"Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30984 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және қамсыздандыру саласындағы әдістемелік құжаттарын;

      ана мен баланы қорғауды, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың, зейнеткерлердің, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды реттейтін отбасы, еңбек, тұрғын үй заңнамасының нормаларын;

      азаматтық құқық негіздерін, психология мен әлеуметтану негіздерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін;

      қамқоршылық, қорғаншылық белгілеу, бала асырап алу, ата-ана құқығынан айыру, арнайы оқу-емдеу (тәрбиелеу) мекемелеріне жіберу тәртібі мен ұйымдастыруды;

      отандық және шетелдік озық әлеуметтік жұмыс тәжірибесін;

      тәрбие және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістерін;

      түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшелігін;

      медициналық-әлеуметтік жұмысты, халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды;

      ұлттық тұрмыс және отбасылық тәрбие ерекшеліктерін, өңірдің салт-дәстүрлерін білуі тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады