"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30965 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 1141 Бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 1 немесе 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасау не Қағидаларға 2 немесе 2-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын ұзарту үшін не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған не ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған баянатпен (өтінішпен) өтініш жасайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген мәліметтер (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 3-қосымшада мазмұндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Тізбенің 9-тармағында айқындалған.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған күні оның баянатын (өтінішін) қабылдайды және тіркейді. Тіркелгеннен кейін баянаттың (өтініштің) көшірмесі мөртаңбаны, кіріс нөмірін және тіркеу күнін қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге баянатты (өтінішті) қабылдағаны туралы белгі жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ол өтініш жасаған күні баянатты (өтінішті) қабылдаудан бас тартады, ал көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде "жеке кабинетке" баянатты (өтінішті) қабылдаудан бас тартқаны туралы белгі жолданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі уәкілетті органның басшысына тіркелген күні көрсетілетін қызметті алушының баянатын (өтінішін) қоса берілген құжаттармен бірге береді.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде баянатты (өтінішті) орындауға жауапты орындаушыға жолдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкестігін қарайды.

      8. Құжаттарды қарау және қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын беру мерзімі баянат (өтініш) қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Тізбенің 6-тармағында айқындалған.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі арқылы беріледі, ал электрондық түрде көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 73-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау немесе ұзарту не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      10. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      12. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан



      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат берілген күн"

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
____________
(атауы)
аудандық пайдалану бөлімінің
бастығына
____________________________
(әскери қызметшіден, азаматтық
персоналдан немесе Қазақстан
Республикасының Қарулы
Күштерімен байланысы жоқ
адамнан)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының әскери атағы
(болған кезде), тегі, аты, әкесінің
аты (болған кезде)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің немесе
әскери бөлімнің (болған кезде)
атауы) мынадай мекенжай
бойынша тұратын:
____________________________

Баянат (Өтініш)

      Сізден ____________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының __________ №________

      (атауы) (күні) (нөмірі)

      хаттамасына сәйкес менімен және менің отбасымның мүшелерімен

      _______________________ мекенжайы бойынша________________________________

      (мекенжай атауы) (ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада)

      орналасқан қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасауды сұраймын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет

      көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс
министрлігі _______ аудандық
(атауы)
пайдалану бөлімінің бастығына
____________________________
(әскери қызметшіден, азаматтық
персоналдан немесе
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерімен
байланысы жоқ адамнан)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының әскери атағы
(бар болса), тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің немесе
әскери бөлімнің атауы
(бар болса) мынадай мекенжай
бойынша тұратын:
____________________________

Баянат (Өтініш)

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден ____________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының ________ №_____

      (атауы)                                           (күні) (нөмірі)

      хаттамасына сәйкес менімен және менің отбасымның мүшелерімен

      ________________________ мекенжайы бойынша _____________________________

      (мекенжай атауы) (ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада)

      орналасқан қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасауыңызды сұраймын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша _____ парақта:

      Қоса берілетін құжаттардың атауы:

      1) _________________________;

      2) _________________________;

      3) ....

      ___________________________________________

      (күні, көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы)

 

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан



      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат берілген күн"

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
________________ аудандық
пайдалану
(атауы)
бөлімінің бастығына
____________________________
(әскери қызметшіден, азаматтық
персоналдан немесе Қазақстан
Республикасының Қарулы
Күштерімен байланысы жоқ
адамнан)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының әскери атағы (болған
кезде), тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің немесе
әскери бөлімнің (болған кезде)
атауы) мынадай мекенжай
бойынша тұратын
____________________________

Баянат (Өтініш)

      Сізден маған және менің отбасымның мүшелеріне ________________________

      (мекенжай атауы)

      мекенжайы бойынша___________________________ орналасқан қызметтік тұрғын

      жайды жалға алу (ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада)

      шартын ұзартуыңызды сұраймын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет

      көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс
министрлігі _______ аудандық
(атауы)
пайдалану бөлімінің бастығына
____________________________
(әскери қызметшіден, азаматтық
персоналдан немесе
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерімен
байланысы жоқ адамнан)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының әскери атағы
(бар болса), тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің немесе
әскери бөлімнің атауы
(бар болса) мынадай мекенжай
бойынша тұратын
___________________________

Баянат (Өтініш)

      Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден маған және менің отбасымның мүшелеріне ________________________

      (мекенжай атауы)

      мекенжайы бойынша _______________ орналасқан қызметтік тұрғынжайды жалға алу

      (ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада)

      шартын ұзартуыңызды сұраймын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша _____ парақта:

      Қоса берілетін құжаттардың атауы:

      1) _________________________;

      2) _________________________;

      3) ....

      ___________________________________________

      (күні, көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы)

 

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту"

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағазда

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген үлгі шартты (бұдан әрі – Шарт) немесе Қағидаларға 4 немесе 4-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтаманы көретілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі немесе портал арқылы беру қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау болып табылады;
2) Шарт талаптарына сәйкес жасалған қосымша келісімді немесе Қағидаларға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзартудан бас тарту туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің құжаттмалық қамтамасыз ету бөлімшесі немесе портал арқылы беру қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзарту болып табылады

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін болып белгіленеді. Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз "кезекке тұру" тәртібінде жүзеге асырылады;
2) порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде баянаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

9.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау үшін Қағидаларға 1 немесе 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баянат (өтініш) және мынадай құжаттар беріледі:
1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі, персоналмен жұмыс бөлімшесі) берген қызмет (жұмыс) орнынан отбасының құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі;
2) қызметтік тізімнің не еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпараттың электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);
4) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесі.
2. Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзарту үшін Қағидаларға 2 немесе 2-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баянат (өтініш) және мынадай құжаттар беріледі:
1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі, персоналмен жұмыс бөлімшесі) берген қызмет (жұмыс) орнынан отбасының құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі;
2) қызметтік тізімнің не еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпараттың электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы);
4) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе оны бұзу, балалардың тууы туралы куәліктің, өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтаманың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге барлық отбасы мүшесіне тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қолжетімділікке келіспеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82, 101-2, 101-3, 101-10-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша
Нысан



  Тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды Жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтама

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)

      басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

      _________________________________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: __ "Орындаушының Т.А.Ә. (болған кезде)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен

      ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-1-қосымша

      Нысан

  Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)



________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтама

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)

      басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

      ____________________________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _________________ аудандық пайдалану бөлімінің бастығы

      ___________________________________________________

      (әскери атағы) (қолы) (аты-жөні және тегі)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _____________ аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы (басшысы)

      ___________________________________________________

      (әскери атағы (бар болса) (қолы) (аты-жөні және тегі)

      елтаңбалы мөр

      Орындаушы: ___________________

      (тегі және аты-жөні)

      Телефон: ___________

      Алдым: ___________________________ көрсетілетін қызметті алушының қолы

      (тегі және аты-жөні)

      20__ж. "___" ____________

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
5-қосымша
Нысан



  Тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзартудан бас тарту туралы анықтама

      _________________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)

      басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

      ___________________________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: __ "Орындаушының Т.А.Ә. (болған кезде)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен

      ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
баспанасын жалға алу шартын
жасасу және ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
5-1-қосымша

      Нысан

  Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)



________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзартудан бас тарту туралы анықтама

      Ескерту. Қағида 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.05.2023 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)

      басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

      ___________________________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _________________аудандық пайдалану бөлімінің бастығы

      ___________________________________________________

      (әскери атағы) (қолы) (аты-жөні және тегі)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _____________ аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы (басшысы)

      ___________________________________________________

      (әскери атағы (бар болса) (қолы) (аты-жөні және тегі)

      елтаңбалы мөр

      Орындаушы: ___________________

      (тегі және аты-жөні)

      Телефон: ___________

      Алдым: ___________________________ көрсетілетін қызметті алушының қолы

      (тегі және аты-жөні)

      20__ж. "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады