"Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30950 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.12.2022 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) оператор – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына айрықша құқықты растайтын құжаты немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жасалған ерекше құқықтар беру туралы авторлық шарты бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорын сүйемелдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы бейініндегі ұйым;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры (бұдан әрі – АТЖ) – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады