді.

      9. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) жинауды және өңдеуді осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асырады.

      10. Өңдеу шеңберінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпараттың (құжаттаманың) толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан оларды талдау, сондай-ақ алынған ақпаратты жинақтау жүзеге асырылады.

      Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) талдау оның ішінде мемлекеттік органдардан, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарынан және субъектілерден келіп түскен ақпаратты салыстырып қарау, өткен жылдардың осыған ұқсас кезеңінде бұрын келіп түскен деректерді салыстыру жолымен, қажетті ақпаратты сұрату, ақпарат бермеген субъектілерді анықтау жолымен жүргізіледі.

      11. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, санитариялық-эпидемиялық, эпизоотиялық және эпифитотиялық жағдайлар нашарлаған жағдайда мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ субъектілер сұрау салу бойынша ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға кемінде үш жұмыс күні ішінде береді.

      12. Субъектілер телефон арқылы хабарлау схемасына сәйкес дереу, одан әрі 3 сағаттың ішінде авариялар (төтенше жағдайдың туындауы), жұмыскерлердің ПБА-мен жұмыс істеу процесінде инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері туралы тиісті реттеу саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді.

      13. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) сақтау қағаз тасығышта кемінде бес жыл жүзеге асырылады, электрондық форматта – әрбір 5 (бес) жыл сайын архивтелуге тиіс. Архив тұрақты негізде сақталуға тиіс.

4-тарау. Тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      14. Осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген тізілімдер:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;

      2) ветеринария саласында;

      3) өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында;

      4) ғылым саласында жеке қалыптастырылады және жүргізіледі.

      15. Тізілімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.

      16. ПБА тізілімінде Заңның 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін патогендігі мен қауіптілік дәрежесі бойынша ескеріле отырып, ПБА тізбесіне сәйкес олардың атаулары көрсетіледі.

      17. Субъектілердің, ЫҚБО, ПБА, мамандардың тізілімдерін қалыптастыруды және өзектендіруді тиісті реттеу аясында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.

      18. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тізілімдер:

      1) ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру кезінде субъектілер ұсынатын;

      2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша;

      3) осы Қағидаларға сәйкес есепке алуды жүргізу шеңберінде ұсынылатын мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      19. Ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, ғылым саласындағы тізілімдер осы Қағидаларға сәйкес есепке алуды жүргізу шеңберінде субъектілер ұсынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      20. Аумақтық бөлімшелер осы Қағидалардың 18 немесе 19-тармақтарында көзделген мәліметтер анықталған (алынған) кезден бастап он жұмыс күні ішінде субъектілердің, ЫҚБО, ПБА, мамандардың тізілімдерін өзектендіреді.

      21. Патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат берілген мамандар құрамы өзгерген немесе толықтырылған жағдайда субъект осындай өзгерістер болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама ұсынады.

      Аумақтық бөлімшелер хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мамандар тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      22. Осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес мамандар тізіліміне енгізу үшін қажетті сегіз жұмыс күнін қоспағанда, мамандар тізіліміне енгізілмеген мамандардың патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуіне жол берілмейді.

      23. Патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру, оларды есепке алу және мониторингтеу Заңның 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілетін патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларында көзделген тәртіппен және жағдайларда мамандар тізілімі шеңберінде жүзеге асырылады.

      24. Аумақтық бөлімшелер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін өзектендірілген тізілімдерді тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.

      Тізілімдерге өзгерістер мен толықтырулар болмаған кезде белгіленген мерзімдерде тиісті ақпарат ұсынылады.

      25. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін жиынтық тізілімдерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Тізілімдерге өзгерістер мен толықтырулар болмаған кезде белгіленген мерзімдерде тиісті ақпарат ұсынылады.

      26. Есепке алу мақсаты үшін биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе (бұдан әрі – БҚМАЖ) қолданылған кезде осы тарауда көрсетілген ақпарат осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес қалыптастырылады және өзектендіріледі.

5-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мониторингтеу тәртібі

      27. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) деп олардың жай-күйін бағалау және қауіпті биологиялық факторлар әсерінің теріс салдарларының туындау ықтималдығын азайту жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық ахуалды бақылау (қадағалау) жүйесі және (немесе) процесі түсіндіріледі.

      28. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомстволық бағынысты ұйымдары осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген есепке алу шеңберінде жинақталған және қорытындыланған мәліметтерге тұрақты негізде (серпінде) мониторингті жүзеге асырады.

      29. Мониторинг:

      1) уақыт және кеңістік мәнмәтіндеріндегі эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық ахуал серпінінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) салыстыру және бағалау;

      2) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың табиғи ошақтарын, оның ішінде стационарлық қолайсыз пункттерді, эпизоотиялық ошақтарды, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың ошақтарын, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде зерттеп-қарау;

      3) табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің, оның ішінде атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, жер беті мен топырақ қабаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі сынамаларын алу, сондай-ақ климаттық жағдайларды талдау;

      4) патогендігі І және ІІ топтардағы ПБА тудыратын инфекциялық ауруға күдік болған кезде адамдардан алынған клиникалық және патологиялық-анатомиялық материал сынамаларын алу;

      5) эпидемиялық маңызы бар объектілерді, карантиндік объектілерді зерттеп-қарау, сондай-ақ эпизоотологиялық зерттеп-қарау;

      6) жаңадан анықталған ПБА қасиеттерін, оның ішінде олардың патогендігі мен қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын зерделеу;

      7) иммундық-биологиялық, дәрілік, диагностикалық және ветеринариялық препараттардың тиімділігін тексеру арқылы жүргізіледі.

      30. Мониторинг Қазақстан Республикасының оны жүргізу тәртібін, кезеңділігін және нысандарын реттейтін заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      31. Мониторинг қорытындылары:

      1) биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалаудың тиімділігін талдау және биологиялық тәуекелдерге сыртқы бағалау жүргізу, сондай-ақ санитариялық-эпидемиялық және ветеринариялық іс-шаралардың, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін талдау;

      2) эпидемияның, пандемияның, эпизоотияның, панзоотияның, эпифитотияның, панфитотияның дамуын және жойылуын талдау;

      3) санитариялық-эпидемиялық (эпидемияға қарсы), ветеринариялық-санитариялық (эпизоотияға қарсы) және профилактикалық іс-шаралардың, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жоспарларын (ұлттық, аумақтық және ведомстволық) әзірлеу;

      4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы болжау (модельдеу);

      5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жоспарлау;

      6) эпидемияға қарсы, эпизоотиялық, эпифитотиялық және профилактикалық шараларды уақтылы әзірлеу;

      7) ғылыми және өндірістік мақсаттар;

      8) тиісті реттеу саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу;

      9) Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жоспарлау үшін пайдаланылады.

      32. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомстволық бағынысты ұйымдары биологиялық қауіпсіздік саласында есепке алу мен мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша:

      1) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратқа (құжаттамаға) қатысты;

      2) осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген іс-қимылдарды жүргізу қорытындылары бойынша аралық талдауды және оның нәтижелерін көздейтін талдамалық материал дайындайды.

      33. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомстволық бағынысты ұйымдары есепке алу және мониторинг нәтижелері бойынша биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы), оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен, нысанда және мерзімдерде талдамалық материалды ұсынады.

      34. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мемлекеттік органдар есепке алу және мониторинг нәтижелері бойынша биологиялық қауіпсіздік саласындағы жиынтық ақпаратты (құжаттаманы), оның ішінде тиісті реттеу саласындағы талдамалық материалды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:

      1) жартыжылдық – 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірмей;

      2) жылдық – 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.

      35. Мониторинг мақсаты үшін БҚМАЖ қолданылған кезде осы тарауда көрсетілген ақпарат осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес қалыптастырылады және өзектендіріледі.

6-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы болжау (модельдеу) тәртібі

      36. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы болжау (модельдеу) деп биологиялық тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді болдырмау, азайту және жою бойынша уақтылы басқарушылық шешімдер қабылдауға бағытталған, қауіпті биологиялық факторлар әсерінің теріс салдарларының туындау және даму үдерістері мен перспективаларын айқындау жүйесі (процесі) түсіндіріледі.

      37. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы болжау (модельдеу) жоспарлы және жоспардан тыс тәртіппен жүргізіледі.

      Биологиялық қауіпсіздік саласындағы жоспарлы болжау (модельдеу) жыл сайын жүргізіледі.

      Биологиялық қауіпсіздік саласындағы жоспардан тыс болжау (модельдеу) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, санитариялық-эпидемиялық, эпизоотиялық және эпифитотиялық ахуал нашарлаған жағдайда жүргізіледі.

      38. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы жоспардан тыс болжау (модельдеу) белгілі бір аумақта нақты инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру кезінде эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық процестің қарқындылығын жүйелі бағалау мақсатында жедел талдау жолымен жүргізіледі.

      39. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы болжау (модельдеу) салалық және салааралық болып бөлінеді.

      40. Тиісті реттеу саласында биологиялық қауіпсіздік саласындағы салалық болжауды (модельдеуді) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар осы тарауда көзделген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторинг деректері және талдамалық материал негізінде жүзеге асырады.

      41. Осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары есепке алу және мониторинг нәтижелері бойынша биологиялық қауіпсіздік саласындағы салалық болжауды (модельдеуді):

      1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) талдау;

      2) биологиялық тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің туындауын және (немесе) дамуын болжау (модельдеу) (бұдан әрі – болжам);

      3) биологиялық тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді төмендету немесе жою жөніндегі эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және эпифитотияға қарсы іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – жоспар) әзірлеу;

      4) жоспардың орындалуын бақылау;

      5) болжам мен жоспарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберу арқылы жүргізеді.

      42. Биологиялық тәуекелдердің адамдардың, жануарлардың денсаулығына, өсімдіктерге теріс әсерінің салдарларын, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне, оның ішінде атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, жер беті мен топырақ қабаты, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне түсуінің алдын ала болжауға мүмкіндік беретін базалық өлшемшарттар талдануға тиіс.

      43. Базалық өлшемшарттарға мынадай көрсеткіштерді салыстырмалы талдау жатады:

      1) инфекциялық науқастар мен барынша үлкен эпидемиологиялық, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар инфекциялар топтарын анықтау. Осы өлшемшартты талдау адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің сырқаттанушылығын тіркеу, олардың денсаулығына келтірілген экономикалық залалды есептеу туралы толық ақпаратты, сондай-ақ қорытынды деректерді объективті сандық бағалауды талап етеді;

      2) халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік сырқаттанушылығының жылдық және көп жылдық серпіні. Осы өлшемшарт олардың серпінін уақыт және кеңістік мәнмәтіндерінде көрсете отырып, халықтың топтары, оның ішінде жас, жыныстық, кәсіптік құрамы, инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың түрлері, әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде мәліметтерді көрсетеді;

      3) олардың серпінін уақыт және кеңістік мәнмәтіндерінде көрсете отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардан болатын адамдардың өлімі, жануарлардың өлімі және өсімдіктердің залалдануы;

      4) оларды білу нақты жағдайда барынша үлкен эпидемиологиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық әсер беруге қабілетті іс-шараларды тағайындау үшін жеткілікті болатын, олардың көріну дәрежесі мен сипатын қоса алғанда, халық, жануарлар, өсімдіктер арасында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуының негізгі себептері мен жағдайлары. Бұл өлшемшарт эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық процестердің көріністерін егжей-тегжейлі зерттеуді болжайды (қарқындылығы немесе экстенсивтілігі; халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің топтары; аумақ және уақыт бойынша);

      5) жүргізілген эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы, эпифитотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың сапасы мен тиімділігі;

      6) жүргізілген зерттеулердің қамтылуы және олардың нәтижелерін сипаттау;

      7) тиісті реттеу саласындағы кадр құрамы және оның қамтамасыз етілуі;

      8) талданатын кезеңдегі ауа-райы жағдайының сипаттамасы, оларды осыған ұқсас, алдыңғы талданатын кезеңдегі ауа-райы жағдайларымен салыстыру;

      9) эпидемиялық маңызы бар, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік объектілердің, оның ішінде осы объектілерде жүргізілетін зерттеулер нәтижелерінің жай-күйі;

      10) иммундық-биологиялық, дәрілік, диагностикалық және ветеринариялық препараттармен қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуы және тиімділігі;

      11) жеке қорғаныш құралдарымен, қорғаныш костюмдерімен, дезинфекциялау құралдарымен, зертханалық жабдықтармен және шығыс материалымен қамтамасыз ету;

      12) тексерулер санын, биологиялық қауіпсіздік саласында анықталған бұзушылықтарды, салынған айыппұлдар туралы мәліметтерді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу нәтижелері;

      13) депонирленген және жұмыс коллекциясындағы штаммдар санын қоса алғанда, коллекциялық қызмет, микроорганизмдер штаммдарының қозғалысы;

      14) төтенше жағдайлардың, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше жағдайларды жою үшін материалдық-техникалық ресурстар қорларын пайдалану бойынша жүргізілген іс-шаралардың ахуалы мен ауқымы;

      15) биологиялық тәуекелдерді бағалау тиімділігі;

      16) микробтық пейзажды және санитариялық-эпидемиялық, санитариялық-эпизоотиялық, эпифитотиялық фонды бақылау;

      17) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың болжамды берілу жолдары мен факторларын және ықтимал тәуекел факторларын анықтау;

      18) көлік құралдарын, адамдар мен бақылаудағы тауарларды санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелері;

      19) Қазақстан Республикасында айналымдағы аса қауіпті инфекциялық аурулар штаммдарының геномдық және субгеномдық сипаттамаларын анықтау, қауіпті және аса қауіпті патогендердің депонирленетін штаммдарын генетикалық паспорттау.

      44. Зооноздық инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысты базалық өлшемшарттарға қосымша мынадай көрсеткіштерді салыстырмалы талдау жатады:

      1) халықтың, жануарлардың санын, олардағы объектілердің санын, аумағын, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың табиғи ошақтары жай-күйінің серпінін қоса алғанда, инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың табиғи ошақтары;

      2) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың негізгі және қосалқы тасымалдаушыларының (бұдан әрі – тасымалдаушылар) жемшөп базасын сипаттау және бағалау;

      3) эпизоотология мен эпидемиологияда маңызы бар талданып отырған кезеңдегі тасымалдаушылар санының, оның серпінінің сипаттамасы, қызмет көрсетілетін аумақтың жекелеген учаскелерінде сандағы елеулі айырмашылықтарды анықтау (негізгі тасымалдаушылар санының карталары қоса беріледі);

      4) жалпы ошақ бойынша, сонымен бірге оның жекелеген учаскелері бойынша да тасымалдаушылардың генеративтік жай-күйі мен белсенділігінің сипаттамасы, егер айырмашылықтар болса, негізгі көрсеткіштерді талдау және олардың кеміргіштер санының серпініне әсерін бағалау;

      5) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулар қоздырғышын таратушылардың түрлік құрамы мен санының сипаттамасы;

      6) тасымалдаушылардағы бүргелердің, кенелердің және басқа да эктопаразиттердің көптігін сипаттау және өзгерістерін талдау;

      7) талданып отырған кезеңнің деректерін орташа көп жылдық мәндермен салыстыру;

      8) таратушылардың көбею барысын қысқаша сипаттау және оның әдеттегіден айырмашылығын анықтау (негізгі тасымалдаушылар санының карталары қоса беріледі);

      9) елді мекендердегі және адамның тұрғынжайларындағы инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулар қоздырғышын тасымалдаушылар мен таратушылардың түрлік құрамы мен санының серпінін сипаттау;

      10) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау көлемі мен тиімділігі;

      11) есепті жылы ошақтардың және олардың жекелеген учаскелерінің, стационарлық қолайсыз пункттер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің эпизоотиялық жай-күйінің сипаттамасы, бөлу объектілерін және және оларды жинау мерзімдерін көрсете отырып, бактериологиялық, серологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеу кезінде оң нәтижелері бар нүктелердің, оның ішінде инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру қоздырғышы бөлінген өсірінділерінің саны, эпизоотиялық учаскелердің алаңдары, тасымалдаушылар мен таратушылардың залалдануы (түрлер бойынша), сондай-ақ эпизоотиялық учаскелер шегіндегі сынамалар (барлығы пайызбен) және олардың 100 шаршы шақырымға тығыздығы (оң сынамалардың орналасу карталары қоса беріледі) туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын эпизоотиялық процестің қарқындылығы мен экстенсивтілігін талдау;

      12) эпизоотиялық учаскелердің, тасымалдаушылар қоныстарының және елді мекендердің орналасқан жерін талдау, сондай-ақ уақытша халықтың болуы, орналасуы мен болу сипаты, тасымалдаушылар мен таратушылардың саны туралы мәліметтер негізінде қалыптасқан жағдайдың эпидемиялық қауіптілігін бағалау;

      13) табиғи ошақтар мен олардың бөліктерінің эпизоотиялық белсенділігін, эпизоотологиялық зерттеп-қараудың барлық материалдарын талдау негізінде стационарлық қолайсыз пункттер мен шаруашылықтардың жай-күйін, жануарлар саны мен эпизоотиялардың дамуына әсер ететін ішкі популяциялық факторлар мен сыртқы орта факторларының жай-күйін, сондай-ақ келесі жылға (маусымға) тасымалдаушылар мен таратушылардың негізгі түрлерінің санын болжау;

      14) санитариялық-эпидемиялық және ветеринариялық іс-шаралар кешенін, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және зерттеп-қарау, келесі жылға арналған олардың көлемі мен мерзімдері жөніндегі жалпы ұсынымдар.

      45. Талдау нәтижелері бойынша болжам жасалады. Болжам инфекциялық және (немесе) паразиттік аурудың түріне, олардың таратушыларына және (немесе) тасымалдаушыларына байланысты болжамды жүзеге асыру тәртібін реттейтін құжаттарға, оның ішінде әдістемелік ұсынымдарға, құралдарға, нұсқамаларға, нұсқаулықтарға және халықаралық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      46. Болжамды қалыптастыру нәтижелері бойынша алынған деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарды әзірлеу үшін пайдаланылады.

      47. Жоспарда мынадай іс-шаралар көзделеді:

      1) эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы, эпифитотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысушылармен, оның ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мемлекеттік органдар, ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер арасында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау, оларға жекелеген шаралардың орындалуын бекіту (Жоспарға қатыстырылған органдар мен ұйымдардың тізбесі ошақтың нозологиясы мен ауқымына қарай белгіленеді);

      2) науқастарды анықтау және емдеуге жатқызу, оның ішінде пәтерлерді және аулаларды аралау, медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру, шұғыл көмек шақыруларына жылдам ден қою, қосымша жедел жәрдем бригадаларын құру, кейбір объектілерде олардың кезекшіліктерін ұйымдастыру;

      3) шектеу іс-шараларын (карантин) белгілеу;

      4) инкубациялық кезең мерзіміне медициналық бақылау орнату;

      5) медициналық ұйымдарды төсектерді қосымша ашуға, провизорлық госпиталь ұйымдастыруға (науқастарға арналған инфекциялық стационар, байланыста болғандарға арналған изолятор, провизорлық инфекциялық стационар) дайындау;

      6) инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың профилактикасы, оларды емдеу және диагностикалау үшін иммундық-биологиялық, дәрілік және диагностикалық препараттардың, дезинфектанттардың, жеке қорғаныш құралдарының резервін құру;

      7) шұғыл профилактика құралдарын қолдану;

      8) вакцинациялауды ұйымдастыру;

      9) инфекцияның берілу жолдарын тоқтату жөніндегі шаралар, оның ішінде су беруді тоқтату, техникалық құрылғыларды тоқтату, жекелеген объектілердің жұмысын немесе қызметін тоқтата тұру, өнімді өткізуге тыйым салу және алып қою, бұқаралық іс-шараларға тыйым салу;

      10) қосымша стационарлық және мобильді микробиологиялық және диагностикалық зертханаларды, оның ішінде биологиялық материал алу пункттерін ұйымдастыру;

      11) адамдардан, жануарлардан, өсімдіктерден, судан, топырақтан, тамақ өнімдерінен биологиялық материалдың сынамаларын, қоршаған ортадан шайындылар алу;

      12) дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

      13) халық арасында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, жадынамалар, үнпарақтар, бюллетеньдер арқылы қосымша белсенді түсіндіру жұмысы;

      14) биологиялық тәуекелдермен күресу мәселелері бойынша қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру.

      48. Жоспарда көзделген іс-шаралар нақты қалыптасқан жағдайға байланысты және анықталған нозологиялық нысанға қатысты қолданыстағы нормативтік, әдістемелік құжаттарды ескере отырып қалыптастырылады.

      49. Жоспарда көзделген іс-шаралардың жауапты орындаушылары жоспарда белгіленген мерзімде осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарды олардың орындалуы туралы хабардар етеді.

      Осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар жоспардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізеді.

      Жоспардың орындалу барысы мен нәтижелері туралы есеп денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жоспарда көзделген мерзімдерде жіберіледі.

      50. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы салааралық болжауды (модельдеуді) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторинг деректері және талдамалық материал, сондай-ақ осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген мемлекеттік органдардың салалық болжауы негізінде жүзеге асырады.

      51. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы салааралық болжау (модельдеу) осы Қағидалардың 41-44-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      52. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы салааралық болжау (модельдеу) нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 45-47-тармақтарына сәйкес әзірленген болжамдар мен жоспарларға ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда оларды түзету жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

      53. Болжамдар мен жоспарларды түзету жөніндегі ұсынымдар оларды одан әрі іске асыру үшін осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген мемлекеттік органдарға жіберіледі. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ұсынымдарымен келіспеген жағдайда болжамдар мен жоспарларды түзету және (немесе) іске асыру жөнінде келісім кеңестері өткізіледі.

      54. Осы Қағидалардың 52 және 53-тармақтарында көзделген рәсімдердің нәтижелері бойынша қорытынды болжамдар мен жоспарлар осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа қойылатын талаптарды ескере отырып БҚМАЖ-да орналастырылады.

      55. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы болжау (модельдеу) мақсаты үшін БҚМАЖ қолданылған жағдайда осы тарауда көрсетілген ақпарат осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес қалыптастырылады.

7-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік ақпараттық жүйені қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру тәртібі

      56. БҚМАЖ биологиялық қауіпсіздік саласындағы толық және дұрыс ақпаратты (құжаттаманы) есепке алу, эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық ахуалды мониторингтеу, талдау және бақылау, биологиялық тәуекелдерді болжау (модельдеу), биологиялық қатерлерге ден қоюдың үйлестірілген және жедел шараларын әзірлеу, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен субъектілер арасында ақпарат алмасу мақсатында құрылады.

      57. БҚМАЖ-ға түсетін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпарат (құжаттама) біріздендірілген түрде жинақталады және биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ұлттық дерекқорды құрайды.

      58. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ субъектілер БҚМАЖ субъектілері болып табылады.

      Биологиялық қауіпсіздік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық жасақтама, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым БҚМАЖ объектілері болып табылады.

      59. БҚМАЖ құруды, жетілдіруді және пайдалануды және онда сақталатын және өңделетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      60. БҚМАЖ-ды құру:

      1) БҚМАЖ-ға арналған функционалдық және техникалық талаптарды айқындау;

      2) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті, оның ішінде деректерді қалыптастыру және өңдеу бөлігіндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әдістемелік құжаттарды бекіту;

      3) оны құру және жетілдіру саласындағы БҚМАЖ субъектілерінің іс-қимылын үйлестіру;

      4) БҚМАЖ-бен интеграциялануға жататын ақпараттық ресурстардың тізбесін қалыптастыру;

      5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және ақпараттық қауіпсіздік тәртібін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.

      61. БҚМАЖ биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторинг деректері мен мәліметтерінің, талдамалық материалдың, сондай-ақ болжамның, жоспардың және басқа да деректердің, оның ішінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты үшін маңызы бар мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерінен алынған басқа да деректер негізінде қалыптастырылады.

      62. БҚМАЖ-ды сүйемелдеу жаңғырту және қосымша функционалдық талаптарды іске асыруды жүргізбестен және қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа қатысты оның тұтастығы мен құпиялылығын сақтау шартымен БҚМАЖ ақауларын түзету, түрлендіру және жою жөніндегі іс-шараларды көздейді.

      63. БҚМАЖ-ды сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      64. БҚМАЖ-дың жұмыс істеуі:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) қамтитын ақпараттық базаларымен және жүйелерімен интеграциялау;

      2) патогендігі I және (немесе) II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер қолданатын ақпараттық жүйелермен интеграциялау;

      3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) автоматтандырылған жинауды, сақтауды, өңдеуді, қорытындылауды және талдауды, автоматтандырылған болжауды (модельдеуді) жүзеге асыру, сондай-ақ оларды БҚМАЖ субъектілерінің белгіленген тәртіппен ұсынуы;

      4) БҚМАЖ субъектілері арасында мәліметтерді ақпараттық алмасу есебінен қамтамасыз етіледі.

      65. БҚМАЖ субъектілері биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпаратты (құжаттаманы) БҚМАЖ-ға өздерінің ақпараттық жүйелерін БҚМАЖ-бен интеграциялау не оларға қажетті ақпаратты (құжаттаманы) жүктеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға БҚМАЖ-дың функционалдық және ақпараттық сервистеріне рұқсат беру арқылы ұсынады.

  Биологиялық қауіпсіздік
саласындағы есепке алуды,
мониторингтеуді жүргізу және
болжау (модельдеу)
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім

ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің атауы

ЫҚБО-ның тиесілігі және орналасқан жерінің нақты мекенжайы

Осы ЫҚБО-да жұмыс істеуге рұқсат етілген патогендігі I және II топтардағы ПБА
(жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде)

ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсаттың нөмірі мен күні

Патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуге жіберілген мамандар
(жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде)

Кадр резерві

Т.А.Ә.
(бар болса)

Лауазымы

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні

Патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні

Т.А.Ә.
(бар болса)

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Ескертпе: аббревиатураларды толық жазу:

      ПБА – патогенді биологиялық агент

      ЫҚБО – ықтимал қауіпті биологиялық объект

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Биологиялық қауіпсіздік
саласындағы есепке алуды,
мониторингтеуді жүргізу
және болжау (модельдеу)
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген мамандар құрамының өзгерістері немесе толықтырулары туралы хабарлама

      __________________________________________________________________________

      (субъектінің атауы )

      патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген мамандар құрамының мынадай өзгерістері немесе толықтырулары туралы хабарлайды:

      1. Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген немесе осындай жұмыс істеуді тоқтатқан мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      2. Олардың білімі туралы деректер: _________________________________________

      3. Сертификаттау курсынан өткендігі туралы деректер: __________________________

      4. Біліктілігін арттыру туралы деректер: _______________________________________

      5. Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруды аяқтау себебі:

      __________________________________________________________________________

      6. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:_______________________________

      Басшы                         _________________

      (қолы)

      ________________

      (күні)

  Биологиялық қауіпсіздік
саласындағы есепке алуды,
мониторингтеуді жүргізу
және болжау (модельдеу)
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Биологиялық тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді төмендету немесе жою жөніндегі эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және эпифитотияға қарсы іс-шаралар жоспары

р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Ақпаратты ұсыну мерзімі

1

2

3

4

5

6








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады