Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидаларын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 105 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30930 болып тіркелді

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 53-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттік Төрағасының м.а.
О. Кизатов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттік
Төрағасының м.а.
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 105 Қаулыға
қосымша

Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 53-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және дара инвесторға инвестициялық ұсынымдар беру тәртібін, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.

2-тарау. Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібі және дара инвестордың тәуекел-бейінін анықтау

      2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкері (бұдан әрі – инвестициялық консультант) инвестициялық консультация беру жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарт негізінде жеке инвестициялық ұсынымдар беру арқылы дара инвесторларға бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу жөнінде консультациялар беру жөнінде қызметтер көрсетеді.

      Жеке инвестициялық ұсынымның мазмұнына қойылатын талаптар бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжатымен белгіленеді.

      3. Инвестициялық ұсыным инвестициялық консультант дара инвестордың тәуекел-бейінін айқындағаннан кейін беріледі. Инвестордың тәуекел-бейіні инвестордың нысаны инвестициялық консультанттың ішкі құжатымен белгіленетін сауалнаманы толтыру жолымен айқындалады. Тәуекел-бейінін бағалау дегеніміз – инвестор күтетін инвестицияның кірістілігі, инвестициялау аясы және инвестициядан болатын шығындардың рұқсат етілген тәуекелі туралы ақпарат.

      4. Инвестициялық консультант жеке инвестордың тәуекел-бейінін айқындау үшін Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынбаған жеке инвесторға инвестициялық ұсыным бермейді.

      5. Дара инвестордың тәуекел-бейінін айқындау үшін инвестициялық консультант сауалнама жүргізу арқылы мынадай ақпаратты сұратады:

      1) жасы;

      2) білімі;

      3) соңғы 12 ай ішіндегі ай сайынғы табысы;

      4) соңғы 12 ай ішіндегі ай сайынғы шығысы (тіркелген шығыстары және өзгермелі шығыстары);

      5) инвестор инвестициялық ая кезеңінде пайдалануды жоспарлаған қаражатты қоспағанда, бос қаражаттың болуы;

      6) инвестициялаудың болжамды мерзімі;

      7) дара инвестор өзінің инвестициялауы нәтижесінде көтеруге даяр ең жоғары зиян;

      8) дара инвестор өзінің инвестициялауы нәтижесінде алуға даяр ең жоғары кіріс;

      6. Жүргізілген сауалнаманың нәтижелері бойынша инвестициялық консультант инвестордың тәуекел-бейінін жасайды, ол мыналардан:

      1) инвестор күтетін инвестицияның кірістілігі туралы ақпарат, инвестор оның шегінен тыс осы табысты алуды күтетін инвестициялау аясы және осы инвестициядан болуы мүмкін зияндар тәуекелі;

      2) дара инвесторға барынша тиімді инвестициялық ұсынымдар алу мақсатында бұрын ұсынылған деректердің өзгеруі туралы инвестициялық консультантты хабардар ету қажеттілігі туралы ұсыныс.

      7. Инвестициялық консультант инвестордан алынған ақпараттың сақталуын, конфиденциалдылығын және өзгермеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ инвестициялық ұсынымдар беруге байланысты барлық құжаттардың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

3-тарау. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары

      8. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның инвестициялық ұсыным беруге құқығы бар қызметкері мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) бағалы қағаздар нарығында трейдер, қаржыны нарығының талдаушысы, тәуекел-менеджері, инвестициялық консультант не инвестициялық портфельді басқарушы ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады