ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Р.Ж. Оразалин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы |
Г. Пирматов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 98 Қаулыға 1-қосымша Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 1-қосымша |
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2012 | Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары |
2013 | Басқа банктердің корреспонденттік шоттары |
2014 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары |
2022 | Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары |
2023 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары |
2024 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2034 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2038 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек |
2044 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2048 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек |
2054 | Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2058 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2064 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар |
2068 | Қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек |
2112 | Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары |
2113 | Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары |
2122 | Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары |
2123 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары |
2124 | Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары |
2125 | Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар |
2130 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2131 | Басқа банктер мен қаржы ұйымдарының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2132 | Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын) |
2133 | Басқа банктердің шартты салымдары |
2134 | Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) |
2135 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2138 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2143 | Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2144 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары |
2147 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2201 | Мемлекеттік бюджеттің ақшасы |
2202 | Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары |
2203 | Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2204 | Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары |
2205 | Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2206 | Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2208 | Жеке тұлғалардың шартты салымдары |
2210 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері |
2211 | Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары |
2213 | Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын қысқа мерзімді салым |
2214 | Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) |
2215 | Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары |
2219 | Заңды тұлғалардың шартты салымдары |
2220 | Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) |
2222 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары |
2223 | Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым |
2224 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2225 | Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек |
2226 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2228 | Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар |
2231 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2232 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2237 | Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты |
2240 | Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты |
2243 | Клинеттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек |
2245 | Инвестициялық депозиттер |
2551 | Басқа банктермен есеп айырысулар |
2552 | Клиенттермен есеп айырысулар |
2701 | Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар |
2702 | Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2703 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2704 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар |
2705 | Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2706 | Қарыздар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар |
2707 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар |
2709 | Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2711 | Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар |
2712 | Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2713 | Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2714 | Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2718 | Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар |
2719 | Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2720 | Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2721 | Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2722 | Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2723 | Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар |
2724 | Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2727 | Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2728 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар |
2730 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар |
2731 | Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар |
2741 | Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2742 | Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2743 | Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2744 | Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2746 | Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2747 | Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2748 | Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы |
2749 | Басқа да мерзімі өткен сыйақы |
2755 | Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар |
2855 | Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар |
2865 | Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер |
2891 | Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер |
2892 | Форвард операциялары бойынша міндеттемелер |
2893 | Опцион операциялары бойынша міндеттемелер |
2894 | Спот операциялары бойынша міндеттемелер |
2895 | Своп операциялары бойынша міндеттемелер |
2899 | Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер |
Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2132, 2133, 2134, 2135, 2138, 2143, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2709, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 98 Қаулыға 2-қосымша Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 3-қосымша |
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі | Баланстық шоттың аты |
2036 | Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар |
2046 | Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2056 | Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2057 | Басқа банктерден алынған қаржы лизингi |
2066 | Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар |
2067 | Алынған қаржы лизингі |
2127 | Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары |
2141 | Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам) |
2207 | Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2217 | Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары |
2218 | Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) |
2227 | Жалдау бойынша міндеттемелер |
2229 | Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) |
2230 | Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек |
2241 | Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын ұзақ мерзімді салым |
2301 | Айналысқа шығарылған облигациялар |
2303 | Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар |
2306 | Сатып алынған облигациялар |
2745 | Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар |
Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2141, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.