Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 шілдеде № 13884 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _________________ Т. Дүйсенова

      6 маусым 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 24 мамырдағы
№ 217 бұйрығымен
бекітілді

Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының,
мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар) мұнай-газ өндіру саласы ұйымдарында кадрларды дұрыс таңдауды, пайдалануды, орналастыруды, олардың біліктілік сипаттамаларын анықтауды қамтамасыз етуге, мұнай-газ саласындағы ұйымдардағы басшылар мен мамандардың арасындағы еңбекті тиімді бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Біліктілік сипаттамаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының жалпы ережелерінде (бұдан әрі – Біліктілік анықтамалық) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12631 болып тіркелген) бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларында көрсетілген.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашы мамандар лауазымдарының және қызмет салаларының барлығына ортақ басқа мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Біліктілік анықтамалығында белгіленген.

      4. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеген кезде нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыстардың тізбесін нақтылауға жол беріледі және жұмыскерлерді қажетті арнайы дайындауға талаптар белгіленеді.

2-тарау. Басшылар лауазымдары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Автомобиль паркінің бастығы

      5. Лауазымдық міндеттері:

      автомобиль паркінің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады;

      қабылданатын шешімдердің орындалуын, мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, қызметтің қаржы-шаруашылық қорытындыларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      барлық құрылымдық бөлімшелер мен өндірістік бірліктердің жұмысы мен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескеріп, олардың қызметін автомобиль паркін дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;

      автокөлік паркі жұмысының тиімділігін арттыруды, автокөлік қызметтерін сату көлемдерінің өсуін және пайданың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін ұлғайтуды қамтамасыз етеді;

      шарттық міндеттемелер мен техникалық-пайдаланушылық көрсеткіштер бойынша автокөлік қызметтері жоспарының орындалуын, автомобильдердің техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын, жылжымалы құрамның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      өндірістік қуаттарды, негізгі және айналымдағы қорларды, материалдық және еңбек ресурстарын, рентабельділікті арттыруды, өзіндік құнды азайтуды тұрақты талдауды ұйымдастырады;

      автомобиль паркінің орынжайларын жайластыру және техникалық жабдықтау жұмыстарына басшылықты жүзеге асырады;

      жүргізушілер құрамының жолда-жүру қауіпсіздігінің алдын-алу және талаптарын сақтауы жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдайды;

      автомобиль паркін қосалқы бөлшектермен, механизмдермен, жабдықпен уақтылы қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      көлік құралдарын пайдалануға енгізу және оларды есептен шығару жұмыстарын басқарады;

      автомобиль паркін білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту және ұтымды пайдалану, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

      өндірістік және басқа да мәселелерді талқылауда және шешуде басшылық етудің экономикалық және әкімшілік әдістерін, өндіріс тиімділігін арттыруда моральдік және материалдық ынталандырудың дұрыс үйлестірілуін, әрбір жұмыскердің оған тапсырылған іс пен барлық ұжым жұмысының қорытындыларына материалдық мүдделілігі мен жауапкершілігі қағидатының қолданылуын қамтамасыз етеді.

      6. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      автокөлік саласына, автокөлік кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      автокөлік кәсіпорындарының бейінін, мамандануы мен құрылымының ерекшеліктерін, автомобиль көлігі мен механизмдердің конструкциялық ерекшеліктері мен мақсатын;

      жылжымалы құрамның техникалық-пайдаланушылық деректерін, автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын;

      жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын;

      техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын;

      шаруашылық және қаржы шарттарын жасау және орындау тәртібін;

      экономика, еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автомобиль көлігі кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және автомобиль көлігі кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

2-параграф. Бас дәнекерлеуші

      8. Лауазымдық міндеттері:

      дәнекерлеудің технологиялық процестерін және дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық жарақтандыру құралдарын әзірлеу және енгізу жүктелген бөлімшелерді техникалық басқаруды жүзеге асырады;

      дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын технологиялық дайындауды басқарады, еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді;

      дәнекерлеу жұмыстарының өндірісін технологиялық дайындаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын, дәнекерлеу жабдығын жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеу жүргізу кестелерін әзірлеуді, жұмыстардың мерзімдері мен көлемдерін, еңбек және материалдық ресурстар шығындарын жоспарлауды басқарады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындау технологиясы мен сапасын, жабдық жұмысының жағдайын зерттейді және талдайды, еңбек шығындарын қысқартуды, дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде материалдық және энергетикалық ресурстарын үнемдеуді, олардың сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін дәнекерлеудің прогрессивті әдістерін әзірлеуді және өндіріске енгізуді ұйымдастырады;

      қажетті техникалық құжаттаманың әзірленуін және онымен өндірістің қамтамасыз етілуін, дәнекерлеудің технологиялық режимдерінің, материалдарды жұмсау нормаларының, жабдықты техникалық пайдалану және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін талап етілетін жабдыққа және материалдарға арналған өтінімдердің жасалуын, дәнекерлеу жабдығының есебін, оны паспорттауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      кәсіпорынды реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін қарауға қатысады, жаңа дәнекерлеу жабдығын, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша шараларды қабылдайды;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын жаңа өндірістік бөлімшелерді жобалау және құру, еңбекті ұтымды ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы қағидаларын ескере отырып, оларды мамандандыру және жабдықты енгізу жұмысын басқарады, жобалық қуаттарды уақтылы игеруді, жабдық жұмысының ауысымдылығы коэффициентін арттыруды қамтамасыз етеді;

      прогрессивті техника мен технологияны енгізу, технологиялық жабдықты, өндірістік алаңдарды пайдалануды және жарақтауды жақсарту, дәнекерлеу конструкцияларының сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуын ұйымдастырады;

      дәнекерлеу әдістері мен технологиясына, дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруға және дәнекерлеу жабдығын жетілдіруге қатысты анағұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарға пікірлер мен қорытындыларды қарайды және береді;

      өндірісті мамандандыру және бірлестіру деңгейін арттырумен, еңбек өнімділігін арттыру резервтерін пайдаланумен байланысты жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;

      дәнекерлеу жұмыстарының әдістері мен технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу және эксперименталдық жұмыстарды басқарады;

      кәсіпорынның білікті дәнекерлеушілерге деген қажеттілігін анықтау, оларды белгіленген тәртіппен аттестаттауды жүргізуге дайындау жұмысына қатысады;

      дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық дайындау және орындау бойынша ғылыми-техникалық жетістіктерді, озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және енгізу жұмысын ұйымдастырады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындауды технологиялық дайындауды жүзеге асыратын кәсіпорынның бөлімшелері мен жұмыскерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      өндірісте жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      9. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, өндірісті технологиялық дайындау бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      мұнай және газ өндіру технологиясын, мұнайдың, газдың және қабат суының физикалық-химиялық қасиеттерін;

      мұнай-газ саласындағы дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруды;

      дәнекерлеу жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерді және жұмыс режимін, оны пайдалану қағидасын;

      өндірісті технологиялық дайындауды жоспарлау және дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәртібі мен әдістерін;

      дәнекерлеу әдістері мен тәсілдерін;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;

      дәнекерлеу кезінде пайдаланылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптарын, оларды жұмсау нормаларын;

      дәнекерлеу жабдығын жөндеуді ұйымдастыруды;

      дәнекерлеу ақауларының түрлерін және оларды жою тәсілдерін;

      дәнекерлеу жұмыстары технологияларын және оларды ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы зерттеу және әзірленімдер жүргізу әдістерін;

      дәнекерлеу жұмыстарының стандарттары мен техникалық шарттарын;

      құрылыс нормалары мен қағидаларын;

      дәнекерлеу жұмыстарының технологиялары және оларды ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, өндірісі мен басқару саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын;

      өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс.

      10. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

3-параграф. Бас механик

      11. Лауазымдық міндеттері:

      мұнай-газ өндіру басқармасы механикалық қызметтерінің өндірістік қызметін басқарады және өндірістік қызмет көрсету цехтарының жұмысын қамтамасыз етеді;

      өндірістік цехтардың қызмет көрсететін персоналының мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын дұрыс және авариясыз пайдалануын сақтауы бойынша, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын уақтылы және сапалы жөндеу, пайдаланылатын мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының сенімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      цехтардағы тозған жабдықтың уақтылы және дұрыс есептен шығарылуын қамтамасыз етеді;

      өндірістік бөлімшелердің мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын, қосалқы бөлшектерді жеткізуге арналған жыл сайынғы өтінімдерін жинауды, талдауды және жасауды, жетекшілік ететін бағыттар бойынша жылдық өндірістік бағдарламаның жасалуын, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын дұрыс пайдалану, жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес уақтылы жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді;

      жабдықты қарау, сынау және алдын алу жөндеу жоспарларының (кестелерінің) уақтылы әзірленуін басқарады;

      жөндеуді жүргізу үшін тартылатын мердігерлік ұйымдармен жоспарларды (кестелерді) келісуді, олардың қажетті техникалық құжаттамамен уақтылы жабдықталуын қамтамасыз етеді;

      жабдықты жөндеуді, жөндеу-пайдаланушылық жұмысқа арналған материалдар шығыны бойынша нормативтік-әдістемелік материалдардың әзірленуін, оны пайдалану көрсеткіштерін талдау, жөндеу жүргізуге арналған сметалар жасауды, жабдықты пайдалану кезінде қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер әзірлеуді басқарады;

      жаңа жабдықты қабылдау және орнату жұмыстарын, жұмыс орындарын аттестаттау және ұтымды ету, тиімділігі төмен жабдықты жаңғырту және оны өнімділігі жоғары жабдықпен ауыстыру, ауыр қол еңбегін және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру құралдарын енгізу жұмыстарын басқарады;

      негізгі өндірістік қорларды түгендеуді жүргізуді ұйымдастырады, ескірген жабдықты, күрделі жөндеуді талап ететін объектілерді айқындайды және жөндеу жұмыстарын жасау кезектілігін белгілейді;

      мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының авариялық істен шығуын, жазатайым жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауға, негізгі құралдарды есептен шығаруға қатысады;

      жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге, жабдықтың жұмысын жақсартуға қатысты ұтымды ұсыныстарды қарауға қатысады;

      майлау-эмульсиялық шаруашылықты, майлау және сүрту материалдарын пайдаланудың прогрессивті нормаларын енгізуді, пайдаланылған майлар регенерациясын қамтамасыз етеді;

      цех жабдығының техникалық дәлдігін тексеруге, жабдықты тиімді пайдалануға ықпал ететін оның жұмыс істеуінің оңтайлы режимдерін белгілеуге, жабдықты техникалық пайдалану, майлау және күту бойынша, жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады;

      жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      жоспардан тыс жөндеуді және жабдықтың тоқтап қалуын қысқарту, оны жөндеу және ұстау шығындарын азайту бойынша жұмыстарды басқарады;

      кәсіпорында мамандандырылған жөндеуді, қосалқы бөлшектерді, тораптар мен ауыстыру жабдығының орталықтандырып жасалуын ұйымдастырады;

      өндірісте жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      12. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік және нормативтік техникалық материалдарды;

      ұйымда жөндеу қызметін ұйымдастыруды;

      технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесін;

      ұйымды техникалық дамыту перспективаларын;

      техникалық сипаттамаларды;

      ұйым жабдығының техникалық сипаттамаларын, құрылымдық ерекшеліктерін, мақсаты, жұмыс істеу режимдерін және оны пайдалану қағидаларын;

      жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды және олардың технологиясын, жабдықты монтаждау, реттеу және жөндеу әдістерін;

      ұйым өнімін шығару технологиясы негіздерін;

      жабдық паспорттарын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, ақаулар ведомосін, ерекшеліктері мен басқа да техникалық құжаттаманы жасау тәртібін;

      жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидасын;

      майлау-эмульсиялық шаруашылықты ұйымдастыруды;

      жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарын;

      ұйымдағы жөндеу қызметтерінің озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін білуі тиіс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және саладағы кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

4-параграф. Бас приборшы

      14. Лауазымдық міндеттері:

      енгізілетін, қызмет көрсетілетін, жөнделетін және салыстырып тексерілетін өлшеу құралдары мен жабдықтың пайдаланылуын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі халықаралық ұйымдардың қағидалары мен рәсімдерін зерттейді және жүйелейді;

      өндірісті техникалық қайта жарақтандыру, оны өлшеу, бақылау құралдарымен, өлшеу құралдарына салыстырып тексеру мен калибрлеу жүргізуге арналған шама бірлігінің эталондарымен жабдықтау жоспарларын әзірлеуге басшылық жасайды;

      салыстырып тексеру/калибрлеу зертханасы жүргізетін өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді және калибрлеуді жүргізуді ұйымдастырады;

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес шама бірліктерінің эталондарын, өлшеу құралдарын калибрлеу, сынақ жабдықтарын аттестаттау мерзімділігін келіседі;

      өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді/калибрлеуді жүргізу құқығына аккредиттеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес өлшеу құралдарының жай-күйі мен қолданылуына, шама бірліктерінің эталондарына метрологиялық бақылауды ұйымдастырады;

      техникалық тапсырмаларды, конструкторлық, технологиялық құжаттаманы, стандарттардың жобаларын және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды метрологиялық сараптау жұмыстарын басқарады;

      кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің есебін ұйымдастырады, басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеуге, енгізуге, пайдалануға және жетілдіруге қатысады;

      метрологиялық қамтамасыз ету бөлігінде шығарылатын өнімнің сапасына наразылықтарды талдауға қатысады;

      метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады, метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны жетілдіру, метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың анықтамалық-ақпараттық қорын құру және жүргізу жұмыстарына қатысады;

      өндіріс пен сатуды метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді, метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйіне талдаудың жүргізілуін басқарады;

      өлшеу құралдары мен әдістерін әзірлеуді және енгізуді, өлшеу құралдарына сынақ жүргізуді, метрологиялық қызмет көрсету үшін қажетті шама бірліктерінің эталондарын, стандартты үлгілерді, қондырғылар мен құрылғыларды жасауды басқарады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      стандарттау, сертификаттау және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және әдістемелік материалдарды, ұйымның бейінін, мамандануын және ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының ерекшеліктерін;

      өндірісті метрологиялық бақылау және қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістерін, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;

      мұнай мен газ өндіру технологиясының негіздерін, өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары мен қондырғыларын, оларды жөндеуді ұйымдастыруды;

      метрологиялық қамтамасыз ету және өлшеу құралдарын жетілдіру саласындағы зерттеу және әзірленімдерді жүргізу әдістерін;

      қызметінің бейіні бойынша сырт ұйымдармен шарттар жасасу тәртібін;

      стандарттау, сертификаттау және өндірісті метрологиялық бақылау және қамтамасыз ету саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

5-параграф. Бөлім командирі

      17. Лауазымдық міндеттері:

      өрт сөндіру, аварияны немесе дүлей авария салдарын жою орнында өрт сөндіру қызметінің (бұдан әрі – бөлімше) өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің (жеке постының) жұмысын басқарады;

      өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдығымен жұмыс істеу кезінде қабылдауды орындаудың практикалық дағдыларын меңгеру бойынша бөлімшенің жеке құрамымен оқу өткізеді;

      жеке құрам мен техника дайындығының жоғары деңгейін, өрт сөндіру автомобильдерін, өрт-техникалық және құтқару жабдығының, бөлімшенің жеке құрамының оқшаулағыш газтұтқыштарының тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз етеді;

      жүргізушілердің өрт сөндіру автомобильдерін техникалық пайдалану қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      дабыл бойынша бөлімшемен бірге өрт сөндіруге шығады;

      бөлімшенің жеке құрамымен бірге өрт сөндіруге, авариялардың, дүлей авария салдарын жоюға қатысады, қарауыл бастығының тапсырмасы бойынша постта тұрғандар мен шолғыншылардың қызмет атқаруын тексереді, өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының жұмысын қамтамасыз етеді;

      жылжымалы құрамды жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету, уақытында қызмет көрсету және дұрыс сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      бөлімшенің жеке құрамының өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, шаруашылық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      18. Мыналарды:

      өрт сөндіру қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарды;

      ұйым жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерін, мақсатын, объектілер мен жабдықтың орналасуын;

      өрт сөндіру жабдығын ұтымды орналастыруға қойылатын талаптар, су көздерінің, өрт сөндіру құралдарының орналасқан жерін;

      өрт сөндіру және құтқару техникасының тактикалық-техникалық сипаттамаларын;

      өрт сөндірудің ұтымды тактикаларының негіздерін, құтқару жұмыстарын жүргізу әдістері мен тәсілдерін;

      зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету қағидасын;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын;

      экономика мен еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.

      19. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары орнынан кейінгі) білім және өрт сөндіру қызметінде тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және өрт сөндіру қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

6-параграф. Бұрғы шебері

      20. Лауазымдық міндеттері:

      бұрғылау бригадаларын қалыптастыруды және оларға басшылықты жүзеге асырады;

      бұрғылау технологиясының талаптарына сәйкес бұрғылауға құралдар мен материалдардың уақтылы жеткізілуін ұйымдастырады;

      ұңғымаларды салу жобасының жүргізілуін сақтау бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      бұрғылау қондырғысын өлшеу құралдарын авариясыз пайдалануды, бұрғылау бригадасының геологиялық-техникалық нарядтың, режимдік-технологиялық картасы мен бұрғылау жұмыстары кестесінің талаптарын орындауын қамтамасыз етеді;

      бұрғылау бригадасының өндірістік тапсырмаларды орындауын, жабдықтың толық жүктелуін және тиімді пайдаланылуын, материалдардың үнемді пайдаланылуын, бұрғылаудың өзіндік құнының азаюын қамтамасыз етеді;

      бұрғылау құралының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      ұңғымаларды салудың озық технологиясын және бұрғылаудың оңтайлы режимдерін, еңбекті көп қажет ететін процестерді механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді;

      өндірісті уақтылы дайындайды, жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз етеді;

      технологиялық процестердің сақталуы бойынша шаралар қабылдайды, олардың бұзылуын анықтайды және салдарын жояды;

      аяқталған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      бұрғылау бригадасы жұмысшыларының біркелкі жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бекітілген өндіріс кестелеріне сәйкес жұмысшыларға, звеноларға (бригадаларға) белгіленген өндірістік тапсырмаларды уақтылы жеткізеді;

      жабдықтың және бұрғылау құралының жұмысы туралы белгіленген құжаттаманы жүргізеді;

      бұрғылау бригадасы үшін материалдарға, құралдар мен жабдыққа арналған өтінімдерді жасайды;

      материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз ету, уақтылы және дұрыс есептен шығару бойынша шаралар қабылдайды;

      жұмысшыларға өндірістік нұсқама жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, жабдық пен құралды техникалық пайдалану қағидаларын орындау бойынша іс-шаралар жүргізеді;

      кәсіптерді қоса атқаруды дамытуға, қызмет көрсету аймақтарын кеңейтуге және еңбекті ұйымдастырудың басқа да прогрессивті нысандарын қолдануға жәрдемдеседі;

      жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      жұмыс уақытын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      өндіріс резервтерін анықтау бойынша, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады;

      жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      өндіріс озаттарына белгіленген тәртіппен сыйлықақы беру туралы өтініш береді, сондай-ақ бұрғылау бригадасының үздік жұмысшыларын ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар береді;

      бұрғылау жабдығын мұнаралық-монтаждық бригадаға беруге дайындауды және оны мұнаралық-монтаждық жұмыстардан кейін қабылдауды, бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін алаңды дайындауды жүзеге асырады;

      белгіленген тәртіппен жұмыс орнында бастапқы нұсқаманы жеткізеді, жұмысшылармен еңбекті қорғау бойынша қайталама, жоспардан тыс нұсқамалықтар жүргізеді;

      белгіленген мерзімдерде еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, қадағалау және бақылау органдарының, еңбекті қорғау қызметінің ұйғарымдарын орындайды;

      жұмыскерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретуді жүзеге асырады;

      өндірісте жазатайым жағдай болған жағдайда зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды, болған жазатайым жағдай туралы тікелей басшысына хабарлайды, еңбек заңнамасында көзделген жазатайым оқиғаларды және кәсіби ауруларды тергеп-тексеру және есепке алу бойынша басқа да іс-шараларды жүргізеді.

      21. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай-газ өндіру саласына, бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыруға, жабдықты жөндеуге, бұрғылау бригадасының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, басшылық, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      бұрғылау жұмыстары, мұнай және газ өндіру технологиясын;

      бұрғылау жабдығының және құралдың техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану және жөндеу қағидаларын;

      геологиялық және техникалық қиындықтардың пайда болу себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін;

      құжаттаманы ресімдеу қағидасын;

      техникалық нормалау әдістерін;

      материалдарды бұрғылау кезінде қолданылатын сипаттамаларды және оларды сақтау қағидаларын;

      экономика, еңбек өндірісі, оны ұйымдастыру мен басқару негіздерін;

      еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережелер мен материалдық ынталандыру нысандарын;

      алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      22. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылауда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және ұңғымаларды бұрғылауда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

7-параграф. Газ-турбиналық электр станциясының бастығы

      23. Лауазымдық міндеттері:

      газ-турбиналық электр станциясының пайдаланушылық және өндірістік қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      электр энергиясын өндіру тапсырмаларының орындалуын, электр станциясының және технологиялық жабдықтың белгіленген технологиялық режимдер мен техникалық пайдалану қағидасына қатаң сәйкестіктегі жұмысын қамтамасыз етеді;

      электр станциясының жұмысын жетілдіру және жаңа техника мен технологияны, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу мен игеру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен үздіксіз жабдықтауды, энергия жабдығының сенімді және қауіпсіз жұмысын, техникалық пайдалану қағидасына, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ғимараттардың, құрылыстар мен электр коммуникацияларының дұрыс жағдайын қамтамасыз етеді;

      өндірістік-шаруашылық қызмет туралы жоспарлы және есепті көрсеткіштердің уақтылы және сапалы ұсынылуын ұйымдастырады;

      энергия жабдығына жөндеуаралық қызметтер көрсету, оны уақтылы сапалы жөндеу мен жаңғырту, газ-турбиналық электр станциясының ғимараттары мен құрылыстарының жағдайын, оны ұстау мен жөндеуді техникалық тұрғыдан қадағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу, еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін жинау және тарату, оңтайландыру мен өнертабысты дамыту бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      электр станциясының ғимараттары мен құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобалық тапсырмаларды қарауға және келісуге, сондай-ақ күрделі жөндеу мен монтаждан жабдықты, коммуникацияларды, ғимараттар мен құрылыстарды қабылдауға қатысады, жаңа объектілердің салынуына техникалық қадағалауды ұйымдастырады;

      электр станцияларының өндірістік-шаруашылық қызметін қажетті жабдықтармен, материалдардың, құралдар мен қорғау құралдарымен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      жабдықтың, қосалқы бөлшектер мен отынның авариялық қоры нормаларын, күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      жабдықтардың істен шығуы мен авариялардың, жазатайым жағдайлардың себептерін және кәсіби ауруларды талдауды, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;

      қоршаған ортаны қорғау және ағынды суды тазарту бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру жұмысына қатысады;

      кадрларды іріктеуді, оларды цехтер (учаскелер) бойынша орналастыруды жүргізеді, персоналдың өндірістік оқуы мен біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      персоналдың білімін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына, авариялар мен өртке қарсы жаттығуларды жүргізу мен ұйымдастыруға қатысады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария, өндірістік және еңбек тәртібінің қағидалары мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      24. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      отын-энергетикалық кешеннің, оның ішінде мұнай-газ өндіру саласының дамуын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, электр станцияларының, тұтынушылардың энергиямен қамту жабдығы мен құрылыстарын авариясыз және қауіпсіз пайдалану бойынша әдістемелік, нормативтік құжаттарды және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;

      электр станцияларының қағидаттық электр және жылу желілерін, олардың желілері мен жеке технологиялық тораптарын;

      жабдықтың, құрылыстың, қорғау мен автоматика қондырғыларының, дабылнама және байланыс құралдарының конструкциялық ерекшеліктері мен пайдаланушылық сипаттамаларын;

      электр энергиясының өндірісі, энергия жабдығын пайдалану және жөндеу саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені;

      электр станциясының энергия шаруашылығын дамыту перспективаларын;

      ілеспе қойнауқат газының қасиеттері мен сипаттамаларын және оған арналған техникалық шарттарды;

      техникалық-экономикалық және өндірістік жоспарлау әдістерін;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек пен басқарудың негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және энергетикалық ұйымдарда басқарушы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе электр станцияларындағы мамандардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

8-параграф. Департамент директоры

      26. Лауазымдық міндеттері:

      департаменттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру бойынша жұмысты басқаруды жүзеге асырады;

      жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді, жұмыс стратегиясын және тактикасын әзірлейді, жұмыстардың ағымдағы және перспективалы жоспарлары жобаларының дайындалуын қамтамасыз етеді және департаменттің алдында тұрған міндеттердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды және шешімдердің жобаларын тиісті басқару органының қарауына енгізеді;

      бекітілген құжаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;

      жұмысты үйлестіреді, басқаруды жүзеге асырады және департаменттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер қызметінің барлық аса маңызды мәселелері бойынша шешімдерді қабылдайды;

      департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттардың жобаларын дайындауды басқарады;

      департаменттің ұсынымы бойынша кәсіпорындарда енгізілген ережелер мен нұсқаулықтардың тиімділігін зерттейді;

      қызметтің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын енгізуге шаралар қабылдайды;

      департаменттің жұмысы бойынша ақпараттық анықтамалардың дайындалуын қамтамасыз етеді;

      ұйым қызметінің жаңа қызметтері мен бағыттарын әзірлеуге қатысады;

      ұйымның неғұрлым маңызды клиенттері және әріптестерімен тікелей жұмыс істейді, келіссөздерді және кездесулерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      департаментке жүктелген міндеттер шеңберінде ұйым бөлімшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      лауазымдық міндеттерді бөледі, біліктілікті арттыруды ұйымдастырады, департаменттегі өндірістік тәртіпті, персоналды тиімді басқаруды қамтамасыз етеді;

      қажетті еңбек жағдайын жасауға және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді;

      департаменттің жұмысындағы ағымдағы жедел мәселелерді шешеді;

      дайындауды басқарады, департаментке оның қызметіндегі мәселелер бойынша келісу үшін келіп түсетін құжаттардың жобаларын сараптамаға жібереді;

      өзінің қол астындағы жұмыскерлерге тапсырма береді және олардың орындалуын бақылайды.

      27. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      департамент қызметінің тиісті мәселелерін, кәсіпорынның және мұнай-газ саласының жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін басқа да әдістемелік және нормативтік құжаттарды;

      ұйымның бейінін, мамандануын, құрылымының ерекшеліктерін;

      техникалық және экономикалық даму перспективаларын;

      өнім өндірісі технологиясының негіздерін;

      шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері мен қаржы менеджментінің негіздерін;

      ұйымдағы қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді сату жүйелерін;

      өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, экологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі талаптарын;

      қызметтік, коммерциялық және мемлекеттік құпияларды құрайтын құпиялылық режиміне қойылатын талаптарды білуі тиіс.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      28. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл.

9-параграф. Жөндеу-механикалық шеберханасының шебері

      29. Лауазымдық міндеттері:

      жөндеу-механикалық шеберхананың өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      жөндеу персоналын басқарады;

      жөндеудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      белгіленген мерзімдерде қарқынды жұмысты және орындалатын жөндеу тапсырмаларының сапасын, жөндеу құнын азайтуды, негізгі және айналымдағы қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      еңбекті ұйымдастыруды және жөндеу өндірісін, оның технологиясын, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру процестерін жетілдіру, ақаулардың алдын алу және өнімнің сапасын арттыру,еңбек өнімділігін арттыру резервтерін пайдалану және өндіріс шығындарын азайту жұмысын жүргізеді;

      жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру, еңбекті нормалауды жақсарту, тиісті қызметтермен келісу бойынша жалақы және материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін дұрыс қолдану бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      жабдықты пайдалану, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету бойынша стандарттарды, техникалық шарттар мен басқа да нормативтік материалдарды әзірлеу және енгізу жұмысын ұйымдастырады;

      жабдықтың, аспаптар мен механизмдердің техникалық тұрғыдан пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жөндеу түрлері бойынша есепті жүргізу, белгіленген есептілікті жасау жұмысын ұйымдастырады;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өндірістік санитария ережелері мен өрт қауіпсіздігінің талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      өндірісті техникалық дамытуды және жабдықты реконструкциялауды жоспарлау жұмысына, қатты тозу, жабдықтың авариялары мен өндірістік жарақаттылық себептерін тергеп-тексеруге қатысады және олардың алдын алу шараларының әзірленуін қамтамасыз етеді.

      30. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      машиналар мен механизмдердің техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерін, жұмыс режимдері мен пайдалану қағидаларын;

      жөндеу өндірісі технологиясын;

      жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу тәртібін, жұмыстардың нормалары мен бағаларын, оларды қайта қарау тәртібін, еңбекақы және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы ережелерді;

      жөндеу жұмыстарын, монтажды ұйымдастыру және олардың технологиясын, жабдықты реттеу мен жөндеуді;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жөндеу қызметтеріндегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және жөндеу қызметтеріндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

10-параграф. Жөндеу-құрылыс тобының шебері

      32. Лауазымдық міндеттері:

      жұмыс сызбаларына, жұмыстар өндірісінің жобасына, өндірістік жоспарға және нормативтік құжаттарға сәйкес учаскедегі құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      жұмыстар өндірісінің технологиялық кезектілігінің сақталуын және олардың тиісті сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;

      технологиялық операцияларды орындау барысында бөлу жұмыстарын, геодезиялық бақылауды және құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдерін өлшеуді жүргізеді;

      материалдарды, конструкцияларды, бұйымдарды қабылдауды, оларды қоймаға жинауды, есебін және есептілігін ұйымдастырады;

      учаскеде (объектіде) құрылыс машиналарының, механизмдердің, көлік құралдарының ұтымды пайдаланылуын, материалдардың үнемді жұмсалуын қамтамасыз етеді;

      жұмысшыларға өндірістік тапсырмаларды белгілейді;

      нарядтар береді, аяқталған жұмыстарды қабылдайды, орындалған жұмыстарға нарядтар жазып береді;

      жұмыс уақытын, жұмыс мөлшерін орындау нормаларын есепке алу құжаттарын ресімдейді;

      жұмыскерлердің өндірудің белгіленген нормаларын игеруі мен орындауына жағдай жасайды;

      жұмыскерлерге разрядтар беру, құрылыс тобының сандық және кәсіби-біліктілік құрамын жинау бойынша ұсыныстарды басшының қарауына енгізеді;

      жұмыскерлерді құралдармен, құрылғылармен, шағын механикаландыру құралдарымен, көлікпен, арнайы киіммен және қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді;

      жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

      жұмыстар өндірісі кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқама береді;

      жұмыскерлерге нұсқама беру журналының жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      технологиялық жарақтың (ағаштардың, төсеніштердің, қорғау құрылғыларының, қазаншұңқырлар мен орлардың қабырғалары бекіткіштерінің, көлбеу тіреуіштерінің, кондукторлардың және басқа да қондырғылардың), құрылыс машиналардың, энергетикалық қондырғылардың, көлік құралдарының және жұмыс істейтіндердің қорғау құралдарының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жұмыс орындарын қауіпсіздік белгілерімен, ескерту жазуларымен және плакаттармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      жұмыс орындарында, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда және учаскенің аумағында бөгде адамдардың болуына жол бермейді;

      жұмыс орындарында, өтетін және кірме жолдарында тазалық пен тәртіптің сақталуын, кран астындағы жолдардың дұрыс ұсталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      қауіпсіздік техникасының жағдайын тексереді және анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды;

      өндірістегі жазатайым жағдайларды және қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуын тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;

      жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

      33. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      ұйымның бейінін, мамандануы мен даму перспективаларын;

      құрылыс өндірісінің технологиясын және оны ұйымдастыруды;

      салынатын объектілерге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы, техникалық регламенттер, құрылыс нормалары мен қағидаларын;

      құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және қабылдауға арналған техникалық шарттарды;

      учаскеде жұмысты жоспарлау қағидаттарын;

      қолданылатын құрылыс машиналарының, құралдардың, айлабұйымдардың техникалық сипаттамаларын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      ұйым жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі қолданыстағы ережені (орындалатын жұмыстарға арналған нормалар мен бағаларды), материалдық ынталандыру нысандарын;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын;

      дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістерін білуі тиіс.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыс ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және құрылыс ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

11-параграф. Көлікті жөндеу шебері

      35. Лауазымдық міндеттері:

      жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелері мен жоспарлы-алдын алу жөндеу туралы ережелерінің талаптарына сәйкес көліктің, агрегаттар мен шиналардың пайдаланылуын және жөнделуін, қосалқы бөлшектер мен бөліктердің жасалуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді;

      жөндеу персоналын басқарады;

      көлікке техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, диагностикалау жоспарларын әзірлейді;

      автокөліктің, жүк көтергіш машиналардың, түсіретін жүк ұстайтын құрылғылардың, бақыраштардың, тіреуіштердің техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу сапасын арттыру, материалдар, қосалқы бөлшектердің, электр энергиясы және басқа да ресурстар шығынын азайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      қосалқы бөлшектерге, агрегаттарға, бөлшектерге, материалдарға, құралдарға арналған өтінімдерді жасайды;

      қосалқы бөлшектердің, шиналардың, жанар-жағармай және басқа да жөндеу материалдарының уақтылы келіп түсуін қамтамасыз етеді;

      қосалқы бөлшектердің, құралдардың, жанар-жағармай материалдарының, спирттің, қышқылдардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді;

      нормативтік жұмыс мерзімі аяқталған көлікті, механизмдер мен жабдықты есептен шығаруға ұсыныстарды дайындауға қатысады;

      жұмысшыларды учаскеде орналастырады, оларға өндірістік тапсырмалар белгілейді, жұмыс орнындағы өндірістік нұсқамалар береді;

      жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын, еңбекті қорғау қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жабдықтың, коммуникациялар мен құралдың дайындығын жүзеге асырады;

      жөндеу сапасын, аспаптарды, механизмдерді, қорғау құралдары мен құрылғыларды қарау және сынау мерзімдерінің сәйкес келуін тексереді.

      36. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      көліктің техникалық жағдайын бақылау әдістерін;

      көлікті жөндеу сапасын бағалау өлшемшарттарын;

      машиналар мен механизмдерді техникалық пайдалану қағидаларын;

      көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясын және оны ұйымдастыруды;

      машиналар мен механизмдердің құрылысын, жұмыс қағидатын, мақсатын, конструкциялық ерекшеліктерін, техникалық-пайдаланушылық сипаттамаларын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      жол қозғалысы қауіпсіздігі мен көліктегі қауіпсіздік техникасының талаптарын;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автокөлік кәсіпорындарындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және автокөлік кәсіпорындарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

12-параграф. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының шебері

      38. Лауазымдық міндеттері:

      жұмыс сызбаларына, жұмыстар өндірісінің жобасына, өндірістік тапсырмаға және нормативтік құжаттарға сәйкес учаскедегі құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      құрылыс-монтаждау бригадасын басқарады;

      жұмыстар өндірісінің технологиялық кезектілігінің сақталуын және олардың тиісті сапасын қамтамасыз етілуін қамтамасыз етеді;

      қажет болғанда, технологиялық операцияларды орындау барысында бөлу жұмыстарын, геодезиялық бақылауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін өлшеуді жүргізеді;

      материалдарды, конструкцияларды, бұйымдарды қабылдауды, оларды қоймаға жинауды, есебін және есептілігін ұйымдастырады;

      учаскеде (объектіде) құрылыс машиналарының, механизмдердің, көлік құралдарының ұтымды пайдаланылуын, материалдардың үнемді жұмсалуын қамтамасыз етеді;

      бригадалар мен олардың құрамына кірмейтін учаскедегі буындар мен жекелеген жұмысшыларды орналастырады, оларға өндірістік тапсырмалар белгілейді, жұмысшыларға өндірістік нұсқама береді;

      нарядтар береді, аяқталған жұмыстарды қабылдайды, орындалған жұмыстарға нарядтар жазып береді, жұмыс уақытын, өндіруді, іркілістерді есепке алу құжаттарын ресімдейді;

      өндірістік тапсырмалардың күн сайын орындалуын және құрылыс материалдарын, конструкциялардың, бұйымдардың түсуін жедел есептеуді ұйымдастырады;

      жұмысшылардың қолданыстағы өндіру нормаларын игеруі және орындауы үшін жағдай жасайды;

      жұмысшыларға разряд беру, бригадалардың сандық және кәсіби-біліктілік құрамын жинақтау бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      бригадалар мен жұмысшыларды құралмен, құрылғылармен, шағын механикаландыру құралдарымен, көлікпен, арнайы киіммен және қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді бақылайды;

      жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

      жұмыстардың орындаудың қауіпсіз әдістері бойынша жұмысшыларға нұсқама береді;

      технологиялық жарақтың (ағаштардың, төсеніштердің, қорғау құрылғыларының, қазаншұңқырлар мен орлардың қабырғалары бекіткіштерінің, көлбеу тіреуіштерінің, кондукторлардың және басқа да қондырғылардың), құрылыс машиналардың, энергетикалық қондырғылардың, көлік құралдарының және жұмыс істейтіндердің қорғау құралдарының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ауыр жүк көтеру нормаларының сақталуы, жұмыс орындарын қауіпсіздік белгілермен, ескерту жазулармен және плакаттармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      жұмыс орындарында, өтетін және кірме жолдарында тазалық пен тәртіптің сақталуын, кран астындағы жолдардың дұрыс ұсталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жұмыстар басталғанға дейін қауіпсіздік техникасының жағдайын күн сайын тексереді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелерінің бұзылуы жағдайларын талқылау бойынша жұмысшылармен жүйелі түрде әңгімелесуді жүргізеді;

      жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауы бойынша шаралар қабылдайды;

      үздік жұмысшыларға сыйлықақы беру, өндірістік және еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді.

      39. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      ұйымның бейінін, мамандануы мен даму перспективаларын;

      құрылыс өндірісінің технологиясын және оны ұйымдастыруды;

      салынатын объектілерге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы, техникалық регламенттер, құрылыс нормалары мен қағидаларын;

      құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және қабылдауға арналған техникалық шарттарды;

      шаруашылық есептің әдісі мен ұжымдық және бригадалық мердігері туралы ережесін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      жұмыс орындарында еңбектің ұйымдастырылуын жоспарлау қағидаттарын;

      құрылыс-монтаж жұмыстарының бірыңғай нормалары мен бағаларын, еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережені;

      құрылыс машиналарының, механизмдердің, құралдардың, құрылғылардың техникалық сипаттамаларын;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін білуі тиіс.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыс-монтаждау ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және құрылыс-монтаждау ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

13-параграф. Қызмет басшысы

      41. Лауазымдық міндеттері:

      қызметтің жұмысын басқаруды жүзеге асырады;

      қызметтің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының басшылық етуімен және басқа да бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимылда өзара міндеттерін орындайды;

      жұмыстардың перспективалық және ағымдағы кестелерін әзірлеуді, жұмыстардың мерзімдері мен көлемдерін, еңбек пен материалдық ресурстары шығындарын жоспарлауды басқарады;

      қызметтің бағыты бойынша жұмыстардың орындалуы технологиясын және сапасын, жұмыстың шарттарын, еңбек шығындарын қысқартуды, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларының сақталуын, жұмыстарды орындау кезінде материалдық және энергетикалық ресурстардың үнемделуін, олардың сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін жұмыстың прогрессивті әдістерін әзірлеуді және өндірісін енгізуді ұйымдастырады;

      жұмыстарды орындау үшін талап етілетін қажетті жабдыққа, құралға және материалдарға арналған өтінімдерді жасауды, жабдықтың, құрал мен материалдардың есебін ұйымдастыруды, оларды паспорттауды қамтамасыз етеді;

      ұйымды реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін қарауға қатысады, жаңа жабдықты енгізу, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру бойынша шараларды қабылдайды;

      технологиялық карталарды әзірлейді және өндірістік учаскелердің тиімді жұмысы бойынша шаралар қабылдайды;

      қызмет персоналының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын сақтауы бойынша оқытуды, аттестаттауды және білдерін тексеруді ұйымдастырады;

      ықтимал аварияларды жою бойынша оқу өткізуді, авариялық-қалпына келтіру қызметтерінің оқу және жаттығу кестелерінің орындалуын жүзеге асырады;

      авариялар мен жазатайым жағдайларды тергеп-тексеруге қатысады;

      атқарушылық, технологиялық және еңбек тәртібін нығайту бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.

      42. Мыналарды:

      өндірісті, бейінді технологиялық дайындау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      ұйымның бейінін, мамандануы мен ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының ерекшеліктерін, олардың даму перспективаларын;

      ұйымның өнім шығару технологиясының негіздерін;

      пайдаланылатын жабдықтың өндірістік қуаттарын, техникалық сипаттамаларын конструкциялау ерекшеліктерін және жұмыс режимдерін, оны пайдалану қағидаларын;

      өндірісті технологиялық дайындауды және жұмыстарды орындау тәртібі мен әдістерін;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;

      өнімнің техникалық талаптарын, жұмыстағы ақаулардың түрлері мен оларды жою тәсілдерін;

      стандарттар мен техникалық шарттар, құрылыс нормалары мен қағидаларын, жұмысшылардың жұмысын тарифтеуді;

      технология және жұмыстарды ұйымдастыру саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      43. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

14-параграф. Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу
шебері

      44. Лауазымдық міндеттері:

      машиналар мен механизмдерді желіге (жұмыстар объектілеріне) техникалық тұрғыдан дұрыс шығаруды жүргізеді;

      машиналар мен механизмдерді дәрі қобдишасымен, жарамды құралдармен және құрылғылармен, өрт сөндіргішпен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен жасақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      машиналар мен механизмдерді жоспарлы-алдын алу жөндеу туралы ереженің талаптарына сәйкес жөндеуді қамтамасыз етеді;

      машиналар мен механизмдерді желіден (жұмыс объектілерінен) қайтарып алғанда оларды желіге жіберуге қойылатын талаптарға сәйкес олардың техникалық жағдайын тексереді, ағымдағы жөндеуге және диагностика жасауға арналған өтінімдерді ресімдейді;

      техникалық қызметтер көрсету кестесіне сәйкес машиналар мен механизмдерді (автомобильдерді, жол-құрылыс машиналары мен механизмдері) жоспарлы-алдын алу қызметтерін көрсету мен жөндеудің кезекті түріне жібереді;

      машиналар мен механизмдердің желіден (жұмыс объектілерінен) кідіру себептерін анықтайды;

      белгісіз себептермен машиналар мен механизмдердің болмаған немесе олар ұзақ уақытқа кідірген жағдайда бұл туралы автошаруашылық басшылығына хабарлап, іздеу шараларын қабылдайды;

      автошаруашылық басшылығына авариялар туралы уақтылы хабарлайды, машиналар мен механизмдерді желіден (жұмыс объектілерінен) гаражға жеткізуді және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      машиналар мен механизмдерді қатаң бөлінген тұрақ орындарына қоюды басқарады;

      автошаруашылықтың аумағына бөгде көліктің кіруіне жол бермейді;

      машиналар мен механизмдерді жөндеу және оларға сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      машиналар мен механизмдердің техникалық жағдайын бақылауға қатысты автошаруашылық басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін орындайды;

      оңтайландыру және өнертабыс жұмысына қатысады;

      машиналар мен механизмдерді техникалық бақылауға дайындауға қатысады;

      ағымдағы және күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету кезінде машиналардың және механизмдердің бос тұру есебін жүргізеді, олардың техникалық жағдайы туралы жедел мәліметтерді жасайды және автошаруашылықтың техникалық қызметінің басшылығына береді;

      машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу бойынша техникалық құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      жабдықтың, механизмдердің, құралдардың жағдайын, учаскеде санитариялық-гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуын тексереді;

      жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету бойынша жұмысшылармен нұсқама жүргізеді;

      авариялар мен жазатайым жағдайларды тергеп-тексеруге және оларды болдырмау бойынша іс-шараларды орындауға қатысады.

      45. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      жасаушы зауыттардың нұсқаулықтарын;

      жол қозғалысы қауіпсіздігі және автомобиль көлігіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын;

      машиналардың және механизмдердің құрылысы, олардың техникалық-пайдаланушылық сипаттамалары мен конструкциялық ерекшеліктерін;

      техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу туралы ережені;

      машиналар мен механизмдердің жұмыс режимін, мақсаты мен оларды пайдалану қағидаларын;

      бұзушылықтарды анықтау әдістерін және жөндеу сапасын бағалау өлшемшарттарын, жабдықты монтаждауды, реттеу мен жөндеуді ұйымдастыру және олардың технологиясын;

      жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу тәртібін, жұмыстардың нормалары мен бағаларын, оларды қайта қарау тәртібін, еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы ережелерді;

      экономика, еңбекті, өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және кәсіби мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

15-параграф. Мұнай, газ және конденсат өндіру шебері

      47. Лауазымдық міндеттері:

      мұнай, газ және конденсат өндіру бойынша бригаданың өндірістік қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      мұнай, газ және конденсат өндіру бойынша тапсырмалардың орындалуын, еңбек өнімділігін арттыруды, ұңғымалар мен объектілер жұмысының технологиялық режимдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      технологиялық процестердің бұзылу себептерін жедел анықтайды және оларды жедел жояды;

      ұңғымалар мен басқа да өндірістік объектілерге және коммуникацияларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      ұңғыма іркілістерін қысқарту бойынша шараларды қабылдайды;

      ұңғымаларды жөндеуге тапсыру кезінде олардағы дайындық жұмысын жүргізеді және ұңғымаларды қабылдауға және тапсыруға актілерді ресімдейді;

      ұңғымаларды жөндеуден уақтылы қабылдауын қамтамасыз етеді;

      өндірістің кестелеріне сәйкес буындар мен жекелеген жұмысшыларға өндірістік тапсырмаларды, материалдарды, отынды, электр энергиясын пайдалану көрсеткіштерін белгілейді және оларға уақтылы жеткізеді;

      өндірістік қызмет нәтижелерін талдайды;

      мұнай және газ өндіру бригадасының мүшелері орындайтын жұмыстың сапасын, электр энергиясының, отынның, материалдардың үнемді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      қажетті техникаға, материалдарға, құралға арналған өтінімдерді уақтылы жасайды және береді;

      жаңа технологиялық процестерді әзірлеуге және қолданыстағыларды жетілдіруге қатысады;

      жұмысшылардың жабдықты, құралды дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді;

      жұмыс орнында өндірістік нұсқаманы жүзеге асырады;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, жабдық пен құралды техникалық пайдалану қағидалары мен нормаларын орындау бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      кәсіптерді қоса атқаруды дамытуға, еңбекті ұйымдастырудың басқа да прогрессивті нысандарына қызмет көрсету және қолдану аймақтарын кеңейтуге жәрдемдеседі;

      жұмыстар мен жұмысшылардың кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес сан нормативтерін, бағаларды қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмыс разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      жұмысшыларды аттестаттау бойынша аттестаттау комиссияларына қатысады;

      жұмыс уақытын, жалақыны, бос тұрып қалуды есепке алу бойынша бастапқы құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді;

      өндіріс резервтерін анықтау, қолайлы еңбек жағдайын жасау бойынша іс-шараларды әзірлеу, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтауы жөнінде шаралар қабылдайды;

      өндіріс озаттарына белгіленген тәртіппен сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ бригаданың ерекше көзге түскен жұмысшыларын ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс береді;

      еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестаттауға қатысады;

      жұмысшылармен белгіленген тәртіппен жұмыс орнында бастапқы нұсқамалықты, еңбекті қорғау бойынша қайтадан, жоспардан тыс нұсқамалар жүргізеді;

      белгіленген мерзімдерде еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының, еңбекті қорғау қызметінің ұйғарымдарын орындайды;

      жұмыскерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді;

      өндірісте жазатайым жағдай болған жағдайда зардап шеккенге алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырады, болған жазатайым жағдай туралы тікелей басшысына хабарлайды, өндірістегі жазатайым жағдайларды және кәсіби ауруларды тергеп-тексеру және есепке алу ережесінде көзделген басқа да іс-шараларды жүргізеді.

      48. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай-газ өндіру саласына, мұнай, газ және конденсат өндіру жұмыстарына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      ұңғымаларды, жерүсті жабдықты, құрылыстар мен коммуникацияларды пайдалану қағидаларын;

      мұнай, газ және конденсат өндіру жұмыстарын жүргізу технологиясын;

      мұнай, газ және конденсат кәсіпшілік жинау жүйесін;

      жабдықтың, құралдың, аспаптардың техникалық сипаттамасын, оларды жөндеуді ұйымдастыру ережелерін;

      аварияларды және мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою әдістерін;

      еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережелер мен материалдық ынталандыру нысандарын;

      алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      49. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай және газ өндіруде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және мұнай және газ өндіруде жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

16-параграф. Мұнайды дайындау және тұрақтандыру шебері

      50. Лауазымдық міндеттері:

      мұнайды дайындау және тұрақтандыру бригадасын басқарады;

      мұнайды дайындау және тұрақтандыру бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      мұнай қабылдауды және мұнайды дайындау және тұрақтандыру қондырғыларында мұнай дайындауды және тұтынушыларға тапсыруды ұйымдастырады;

      жұмыс режимдерінің сақталуын және технологиялық жабдық пен аппараттардың (механизмдердің, құралдардың, қорғау құралдарының, технологиялық құбырлардың, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, резервуарлардың, сыйымдылықтардың, сорғылардың, пештердің, мұнай ағызу-құйып алу пункттерінің, факельдік шаруашылықтың, реагенттік шаруашылықтың, вентиляциялық жүйелер мен бу-сумен қамтамасыз ету жүйелерінің, кәріздің, суағарлардың, газ тарату және газ тұтыну жүйелері объектілерінің, бақылау-өлшеу аспаптарының) қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      дайындалатын мұнайдың сапасын және мұнайды есепке алудың коммерциялық торабы арқылы тапсыру бойынша жоспарлы тапсырманың орындалуын қамтамасыз етеді;

      тәуліктік рапорттың жасалуын қамтамасыз етеді;

      мұнайды дайындаған кезде мұнайдың шығынын азайту бойынша іс-шараларды енгізуді қамтамасыз етеді;

      жабдыққа жөндеу жүргізу кестесін жасауға қатысады;

      технологиялық жабдықты дайындау және жөндеу жүргізу бойынша жұмыстарды басқарады;

      жұмыстарды ұйымдастырудың алдын ала әзірленген жоспары, жобасы немесе жұмыстардың түрлері жүргізу бойынша нұсқаулықтар бойынша күрделі және қауіпті жұмыстарды тікелей басқарады;

      қажетті техникаға, материалдарға, құралға арналған өтінімді уақтылы жасайды және береді;

      еңбек өнімділігін арттыруды, дайындалатын мұнайдың жоғары сапасын, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      өндірісті уақтылы дайындайды, жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз етеді;

      технологиялық процестердің сақталуын қамтамасыз етеді, бұзушылықтарды жедел анықтайды және жояды;

      орындалатын жұмыстардың сапасын тексереді;

      аяқталған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      бригадада жаңа техниканы, технологияны, еңбекті көп қажет ететін процестер мен қолмен жасайтын жұмыстарды механикаландыруды, автоматтандыруды енгізеді;

      бригаданың жұмысшыларын бірдей жүктеуді қамтамасыз етеді;

      жұмыс орындарында жұмысшыларға өндірістік нұсқама беруді жүзеге асырады;

      жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес сан нормативтерін, бағаларды қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмыс разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      жұмысшыларды аттестаттау бойынша аттестаттау комиссияларға қатысады;

      жұмыс уақытын, жалақыны есепке алу бойынша бірінші құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді;

      өндіріс резервтерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыруға, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларын әзірлеуге қатысады;

      жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауы бойынша шаралар қабылдайды;

      өндіріс үздіктеріне белгіленген тәртіппен сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ үздік жұмысшыларды ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді;

      еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестаттауға қатысады.

      51. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай-газ өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мұнайды дайындау және айдау мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      құбырлардың, жабдықтың технологиялық схемасын және оларды пайдалану әдістерін;

      мұнай сапасының санын және көрсеткіштерін өлшеу жүйесін;

      дайындау, айдау және оны тұрақтандыру аспаптарын және жүйелерін және мұнай технологиясын;

      мұнайды дайындау және тапсыру стандарттары мен техникалық шарттарын;

      мұнай мен газды өндіру технологиясын, мұнайлы, газды, суды кәсіпшілік жинау жүйесін;

      жабдықтың, құралдың, механизмнің техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану және жөндеу қағидаларын;

      мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуі бойынша аварияларды жою технологиясын;

      дайындалатын мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын;

      еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережелер мен материалдық ынталандыру нысандарын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      52. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

17-параграф. Мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы

      53. Лауазымдық міндеттері:

      мұнай-газ өндіретін басқарманың өндірістік-шаруашылық қызметін, барлық құрылымдық бөлімшелерінің, цехтері мен өндірістік бірліктерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      мұнай-газ өндіретін басқарманың тиімді, орнықты және іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді;

      бекітілген жобаның талаптарына сәйкес мұнай-газ кен орнын игеруді, мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылды, мұнайдың шығындарын азайтуға және өзіндік құнын азайтуға бағытталған ұсыныстарды, бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді;

      кен орнын жайластыруды бақылауды және пайдалануға енгізілетін мұнай-газ өндіру жабдығын, құбырлар мен басқа да объектілерін іске қосуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдайды;

      мұнай жинау және су арнасы жүйелерін реконструкциялау және іркіліссіз жұмыс істеуі бойынша шараларды қабылдайды;

      күзгі-қысқы және көктемгі-су тасқыны кезеңдеріндегі мұнай-газ өндіретін басқарманың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді;

      мұнай-газ өндіру объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      мұнай кәсіпшілігі үшін тауарлық-материалдық құндылықтар, жабдық, аспаптар қажеттіліктерін қалыптастыруды және негіздеуді қамтамасыз етеді;

      қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарын сақтай отырып, өндірістік резервтер мен ресурстардың барлық түрлерінің үнемді жұмсалуы бойынша мәселелерді шешеді;

      басқарудың, өндіріс тиімділігін арттырудың, әрбір жұмыскердің оған тапсырылған іс және барлық ұжым жұмысының қорытындылары үшін жауап беруін дұрыс біріктіруді қамтамасыз етеді;

      жөндеу-құрылыс жұмыстарын жоспарлауды, олардың орындалу мерзімдерін ұйымдастырады;

      ұңғымалардың жұмыс істеген уақыты мен судың проценттік құрамы ескеріліп, топтық өлшеу қондырғыларының, шығын өлшегіштердің және басқа да өлшеу қондырғыларының көмегімен сұйықтық бойынша ұңғымалардың дебитін өлшеу деректерінің негізінде ұңғымалар бойынша өндірілген мұнай мен газды жедел есептеуді қамтамасыз етеді;

      мұнай және газ конденсатының технологиялық шығындарын есептеу тәртібін қамтамасыз етеді;

      инженерлік және басқару жұмыстарын орындаудың ең жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдарын енгізу негізінде өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;

      мұнай және газ кен орындарын пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті және қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша талаптардың, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуы, сондай-ақ жұмыс істейтін персоналдың денсаулығын сақтауды жақсарту бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс режимін қамтамасыз етеді;

      заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша мұнай-газ өндіретін басқарманың міндеттемелерін орындау, ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындау бойынша шаралар қабылдайды;

      мүлік пен негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік қорлардың, еңбек және материалдық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;

      аварияларды, жарылыстардың, мұнай мен газ атқымалардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ өндірістегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады;

      жоғары тұрған басшылыққа белгіленген есептілікті уақтылы беруді қамтамасыз етеді;

      жұмысшылар мен мамандардың оқуын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және персоналды даярлауды тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      материалдық ынталандырудың икемді саясатының, еңбек жағдайын жақсартудың, оның мазмұндылығын және беделін арттырудың, құрылым мен штатты оңтайландыру, еңбек тәртібін нығайтудың негізінде жұмыскерлерді еңбекке ынталандыруды арттыру шараларының кешенін әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      54. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      отын-энергетикалық кешеннің, оның ішінде мұнай-газ өндіру саласының дамуын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдық пен құрылыстарды авариясыз және қауіпсіз пайдалану бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;

      саланың техникалық және экономикалық даму перспективаларын;

      өндірісті басқару, оның технологиясы мен ұйымдастыру әдістерін;

      қағидаттық технологиялық схемаларды, кен орындары мен ағындар бойынша мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      шикізаттың, қосалқы материалдар мен дайын өнім сипаттамаларын;

      технологиялық процесс пен жабдықтың бұзылу ықтималдығын;

      технологиялық процесті қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету және жұмысшылардың организмін қорғау бойынша негізгі іс-шараларды;

      мұнай-газ өндіру ұйымы құрылымының мамандануы мен ерекшеліктерін;

      есеп және қаржы талдау негіздерін, ұйымның өндірістік қуаттары мен кадрлық ресурстарын;

      салық заңнамасының негіздерін;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібін;

      шаруашылық жүргізу мен өндірісті басқарудың заманауи әдістерін;

      мұнай-газ өндіру саласындағы ғылым мен техника жетістіктерін, озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      сауда (тендер) өткізу, келісімшарттар (шарттар) жасасу және орындау тәртібін;

      жоспарлау, статистика, менеджмент, маркетинг, психология негіздерін;

      іскерлік қатынас пен келіссөздер жүргізу этикасын;

      ұйымдастырушылық және есептеу техникасын пайдалану мүмкіндігін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      55. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай-газ саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

18-параграф. Оқу орталығының бастығы

      56. Лауазымдық міндеттері:

      оқу орталығының жарғысы мен басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оқу орталығының қызметін басқарады;

      жұмыс жоспары мен бағдарламаларды бекітеді;

      оқу орталығының ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;

      оқу қызметін жүргізу құқығына лицензияға сәйкес студенттер контингентін қалыптастырады, оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

      оқытушылардың оқу жүктемесін бөлуін, сағат сайынғы қордың жасалуын және оның ұтымды пайдаланылуын талдайды;

      заңнамада белгіленген шектерде оқу орталығының мүлкіне және құралдарына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық құралдарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебін береді;

      нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуы мен толтырылын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитарлық-гигиеналық режимінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуына жауапты;

      ғылыми-педагогикалық және тәрбиелеу процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

      жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін белгілейді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      басқарма құрылымын, штат кестесін бекітеді және белгіленген тәртіппен жұмыскерлерді аттестаттаудан өткізеді;

      жаңа оқу жылына аудиторлық қордың дайындығын қамтамасыз етеді;

      заңнамаға сәйкес мемлекеттік емтихан комиссиялары туралы бұйрықтар шығарады;

      студенттердің барлық практика түрлерін жоспарлау бойынша жұмысты жүргізеді.

      57. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Білім туралы", "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      білімнің даму бағыттары мен перспективаларын белгілейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      оқу орталығының бейіні бойынша оқу-ғылыми тәртібінің негіздерін, білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін;

      оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу жұмысы жөніндегі құжаттаманы жүргізу қағидаларын;

      физиологияны, психологияны;

      кәсіби оқыту әдістемесін, студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи нысандары мен әдістерін;

      экономика негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, білім ұйымдарындағы немесе орталықтың бейініне сәйкес келетін ұйымдардағы басшы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

19-параграф. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет бастығы

      59. Лауазымдық міндеттері:

      орталық инженерлік-технологиялық қызметті басқаруды ж8зеге асырады;

      негізгі өндірістің қарқынды жұмысын және мұнай мен газ өндіру, мұнай тапсыру, суды өнімді қабаттарға айдау бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      кен орындардың бекітілген технологиялық схемалары мен жобаларын енгізуді, мұнай мен өндірудің жобалық деңгейлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкес өндірістік процестер мен жекелеген жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді;

      белгіленген технологиядан ауытқу себептерінің анықталуын қамтамасыз етеді, олардың алдын алу және оларды жою бойынша шараларды қабылдайды;

      технологиялық режимдерді өзгерту бойынша ұсыныстардың әзірленуін басқарады;

      ұңғымаларды игеру, мұнай мен газ өндіру технологиясын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың жоспар-кестесінің орындалуын қамтамасыз етеді, ұңғымаларды игеру, мұнай мен газ өндіру техникасы мен технологиясы бойынша әзірленімдер және ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз етеді;

      бұрғылаудан, игеру мен күрделі жөндеуден кейін ұңғымаларды пайдалануға енгізу жұмысын ұйымдастырады;

      вахта жұмысшыларының жұмыс орнына және кері қарай уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді;

      жедел құжаттаманы жүргізу, бағыныстағы өндірістік бөлімшелер қызметінің қорытындылары туралы тәулік сайынғы ақпаратты орталық инженерлік-технологиялық қызметке уақтылы жеткізу бойынша шаралар қабылдайды;

      аварияларды және кедергілерді жою жұмыстарын әзірлеуге және ұйымдастыруға қатысады;

      ауысым бастықтарына арналған өндірістік тапсырмаларды жасайды және береді;

      еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысына қатысады;

      цехтер мен объектілердегі еңбек жағдайының ахуалын тексереді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

      арнайы және технологиялық жабдықтың мұнай-газ өндіретін басқарманың бригада бойынша дұрыс және ұтымды бөлінуін бақылауды ұйымдастырады;

      автокөлік ұйымдарымен қызмет көрсету шарттарын жасасуға қатысады және олардың орындалуына ай сайын есеп жүргізеді;

      мұнай-газ өндіру объектілеріндегі авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін арнайы техниканы уақтылы шығаруды қамтамасыз етеді;

      еңбек жағдайын жақсартудың кешенді жоспарларын, өндірісті ұйымдастыру мен технологиясын жетілдіру, еңбектің жаңа озық әдістерін енгізу жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      қызметтің перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді және қызмет жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп құжаттарының жасалуын қамтамасыз етеді;

      қызмет жұмыскерлерін орналастыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын сақтауы бойынша шаралар қабылдайды.

      60. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      өндірісті жедел басқару бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      мұнай және газ өндіру, ұңғымаларды бұрғылау және жерасты жөндеу технологиясын;

      мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      мұнайды, газ бен суды жинаудың, дайындау мен тасымалдаудың кәсіпшілік жүйесін;

      кәсіпшілік арасындағы және магистральдық құбырлардың орналасу схемасын;

      өндірістік жабдық сипаттамасын және оны техникалық пайдалану қағидаларын;

      өндіріс қызметін есепке алу әдістерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      техникалық-экономикалық және жедел-өндірістік жоспарлау әдістерін;

      өндірістік-шаруашылық қызметтің нысандары мен әдістерін;

      еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру туралы қолданыстағы ережелерді;

      ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      61. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

20-параграф. Өкілдік директоры

      62. Лауазымдық міндеттері:

      заңды тұлғаның мүдделерін қорғау және білдіруді жүзеге асырады, берілген сенімхаттың шеңберінде оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайды;

      келіссөздер жүргізеді, контрагенттермен жұмысты қамтамасыз етеді және заңды тұлғаның атынан шарттар жасасады;

      жасалған шарттардың орындалуын бақылайды, наразылық талап-арыз жұмысын жүргізеді;

      өкілдіктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда, жеке және заңды тұлғалардың алдында заңды тұлғаның мүддесін білдіреді;

      өкілдіктің орналасқан жері бойынша ұйымның бақылаушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

      қызмет аумағында заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін, оның іскерлік беделін қорғауды жүзеге асырады;

      белгіленген мерзімдерде өнімнің сатылуын ұйымдастыруға бағытталған өкілдік жоспарларының іске асырылуын жүзеге асырады;

      заңды тұлғаның стратегиялық және жаңа клиенттерімен өзара пайдалы қатынастарды реттейді;

      штат кестесіне сәйкес өкілдік жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына және қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес оларға ынталандыру және жазалау шараларын қолданады;

      өкілдіктің негізгі міндеттерін орындауға арналған қаражаттарға иелік етеді;

      өкілдіктің ағымдағы қызметін ұйымдастырады және жедел басқаруды жүзеге асырады;

      заңды тұлғаның атқарушы органдарының шешімдерін орындауын, өкілдіктің қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      қол астындағылардың жұмысын үйлестіреді;

      ұйымның қызметіне қажетті лицензиялар мен рұқсаттарды уақтылы алуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

      ұйым шығаратын өнімді жеткізу шарттарын жасасу үшін коммерциялық әріптестерді іздеуді жүзеге асырады;

      ұйым жеткізетін және ұйым үшін жеткізілетін мүлікпен жабдықтауды, оны жеткізуді, тасымалдауды, қоймаға жинау мен сақтауды ұйымдастыруға, сондай-ақ жүктерді кедендік ресімдеуге жәрдемдеседі;

      ұйымның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге көмек көрсетеді;

      ұйымның өнімін, жұмыстары мен қызметтерін ұсыну үшін жарнамалық және ақпараттық қызметке, ұйымның көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуына жәрдемдеседі;

      ұйымның іссапарға жіберілген жұмыскерлерін билеттерді, қонақүйлерде орындарды резевтеу, визаларды ресімдеу мен алу кезінде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      63. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      ішкі нормативтік құжаттарды;

      ұйымның бейінін, мамандануын, құрылымының ерекшеліктерін, ұйымның техникалық және экономикалық перспективаларын;

      өнімді шығару технологиясының негіздерін, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ұйымдағы көлік қызметтерін көрсету мен өнімді сату жүйесін;

      құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық және мемлекеттік құпияны сақтау, құпия сипаттағы мәліметтерді жария етпеу талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      64. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім, қызметтің тиісті саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл.

21-параграф. Өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы

      65. Лауазымдық міндеттері:

      өндірістік қызмет көрсету базасының (бұдан әрі – база) өндірістік-шаруашылық қызметін басқарады;

      бұрғылау (мұнай кәсіпшілігі) жабдығын және басқа да өндірістік объектілерді жөндеу тапсырмаларын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды;

      цехтерді материалдық-техникалық және көлік құралдарымен қамтамасыз етуге басшылықты жүзеге асырады;

      базада тіркелген арнайы техниканың, еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға арналған агрегаттардың, құралдар мен құрылғылардың ұтымды пайдаланылуын және уақтылы жаңартылуын ұйымдастырады;

      бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі, энергетикалық жабдық, бұрғылау және қармағыш құрал прокатын, сондай-ақ белгіленген номенклатураның жаңа бұйымдарының жасалуын қамтамасыз етеді;

      пайдаланушылық жабдық прокаты жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      жабдықтың істен шығуына байланысты аварияларды болдырмау бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

      базаның негізгі өндірістік объектілермен нақты және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      авариялық-жөндеу бөлімшелерінің жұмыс істеуін және жөндеуді күтіп пайдаланушылық жабдықтың бос тұруын қысқартуды қамтамасыз етеді;

      жөндеу техникасы мен технологиясы бойынша іс-шаралардың әзірленуі бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      жаңа техниканы, диагностика құралдары мен еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруды енгізуді қамтамасыз етеді;

      еңбекті ұйымдастыру және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралардың әзірленуін және енгізілуін қамтамасыз етеді;

      пайдаланушылық жабдықтың сенімділігі, сапасы, конструкциялық кемшіліктері, жөндеуге жарамдылығы бойынша көрсеткіштерді талдауды жүргізуді ұйымдастырады;

      өндірістік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы озық тәжірибені зерттеуді, жинақтауды және таратуды жүзеге асырады;

      жұмыскерлердің базаның цехтерінде және негізгі өндіріс объектілерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      материалдық-техникалық ресурстарының, отынның, жанар-жағармай материалдарының, электр энергиясы мен басқаларының үнемді жұмсалуы бойынша іс-шараларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      екінші ресурстарды жинау, сақтау және кәдеге жарату бойынша іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын ұйымдастырады;

      базаның шаруашылық қызметін талдауды жүргізеді;

      базаның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      белгіленген есептіліктің уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;

      кадрларды іріктеуді, орналастыруды және ұтымды пайдалануды жүзеге асырады;

      үздік жұмыскерлерді ынталандыру, содай-ақ өндірістік және еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.

      66. Мыналарды:

      мұнай-газ өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, кәсіпорынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтар мен әдістемелік материалдарды;

      шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін;

      кәсіпорынның даму перспективалары, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау әдістері мен тәртібін;

      шикізаттың, материалдардың және өзге де материалдық ресурстардың өндірістік қорлары, ресурсты сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу нормативтерін;

      жабдықты техникалық пайдалану қағидаларын;

      жеткізушілермен шарттар жасасу, кәсіпорынның бөлімшелеріне материалдарды жіберу құжаттамасын ресімдеу тәртібін;

      өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету стандарттары мен техникалық шарттарын, оларды әзірлеу әдістерін мен тәртібін;

      тұтынылатын материалдардың көтерме және бөлшек сату бағаларын, номенклатурасын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      жабдықтау және қоймалық операциялардың есебін ұйымдастыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарын орындау туралы есептілікті жасау тәртібін;

      есептеу машинасының, телекоммуникациялар мен байланыс құралдарын;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      67. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мамандық бойынша басшылар мен мамандардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

22-параграф. Сапа жөніндегі шебер

      68. Лауазымдық міндеттері:

      шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) сапасын арттыру бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) технологиялық регламенттерге және өнімге қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін жүзеге асырады;

      өнімді техникалық бақылау бойынша жұмысшыларды басқарады;

      сапаны басқару жүйесін әзірлеуге, жетілдіруге және енгізуге, сапалық көрсеткіштердің стандарттары мен нормативтерін жасауға қатысады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      өнімді шығарудың, жұмыстарды орындаудың (қызмет көрсетудің) әр түрлі кезеңдерінде алынған ақпаратты, әзірленетін және шығарылатын өнімді, орындалатын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сипаттайтын сапа көрсеткіштерін талдайды және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің шығарылуын, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін болдырмау шараларын қабылдайды;

      өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) сапасына наразылықтар мен шағымдарды қарауға және талдауға қатысады, қорытындылар дайындайды және оларды қарау нәтижелері бойынша хат алмасуды жүргізеді;

      өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) сапасын нашарлатуды тудыратын себептерді зерттейді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      кәсіпорынға келіп түсетін шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жинақтаушы бұйымдардың стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес келуі туралы қорытындылар дайындайды және өнім берушілерге наразылық білдіру үшін құжаттарды ресімдеуді;

      кәсіпорынның сапаны басқару бойынша стандарттарын жасауға, өнімді сертификаттауға және аттестаттауға дайындау жұмыстарына, кәсіпорын шығаратын өнімге арналған стандарттар мен техникалық шарттарды енгізуге байланысты іс-шараларды дайындауға, сондай-ақ бақылау операцияларын автоматтандыруды және механикаландыруды және осы мақсаттарда құралдарды, оның ішінде бұзбайтын бақылау құралдарын құруды көздейтін бақылаудың анағұрлым жетілген жүйелерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      өнімді шығару процесінде жұмыс сапасын ағымдағы бақылау бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтарды әзірлеуге, дайын бұйымдарды сынауға және олардың сапасын куәландыратын құжаттарды ресімдеуге қатысады;

      өнім сапасы, өнімді сертификаттауға және аттестаттауға дайындау бойынша стандарттар мен техникалық шарттардың енгізілуін және сақталуын мемлекеттік қадағалау, ведомствоаралық және ведомстволық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды әзірлейді және орындауын ұйымдастырады;

      өнім сапасын басқару бойынша кәсіпорынның қызметі туралы есебін дайындайды және оны жүргізеді.

      69. Мыналарды:

      мұнай-газ өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, өнім сапасын басқару жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін;

      шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық және конструкциялық деректерін, шикізатқа қойылатын техникалық және экономикалық талаптарды;

      өнімнің сапасын мемлекеттік қадағалау, ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйесінің негіздерін;

      салада және кәсіпорында қолданылатын технологиялық процестерді және өндіріс режимдерін;

      стандарттар мен техникалық талаптарды, өндірістік ақау түрлерін, оның алдын алу және жою әдістерін;

      шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы бұйымдар мен дайын өнім сапасы бойынша наразылықтар мен шағымдарды беру және қарау тәртібін, олардың сапасын бақылау жүйелерін, әдістері мен құралдарын;

      өнімді сынау және қабылдау қағидаларын;

      өнеркәсіптік өнімді сертификаттауға және аттестаттауға дайындау тәртібін;

      өнім сапасы туралы есепті ұйымдастыруды, есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      70. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

23-параграф. Тау-кен қазбаларын қазу шебері

      71. Лауазымдық міндеттері:

      пайдалы қазбаларды жерасты және ашық тау-кен қазу кезінде тау-кен қазу бригадаларын басқарады;

      тау-кен қазу бригадаларының жұмысын жоспарлайды;

      тау-кен қазу бригадаларына айлық және ауысымдық тапсырмалар береді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу бригадаларының тау-кен барлау жұмыстарының жоспар-кестесін орындауын, қазу жобасының, жұмыстар циклдігі технологиясы мен кестелерінің, бұрғылау-жару жұмыстары мен қазу бекіткіштері паспорттарының, жұмыстардың сапасына қойылатын техникалық және геологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазбаларын қазудың өндірістік процесін басқарады;

      жабдық пен қуат беретін энергия желілерін техникалық пайдалану қағидаларының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу бригадаларының жаңа жұмыс учаскесіне базалануын, қазуды бастау мен жабуды, авариялық, арнайы және басқа да күрделі жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

      жөндеу жұмыстарын, техникалық қызметтердің жүгізілуін, жабдық пен басқа да техникалық құралдардың қаралуын ұйымдастырады;

      тау-кен қазу бригадаларында өндірістік және есептік құжаттаманың дұрыс және уақтылы ресімделуін және ережелердің, нұсқаулықтардың, нормалар мен басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу бригадаларының техникалық құралдарды, құралды, материалдар мен қосалқы қызметтердің қызметтеріне деген қажеттілігін айқындайды, оларды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      жабдықтың жұмысы туралы белгіленген құжаттаманы, материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді, олардың сақталуы мен уақтылы есептен шығарылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      жарылғыш материалдардың есебін, пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу жұмыстарының және еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыруға, тау-кен қазбаларын қазудың прогрессивті техникасы мен технологиясын енгізуге, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға, оның ішінде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде жерді қалпына келтіруге, еңбекті ұйымдастыруды және оның жағдайын жақсартуға, жұмыстардың авариялығын және жарақаттылықты азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      жабдықтың, қоршаулардың, тау-кен қазбалар бекіткіштерінің, қорғау құралдарының, өрт сөндіру құралдарының, көлік құралдарының, санитарлық-техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін, сондай-ақ тау-кен қазу кезінде атмосфераның сапалық құрамын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу бригадалары мүшелерінің жұмыспен өтеген уақытын есепке алуды жүргізеді;

      орындалған жұмыстардың сандық және сапалық есебін жүзеге асырады;

      тау-кен қазу бригадаларының жұмысы туралы деректерді талдайды және жинақтайды;

      белгіленген тәртіппен қажетті құжаттар мен есептерді жасайды және ұсынады;

      жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде жерді оңалту туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу бригадалары жұмысшыларына өндірістік нұсқама жүргізеді;

      тау-кен қазу бригадалары мүшелерінің өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау қағидаларын, Мемтаутехқадағалау талаптарын, өрттен қорғау қағидаларын сақтауы бойынша шаралар қабылдайды;

      тау-кен қазу бригадаларының кадрларын іріктеуге және олардың біліктілігін арттыруға қатысады.

      72. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерін, геологиялық зерттеу, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласындағы әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, тау-кен жұмыстарын жүргізуге қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдарды;

      тау-кен қазбаларын қазу технологиясы мен олардың сапасына қойылатын талаптарын;

      тау-кен қазу жабдығының, құралының техникалық сипаттамаларын, оларды пайдалану мен жөндеу қағидаларын;

      геологиялық кедергілердің, техникалық олқылықтардың, тау-кен қазу аварияларының пайда болу шарттарын, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;

      тау-кен сынамаларын іріктеуге және жұмыстарының сапасына қойылатын техникалық және геологиялық талаптарын;

      қауіпсіздік техникасының талаптары мен бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу қағидаларын;

      энергия желілерін пайдалану қағидаларын;

      жарылғыш материалдардың түрлері мен сипаттамалары, оларды пайдалану, тасымалдау, есепке алу және сақтау қағидаларын;

      өндірістік құжаттама мен есептілікті жүргізу және ресімдеу тәртібі мен қағидасын;

      тау-кен қазу жұмыстарының нормалары мен бағаларын, оларды қайта қарау тәртібін, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу бойынша қолданыстағы ережелерді;

      тау-кен қазу жұмыстарын жүргізу саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      экономика және еңбек заңнамасының негіздерін;

      өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 72-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      73. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тау-кен қазбаларын қазу жұмысындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және тау-кен қазбаларын қазу жұмысындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

24-параграф. Топ басшысы

      74. Лауазымдық міндеттері:

      кешенді жобаны құру шеңберінде ғылыми зерттеу немесе ғылыми-техникалық әзірленімдерді орындау мақсатында жұмысшылар тобын басқарады;

      жобаны немесе жұмыстар түрлерін әзірлеу бойынша топтың жұмысын жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады және әрбір орындаушының белгіленген тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етеді;

      ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және жүйелеуді ұйымдастырады, жұмыстардың жоғары сапалы және уақтылы орындалуын, әзірленетін жобалардың қолданыстағы стандарттарға, сондай-ақ ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      жобалау кезінде пайдалану мақсатында осы секілді жұмыстарды орындаудың шетелдік тәжірибесін зерттейді;

      жобаның конструктивтік элементтерін ұтымды жинау жұмысын ұйымдастырады, жобаның жобалауға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес келуін, қағидаттық схемалардың дұрыс таңдалуын, жабдықтың стандарттау мен бірегейлендірудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;

      әртүрлі сынау жүргізуді ұйымдастырады және олардың қорытындыларын талдайды;

      техникалық құжаттаманың сапасын және уақтылы дайындалуын, жобада қабылданған жабдықтың, жинақтау бұйымдары мен материалдардың қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келуі бойынша шаралар қабылдайды;

      тәжірибелік үлгілерді сынау, зерттеу кезінде жабдықты орнату мен реттеуді басқарады;

      әзірленген техникалық шешімдер мен орындалған әзірленімдердің енгізілуін басқарады;

      зерттеу және әзірлеу қорытындыларын жинақтау жөніндегі есептерді дайындайды;

      басқа ұйымдардың ғылыми жұмыстарына сараптама жүргізеді, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысады.

      75. Мыналарды:

      әртүрлі экономикалық қызметтің бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, басшылық және әдістемелік материалдарды және жүргізіліп жатқан зерттеулер мен әзірленімдер тақырыптарын;

      жобалау жұмыстарын ұйымдастыруды және жоспарлауды;

      зерттеу мен әзірленімдер жүргізу әдістерін, әзірленетін жобалар сапасын бағалауды, оларға қойылатын техникалық талаптарды;

      жобаланатын жабдықты монтаждау мен техникалық пайдалану шарттарын;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша стандарттарды, техникалық шарттар мен басқа да нормативтік материалдарды;

      техникалық есептеу әдістерін, жобалық әзірленімдердің техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау әдістерін;

      есептеу жұмыстарын орындаудың заманауи техникалық құралдарын;

      жобалаудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

      жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптарын;

      стандарттау негіздерін, патент жүргізу негіздерін, өнертабыс пен ашылымдарға арналған өтінімдерді ресімдеу тәртібін;

      экономиканы, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасын;

      ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      76. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

25-параграф. Ұңғымаларды зерттеу шебері

      77. Лауазымдық міндеттері:

      ұңғымаларды зерттеу бригадаларының жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      алынған деректерді бастапқы өңдеуді жүргізеді;

      ұңғымаларды зерттеуге дайындау бойынша жұмысты және жүргізілетін зерттеудің сапасын қамтамасыз етеді;

      жедел тапсырмаларды, өндірістік кестелерді әзірлеуге қатысады және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды зерттеу бойынша міндетті кешенді күрделі кәсіпшілік және гидродинамикалық зерттеуге қатысады;

      аппаратураның, құралдардың, жабдықтың, механизмдердің дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді және оларды уақтылы есептен шығарады;

      қажетті техникаға, құралға, материалдарға арналған өтінімдерді уақтылы береді;

      жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз етеді және олардың еңбегін ұйымдастырады;

      жұмыс уақытын, жалақыны, іркілістерді есепке алу бойынша бірінші құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді;

      материалдардың, отынның, электр энергиясының ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді;

      жөндеуден шыққан технологиялық жабдық пен құралды қабылдауға қатысады;

      өндірістің бекітілген жоспарлары мен кестелеріне сәйкес жұмысшыларға, буындарға өндірістік тапсырмалардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді;

      жұмысшыларға өндірістік нұсқама жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын орындау бойынша іс-шараларды енгізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      кәсіптерді қоса атқаруға, қызмет көрсету аймақтарын кеңейтуге және еңбекті ұйымдастырудың басқа да прогрессивті нысандарын қолдануға жәрдемдеседі;

      жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес сан нормативтерін, бағаларды қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      өндірістік қызметтің қорытындыларын талдайды;

      өндіріс резервтерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыруға, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларын әзірлеуге қатысады;

      жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      бригаданың үздік жұмысшыларын ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс береді;

      еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестаттауға қатысады.

      78. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндіру саласына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұңғымаларды зерттеу, мұнай және газ өндіру мәселелері бойынша материалдар мен технологиялық нұсқаулықтарды;

      ұңғымалар қорын жүргізу технологиясы мен оның сипаттамасын;

      мұнай қабатының физикалық-химиялық қасиеттерін;

      аспаптардың, механизмдердің, жабдықтың және аппаратураның техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану мен жөндеу қағидаларын;

      ұңғымаларды зерттеудің заманауи әдістерін, ұңғымаларды, жерүсті жабдықты, құрылыстар мен коммуникацияларды пайдалану қағидаларын;

      мұнай және газға ұңғымаларды бұрғылау технологиясының, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу негіздерін;

      кәсіпшілік геология мен ұңғымаларды геофизикалық зерттеу негіздерін;

      экономика, еңбекті, өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 78-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      79. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды зерттеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және ұңғымаларды зерттеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

26-параграф. Ұңғымаларды жөндеу (күрделі, жерасты) шебері

      80. Лауазымдық міндеттері:

      ұңғымаларды күрделі (жерасты) жөндеу жөніндегі өндірістік бригаданы басқаруды жүзеге асырады;

      бригаданың ұңғымаларды жөндеу тапсырмаларын орындауын қамтамасыз етеді;

      жөндеу технологиясы мен сапасын, құралдың пайдаланылуын, жабдық пен арнайы техниканың толық жүктелуі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жөндеу технологиясы мен сапасының бұзылу себептерін жояды;

      жөндеу мерзімдерін қысқарту, олардың құнын азайту, ұңғымалар жұмысының жөндеуаралық кезеңін арттыру бойынша іс-шараларды енгізуді жүзеге асырады;

      ұңғымаға түсіруге арналған технологиялық жабдық пен электр жабдығының, құралдың, техниканың дұрыстығын тексереді;

      күрделі және аса қауіпті жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;

      бригадаға және жекелеген жұмысшыларға өндірістік тапсырмаларды белгілейді;

      ұңғымаларды жөндеуге қабылдауға және жөнделген ұңғымаларды тапсырыс берушіге тапсыруға қатысады;

      бригадада озық технологияны, жаңа техника мен құралдарды, еңбекті көп қажет ететін процестер мен қол жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыруды, еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесетін нұсқамалық карталар мен үлгі жобаларын енгізеді;

      құралды дайындауды және таңдауды қамтамасыз етеді;

      жөндеу технологиясының талаптарына сәйкес арнайы техникаға, жабдыққа, құралға және материалдарға арналған өтінімдерді жасайды;

      шығындарды, материалдық құндылықтарды есепке алады, оларды сақтау бойынша шараларды қабылдайды;

      бригадалар құрамын қалыптастыруға қатысады;

      жұмысшыларды жұмыс орындарына (ауысымдарға/вахталарға) орналастырады және олардың еңбегін ұйымдастырады;

      қызмет көрсететін бригадалардың қызметін үйлестіреді;

      жұмысшыларға өндірістік нұсқама береді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      бастапқы құжаттардың уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді және белгіленген құжаттаманы жүргізеді;

      бригаданың өндірістік қызметінің қорытындыларын талдайды;

      еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестаттауға қатысады;

      жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      81. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай-газ өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, ұңғымаларды жерасты (күрделі) жөндеу мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын;

      жабдықтың, құралдың, құрылғылардың техникалық сипаттамасын;

      оларды пайдалану және жөндеу қағидаларын;

      геологиялық және техникалық кедергілердің пайда болу себептерін, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;

      мұнай мен газды өндіру технологиясының, мұнай және газ бен су дайындау және тасымалдаудың негіздерін;

      мұнай қабатының физикалық-химиялық, бастыру ерітінділері мен жуу сұйықтықтарының қасиеттерін;

      қышқылдармен және химиялық реагенттермен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын;

      құжаттама жүргізу қағидасын;

      экономика, еңбекті, өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 81-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      82. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

27-параграф. Шебер

      83. Лауазымдық міндеттері:

      жұмыс пен өндірістік бригадаларға (бұдан әрі - бригада) басшылық етуді жүзеге асырады;

      белгіленген мерзімдерде өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      өндірісті уақтылы дайындайды, жұмысшылар мен бригадалардың орналасуын қамтамасыз етеді, жұмыстың барлық учаскелерінде технологиялық процестерді орындау тәртібін қамтамасыз етеді, бұзылу себептерін жедел анықтайды және жояды;

      өндірістің жаңа технологиялық процестері мен режимдерін, сондай-ақ өндірістік кестелерді әзірлеуге және жұмыс істеп тұрғандарды жетілдіруге қатысады;

      шығарылатын өнімнің және орындалатын жұмыстардың сапасын тексереді, ақаулардың алдын алу және өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

      технологиялық жабдықты жөндеу, өндірістік процестер мен қол жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыру бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ оны ұйымдастыру, жұмыс орындарын аттестаттау мен оңтайландыру нысандарын енгізуді ұйымдастырады;

      жұмысшылардың өндіру нормаларын орындауын, өндірістік алаңдардың, жабдықтың, ұйымдастырушылық-техникалық жарақтарының және құралдың дұрыс пайдаланылуын, учаскенің біркелкі (қарқынды) жұмысын қамтамасыз етеді;

      бригадаларды (сандық, кәсіби-біліктілік құрамы бойынша) қалыптастыруды жүзеге асырады;

      бригадаларға ұтымды қызмет көрсету бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді, олардың қызметін үйлестіреді;

      жабдықты, шикізатты, материалдарды, құралды, отынды, энергияны пайдалану бойынша нормативтік көрсеткіштерді белгілейді және бекітілген өндірістік жоспарлар мен кестелерге сәйкес бригадаларға және жекелеген жұмысшыларға (бригаданың құрамына кірмейтін) өндірістік тапсырмаларды уақтылы жеткізеді;

      жұмысшыларға өндірістік нұсқама береді, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, жабдық пен құралды техникалық пайдалану қағидаларын орындау бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізуге жәрдемдеседі, өндіру нормалары мен бағаны қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшыларға разрядтар беру туралы ұсыныс енгізеді, жұмыстарды тарифтеуге және учаскенің жұмысшыларына біліктілік разрядтарын беруге қатысады;

      өндірістік қызметтің қорытындыларын талдайды, жұмыс уақытын, өндіруді, іркілістерді есепке алу бойынша бірінші құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді;

      озық тәжірибені таратуға, бастамашылықты дамытуға рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізуге жәрдемдеседі;

      шығарылатын өнімнің саны, сапасы мен ассортименті бойынша өндіріс резервтерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыруға, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық мәдениетін арттыру, жұмыс уақыты мен өндірістік жабдықты ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      жұмысшылар мен бригадирлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру жұмысын ұйымдастырады.

      84. Мыналарды:

      құрылымдық бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      техникалық сипаттамалар мен өнімге қойылатын талаптарды, оны шығару технологиясын;

      өндіріс режимдерін, пайдаланылатын жабдық, аппаратура, аспаптардың түрлері мен оларды техникалық пайдалану қағидаларын;

      материалдардың механикалық өндіру технологиясын;

      есептілік жасау тәртібін;

      пайдаланудың және техникалық қызмет көрсетудің заманауи деңгейін;

      жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу тәртібін, жұмыстар нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібі, еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы ережелерді;

      өндірісті басқару бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      85. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қызметтің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және қызметтің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

3-тарау. Мамандардың лауазымдары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Автомобиль колоннасының механигі

      86. Лауазымдық міндеттері:

      жылжымалы құрамның ақаусыз жай-күйін, кестеге сәйкес оны желіге шығаруды қамтамасыз етеді;

      автомобильдер мен тіркемелер паркінің техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырады, ақау себептерін анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      автомобильдердің техникалық қызмет көрсетуге уақтылы жіберілуін бақылайды;

      жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кестелерін әзірлейді және жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындау уақтылығын қамтамасыз етеді;

      желіде жүргізушілердің жұмысын тексереді, қажетіне қарай, техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      жүргізушілердің автомобильдерді техникалық пайдалану қағидасын сақтауын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидаларын орындауын тексеруді жүзеге асырады;

      желіге шығар алдында жүргізушілермен нұсқама өткізеді;

      жаңа жылжымалы құрамды қабылдауға, сондай-ақ автомобильдерді есептен шығаруға және агрегаттарды, шиналарды, автомобильдерді жөндеуге тапсыруға қатысады, зақымдалған автомобильдерді жөндеуге құжаттама ресімдейді;

      тораптар мен агрегаттардың мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында жылжымалы құрамды пайдалану жағдайын зерттейді, себептері мен жылжымалы құрамның техникалық жай-күйімен байланысты тоқтап тұру ұзақтығын талдайды, қызмет ету мерзімдерін ұлғайту, қысқарту, техникалық ақауға байланысты тоқтап тұру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;

      пайдалану материалдарының шығыс нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      жылжымалы құрамды техникалық дұрыс жарамды жағдайда ұстау мәселелері туралы оңтайлы ұсыныстарды қарауға қатысады, қабылданған ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз етеді;

      еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар енгізуді, жұмысшылардың еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын, орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді;

      техникалық білім деңгейін көтеру, жұмыскерлердің өндірістік және еңбек тәртібін күшейту бойынша жұмыс жүргізеді;

      авариялар, бұзылу, зақымдалу, тоқтап тұру, жол қозғалысын техникалық пайдалану ережелерін бұзушылық себептерін тексеруге қатысады;

      өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      87. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      автомобильдер мен тіркемелердің конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын және пайдалану қағидаларын;

      автомобиль көлігімен жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау қағидаларын;

      автомобильдердің техникалық жай-күйін диагностикалау әдістерін;

      автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды және оның технологиясын;

      экономиканың, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      88. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автомобиль көлігі мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және автомобиль көлігі мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

2-параграф. Азаматтық қорғаныс маманы

      89. Лауазымдық міндеттері:

      азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша нормативтік, әдістемелік және ұйымдық құжаттарды әзірлейді;

      азаматтық қорғаныс жай-күйін талдауды және азаматтық қорғаныс туралы жыл сайынғы баяндама дайындауды жүзеге асырады, азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкін есепке алуды жүргізеді, қабылданған шешімдерді негіздеу үшін тәсілдерді немесе логикалық амалдарды таңдауды жүзеге асырады;

      объектіні азаматтық қорғаныс және жұмыскерлерді қорғау жоспарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша объектідегі іс-қимылдар жоспарын әзірлейді және түзетеді;

      азаматтық қорғаныс, объектіде төтенше жағдайларды болдырмау және жою мәселелері жөніндегі құжаттарды әзірлейді;

      объекті жұмыскерлерін тыныс-тіршілік қауіпсіздігі бойынша оқытуды ұйымдастырады;

      объектіде азаматтық қорғаныс жай-күйін тұрақты тексеруді жүзеге асырады;

      объектіде азаматтық қорғаныс қоймасында жеке қорғаныс құралдарын, барлау және дозиметрикалық бақылау аспаптарын жинақтауды ескереді және қор жинайды;

      объектінің құрылымдық бөлімшелерінде штаттан тыс авариялық-құтқару құрылымдарын құруды, толықтыруды және даярлауды ұйымдастырады;

      объектінің бөлімшелерінде азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарын жарамды түрде ұстау бойынша шаралар қабылдайды;

      жедел хабарлама нысандары бойынша хабарламалар мен есептерді жоғары тұрған ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға есептер мен хабарламаларды дайындайды және уақтылы ұсынады;

      объектінің жұмыскерлерінің назарына жаңа құжаттарды, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөніндегі талаптар мен нұсқауларды уақтылы жеткізеді;

      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупі туралы дабыл алынған кезде диспетчерлік қызметпен бірлесе отырып, объектінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының басшы құрамына хабарлауды ұйымдастырады;

      объектінің бөлімшелеріндегі азаматтық қорғаныстың жабылатын қорғаныс құрылыстарын қабылдау үшін дайындыққа келтіру шарлар қабылдайды, объектіде сақталған жарылыс-өрт қауіпті заттарды азайту бойынша шараларды қамтамасыз етеді;

      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде объектінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға қатысады, оларды қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;

      объектіде зақымдану (бұзылу) ошақтарын барлауды ұйымдастыруға қатысады;

      объектіде қалыптасқан жағдай туралы деректер жинауды ұйымдастырады және объектінің азаматтық қорғаныс басшысының құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған шешімін дайындайды;

      азаматтық қорғаныс жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу мен өткізуге, азаматтық қорғаныс жаттығуларын өткізуге қатысады;

      экономика объектілеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жай-күйі мен конструктивтік ерекшеліктері, технологиялық процестердің өрт қаупі, өртке қарсы сумен жабдықтау сипаттамасы, өтпежолдардың, байланыстың және дабылдың жай-күйі туралы ақпаратты толық көлемде біледі;

      құпия іс қағаздарын жүргізеді.

      90. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі әдістемелік және басқа да нұсқама материалдарды;

      заманауи есептеу техникасы құралдарын;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      91. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы азаматтық қорғаныс маманы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы азаматтық қорғаныс маманы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

      ІІ санаттағы азаматтық қорғаныс маманы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ азаматтық қорғаныс маманы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      санаты жоқ азаматтық қорғаныс маманы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және азаматтық қорғаныс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

3-параграф. Арнайы автокөліктің қозғалысын ұйымдастыру
жөніндегі инженер

      92. Лауазымдық міндеттері:

      арнайы автокөліктің қауіпсіз қозғалысын ұйымдастырады;

      жүргізушілерді қауіпсіз жол жүру қағидаларына оқытады;

      жүргізушілердің арнайы автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық білімі мен дағдыларын тексерудің күнтізбелік жоспарларын жасайды;

      қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмысын ұйымдастырады;

      оқудың техникалық құралдарын және тренажерларды қолданып, қауіпсіз қозғалыс мәселелері бойынша оқу өткізеді;

      арнайы автокөліктің техникалық жағдайын және тиісті техникалық құжаттаманың бар-жоғын бақылайды;

      климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, түрлі арнайы автокөлікті пайдалану бойынша оқуды ұйымдастырады және жүргізеді;

      арнайы автокөліктің және жүргізушілер жұмысының пайдаланылуын, олардың жол қозғалысы ережесін сақтауын бақылайды;

      жол-көлік оқиғаларды, жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуын талқылайды, олардың себептерін талдайды, оларды жою бойынша техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды әзірлейді;

      жүргізушілерге біліктілік разрядтарын беру жөніндегі біліктілік комиссияның жұмысына, сондай-ақ арнайы автокөлік жүргізушілері жасаған бұзушылықтар туралы материалдарды қарау кезінде тәртіптік комиссиялардың жұмысына қатысады;

      белгіленген құжаттаманы ресімдейді және есептілікті жасайды;

      жүргізушілердің қауіпсіз жұмысының және арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және енгізеді, жаңа техниканы игеруге қатысады.

      93. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      жылжымалы құрамның мақсатын, конструкциялық ерекшеліктерін, техникалық-пайдаланушылық деректерді;

      автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлау әдістерін, автомобильдік көлікпен жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау қағидаларын;

      экономика мен еңбекті ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 93-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      94. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автокөлік кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және 1-санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

4-параграф. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі инженер

      95. Лауазымдық міндеттері:

      сервистік компаниялармен (тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді және басқаны ұйымдастыру) әлеуметтік шарттар жүргізуді жүзеге асырады;

      ресми іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      жұмыскерлерді ыстық тамақпен, оның ішінде ыстық термостық тамақпен, құрғақ азық-түлік паектарымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      күзгі-қысқы маусымға әлеуметтік объектілерді дайындау іс-шараларын әзірлеуге қатысады;

      жұмыскерлерді шипажай-курорттық жолдамалармен, сондай-ақ жұмыскерлердің балаларын жазғы демалыспен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жағдайы мен оларды шешу мониторингін жүзеге асырады;

      кәсіпорында әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жетілдіруге бағытталған жергілікті нормативтік актілерді (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар) әзірлейді;

      кәсіпорында әлеуметтік саясат, оның жағдайы, даму перспективасына, әлсіз жерлерді анықтау мәселелеріне қатысты есептерді, талдамалық жазбаларды және басқа да материалдарды дайындайды, олар жөнінде іс-шаралар әзірлеуді жүзеге асырады;

      әлеуметтік мәселелер жөнінде жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруға қатысты бұйрықтардың, өкімдердің, жоспарлардың орындалуын тексеруді ұйымдастырады;

      кәсіподақ комитетінің отырыстарына, сондай-ақ кәсіпорынды әлеуметтік дамыту мәселелерін қарастыру кезінде комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына әкімшілік өкілі ретінде қатысады;

      атқарушы және заңнамалық билік органдарында, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жоғары тұрған ұйымдарда кәсіпорын әкімшілігінің мүддесін білдіреді;

      еңбек заңнамасына сәйкес қауіпті өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлерді сүтпен және профилактикалық емдік тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      ұйым жұмыскерлерінің арасында ауыз су бөлу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      96. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

      әлеуметтік мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, негізгі қызмет мәселелері жөніндегі басқа да басшылыққа алынатын және әдістемелік құжаттар мен материалдарды;

      жұмыс орындарында еңбек жағдайын зерттеу әдістерін;

      ұйым мен оның бөлімшелерінің құрылымын;

      бірыңғай іс жүргізу жүйесінің стандарттарын;

      ұжымдық шарттың ережелерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 96-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      97. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және әлеуметтік немесе кадрлық қамтамасыз ету саласында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

5-параграф. Әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман

      98. Лауазымдық міндеттері:

      әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, ұйымның әлеуметтік бірлігін арттыруды жүзеге асырады;

      әлеуметтік қызметтерді жоспарлауға, жүзеге асыруды ұйымдастыруға, осы қызметтер жүйесін дамытуға қатысады;

      ұйым ұжымының әлеуметтік қанағаттанушылығы мен жеке мүддеде және барлық ұжым мүддесінде де жұмыскерлердің өзін-өзі өзектендіру деңгейін қамтамасыз етеді;

      әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейтін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы міндеттерді шешуге бағытталған іс-шараларды әзірлейді;

      ұйым жұмыскерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отбасын жоспарлау, санитариялық-гигиеналық нормаларды, өртке қарсы қорғаныс шараларын, тұрмыстық және жол-көліктік жарақаттанудың, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүргізеді;

      түрлі әлеуметтік көмек және қорғау мәселелері бойынша консультация береді;

      корпоративтік басқару, корпоративтік этика кодекстерін қалыптастыру мен сақтау бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      жұмыскерлерге, олардың отбасы мүшелеріне, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, сондай-ақ олардың қоғам өміріне қатысты ұйым жүзеге асыратын әлеуметтік саясат бойынша іс-шаралар әзірлейді;

      әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді жүргізеді;

      демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету, ұйымның өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысуы жөніндегі жоспарларды әзірлейді;

      ұйымның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі мен орнықты даму жүйесін дамыту мен жетілдіру бойынша шараларды қабылдайды;

      жастар саясатын дамыту бойынша жұмысты және ардагер мұнайшылармен жұмысты жоспарлайды;

      жас жұмыскерлер мен ардагер мұнайшыларды орталықтандырылған есепке алуды жүргізеді;

      ұйымның әлеуметтік шығындарын, оның ішінде әлеуметтік объектілер салуға арналған инвестицияларды орталықтандырылған есепке алуды, талдауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

      99. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және қамсыздандыру саласындағы әдістемелік құжаттарын;

      ана мен баланы қорғауды, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың, зейнеткерлердің, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды реттейтін отбасы, еңбек, тұрғын үй заңнамасының нормаларын;

      азаматтық құқық негіздерін, психология мен әлеуметтану негіздерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін;

      қамқоршылық, қорғаншылық белгілеу, бала асырап алу, ата-ана құқығынан айыру, арнайы оқу-емдеу (тәрбиелеу) мекемелеріне жіберу тәртібі мен ұйымдастыруды;

      отандық және шетелдік озық әлеуметтік жұмыс тәжірибесін;

      тәрбие және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістерін;

      түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшелігін;

      медициналық-әлеуметтік жұмысты, халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды;

      ұлттық тұрмыс және отбасылық тәрбие ерекшеліктерін, өңірдің салт-дәстүрлерін білуі тиіс.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.12.2022 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      100. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман: "Әлеуметтік жұмыс" немесе "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану", "Психология" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе жоғары педагогикалық, заңгерлік білім базасында "Әлеуметтік жұмыскер" немесе "Әлеуметтік педагог" біліктілігін бере отырып, қайта даярлау және ІІ санаттағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

      ІІ санаттағы әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман: "Әлеуметтік жұмыс" немесе "Әлеуметтік педагогика", "Психология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе жоғары педагогикалық, заңгерлік білім базасында "Әлеуметтік жұмыскер" немесе "Әлеуметтік педагог" біліктілігін бере отырып қайта даярлау және әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі санаты жоқ маман лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі санаты жоқ маман: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймай, әлеуметтік, педагогикалық, заңгерлік бейіндер бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

6-параграф. Басқарма хатшысы

      101. Лауазымдық міндеттері:

      акционерлік қоғамның (бұдан әрі – қоғам) бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларының қолданыстағы заңнаманың, қоғам жарғысының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      қоғам басқармасының және басқа да қоғамды басқару органдарының шешімдерін дайындау бойынша жұмысты басқарады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      лауазымды адамдарға, сондай-ақ басқарма мүшелеріне корпоративтік құқық және басқару мәселелері жөнінде консультация береді;

      басқарма отырыстарын өткізуді, директорлар кеңесінің басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер туралы ұсыныстарын қарауды дайындау мен ұйымдастыруды басқарады;

      қоғам басқармасының шешімдерін, басқа да құжаттарды дайындауды, басқарма мүшелеріне болатын отырыс туралы хабарламалар дайындау мен таратуды ұйымдастыруды, басқарма мүшелерінің отырыстарға қатысу құқығы бар адамдарға беруге міндетті құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      басқарма шешімдерінің, отырыстар хаттамаларының жобаларын дайындауға қатысады, басқарма отырысын дайындаумен және өткізумен байланысты басқа да міндеттерді шешеді;

      басқарма отырыстарын дайындау мен өткізудің белгіленген ережесі мен тәртібін сақтауды, оның ішінде жұмыс жоспарларын және басқарма отырысының күн тәртібін әзірлеу тәртібін, жаңадан сайланған басқарма мүшелерін қоғам қызметімен және оның ішкі құжаттарымен таныстыруды қамтамасыз етеді;

      басқарма мүшелері мен басқарма отырысына шақырылған адамдарға болатын отырыстар туралы хабарлайды, оларға күн тәртібіне енгізілетін мәселелер бойынша материалдар жібереді;

      басқарма отырыстарына қатысады;

      отырыстар хаттамаларын жүргізуді ұйымдастырады, хаттамалардың, қажет жағдайларда, хаттамалардың көшірмелерін немесе хаттамалардан алынған үзінділерді сақтау мен беруді қамтамасыз етеді, олардың түпнұсқалығын куәландырады;

      заңнамамен, сондай-ақ жарғымен және қоғамның өзге де құжаттарымен қоғам туралы ақпарат ашу, оның ішінде ақпаратты жариялау тетігі арқылы ашу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      басқарма қызметімен байланысты құжаттарды сақтауды және акционерлердің ондағы бар ақпаратқа қолжетімділігін, құжаттар көшірмелерін дайындауды ұйымдастырады, олардың түпнұсқалығын куәландырады;

      акционерлерден келіп түскен корпоративтік басқару және акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелері туралы өтініштер мен сұрауларды есепке алу мен қарауды жүзеге асырады;

      басқарманы қоғамда қолданыстағы заңнама талаптары мен ішкі құжаттардың сақталмауының барлық фактілері туралы ақпараттандырады;

      корпоративтік басқару мәселелері жөнінде белгіленген есептілік дайындауды басқарады;

      басқарма қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды;

      қоғамға және/немесе оның акционерлеріне келетін шығындарды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

      іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, нарыққа қатысушылар арасындағы қарым-қатынастарда этиканың, корпоративтік мінез-құлықтың моральдық-этикалық стандарттарын сақтауға ықпал етеді.

      102. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      акционерлердің құқықтарын анықтайтын және корпоративтік басқару органдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      эмиссия және бағалы қағаздар айналымы тәртібін;

      жарғыны және қоғамда корпоративтік қатынастарды реттейтін басқа да құжаттарды;

      басқарма функцияларын, басқарма отырыстарын дайындау тәртібі мен өткізу қағидаларын, сондай-ақ корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру қағидаларын;

      қоғам туралы ақпарат ашу қағидасын;

      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының (қоғам тіркеушілерінің, биржалардың және т.б.) жұмыс тәртібін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      монополияға қарсы және салық заңнамасын;

      жекешелендіру, төрелік сот практикасы туралы нормативтік құқықтық актілерді;

      корпоративтік мінез-құлық кодексін;

      халықаралық корпоративтік заңнаманың негіздерін, отандық және шетелдік озық корпоративтік басқару практикасын көрсететін нормативтік құжаттарды;

      корпоративтік жанжалдарды реттеу тәртібін;

      ақпарат алу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын;

      ақпаратты техникалық қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттарды, ақпараттық технологияларды, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі мен қағидаларын;

      келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру мен тәртібін, корпоративтік мінез-құлықтың этикалық қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 102-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      103. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және корпоративтік басқару бойынша арнайы даярлық, жоғары кәсіптік білімі бар мамандар ауыстыратын лауазымдарында, оның ішінде басшы лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

7-параграф. Бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жөніндегі инженер

      104. Лауазымдық міндеттері:

      ұңғымаларды бұрғылау режимдерін әзірлейді;

      режимдік технологиялық карталарды жасайды және олардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды салудың бір айлық жоспар-кестелерін және бұрғылау бригадалары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жасайды;

      анағұрлым жауапты операциялар жүргізуге жедел жоспарлар жасайды (шегендеу колонналарын түсіру және оларды цементтеу, қойнауқат сынаушының жұмысы және т.б.);

      техникалық құжаттаманы әзірлейді және ұңғымаларды салу технологиясының өзгеруіне байланысты оны түзетеді;

      инженерлік-технологиялық қызметтерге және бұрғылау шеберлеріне барлық қажетті техникалық және технологиялық құжаттаманың уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;

      бұрғылау бригадалары мен инженерлік-технологиялық қызметтердің жұмысын талдайды, ұңғымаларды бұрғылау циклін қысқарту мүмкіндігін іздейді, өндірістік резервтерді анықтайды, оларды пайдалану бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      технологиялық бағдарламаларға, жоспарларға, кестелерге және ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларға сәйкес ұңғымаларды салу барысын жедел реттеуді жүзеге асырады;

      көлбеу-бағытталған ұңғымалар бейінін есептеу мен құрауды жүргізеді;

      ұңғымаларды бұрғылау, цемент көпірлерін орнату, оларды тығыздау бойынша технологиялық процестер мен жүргізілетін жұмыстардың сапасын, бұрғылау ерітінділерінің және арнайы сұйықтықтардың сапасын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      ұңғымаларды салудың нақты шарттарына негізделіп, жағалата отырғызылатын және бұрғылау құбырларын бақылап есептейді;

      ұңғымаларды бұрғылау және игеру бойынша технологиялық операциялар үшін қажетті құбырлардың, материалдардың, құралдың және тағы басқаларының уақтылы түсуін бақылайды;

      ақаулар мен авариялардың алдын алу, жұмыстардың сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

      ұңғымаларды авариясыз салу бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылайды, ал авариялар мен қиындықтар болған жағдайда жұмыстарды ұйымдастырып, оларды жоюға тікелей қатысады;

      жасалатын жұмыстардың сапасын азайтпай, ұңғымаларды бұрғылау жылдамдығын арттыру және ұңғымаларды салу құнын азайту бойынша іс-шараларды енгізеді;

      бұрғылау және мұнара-монтаждау бригадаларының жұмысы, бұрғылау жабдығы мен бұрғылау құралын пайдалану туралы деректерді жинақтайды, өңдейді және талдайды;

      бұрғылау жабдығын жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету кестелерін жасауға қатысады және олардың орындалуы бойынша шаралар қабылдайды;

      жаңа техника мен технологияны енгізу, оңтайландыру, өнертабыс, еңбекті нормалау жұмысына қатысады;

      бұрғылау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және енгізеді;

      белгіленген есепті жүргізеді және қажетті есептілікті жасайды;

      бұрғылау жұмыстарындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды;

      бұрғылау бригадаларын өндірістік және технологиялық тәртіпті, жабдықты пайдалану қағидаларын, жұмыстардың сапасына қойылатын талаптарды, қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      105. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай өндіру, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, бұрғылау жұмыстарының өндірісін ұйымдастыруға қатысты басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдарды;

      мұнара салу, ұңғымаларды бұрғылау және сынау технологиясын;

      бұрғылау жабдығы, оларды техникалық пайдалану құралы мен қағидаларын;

      ұңғымаларды салу жұмыстарын орындау кезінде техникалық олқылықтардың, авариялардың, қиындықтардың, ақаудың пайда болу себебі, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;

      техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін;

      ұңғымаларды салу техникасы мен технологиясын, бұрғылау жұмыстарын жобалау мен жоспарлау саласындағы озық тәжірибені;

      геология негіздерін және бұрғыланатын алаңдардың геологиялық құрылымын, өңірлік геологияны;

      ұңғымаларды салудың техникалық қағидаларын;

      ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістерін;

      бұрғылау жабдығын, бақылау-өлшеу аппаратурасын, құралдарды техникалық пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын;

      монтаждау-бөлшектеу жұмыстарын және бұрғылау жабдығын тасымалдауды ұйымдастыру және жүргізу ережелерін;

      бұрғылау жұмыстарын жоспарлау, жобалау және қаржыландыру тәртібін;

      экономика мен өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 105-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      106. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жұмыстары жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау жұмыстары жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жөніндегі санаты жоқ инженер: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау жұмыстардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

8-параграф. Бұрғылау-жару (жару) жұмыстары жөніндегі инженер

      107. Лауазымдық міндеттері:

      бұрғылау-жару жұмыстарына арналған технологиялық құжаттаманың, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізудің жаңа техникасы мен технологиясын енгізу бойынша іс-шаралардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      жару жұмыстарын жүргізу кестелерін әзірлеуді, бұрғылау техникасының жаңа түрлерін өнеркәсіптік сынауды, жару жұмыстарын механикаландыру құралдарын, жарылғыш материалдардың жаңа түрлерін ұйымдастырады;

      жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін, жабдықтың техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жарылғыш заттарды сақтауды, тасымалдауды, пайдалануды және есепке алуды ұйымдастырады;

      бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздік қағидаларын сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

      жарылғыш материалдарды есепке алу, сақтау және жіберуді қамтамасыз етеді;

      жобаға сәйкес жаппай жарылыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

      қоймаға келіп түсетін жарылғыш материалдарды сынаудың дұрыс ұйымдастырылуын, сондай-ақ жару жұмыстарын жүргізуге арналған өтінімдердің дұрыс және негізді болуын және жарылғыш заттардың алуын қамтамасыз етеді;

      техникалық қадағалау органдары мен ішкі істер органдарында жару жұмыстарын жүргізуге лицензияларды алуға құжаттарды ресімдейді;

      жарылғыш материалдарды сақтауға және жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаттарын ресімдейді және келіседі;

      далалық бригадаларды жедел басқаруды қамтамасыз етеді;

      қауіпті объектілерде өндірістік қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      тиісті құжаттаманы, материалдарды есепке алуды және жұмсалуын бақылауды, есептердің, күн сайынғы рапорттардың, табельдік есептің ресімделуін, нарядтардың жабылуын жүзеге асырады;

      бұрғылау-жару жұмыстары паспорттарын әзірлеуге қатысады.

      108. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      бұрғылау-жару жұмыстарын технологиялық дайындау және жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарын;

      ұңғымалар конструкциясын, мұнай және газ өндіру технологиясын;

      жарылғыш материалдарға қойылатын техникалық талаптарды;

      жарылғыш материалдарды жұмсау нормативтерін;

      жару жұмыстарына арналған жобалық құжаттаманы;

      жару жұмыстары кезіндегі техникалық ережелерді,

      жару жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі қауіпсіздік қағидалары мен жұмыстар өндірісінің қауіпсіздігі бойынша басқа да қағидаларды;

      есептеу техникасының, коммуникациялар мен байланыстың заманауи құралдарын;

      жару жұмыстарын жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптарын;

      бұрғылау-жару жұмыстары саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      экономика, өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі мен өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 108-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      109. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

9-параграф. Бұрғылау жөніндегі техник

      110. Лауазымдық міндеттері:

      әзірленген технологиялық процеске сәйкес бұрғылау жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады;

      ұңғымаларды салудың геологиялық-техникалық шарттарына сәйкес бұрғылау жабдығын таңдау жүргізеді;

      бұрғылау бойынша химиялық реагенттер (бұдан әрі - химреагенттер) қажеттілігіне өтінімдер жасайды;

      бұрғылау және тампонаждық ерітінділердің параметрлерін қамтамасыз етеді, олардың қасиеттерін реттеуді жүзеге асырады;

      бұрғылауды қамтамасыз етуді күнделікті есепке алуды жүргізеді;

      ұңғымадағы қиындықтар мен авариялық жағдайларды жояды;

      химреагенттер шығысы туралы есептер, жанар-жағар май материалдарына өтінімдер дайындайды;

      тампонаждық басқару қызметіне (шегенді бағандарды цементтеу, шегенді бағандарды, шығарындыға қарсы жабдықты, бұрғылау құралын баспақтау, компрессорлар, өнеркәсіптік-өндірістік қондырғылар жұмысын, химреагенттерді тасымалдауды жүргізу) кестелер жасайды;

      ұңғымаларды бұрғылау және салу саласында техникалық тапсырмаларды орындайды;

      бұрғылау жабдығын, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау жүйелерін пайдалану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген режимін қамтамасыз етеді;

      бұрғылау ұңғымаларына жанар-жағар май материалдарының бекітуге арналған материалдардың түсімінің, шығысының есебін жүргізеді;

      ұңғымаларды бекіту кезінде пайдаланылған материалдар (шегенді құбырлар, цемент, химреагенттер) туралы есептер дайындайды;

      химреагенттердің шығысы жөнінде бұрғылау шеберлерінің есептерін тексереді;

      бұрғылау ұңғымаларын күзгі-қысқы маусымдағы және су тасқыны кезеңіндегі жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және оларды орындау туралы есеп дайындайды;

      бұрғылау саласындағы озық тәжірибені зерттеуге, қорытуға және таратуға қатысады;

      жаңа техника мен технологияны игеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады;

      жабдық пен құралдың жұмысы туралы деректерді өңдейді және талдайды;

      бұрғылау және қосалқы жабдықты алдын ала тексеруді, ақауды анықтауды және оларды жоюды, ұсақ жөндеу жүргізуді жүзеге асырады;

      бұрғылау агрегаттарын орнату бойынша жинау-бұзу жұмыстарын жүргізуді, ұңғыманы бұрғылау технологиясының, бұрғылау қондырғысын пайдалану ережесінің сақталуын бақылайды;

      геологиялық-техникалық талаптарға сәйкес ұтымды бұрғылау режимдерін таңдайды;

      қопсытылған жынысты алуды және көлемін өлшеуді, топырақ сынамасын алуды және талдауды, ұңғыманы тазартуды ұйымдастырады;

      бұрғылау жабдығын алдын ала жөндеу мен реттеуді орындау бойынша шаралар қабылдайды;

      ұңғымаларда жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      бақылау журналын (бұрғылау журналын) жүргізеді.

      111. Мыналарды:

      мұнай және газ өндіруге, бұрғылауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын, нұсқаулықтарын;

      ұңғымаларды бұрғылаумен байланысты негізгі технологиялық есептерді;

      бұрғылау жұмыстары бойынша негізгі технологиялық жабдықты және оның жұмыс істеу қағидаттарын;

      типтік технологиялық процестер мен бұрғылау жұмыстарын жүргізу режимдерін;

      өндірісте қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарды, техникалық құжаттама әзірлеу мен ресімдеу жөніндегі нұсқама материалдарды;

      геология мен геофизика негіздерін;

      түрлі жағдайда бұрғылау тәсілдері мен түрлерін, бұрғылау жабдығын пайдалану қағидаларын;

      жабдықтың бұзылу себептері мен оларды жою тәсілдерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      112. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы бұрғылау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ІІ санаттағы бұрғылау жөніндегі техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы бұрғылау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және бұрғылау жөніндегі санаты жоқ техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      бұрғылау жөніндегі санаты жоқ техник: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

10-параграф. Газ объектілері жабдығын пайдалану жөніндегі инженер

      113. Лауазымдық міндеттері:

      газ жабдығы жұмысының жасаушы зауыт белгілеген тұрақты және тиімді режимін, пайдалану ережесін сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      жабдықтың, қондырғылардың, құрылыстардың жұмысының көрсеткіштерін талдайды және қорытады; олардың жұмыс режимін оңтайландыру бойынша мүмкіндіктерді қарастырады;

      персоналдың технологиялық құжаттаманы уақтылы жүргізуін қамтамасыз етеді;

      схемаларға, сызбаларға, пайдалану нұсқаулықтарына қажетті өзгерістер, толықтырулар енгізеді;

      кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізеді;

      жұмысшыларға нұсқама жүргізеді және оларды жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістеріне үйретеді;

      отын-энергетикалық ресурстар, жағармай, жақпа май және пайдалануға қажетті басқа да материалдардың шығындарын есепке алуды және олардың меншікті нормаларын сақтауды ұйымдастырады және оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды енгізеді;

      құрал-саймандарға, арнайы киім-кешекке және басқа да материалдарға өтінімдер дайындайды;

      персоналдың газ жабдығын, механизмдерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарын сақтауы бойынша шаралар қабылдайды;

      жөндеу кестелерін құруға, авариялар, жабдық жұмысындағы істен шығу себептерін анықтауға қатысады және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

      114. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Газ және газбен жабдықтау туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және басқа да нұсқама материалдарды;

      техникалық пайдалану қағидаларын, магистральдық газ құбырларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын, өндірістік қуаттарды, пайдалану сипаттамаларын;

      газ жабдығының нұсқаулықтарын және конструкциясын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың технологиялық схемалары мен жүйелерін, олардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалануды, метанолмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты;

      от және газ қауіпті жұмыстарды орындау жөніндегі қағидаларды;

      мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 114-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      115. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және газ шаруашылығында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

11-параграф. Газ-техникалық инспектор

      116. Лауазымдық міндеттері:

      мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарының газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану ережесінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

      жұмыс жүргізіліп жатқан қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіздік талаптарын, оның ішінде жанармай және жарылғыш заттарды тасымалдау, сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын тексеру мақсатында техникалық қадағалауды жүзеге асырады;

      нормативтік актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      жанар-жағар май және жарылғыш заттарды ұрлауды қоса алғанда, қауіпті өндірістік объектілерде болған авариялар мен оқиғалардың себептерін техникалық зерттеуге қатысады және зерттеуді дұрыс жүзеге асыруды тексереді, сондай-ақ осы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қабылданған шаралардың жеткіліктілігін тексереді;

      өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты нұсқау береді, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын, газ-техникалық қондырғылар мен осы объектіде пайдаланылған технологиялық процестерді техникалық диагностикалау (бұзбайтын бақылауды қоса алғанда) жүргізу қажеттілігі туралы нұсқау береді;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда жүргізілген жұмыстарды тоқтату, егер одан әрі пайдалану аварияға алып келетін болса немесе жұмыскерлердің және/немесе халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда, үй-жайларды қоса алғанда, қауіпті өндірістік объектіде қолданылған жабдық пен газ қондырғыларын пломбалау туралы жазбаша ұйғарымдар береді;

      құрылыс-монтаждау жұмыстарына, газ қауіпті өндірістік объектілерді баптауға, пайдалануға, техникалық диагностикалауға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы тіркейді;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында персоналды аттестаттау, газ қауіпті өндірістік объектілерді қабылдау және пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссияларға қатысады;

      газ жабдығын баптау бойынша жұмыстар жүргізу үшін газ қауіпті өндірістік объектілерге бір реттік техникалық рұқсат береді;

      монтаждаудан, баптаудан, кеңейтуден, реконструкциялаудан, техникалық қайта жарақтандырудан және консервациялаудан кейін өндірістік объектіде пайдаланылған газ жабдығы мен қондырғыларын пайдалануға енгізу үшін газ қауіпті өндірістік объектілерге бір реттік техникалық рұқсаттама береді;

      мамандарға қолданыстағы газ-техникалық құралдардың жай-күйі және оларды дұрыс пайдалану мәселелері жөнінде консультация береді және нұсқама жүргізеді;

      кәсіпорында газ қызметі туралы ереженің болуын, газ қызметінің құрылымын, штат санын, толықтығын, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыс жүйесінің ұйымдастырылуын тексереді;

      қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар мен кәсіпорын дайындайтын газ шаруашылығын пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін көтеру жөніндегі іс-шараларды орындайды;

      газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес мамандарды, жұмысшылар мен дәнекерлеушілерді даярлауға қатысады;

      газ қызметінде лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтардың, газ шаруашылығына қажетті техникалық құжаттаманың, керек-жарақтың болуын, газ қызметінің қажетті құралдармен, мүкәмалмен, жабдықпен, қосалқы бөлшектермен, аспаптармен, жеке қорғаныс құралдарымен жарақталуын тексереді.

      117. Мыналарды:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      техникалық пайдалану қағидасын және магистральдық және үй ішіндегі газ құбырларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидасын өрт қауіпсіздігі қағидасын;

      жабдықтың өндірістік қуаттарын, пайдалану сипаттамаларын, нұсқаулығы мен конструкциясын, газ құбырларының технологиялық схемалары мен жүйелерін, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құрылымын және оларды қауіпсіз пайдалану әдістерін;

      метанол-умен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты, от және газ қауіпті жұмыстар жүргізу жөніндегі нұсқаулықты;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 117-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      118. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және газ шаруашылығында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

12-параграф. Газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник

      119. Лауазымдық міндеттері:

      неғұрлым білікті маманның басшылығымен технологиялық жабдықты қосу, баптау, эксперименттік және басқа да жұмыс түрлерін орындау бойынша жұмысқа қатысады;

      жаңа жүйелерді және саланың объектілерінде пайдаланылатын жабдықты зерттейді жән меңгереді;

      тапсырмаларды орындау туралы есептер дайындайды, орындалатын жұмыстар туралы техникалық есептер үшін материалдарды өңдейді, техникалық құжаттаманы ресімдейді;

      перспективалық әзірленімдерді, пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге қатысады;

      жабдықты жаңғыртумен байланысты техникалық құжаттамадағы өзгерістерді ресімдейді;

      технологиялық жабдық сынағына, жаңа жабдық пен технологиялық процестерді тексеру мен игеру бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады;

      жүйелер мен жабдық жұмысының сенімділігі мен үнемділігі бойынша материалдарды талдауға, таңдауға қатысады;

      материалдарды өңдеу кезінде жеделділікті арттыру мен еңбек шығынын қысқарту мақсатында есептеу техникасын енгізуге қатысады;

      жабдық пен жүйелерді техникалық пайдалану қағидасына сәйкес жұмыстардың орындалуын жүзеге асырады;

      еңбек және өндірістік тәртіптің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      120. Мыналарды:

      мұнай мен газ өндіруге, өңдеуге және тасымалдауға, ұңғымаларды бұрғылау мен жөндеуге, газ объектілерінің жабдығын пайдалануға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарды, нұсқаулықтарды;

      магистралдық газ құбырларын пайдалану кезінде техникалық пайдалану қағидасы мен қауіпсіздік қағидасын;

      жабдықтың өндірістік қуаттарын, пайдалану сипаттамасын, техникалық-экономикалық сипаттамасын және конструктивтік ерекшеліктерін;

      материалдарды механикаландырылған өңдеу технологиясын;

      технологиялық схемалар мен жүйелерді, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату мен қауіпсіз пайдалану қағидасын;

      метанол-умен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты;

      от және газ қауіпті жұмыстар жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және басқа да ережелерді;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      121. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі санаты жоқ техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі санаты жоқ техник: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

13-параграф. Деректер базасын сүйемелдеу жөніндегі инженер

      122. Лауазымдық міндеттері:

      жедел және жиналатын ақпараттың толық көлемін өзекті жұмыс қалпында сақтайды, сондай-ақ ақпаратты заңсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді;

      деректер базасында қолданылатын ақпараттық дұрыстығын және сақталуын қамтамасыз етеді;

      есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелер пайдаланушыларының тапсырмалары бойынша деректер базасын жинайды, көшіреді және түзетеді;

      деректер базалары жұмысының тиімділігін және функционалдығын айқындайды;

      деректер сөздігін және деректер базаларын басқару жүйесін жүргізеді;

      нәтижелердің талап етілетін дұрыстығын және есептеу уақытын азайту мақсатында ақпаратты сақтау және өңдеу процесін жетілдіру бойынша мәселелерді ақпараттандыру бөлімімен келіседі;

      белгіленген тәртіпке сәйкес ақпараттандыру бөлімімен ақпарат алмасуды (оның ішінде телекоммуникациялардың электрондық желілерін пайдаланып) қамтамасыз етеді;

      деректер базаларын пайдалану мәселелері бойынша компьютерлік жүйелерді пайдаланушыларды оқытады және оларға консультация береді;

      компьютерлерде ақпаратты автоматты түрде өңдеуге қатысы бар құжаттарды есепке алу мен сақтауды жүзеге асырады;

      міндеттерді пайдалану нәтижелері бойынша пайдаланушылардың ескертулерін жинақтап, талдайды және анықталған кемшіліктер туралы ақпаратты ақпараттандыру бөліміне береді;

      автоматтандырылған ақпараттық жүйеде айналатын деректердің тұтастығының, дұрыстығының және сақталуының қамтамасыз етілуін қадағалайды;

      қолданылатын бағдарламалық құралдардың және нормативтік-анықтамалық ақпараттың мұрағатын жүргізеді.

      123. Мыналарды:

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу және құрылымының жалпы қағидаттарын;

      желілік әкімшілік етуді ұйымдастыру негіздерін;

      бағдарламалау негіздерін, бағдарламау және ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын пайдалану әдістерін;

      техникалық-пайдаланушылық сипаттамаларды;

      компьютерлік жабдықтың конструкциялық ерекшеліктерін, мақсаты мен жұмыс режимдерін, оны техникалық пайдалану қағидаларын;

      ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің алдын алу, деректер базаларын қалпына келтіру тәсілдерін;

      техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 123-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      124. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      деректер базасын сүйемелдеу жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы деректер базасының әкімшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      деректер базасын сүйемелдеу жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және деректер базасын сүйемелдеу жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      деректер базасын сүйемелдеу жөніндегі санаты жоқ инженер: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе мамандық бойынша не ақпараттық технологиялар саласындағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі 1 жыл.

14-параграф. Есепке алу жөніндегі техник

      125. Лауазымдық міндеттері:

      санауыштардағы көрсеткіштерді күнделікті есепке алу мен есептен шығаруды жүзеге асырады;

      жедел есепке алу түрлері (дайын өнім көлемін, өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысын) бойынша жұмысты жүргізеді;

      бастапқы құжаттарда (нарядтарда, материалдық және кіріс ордерлерде, талаптарда, жүк қағаздарында), журналдарда немесе карточкаларда есепке алу түрлері бойынша тиісті жазба жүргізеді, қорытындысын шығарады және белгіленген есептілікті, ведомость пен жиынтық деректерді дайындайды;

      заманауи техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      бастапқы деректерді өңдейді, жиынтық деректерді дайындайды және басқармаға ағымдағы тәулік үшін энергия ресурстарының шығысы туралы деректерді береді;

      ағымдағы тәулік үшін энергия ресурстарын пайдалануды талдайды және есепке алу кезеңі басталғаннан кейін артық шығыстауды болдырмау, шығыстар лимиттері мен нормаларын (соның ішінде үлестік) сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;

      энергия ресурстары артық шығысталған жағдайда басшылық пен жедел персоналға (энергия ресурстарын пайдалану мен технологиялық процеске әсер ететін жұмысшыларға) жедел хабарлайды;

      бір ай үшін энергия ресурстарын пайдалану балансын шығарады және оны басқармаға береді.

      126. Мыналарды:

      жедел есепке алуды ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ережелерді, нұсқаулықтарды, басқа да басшылыққа алынатын материалдар мен нормативтік құжаттарды, өндірісті ұйымдастырудың негіздерін;

      бастапқы құжаттама нысандарын, оларды толтыру тәртібін;

      ұйым шығаратын өнім көлемін өлшеу бірлігін;

      жабдықты, техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      127. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы есепке алу жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ІІ санаттағы есепке алу жөніндегі техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы есепке алу жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және есепке алу жөніндегі санаты жоқ техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      есепке алу жөніндегі санаты жоқ техник: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

15-параграф. Жабдық жөндеу жөніндегі механик

      128. Лауазымдық міндеттері:

      бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын пайдалану мен сенімді жұмысын қамтамасыз етеді, бұрғылау және мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын уақтылы және сапалы алдын ала тексеруді, жөндеуді жүзеге асырады;

      техникалық пайдалану ережесін және бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының қауіпсіздік ережесінің талаптарына сәйкестігін сақтау бойынша шаралар қабылдайды және оларды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады;

      мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында жабдықтың, жекелеген бөлшектер мен тораптардың жұмыс жағдайларын зерттейді;

      тозған және сапалық ескірген жабдықты уақтылы ауыстыру жөніндегі шараларды қабылдайды;

      бұрғылау және мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының жаңа үлгілерінің сынағына қатысады;

      ережемен көзделген жүк көтеретін механизмдердің, жүк қармау және шынжырлы құрылғылардың, аппараттардың және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, электр-газбен дәнекерлеу аппаратурасының, ацетилендік, оттегілік және компрессорлық қондырғылардың сынақтарына, оларды техникалық тексеруге және ревизияларына қатысады;

      жабдықтың, аспаптар мен айла бұйымдардың ақауын табуға қатысады;

      жабдықты монтаждау сапасын қамтамасыз етеді, келіп түскен жаңа жабдық пен құралдың толықтығын тексереді;

      бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығы аварияларының себептерін тексеруге және оларды болдырмау құралдарын әзірлеуге қатысады;

      жабдық жұмысын, қосалқы бөлшектер мен материалдар шығысын бастапқы есепке алуды жүргізеді;

      жабдықтың болуы мен оның техникалық жай-күйі туралы есеп дайындауды қамтамасыз етеді;

      қосалқы бөлшектердің, материалдардың уақтылы жеткізілуін, жабдыққа арналған паспорттардың болуын қадағалайды;

      отын және жақпа май материалдарының шығыс нормаларын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      отын-энергетика ресурстарын үнемдеу бойынша құралдар әзірлеуге қатысады;

      белгіленген есептілікті жүргізеді.

      129. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      жабдықты, сайманды, механизмдерді және тағы басқаларды жеткізуге және оларға қызмет көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының техникалық сипаттамасын, конструктивтік ерекшелігін, мақсаты мен жұмыс режимін, оны техникалық пайдалану қағидасын;

      жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен оның технологиясын;

      жөндеу жөніндегі техникалық құжаттаманы әзірлеу қағидасын;

      мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясының негіздерін;

      мұнай және газ өндіру технологиясын;

      бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын пайдалану, жөндеу, жаңғырту кезінде еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 129-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      130. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жөндеу қызметтеріндегі бағыт бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және жөндеу қызметтерінде жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

16-параграф. Жол инспекторы

      131. Лауазымдық міндеттері:

      өндірістік мақсаттағы жол желісін дамыту мен жетілдіруді қамтамасыз етумен байланысты жұмысты жүргізеді;

      жұмыс жүргізу технологиясын, сапасын, көлемі мен мерзімдерін сақтауды, жолдардың және олардағы жасанды құрылыстарды көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз етеді;

      жол мен жол құрылыстарын пайдалану қағидаларын сақтауды, мердігерлер мен жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын ескере отырып, автомобиль жолдарын тексеру мен диагностикалауды, осы мақсаттарға бөлінген ақша қаражаты мен мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      орындалған жұмыстар сапасы туралы қорытындылар дайындайды, анықталған бұзушылықтарды жою және жұмысты тоқтату туралы ұйғарымдар береді;

      мердігерлерге анықталған шарттық міндеттемелерді бұзушылық, жұмыс сапасының төмендігі немесе кемшілікті жою жөніндегі жазбаша ұйғарымдарды орындамағаны үшін экономикалық және әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

      автомобиль жолдарының жай-күйін бағалайды және автомобиль жолдары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйі және оны дамыту, жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін көтеру, жол қозғалысы қауіпсіздігін ғылыми, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

      нормативтік-техникалық құжаттар қорын қалыптастыру мен жүргізуге қатысады;

      жол шаруашылығы мәселелері жөніндегі ұзақ мерзімді болжамдар, орта мерзімді бағдарламалар және жол шаруашылығындағы жұмыстардың ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      жол объектілеріне жобалық құжаттама сараптамасын жүзеге асырады және қорытынды дайындайды;

      жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиялары үшін құжаттар әзірлейді;

      автомобиль жолдарына және жасанды құрылыстарға паспорттар жүргізеді, ақпараттық және анықтамалық-талдамалық материалдар дайындайды;

      мердігерлерді автомобиль жолдары мен олардағы жасанды құрылыстарды ұстау бойынша жұмыстарды орындауға тартудың экономикалық орындылығының есеп-қисабын жүргізеді;

      жол жұмыстарына шығындарды талдайды, автомобиль жолының бір километрін ұстауға және құрылыс-монтаждау немесе жөндеу жұмыстарына жұмсалатын нормативтік шығындар туралы ұсыныстар дайындайды;

      орындалған жұмыстар туралы есептілік жасайды;

      зілзала және жол-көлік оқиғаларының салдарларын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;

      ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының өндірістік мақсаттағы жолмен жүруіне арналған өтінімдерді қарайды, қозғалыс маршруттары мен жол жүру шарттарын келіседі, жалпы массасы немесе біліктік жүктемесі нормативтік мәндерден асып түсетін көлік құралдарының рұқсат етілмеген жол жүруі салдарынан автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарға келтірілген шығын көлемін есептейді.

      132. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      автомобиль жолдарын басқарудың, оларды салудың, бақылау мен қадағалауды пайдаланудың ұйымдастыру және экономикалық негіздерін дамыту мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      өндірістік мақсаттағы жол шаруашылығын дамытуға бағытталған қаржыландыру жоспарларын;

      жұмыстарды жүргізу, жол қозғалысының қауіпсіздігін, жолдардың сақталуын инженерлік қамтамасыз ету технологиясы мен сапасын;

      орындалған жұмыстардың (қызметтердің) белгіленген стандарттарға сәйкестігі туралы қорытындылар дайындау тәртібін;

      нормативтік құжаттарды әзірлеу әдістерін;

      жұмыстарды жоспарлау мен қаржыландыру тәртібін;

      жаңа технологиялар мен техника енгізу тәртібін;

      жер пайдалану қағидаларын, орындалған жұмыстарды қабылдау тәртібін, объектілерді пайдалануға енгізу қағидасын;

      жолдар мен құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін анықтау тәртібін;

      мердігерлік сауда-саттық жүргізу және келісімшарттар жасасу қағидаларын;

      мемлекеттік және коммерциялық құпиядан тұратын ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету әдістерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 132-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      133. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жол шаруашылығында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

17-параграф. Желдету жүйесі жөніндегі инженер

      134. Лауазымдық міндеттері:

      желдету жүйесі жабдығын реттеу мен монтаждау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      желдету жүйесі мен шаң-газ режимі бойынша құжаттардың жасалуын және жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      жабдықты жөндеу кестелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      газдан тазарту, желдету жүйесі және шаңды басу жобаларын әзірлейді;

      желдеткіш жабдығының есебін жүргізеді;

      жөндеу жұмыстарын дайындауды жүзеге асырады;

      желдеткіш жабдығының техникалық жағдайын және жөндеу сапасын тексереді;

      жабдықты жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерге бөлінген қорларды іске асыру бойынша шараларды қабылдайды;

      ауаның тозаңдылығы мен газдылығының сынамаларын іріктеуді және талдауды жоспарлауға қатысады;

      қозғалыс жылдамдығын және ауаның көлемін бақылап өлшеуді ұйымдастырады;

      желдету жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды дайындауға және енгізуге қатысады;

      жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оны пайдалану және жөндеу, тотығудан қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;

      жабдық аварияларының, өндірістік жарақаттылықтың себептерін тергеп-тексеруге, олардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      желдеткіш жабдығын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға, конструкцияларын жетілдіруге, оған техникалық қызмет көрсетуге қатысты өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстар бойынша қорытындылар береді, қабылданған ұсыныстарды ұйымдастырады;

      материалдарға, қосалқы бөлшектер мен құралдарға өзіндік ерекшеліктерді және өтінімдерді жасайды, оларды дұрыс жұмсауды жүзеге асырады;

      қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды;

      жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      135. Мыналарды:

      желдету жүйесі жабдығын монтаждау, реттеу және пайдалану жұмыстарын технологиялық дайындау және жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      желдету жүйесі жабдығының конструкциялық ерекшеліктерін, техникалық сипаттамасын, мақсаты мен жұмыс режимдерін;

      монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, реттеу және пайдалану әдістері мен қағидаларын;

      жабдыққа, қосалқы бөлшектерге және материалдарға арналған өтінімдер жасау тәртібін;

      жабдықты тотығудан қорғау тәсілдерін;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасын;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағидаларды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      136. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      желдету жүйесі жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және желдету жүйесі жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

      желдету жүйесі жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және желдету жүйесі жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      желдету жүйесі жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және желдету жүйесі жабдығын пайдалану және жөндеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

18-параграф. Заңгер көмекшісі

      137. Лауазымдық міндеттері:

      құқықтық деректер базаларының, архивтердің, өзге де дереккөздердің көмегімен заңгер көрсеткен тақырып бойынша заңдық ақпарат іздестіруді жүзеге асырады;

      табылған ақпаратты талдайды және берілген тақырыпқа неғұрлым сай келетін нормативтік актілердің тізімін дайындайды;

      күнделікті деректер базасы, мамандандырылған заң басылымдары арқылы қабылданған және күшіне енген нормативтік құқықтық актілер тізбесімен танысады және заңгерге неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық құжаттарға шолуды дайындайды;

      шағын көлемдегі, күрделі емес заңды құжаттар (шарттар, сұратулар, талап-арыздар, қуынымдар, шағымдар) жобаларын әзірлейді және оларды түзету мен бекіту үшін заңгерге ұсынады;

      заңгердің тапсырмасы бойынша күрделі емес заңдық мәселелерді (құжаттарды тапсыру мен алу, түсініктемелер алу, өзге де заңды іс-қимылдарды жасау) шешу үшін мемлекеттік және сот органдарына, сырт ұйымдарға барады;

      заңдық құжаттаманы есепке алуды жүзеге асырады;

      заңгер жіберген және заңгер алған хат-хабарларға жауап береді;

      заңгер алдында өз жұмысының нәтижелеріне есеп береді.

      138. Мыналарды:

      заң қызметіне және құқыққа қатысты нормативтік құқықтық актілерді, басқа да басшылыққа алынатын, әдістемелік және жоғары тұрған органдардың нормативтік материалдарын;

      материалдық және процессуалдық құқық негіздерін, құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және нормативтік материалдарды;

      мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен қатынас этикасын;

      іс жүргізу стандарттарын, оларды жүйелендіру тәртібін;

      заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы есепке алу мен жүргізуді;

      заманауи техникалық коммуникация мен байланыс құралдарын пайдалана отырып, ақпарат өңдеу әдістерін, мәтіндік редакторларды және арнаулы заңдық бағдарламалық қамтылымды;

      ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      139. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және әділет органдарында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

19-параграф. Инженер-жылу технигі (жылу технигі)

      140. Лауазымдық міндеттері:

      жылу шаруашылығының объектілері: сыртқы және ішкі жылу желілеріне, жылу тораптары мен жылу жүйелеріне жабдыққа, аппаратураға және жылу энергиясын есептеу аспаптарына қызмет көрсетуді, оларды тексеру мен реттеуді ұйымдастырады;

      жылу-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің, жабдығының, аппаратурасы мен есептеу аспаптарының тоқтап қалу және бұзылу жағдайларын талдайды және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      жылу жүйелері мен жабдығын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын, оларды профилактикалық қарауды жүргізуді ұйымдастырады;

      қол астындағы персонал жұмысының нұсқаулықтарын, кестелерін, қажетті материалдарға, жабдыққа өтінімдер мен техникалық құжаттаманы жасайды;

      пайдалану жағдайында жылу-техникалық жүйелер монтажын қамтамасыз етеді, паспортқа және тиісті техникалық құжаттамаға түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды дайындайды;

      жаңа жылу-техникалық жүйелерді, жабдықты, аппараттар мен аспаптарды күрделі жөндеуден кейін пайдалануға қабылдауға қатысады;

      белгіленген құжаттаманы ресімдейді және есептілікті жасайды;

      жылу-техникалық қамтамасыз ету жабдығын пайдалану мен оған қызмет көрсетудің озық тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және енгізеді;

      жылу жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және еңбекті ұтымды ұйымдастыру бойынша өнертапқыш ұсыныстарды қарауға және енгізуге қатысады;

      еңбек өнімділігін арттыруға және жылу-техникалық қамтамасыз ету шығындарын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды енгізеді;

      жылу-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігіқағидалары мен нормаларының, өндірістік және еңбек тәртібінің, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының талаптарын сақтайды.

      141. Мыналарды:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      жылу-техникалық және энергетикалық жабдықтың, аппаратураның және есептеу аспаптарының ұйымдастырылуын, жұмыс мақсатын, қағидаттарын, пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын;

      пайдаланылатын жабдықтың жұмысын жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізу әдістерін;

      жабдық монтажынан кейін пайдалануға қабылдау тәртібін;

      отынды және басқа да жылу көздерін, газды, буды ұтымды пайдалану әдістерін;

      жылу өткізу саласындағы озық тәжірибені;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 141-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      142. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы инженер-жылу технигі: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санатындағы инженер-жылу технигі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      ІІ санаттағы инженер-жылу технигі: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ инженер-жылу технигі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      санаты жоқ инженер-жылу технигі: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы жылу технигі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

20-параграф. Инженер-бақылаушы

      143. Лауазымдық міндеттері:

      машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етеді;

      басқа мамандармен бірлесіп, техниканың техникалық жай-күйі мен оны жөндеуге қою мерзімдерін анықтайды;

      өтінімдер бойынша және жөндеуден кейін ұйымға келіп түскен жабдықты қабылдау мен оның сапасын бағалауға қатысады;

      жөндеуге келіп түскен техниканың жай-күйін анықтауға және қорытынды дайындауға қатысады;

      техниканы қалпына келтірумен және оның бөлшектерін дайындаумен және жөндеумен байланысты жұмыстарды орындау нарядтарына қол қояды, оларды дұрыс ресімделуін тексереді;

      белгіленген нормалар мен лимиттерге сәйкес материалдарды, қосалқы бөлшектерді және басқа да құралдарды дұрыс жұмсауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      техниканы жөндеу кезінде пайдаланылатын өлшеу аспаптарының, станоктардың және жабдықтың жарамды жай-күйін қамтамасыз етеді;

      ұйымда дайындалатын жабдық пен механикаландыру құралдарының сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      тапсырыс берушіден (тұтынушыдан) келіп түскен ұйымда дайындалатын жабдық сапасы жөніндегі наразылықты қарайды және талдайды, қорытынды дайындайды және қарау нәтижелері бойынша хат алмасады;

      сапасыз жөндеу мен техникалық қызмет көрсету себептерін анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      жөндеу жұмыстарына қатысатын персоналдың біліктілігін арттыруға қатысады;

      жөндеуден шығарылған және ұйымға келіп түскен жабдық, отын, жақпа материалдар сапасы туралы тиісті құжаттар дайындайды және есептілікті уақтылы ұсынады.

      144. Мыналарды:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      машиналар мен жабдықты жөндеу технологиясы мен олардың техникалық жай-күйі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;

      техникалық бақылауға және жабдық құруға қойылатын нормативтік-техникалық талаптарды;

      жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмыс істеу сапасын бақылау әдістерін;

      жүргізілген жөндеу мен қызмет сапасын арттыру әдістерін, жоспарлы-алдын ала жөндеудің бірыңғай жүйесін, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін;

      ұйымдағы машиналардың, механизмдердің, көлік құралдарының және басқа да жабдықтың мақсаты мен жұмыс режимдерін;

      жабдықты өндірістік және техникалық пайдалану қағидаларын;

      ақау түрлерін, оның алдын алу және жою әдістерін;

      жабдықты шығару технологиясын, жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жүргізу технологиясын;

      жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидаларын;

      жөндеу жүргізуге сметаларды, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге арналған өтінімдер жасау тәртібін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 144-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      145. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы инженер-бақылаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы инженер-бақылаушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы инженер-бақылаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ инженер-бақылаушы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      санаты жоқ инженер-бақылаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіп бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

21-параграф. Инженер-химик

      146. Лауазымдық міндеттері:

      шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге химиялық талдау мен физикалық-механикалық сынақ жүргізеді;

      шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және дайын өнім сапасының қолданыстағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      жаңа зертханалық бақылау әдістерін әзірлеуге және қолданыстағы әдістерді жетілдіруге және оларды өндіріске енгізуге қатысады;

      стандарттарды, сынақ әдістерін химиялық талдау жөніндегі жаңа әдістемелер мен нұсқаулықтар әзірлеуге, өнім сапасын ағымдағы бақылауға, оның ішінде жұмыс орындарында жедел талдауға қатысады, оларға сынақ жүргізеді;

      стандарттық емес талдау нәтижелерін метрологиялық бағалауды, қызмет көрсетілетін жабдықты баптауды, күрделі титрлерді белгілеу мен тексеруді, күрделі реактивтерді құруға және олардың жарамдылығын тексеруге, зертханалық қондырғыларды схемалар бойынша құрастыруға, арбитраждық талдау жүргізуге қатысады, жабдықты дұрыс пайдалануды және оны тексеруге уақтылы тапсыруды бақылайды;

      жартылай фабрикаттар мен жұмыс ерітінділерінің сапасына тексеру жүргізеді;

      химиялық талдау зертханашыларының, физикалық-механикалық сынақ зертханашыларының жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      өнім шығару және бақылау саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені зерделейді;

      талдау мен сынақ нәтижелерін дайындап, қорытады және зертханалық журналдарды жүргізеді;

      жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.

      147. Мыналарды:

      сапа, зертханалық сынақтар, талдаулар жүргізу жүйелеріне қойылатын талаптарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, басқа да басшылыққа алынатын және әдістемелік құжаттарды;

      химиялық талдау, физикалық-механикалық сынақтар және шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге зерттеулер жүргізу әдістерін;

      жалпы, талдамалық және физикалық химия негіздерін;

      технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін;

      шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық және конструктивтік деректерін, салада және ұйымда қолданылатын стандарттар, техникалық шарттар мен талаптарды;

      техникалық құжаттамаға, шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге қойылатын талаптарды;

      зертханалық жабдыққа қызмет көрсету мен пайдалану қағидаларын;

      талданатын материалдар мен қолданылатын реактивтердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

      өнімге сынақ жүргізу, қабылдау мен сақтау қағидаларын;

      орындалатын жұмыстарға құжаттама жүргізу қағидаларын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      148. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы инженер-химик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы инженер-химик лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

      ІІ санаттағы инженер-химик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ инженер-химик лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

      санат жоқ инженер-химик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қызмет бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

22-параграф. Көлік жөніндегі инженер

      149. Лауазымдық міндеттері:

      көлік бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырады;

      көлік бөлімшелерінің қызметін талдайды, автомобиль көлігі мен арнайы техниканың жоспардан тыс тоқтап тұруын қысқарту жөнінде шаралар әзірлейді;

      автокөлік құралдары паркінің болуын есепке алуды жүргізеді;

      бақылау-инспекциялық органдарда автокөлік жөнінде рұқсат беруші құжаттарды уақтылы қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады және белгіленген нысан бойынша есеп береді;

      көлікке қажеттілікті анықтайды, көліктік қамтамасыз ету бөлігінде өндірістік бағдарлама әзірлейді;

      өндірістік объектілерде авариялық жағдайлардың алдын алу мен жою үшін желіге автокөлікті шығаруды қамтамасыз етеді;

      автомобиль көлігін пайдалана отырып жұмыстар жүргізген кезде қауіпсіздік талаптары мен нормаларына сәйкес өндірістік процестерді қауіпсіз жүргізуді дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлімшелердің автокөлікті пайдалану бөлігінде бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

      автокөлік кәсіпорындарының жол қағаздары бойынша төлем шоттарын дұрыс ресімдеуін тексереді;

      автокөлікті санитариялық нормаларға, қауіпсіздік техникасына және паспорттық деректерге сәйкестігін тексереді;

      бөлімшелерде жол қағаздарын ресімдеу тәртібін бақылайды;

      жылжымалы құрамға, тораптар мен агрегаттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      көлікті үздіксіз және техникалық дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;

      пайдалану сұйықтықтарының, майлағыш және резеңке-техникалық бұйымдардың шығысын және олардың тиімді пайдаланылуын есептейді;

      шаруашылық шарттар жасасу және орындау үшін материалдарды уақтылы дайындауды ұйымдастырады.

      150. Мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      автомобильдерді, жол салу машиналары мен механизмдерін пайдалану, жөндеу, техникалық ұстау мәселелері жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттарды;

      техниканың құрылысын, мақсатын, конструктивтік ерекшеліктерін, автокөлік құралдарын пайдалану деректерін;

      жүктерді және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын;

      жол жүрісі қағидаларын, автомобильдердің, жол салу машиналары мен механизмдерінің, жүк тиеу-түсіру техникасының құрылысы мен конструктивтік ерекшеліктерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      151. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы көлік жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы көлік жөніндегі инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы көлік жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және көлік жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      көлік жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автокөлік кәсіпорындарында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша орташа техникалық және кәсіптік (орташа арнаулы, орташа кәсіптік) білім және техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

23-параграф. Қауіпсіздік қызметінің инспекторы

      152. Лауазымдық міндеттері:

      жұмыскерлердің өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын, сондай-ақ кәсіпорын мүлкін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды енгізуді жүзеге асырады;

      ақша қаражатын, материалдық құндылықтарды берудің, алудың, тасымалдаудың және сақтаудың белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ кәсіпорынның ақша қаражаты мен құндылықтарын сақтауды қамтамасыз ету және кәсіпорында залалды болдырмау жөніндегі барлық нормалар мен қағидалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      қауіпсіздік қызметінің құрылымы мен тәртібін белгілейтін кәсіпорынның ішкі құжаттарын сұратады және зерттейді;

      кәсіпорында күзет және өрт дабылы жүйелерінің, бақылау-өткізу жүйесінің, ақпаратты заңсыз қол жеткізуден қорғаудың техникалық құралдарының болуы мен жарамдылығын, объектілердің арнаулы жабдықпен, байланыс құралдарымен, мүкәмалмен жарақтандырылуын және т.б. анықтайды;

      жүргізілген тексерістер туралы есеп жасайды, оларда тексеріс барысында анықталған кемшіліктер, бұзушылықтар, оларды жою мерзімдері, кәсіпорында күзет жүйесін және қауіпсіздік қызметінің жұмысын жетілдіру туралы тұжырымдар мен негізделген ұсыныстар көрсетіледі;

      тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді;

      кәсіпорын жұмыскерлерінің бақылау-өткізу режимін сақтауды жүзеге асырады;

      қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің білімі мен кәсіби машықтарына тексеру жүргізеді;

      оған жұмыс барысында мәлім болған кәсіпорында қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі, күзет дабылы жүйелері, рұқсат етілмеген қол жеткізуден ақпаратты қорғау жүйесі туралы мәліметтердің, сондай-ақ кәсіпорын қызметіне қатысты басқа да мәліметтердің жария болмауын қамтамасыз етеді.

      153. Мыналарды:

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      кәсіпорын ұйымының, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің ерекшелігі мен құрылымын, кәсіпорын объектілерін күзетуді ұйымдастыру қағидаттарын, кәсіпорын объектілерінің бақылау-өткізу жүйесін;

      рұқсат етілмеген ақпаратты қол жеткізуден қорғаудың техникалық құралдарының сипаттамалары мен қағидатын, күзетілетін объектілерді қылмыстық қол сұғудан қорғау тактикасын;

      қылмыскерлермен келіссөздер жүргізу стратегиясы мен тактикасын;

      заманауи техникалық құралдар мен жабдықты (дабыл жүйелері, байланыс және басқалар), оларды жарамды күйде ұстауға қойылатын талаптарды;

      байланыс мақсаты мен түрлерін, байланысқа кіру қағидаларын және эфирдегі мінез-құлық қағидаларын;

      кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің өз міндеттерін орындау кезінде қару мен оқ-дәрілерді ұстау мен пайдалану қағидаларын;

      кәсіпорындағы құжатайналымы жүйесін, кәсіпорында қаржылық құжаттардың нысандары мен ресімдеу тәртібін;

      ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, беру, есепке алу, сақтау және күзету қағидаларын;

      кәсіпорынның жекелеген жұмыскерлерімен ілесіп жүру қағидаларын;

      кәсіпорын қызметінің тәртібін, құрылымын белгілейтін кәсіпорынның ішкі құжаттарын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 153-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      154. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қауіпсіздік қызметінде немесе құқық қорғау органдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

24-параграф. Қойнауқат қысымын ұстап тұру жөніндегі инженер

      155. Лауазымдық міндеттері:

      қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша перспективалық және ағымдағы міндеттерді әзірлеуге қатысады;

      айдау ұңғымалары жұмысының тиімділігін арттыру амалдарын айқындайды;

      айдау ұңғымалары қорының техникалық жағдайы мен жабдықтың тоқтап қалу себептерін талдауды жүргізеді;

      суды қойнауқатқа су айдау бойынша тапсырмалардың орындалуын және өндірістік объектілердің жағдайын бақылайды;

      айдау ұңғымаларын күрделі жөндеуге наряд-тапсырманы жасайды және оларды жүргізу сапасын қамтамасыз етеді;

      орнатылмаған жабдық пен қосалқы бөлшектердің дұрыс консервациялануын және сақталуын қамтамасыз етеді;

      авариялар мен жабдықтың істен шығуын тергеп-тексеруді ұйымдастырады;

      жаңа техниканы, еңбекті көп қажет ететін процестерді механикаландыруды сынау және енгізу жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады;

      айдау ұңғымаларын пайдалану бойынша озық тәжірибені енгізуді ұйымдастырады;

      жабдықтың есебін және техникалық жағдайының қажетті құжаттамасын, оны паспорттауды жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидаларының, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

      156. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай және газ өндіруге қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агенттерді қойнауқатқа айдау өндірісіне қатысты әдістемелік және нұсқама материалдарын;

      мұнай және газ өндіру технологиясын;

      қойнауқатқа айдау жабдығын, оны техникалық пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын;

      геологиялық қиындықтардың, техникалық бұзушылықтардың, жабдық аварияларының пайда болу шарттарын және олардың алдын алу және жою тәсілдерін;

      мұнай және газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      есептік құжаттаманы ресімдеу тәртібін;

      материалдарды жұмсау нормалары мен сақтау қағидаларын;

      қойнауқаттың мұнай-газ қайтаруын арттыру техникасы мен технологиясы саласындағы отандық және әлемдік тәжірибені;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 156-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); . 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      157. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

      қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қойнауқат қысымын ұстап тұру жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      қойнауқат қысымын ұстап тұру жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қойнауқат қысымын ұстап тұру цехтеріндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

25-параграф. Маркшейдер

      158. Лауазымдық міндеттері:

      маркшейдерлік жұмыстарды және ұңғымалардың тіректік желісін құру бойынша есептеуді, тау-кен қазбаларын суретке түсіруді және өлшеуді, түсіру материалдарын камералық өңдеуді орындайды;

      тау-кен қазбаларының, құрылыстардың, трассалардың және басқа да объектілердің жобаларын жергілікті жердің жағдайына ыңғайлауды және оларды натураға ауыстыруды жүзеге асырады;

      қажетті геодезиялық өлшеуді жүзеге асырады және далалық құжаттаманы жүргізеді;

      тау-кен, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар жоспарлары мен жобалар бөлімдерін жасауға қатысады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазбаларына бағыт береді, олардың жобалық бағыттарының, қималарының, еңістерінің, габариттерінің және бейіндерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      күзетуге жататын объектілер үшін сақтандыру кентіректері шекараларының өлшемдерін есептеуді және салуды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      сарқылған кеңістікті, тау-кен массасы мен пайдалы қазбаларды өндіруді, оларды өндіру кезіндегі шығындарды және құнарсыздануды, учаске бойынша орындалған тау-кен-үңгілеу және тазарту жұмыстарының көлемін есепке алады;

      жару жұмыстарының техникалық есептері үшін құжаттама мен материалдар дайындайды;

      маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық-технологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      объектілер салуға жер телімдерін ресімдеу үшін геодезиялық материалдарды келісуге қатысады және дайындайды;

      геодезиялық аспаптар мен құралдарды тексеруге және түзетуге қатысады, оларды дұрыс пайдалану мен сақтауды қамтамасыз етеді;

      материалдарды камералық өңдеуді жүзеге асырады, есеп жұмыстарын орындайды, жоспарлар, схемалар, бейіндер және басқа да кескіндік материалдарды жасайды;

      өндірістік құжаттама мен есептілікті ресімдейді;

      маркшейдерлік жұмыстардың материалдарын есепке алу және сақтау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      маркшейдерлік жұмыстар жүргізу кезінде техник-маркшейдерлер мен жұмысшыларды басқарады;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

      159. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      геологиялық зерттеу, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттарды, қағидаларды, нұсқаулықтарды және әдістемелік материалдарды;

      тау-кен жұмыстарын жүргізуді дамыту перспективасы мен ерекшеліктерін, маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтары мен шарттарын;

      маркшейдерлік жұмысты жүргізуді ұйымдастыру мен оның технологиясын, жұмыстың түрлерін, техникалық сипаттамаларын, қағидаттарын;

      маркшейдерлік жабдықты, аспаптар мен құралдарды пайдалану, қызмет көрсету және сақтау қағидаларын;

      геодезиялық жабдықты, аспаптар мен құралдарды тексеру, түзету және сақтау қағидаларын;

      жер бетінің қозғалысын және күзетілетін объектілердің жай-күйін бақылау әдістерін;

      жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қорлары мен шығындары қозғалысын есепке алу тәртібін;

      маркшейдерлік құжаттама жүргізу тәртібін, қағидаларын, ресімдеу және сақтау қағидалары мен оларға қойылатын талаптарды, техникалық есептерді жүргізу және материалдарды камералық өңдеу әдістерін;

      геодезиялық карталарды, жоспарларды, схемаларды, бейіндерді және басқа да кескіндік материалдарды жасау қағидалары мен оларды жасауға қойылатын талаптарды;

      сызба құралдарының негізгі түрлері мен оларды пайдалану ережесін;

      маркшейдерлік жұмыстарды жобалау мен жоспарлау тәртібін;

      маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені;

      экономика, геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарының негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 159-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      160. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы маркшейдер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы маркшейдер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      санаты жоқ маркшейдер: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник-маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

26-параграф. Метрология жөніндегі инженер

      Ескерту. 26-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      161. Лауазымдық міндеттері:

      технологиялық процестердің дәлдігін талдау кезінде шамаларды күрделі өлшеуді орындайды және кәсіпорын бөлімшелерінің араларында метрология мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешеді;

      өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді және калибрлеуді сақталуын қамтамасыз етеді;

      персоналдың технологиялық құжаттамасын уақтылы жүргізуін қамтамасыз етеді;

      бекітілген тексеруаралық және калибрлеуаралық интервалдарды ескере отырып, салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін жасайды, қажет болған жағдайда оларды түзету бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      метрологиялық қағидалар мен нормалардың бұзылуы туралы хаттамалар жасайды;

      кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізеді;

      шамаларды өлшеу құралдарын таңдауға, өлшеу құралдарына деген қажеттілікті анықтауға және жаңа өлшеу техникасын енгізу жоспарларын, өлшеуді орындау әдістемелерін, қажетті өлшеу құралдарын әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды, олардың экономикалық негіздемелерін әзірлеуге қатысады;

      өлшеуді орындау әдістемелерін аттестаттауға, техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптауға қатысады;

      персоналдың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауын қамтамасыз етеді;

      кәсіпорынның технологиялық процестерінде орындалатын шамаларды өлшеу қателіктерін бағалайды;

      кәсіпорын бөлімшелерінде өлшеу құралдарының жай-күйіне және қолданылуына, аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      шама бірліктері эталондарын, стандартты үлгілерді өлшеу, сақтау және тиісті жай-күйде ұстау құралдарымен жинақтау жөніндегі шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 161-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      162. Мыналарды:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі жөніндегі өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттарды, салыстырып тексеру және калибрлеу қызметіне, метрологиялық бақылауға қатысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді;

      сапа жөніндегі әдістемелік ұсынымды, салыстырып тексеру/калибрлеу зертханасының жұмысын регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулықтарды;

      калибрленетін аспаптар пайдаланылатын өлшеуді орындау, бақылау, сынау әдістемелерін, аспаптарды пайдалану шарттарын;

      аспаптарды калибрлеу үшін пайдаланылатын эталондар мен қондырғыларды орнатуды және оларды пайдалану қағидаларын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      163. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы инженер-калибрлеуші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы инженер-калибрлеуші лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы инженер-калибрлеуші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ инженер-калибрлеуші лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      санаты жоқ инженер-калибрлеуші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және метрология және аспаптар тексеру қызметтерінде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

27-параграф. Мұнай және газ өндіру жөніндегі инженер

      164. Лауазымдық міндеттері:

      белгіленген технологиялық режимдерге сәйкес пайдалану ұңғымасының, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының жұмысын ұйымдастырады;

      бекітілген технологиялық режимдерден ауытқу себептерін жою бойынша жедел шараларды қабылдайды;

      мұнай мен газ өндірудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      қолданыстағы ұңғымалар қорының жұмысына салыстырмалы талдау жүргізеді;

      өндірістік объектілерді химиялық реагенттермен (демульгаторлар, диспергаторлар және басқа да тұздың бөлінуінен, тоттанудан ингибиторлық қорғау және басқаларымен) қамтамасыз етуге қатысады;

      геологиялық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      пайдалану ұңғымалары мен басқа да өндірістік объектілер жұмысының технологиялық режимдерін жасауға қатысады;

      мұнай және газ өндіру бригадаларын қажетті техникалық, технологиялық және басқа да құжаттамамен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      өндірістік объектілерді күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау бойынша іс-шараларды жасауға қатысады;

      өндірістің технологиялық режимдерінің өзгеруіне және түзетілуіне байланысты техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізеді;

      мұнай-газ кәсіпшілігі объектілерін паспорттауды жүргізеді;

      пайдалану ұңғымалары бойынша авариялардың есебін жүргізеді;

      авариялардың себептерін талдауға және олардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      ұңғымаларды ағымдағы жөндеуді жүргізу сапасын, жаңа техниканы сынауды, мұнай жинау жүйесін жетілдіруді, мұнай-газ өндіру және парафинсіздендіру технологиясын бақылайды;

      өндіріс тиімділігі мен мәдениетін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, қоршаған ортаны қорғау, материалдарды, отынды және электр энергиясын жұмсаудың техникалық тұрғыдан негізделген нормаларын әзірлеу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      материалдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

      165. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай және газ өндіру, жинау техникасы мен технологиясына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      мұнай және газ кен орындарын пайдалану қағидаларын, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу техникасы мен технологиясын;

      ұңғымаларды салу технологиясын;

      мұнай-газ кәсіпшілігі объектілерінде техникалық кемшіліктердің, авариялардың, қиындықтардың пайда болу жағдайы, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;

      мұнай-газ кәсіпшілігіне қызмет көрсететін бөлімшелердің мамандануын;

      мұнай және газ өндіру саласындағы озық тәжірибені;

      өндірісті жедел есепке алуды ұйымдастыруды;

      кәсіпшілік геология негіздерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 165-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      166. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      мұнай және газ өндіру жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды құю жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      мұнай және газ өндіру жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай және газ өндіру жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      мұнай және газ өндіру жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай және газ өндірудегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

28-параграф. Мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі инженер

      167. Лауазымдық міндеттері:

      техникалық шарттарға сәйкес мұнайды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

      мұнай дайындау және тасымалдау бойынша перспективалық, ағымдағы және жедел тапсырмаларды әзірлеуге қатысады;

      мұнай дайындау және тасымалдау объектілері жұмысының тиімділігін арттыру амалдарын айқындайды;

      шығындарды қысқарту және тапсырылатын мұнайдың сапасын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;

      цехтің технологиялық жабдығының қауіпсіз және техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді және мұнай дайындау мен тасымалдау технологиясының сақталуын қамтамасыз етеді;

      жабдықты күрделі жөндеуге тапсырыстар жасауға, авариялар мен жабдықтың істен шығуын тергеп-тексеруге қатысады;

      мұнай дайындау және тасымалдау технологиясын жетілдіру бойынша озық тәжірибенің енгізілуін ұйымдастырады;

      ұйымды күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      мұнай дайындауға және айдауға арналған химиялық реагенттерді, материалдарды, отынды, электр энергиясын жұмсаудың қолданылатын нормаларын талдайды;

      химиялық реагенттерді сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      өндіріс мәдениетін арттыру жұмысын жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау шараларын қабылдайды.

      168. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай мен газды дайындауды ұйымдастыруға және оның технологиясына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      мұнай дайындауды және тасымалдауды ұйымдастыру мен оның технологиясын;

      мұнай дайындау және тасымалдау қондырғыларының технологиялық режимдері және техникалық пайдалану қағидаларын;

      дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды, мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      ұйымның даму перспективаларын, технологиялық процестерді жобалау кезінде еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптарын;

      мұнай дайындау және тасымалдау технологиясы саласындағы ұйымдардың озық тәжірибесін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 168-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      169. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі санаты жоқ инженер: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

29-параграф. Мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер

      170. Лауазымдық міндеттері:

      мұнай-газ құбырларының технологиялық жабдығын дұрыс пайдалануды және технологиялық талаптарды сақтауды жүзеге асырады;

      мердігер ұйымдар мен мұнай-газ құбырларын жөндеу қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;

      мұнай-газ құбырларының бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін уақтылы алу жөніндегі шараларды қабылдайды, белгіленген есептілікті жүргізеді;

      мұнай-газ құбырлары мен технологиялық жабдық жұмысында ақау себептерін анықтайды және талдайды, оларды жою жөніндегі шараларды қабылдайды;

      мұнай-газ құбырларын жөндеу мен реконструкциялаудың озық әдістерін пайдалануды қамтамасыз етеді;

      еңбек қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуы жөніндегі шараларды қабылдайды;

      нормативтік ережелер мен стандарттарға сәйкес мұнай-газ құбырларын пайдалану тәртібін тексереді;

      мұнай-газ құбырларының ақаулары мен бұзылуын жою кезінде авариялық бригадалардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      мұнай-газ құбырында парафиндік шөгінділерді жою бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      мұнай-газ құбырларын салу жобаларын әзірлеуге қатысады;

      мұнай-газ құбырларының сенімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді және жобалар әзірлейді;

      мұнай-газ құбырларының жүйелері конструкциясын жаңғырту жөніндегі шаралар жүйесін қолдайды;

      монтаждау, іздеу және ақауларды жою және мұнай-газ құбырларын пайдалануға енгізу жөніндегі жаңа жобаларды іске асыру кезінде ұйымдастырушылық және техникалық қолдау көрсетеді.

      171. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай-газ өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, нұсқаулықтарды және әдістемелік ұсынымдарды, мұнай-газ құбырлары жүйелері бойынша, оның ішінде қазақстандық және халықаралық нормативтік және әдістемелік материалдарды;

      мұнай жабдығымен және мұнай-газ құбырларымен жұмыс істеу, пайдалану және жөндеу нормалары мен қағидаттарын;

      ақаулар мен зақымдалулардың типтік түрлерін жою әдістерін;

      мұнай-газ құбырларын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету әдістерін;

      мұнай мен газдың, мұнай-газ қоспаларының физикалық-химиялық қасиеттерін, жер мен топырақтың сипаттамаларын;

      мұнай-газ құбырлары жабдығының конструкциясын, жұмыс істеу қағидатын және техникалық сипаттамаларын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 171-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      172. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай-газ құбырларын пайдалану бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша арнаулы орта және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

30-параграф. Мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі
техник

      173. Лауазымдық міндеттері:

      резервуарлық парктерден алынған мұнайдың, мұнай эмульсиясының талдамаларын іріктеуді қамтамасыз етеді;

      тауарлық және резервуарлық парктер жұмысы туралы жиынтық жедел есептілік дайындайды;

      дайын өнімді айдауға, қабылдауға және беруге арналған құжаттаманы тексереді;

      техникалық талаптар мен жағдайларды ескере отырып, мұнай мен су фазаларының бөлімін өлшеу, технологиялық резервуарлардан, әкелінетін автоцистерналардан алынған сынамаларды іріктеу уақтылығын тексереді;

      мұнай және газ дайындау және тасымалдау, мұнай және газ дайындау мен тасымалдаудың технологиялық объектілерінің жұмысының тиімділігін арттыру жолы жөніндегі перспективалық, ағымдағы және жедел тапсырмалар әзірлеуге қатысады;

      мұнай шығысы мен берілетін мұнай сапасын арттыру бойынша материалдар дайындайды және қосалқы есептер орындайды;

      цехтың технологиялық жабдығын қауіпсіз және техникалық дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуге, мұнай және газ дайындау мен тасымалдау технологиясының сақталуын бақылауға қатысады;

      жабдықты күрделі жөндеуге тапсыру үшін қажетті материалдар мен жабдық паспортын жинайды;

      аварияларды және жабдықтың істен шығуын тексеруге қатысады;

      күзгі-қысқы маусымға ұйымды дайындау жөніндегі іс-шаралар әзірлеуге қатысады;

      мұнай және газ дайындау мен айдауға химиялық реагенттер, материалдар, отын, электр энергиясының шығысының есебін жүргізеді.

      174. Мыналарды:

      мұнай және газ өндіруге, бұрғылауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдар мен нұсқаулықтарды;

      көмірсутектерді есепке алу әдістерін;

      мұнай және газ дайындауды, оны тасымалдауды ұйымдастыру мен технологиясын;

      мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      мұнай және газ дайындау бойынша қондырғыларды техникалық пайдалану қағидалары мен технологиялық режимдерін;

      дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды;

      мұнай және газ жинау, дайындау және тасымалдау тәсілдерін;

      мұнай және газ кен орындарын ұтымды пайдалану техникасы мен технологиясын;

      технологиялық жабдықты пайдалану қағидаларын;

      коллектордағы және технологиялық қондырғылардағы сұйықтықтардың, газдың қасиеттерін, сондай-ақ мұнай мен газдың негізгі компоненттерінің қасиеттерін;

      есептеуді орындау және технологиялық қондырғыларды модельдеу әдістерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін,

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      175. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ІІ санаттағы мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник:тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі санаты жоқ техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

31-параграф. Мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник

      176. Лауазымдық міндеттері:

      неғұрлым білікті маманның басшылығы мен мұнай құбырларының технологиялық жабдығын іске қосу, баптау, эксперименттік және басқа да жұмыс түрлерін орындауға қатысады;

      бастапқы материалдарды, статистикалық есептілік деректерін, ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және толықтыру бойынша жұмысты орындайды;

      перспективалық әзірленімдер, пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге қатысады;

      жүргізілетін жұмыстардың, қажетті ерекшеліктердің, диаграммалардың, кестелердің және басқа да техникалық құжаттаманың сипаттамасын дайындайды;

      жоспарлық және есептік құжаттама ресімдеу бойынша жұмысты орындайды, орындалатын жұмысты қарау мен талқылау кезінде қабылданған шешімдерге сәйкес техникалық құжаттамаға қажетті өзгерістер мен түзетулерді енгізеді;

      технологиялық жабдық сынағына, жаңа жабдықты және технологиялық процестерді тексеру мен игеру бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады;

      жүйелер мен жабдық жұмысының сенімділігі мен үнемділігі жөніндегі материалдарды талдау мен іріктеуге қатысады;

      құжаттама әзірлейді және мұнай құбырларын техникалық тексеруге, мұнай құбырларының желілік бөлігінде ақауларды жоюға арналған жобаларды сараптауға қажетті іс-шараларды жүргізеді;

      мұнай құбырларын пайдалану тәртібінің нормативтік ережелер мен стандарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

      мұнай құбырларын тоттанудан қорғау үшін химиялық реагенттер қажеттілігіне өтінімдер жасайды;

      химиялық реагенттер шығысы бойынша есептер жасайды;

      химиялық реагенттер шығысы туралы шеберлердің есептерін тексереді;

      күзгі-қысқы маусымдағы және су тасқыны кезеңіндегі жұмысқа дайындық жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуы туралы есеп дайындайды;

      жаңа техника мен технологияны игеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады;

      жабдық пен құралдардың жұмысы туралы деректерді өңдейді және талдайды;

      мердігерлік ұйымдар мен мұнай құбырларын жөндеу қызметтерінің жұмысына қойылатын техникалық талаптарды дайындауға қатысады;

      жұмыс туралы есептер дайындау үшін деректерді жүйелейді, өңдейді және дайындайды;

      мұнай құбырларының және мұнай құбырларының технологиялық жабдығының техникалық жай-күйін тексеру нәтижелері мен оларға ілеспе құжаттаманы есепке алуды, ресімдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді;

      жаңа техника мен прогрессивтік технологияны, ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізудің экономикалық тиімділігінің негіздемесіне қатысады;

      эксперименттер мен сынақ жүргізуге қатысады, аспаптарды қосады, қажетті сипаттамалар мен өлшемдерді тіркейді, алынған нәтижелерді өңдейді;

      тексеру материалдарын өңдеу мен жүйелеу, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды, есептерді жасау жөніндегі техникалық жұмыстарды орындайды;

      жөндеу жұмыстарының қызметіне арналған жұмыс кестелерін жасайды, жұмыс жоспарынан ауытқулар болған кезде есептер мен негіздемелер ресімдейді;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

      177. Мыналарды:

      мұнай және газ өндіруге, өңдеуге және тасымалдауға, ұңғымаларды бұрғылау мен жөндеуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарды, нұсқаулықтарды;

      технологиялық жабдық, мұнай құбырларының жұмысы мен жөндеу қағидаттарын;

      ақаулар мен бұзылудың типтік түрлерін жою әдістерін;

      мұнай құбырларын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету процестерін;

      мұнай мен газдың, мұнай-газ қоспаларының физикалық-химиялық қасиеттерін;

      топырақ пен грунт сипаттамасын;

      халықаралық және қазақстандық нормаларды қоса алғанда, құбыр арналары жүйелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдарды;

      негізгі технологиялық процестер мен техникалық талаптарды, жабдықтың техникалық-экономикалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктерін;

      мұнай құбырларын техникалық пайдалану қағидасын;

      есептілікті дайындау тәртібін;

      типтік технологиялық процестерді;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      178. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ІІ санаттағы мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі санаты жоқ техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі санаты жоқ техник: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

32-параграф. Мұнай және газ өндіру жөніндегі техник

      179. Лауазымдық міндеттері:

      мұнай және газ өндіру бойынша жұмысты ұйымдастырады және технологиялық регламенттер мен персоналды басқарудың заманауи жүйесіне сәйкес тапсырылған учаскеде басшылықты жүзеге асырады;

      технологиялық процестерді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы техникалық есептерді орындайды;

      ұңғымаларды пайдаланудың ұтымды режимін таңдауға және жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;

      энергия мен ресурстарды үнемдеу міндеттерін шешуді, сондай-ақ қоршаған ортаны өндірістің техногендік әсерлерінен қорғауды ескере отырып, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдаланудың таңдалған тәсілдерін негіздеуге қатысады;

      сапа менеджменті жүйесін ескере отырып, өндірістік қызметтің тиімділігін бағалайды;

      қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес техникалық құжаттаманы ресімдейді;

      өндірістік процестерді тиімді жүргізу, өндірістік тапсырмаларды орындау технологиясы мен бақылауды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға, бағдарламалар, нұсқаулықтар және басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;

      ұңғымалардың жұмыс режимдері мен технологиялық процестерін түзетуге байланысты техникалық құжаттамалардағы өзгерістерді келіседі және ресімдейді;

      қабаттардың мұнай беруін арттыру, ұңғымаларды парафинсіздендіру, мұнай және газ өндіру бойынша жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      жүргізілген жұмыстардың сипаттамасын, қажетті өзіндік ерекшеліктерді, диаграммаларды, кестелерді, графиктерді және басқа да техникалық құжаттаманы жасайды;

      жаңа техника мен прогрессивтік технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды негіздеуге қатысады;

      жабдық пайдалану қағидаларын орындауды бақылайды;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын орындауды қамтамасыз етеді.

      180.Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының мұнай және газ өндіруге, қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын, нұсқаулықтарын;

      мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      мұнай және газ өндіру технологиясының негіздерін;

      қабаттардың мұнай беруін ұлғайту әдістерін;

      ұңғымалардың жерасты жөндеуін жүргізу технологиясын;

      ұңғымалардың жерасты жөндеуі кезіндегі геофизикалық зерттеулер кешенін;

      технологиялық процестерді орындау кезіндегі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын;

      кен орындарын игеруді және ұңғымалардың техникалық жай-күйін бақылау әдістерін;

      мұнай және газ кен орындарын ұтымды пайдалану техникасы мен технологиясын;

      жөндеуден кейін жабдықты қабылдау мен тапсыру қағидаларын;

      пайдаланылатын жабдықтың техникалық сипаттамасын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын, жұмыс қағидаттары мен оны пайдалану қағидаларын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      жөндеуден кейін жабдықты қабылдау және тапсыру қағидаларын;

      еңбек қауіпсіздігі мене еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      181. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы мұнай және газ өндіру жөніндегі техник:тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ІІ санаттағы мұнай және газ өндіру жөніндегі техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы мұнай және газ өндіру жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мұнай және газ өндіру жөніндегі санаты жоқ техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      мұнай және газ өндіру жөніндегі санаты жоқ техник: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

33-параграф. Нормалаушы

      182. Лауазымдық міндеттері:

      еңбек жөніндегі салааралық, салалық және басқа да прогрессивті нормативтерді, сондай-ақ жабдық өнімділігі туралы техникалық деректердің, жұмыс уақытының шығынын талдау негізінде есептелген жергілікті нормаларды пайдалана отырып, ғылыми негізделген еңбек шығындарының нормаларын әзірлейді;

      еңбек өнімділігін арттыру резервін іске асыру, еңбек сыйымдылығын төмендету мақсатында еңбекті ғылыми ұйымдастыру жоспарларын әзірлейді және цехқа енгізеді;

      неғұрлым прогрессивті уақыт (өнімділік) нормаларын енгізеді;

      цех жұмысшылары мен мамандарының қатысуымен технологиялық процестерді, жабдықты, сайманды және жұмыс уақытын пайдалану тиімділігін, уақыт (өнімділік) нормасын орындауды жүйелі талдау жүргізеді, орындамау себептерін анықтайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      нарядтарда жұмыс сипаттамасын, олардың орындалған жұмыстың нақты көлеміне сәйкестігін тексереді;

      келісу және бекіту үшін мұнай-газ өндіруші басқармасының тиісті бөлімдері мен қызметтеріне бригадалар мен цехтар бойынша орындалған жұмыстардың көлемдеріне арналған анықтамалар мен есептерді ұсынады;

      мерзімдік-сыйлықақы еңбекақы төлеу жүйесімен жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға нормаланған тапсырмалар дайындайды, олардың орындалуын есепке алады;

      цех жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігін зерттейді және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      жалақы қорының дұрыс жұмсалуын тексереді, мамандықтар бойынша талдау жүргізеді;

      нормаларды қайта қарау, еңбек сыйымдылығын төмендету бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарларды құрады;

      еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды қолдану дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      фотохронометраждық байқауларды, алынған деректерді өңдеу мен талдауды ұйымдастырады және жүргізеді, ысыраптар себептерін анықтайды, оларды жою туралы ұсыныстар әзірлейді;

      өндірістік жағдайдағы еңбек жөніндегі нормативтік материалдар жобаларының апробациясын ұйымдастырады және жүзеге асырады және оларды бекіткеннен кейін енгізеді;

      ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек және еңбекақы жөніндегі перспективалық және жылдық жоспарларын, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру мен оның өнімділігін арттыру жөніндегі жоспарлар жобаларын құруға, өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын, еңбекақы қорын және персонал санаттары бойынша жұмыскерлер санын анықтауға қажетті есептерді орындайды;

      ұйым бөлімшелерінен келіп түскен есепке алу және есеп құжаттарын қабылдайды, онда берілген деректердің, есептердің толықтығын, олардың еңбекақы төлеу, материалдық ынталандыру туралы қолданыстағы ережеге сәйкестігін тексереді;

      ескірген және қате белгіленген нормаларды анықтау мақсатында қолданыстағы еңбек нормасын тексереді, еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормаларын енгізу тиімділігін анықтайды;

      еңбек процестерін және операцияларды орындауға жұмсалған жұмыс уақытының шығысын анықтаумен байланысты жұмыстарды орындайды, тиімді еңбек тәсілдері мен әдістерін талдайды, оларды таратуға ықпал етеді;

      бекітілген еңбек шығындарының нормалары мен бағаларының өзгерістері туралы хабарлама дайындайды;

      белгіленген нысандар бойынша еңбекті нормалаудың жай-күйі туралы есептілік дайындайды.

      183. Мыналарды:

      экономикалық қызметке, еңбек нормалауды ұйымдастыруға, еңбекақы төлеу жүйесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      ұйымды дамыту перспективаларын;

      экономика, өндірісті еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек бойынша саларалық және салалық нормативтерді;

      өндіріс технологиясының негіздерін;

      перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібін;

      өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін;

      еңбек процестерін зерделеу мен жобалау, жұмыс уақытын пайдалану, экономикалық тиімділікті анықтау, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейін бағалау әдістерін;

      техникалық құжаттама мен есептілікті дайындау тәртібін;

      еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі нормаларды қайта қарау бойынша күнтізбелік жоспарларды және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу тәртібін;

      ұйымдастыру және есептеу техникасы құралдарын;

      еңбек социалогиясы, физиологиясы және психологиясы, техникалық эстетика және эргономика негіздерін;

      еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      184. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

34-параграф. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет (ауысымдық) инженері

      185. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның өндірістік бөлімшелерінің ауысымдық өндірістік тапсырмаларды орындауын, өндірістің белгіленген технологиялық режимінің сақталуын, жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      мұнай-газ өндіруші басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін, өндірістік функцияларды орындау бойынша олардың ырғақты жұмысын қамтамасыз етеді;

      қосалқы бөлімшелер мен қызметтердің нақты және келісілген іс-қимылдарын ұйымдастыра отырып, мұнай және газ өндіруде өндірістік процесс барысын бұзуды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

      өндірістік объектілерден келіп түскен басқарма бөлімшелерін жедел бақылау, реттеу және үйлестіру үшін қажетті ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады;

      мұнай кәсіпшілігі жұмыскерлерінің еңбек пен өндірістік тәртіпті, жұмысты қауіпсіз жүргізу қағидалары мен нұсқаулықтарын, технологиялық режимдер мен процестерді сақтауын, жеке қорғаныс құралдарын қолдануын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      материалдық және энергетикалық ресурстармен, жабдықты және басқа да негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануды, шикізатты, отынды, материалдарды тиімді жұмсауды қамтамасыз етеді;

      мұнай-газ өндіруші басқарманың бөлімшелерін қажетті материалдармен, конструкциялармен, қосалқы бұйымдармен, жабдықпен, сондай-ақ көлікпен және арнаулы техникамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      қажеттігіне қарай мұнай-газ өндіруші басқармасының тиісті қызметтерін тарта отырып, өндіріс барысын бұзуды болдырмау және бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      мұнай мен газ өндіру жөніндегі өндірістік тапсырмаларды орындау нәтижелері, өнімдік қабаттарға су айдау, ұңғымалар қорының жай-күйі, су мен газ қабылдау, сондай-ақ құрылысы аяқталған, жерасты және күрделі жөндеуден шыққан ұңғымалар саны туралы тәулік бойы мәлімет дайындауды ұйымдастырады;

      зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және орталық инженерлік технологиялық қызмет бастығын, мұнай-газ өндіруші басқармасының басшылығын хабардар ете отырып, оларды медициналық мекемеге жіберуді қамтамасыз етеді;

      белгіленген технология, техникалық және өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары бұзылған жағдайда мұнай кәсіпшілігі объектілерінің жұмысын тоқтатады.

      186. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      өндірісті жедел басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      мұнай және газ өндіру технологиясын;

      цехтың өндірістік жабдығын және оны техникалық пайдалану қағидаларын;

      ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізу әдістерін;

      өндіріс барысын есептеу жүйесі мен әдістерін;

      мұнайдың және газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      техникалық-экономикалық және жедел-өндірістік жоспарлауды;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 186-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      187. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      орталық инженерлік-технологиялық қызмет (ауысымдық) инженері: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы орталық инженерлік технологиялық қызмет инженері лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы орталық инженерлік-технологиялық қызмет (ауысымдық) инженері: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және орталық инженерлік технологиялық қызметтің санаты жоқ инженері лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      орталық инженерлік-технологиялық қызметтің (ауысымдық) санаты жоқ инженері: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және инженерлік-техникалық лауазымдарда өндірісті жедел басқару бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы инженерлік-техникалық лауазымдарда өндірісті жедел басқару бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

35-параграф. Өртке қарсы профилактика жөніндегі нұсқаушы

      188. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымда өртке қарсы профилактика жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;

      ұйым объектілерінің (аумақтар, ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, сыртқы қондырғылар, қоймалар, көлік құралдары, ашық алаңдар), технологиялық процестерінің, технологиялық жабдығының, өнімінің және материалдық-техникалық ресурстарының өрт қауіпсіздігі жай-күйін талдайды;

      объектілердің өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкестігі туралы қорытындылар алу үшін қажетті құжаттарды ресімдейді;

      өртке қарсы қорғанысты күшейтуге және өрттің алдын алуға бағытталған іс-шаралар әзірлейді;

      объектілерде өрт сөндіру-техникалық тексеруді жүргізеді;

      ұйым бойынша жалпы, сондай-ақ ұйымның әрбір объектісі бойынша өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық әзірлейді;

      құрылыс жұмыстарына, технологиялық процестерге және өнімнің жекелеген түрлеріне арналған қағидаларда, нормаларда және стандарттарда көзделген өртке қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      өртке қарсы автоматика мен өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау, түтін сейілту жүйелерінің, өрт кезінде ұйым персоналына хабарлау қондырғыларының дұрыс техникалық жай-күйін қамтамасыз етеді;

      ұйым басшысына кәсіпорын объектілерінің өрт қауіпсіздігіне жауапты жұмыскерлерді анықтау туралы ұсыныс береді, осы жұмыскерлерді оқытуды және практикалық сабақтарды ұйымдастырады;

      ұйым персоналымен өртке қарсы – техникалық минимум, ықтимал өртті болдырмау және өрт сөндіру бойынша сабақ, нұсқама жүргізеді;

      персоналдың өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ережелерді, нұсқаулықтарды орындағанын тексереді;

      өрт күзетіне болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен өтетін жерлердің жай-күйінің өзгерісі туралы дереу хабарлайды;

      өрт кезінде жұмыскерлердің іс-қимылдарын басқарады (адамдарды көшіруді ұйымдастырады, технологиялық жабдықты авариялық тоқтату, желдеткішті және электр жабдығын ажырату жөнінде нұсқау береді, өрт сөндіру құралдары мен өртке қарсы автоматика қондырғыларын қолдануды ұйымдастырады, жанар-жағар заттар мен материалдық құндылықтарды және т.б. көшіруді ұйымдастырады);

      өрт сөндіру кезінде өрт күзетіне жәрдемдесу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      кәсіпорын аумағында өрт сөндіру кезінде өрт күзетіне қажетті күш пен құралдарды беруді ұйымдастырады;

      кәсіпорында болған өрт себептері мен оқиғаларын анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және оларға қатысады;

      өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылыққа және өрттің туындауына кінәлі адамдарды анықтайды;

      тексерістер нәтижелері бойынша құжаттарды ресімдеу дұрыстығын қамтамасыз етеді, іс-шаралар әзірлейді;

      өрт қауіпсіздігі мәселелері туралы, оның ішінде өрт күзеті бөлімшелерінен ақпарат алады;

      қызмет көрсетілетін объект бойынша өрт қауіпсіздігі мәселелері туралы бұйрықтардың (өкімдердің) жобаларын дайындайды;

      өз құзыретінің шеңберінде өрт, авариялар туралы құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдарда, соттарда өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзушылығы туралы істерді қараған кезде ұйым мүддесін білдіреді, қажетті құжаттарды ұсынады және түсініктеме береді.

      189.Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      өртке қарсы қызметтің жұмысына, объектілердің өрт қауіпсіздігі бойынша жұмысын ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      объектілердің, учаскелердің, қондырғылардың өрт қауіпсіздігі жай-күйін;

      өрт шығу себептері мен олардың алдын алу жөніндегі шараларды;

      өндірістегі өрт шығуды және жануды, жазатайым оқиғаларды тексеру жүргізу тәртібін;

      өрт сөндіру құралдарын, олардың құрылымы мен қолданылу қағидатын;

      өндірістік объектілерде өрт шыққан кезде шара қолдану және әрекет ету тәртібін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 189-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      190. Біліктілікке қойылатын талапатар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық немесе кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

36-параграф. Өрт байланысының диспетчері

      191. Лауазымдық міндеттері:

      өрт сөндіру бөлімінің (жеке постқа) пунктіне келіп түсетін хабарларды қабылдауды, тапсыруды және тіркеуді, өрт бөлімінің бөлімшелерін (жеке постты) өртке, авариялар мен дүлей апаттарының орнына жіберілуін қамтамасыз етеді;

      байланыс құралдары мен дабылнаманың жұмыс істеуін тексереді, оларды тазалықта және ұқыпты ұстайды;

      өрт, авариялар мен төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды;

      өрт бөлімімен өзара іс-қимыл жасайтын ауданның (объектілердің) өрт бөлімі қызметтерімен байланыс ұстайды және қажет болғанда, белгіленген тәртіпке сәйкес осы қызметтердің күштері мен құралдарын өрт (авариялар, дүлей апат) болған ауданға жібереді;

      мұнай-газ өндіретін ұйымның тәулік бойы адамдар болатын объектілерін есепке алады;

      белгіленген құжаттаманы жүргізеді;

      өрт орнына (аварияның, дүлей апатының орнына, практикалық оқуға) шыққан қарауылмен радиобайланыс орнатады және ұстайды, төтенше жағдайларды жою жөніндегі басқа қызметтермен объектінің ерекшеліктерін ескере отырып, объектінің жедел-тактикалық ерекшеліктерін, газдың деңгейін, радиациялық жағдайын, метеорологиялық жағдайдың болжамды өзгеруін және тағы басқаларын анықтайды;

      басқарма мен өрт сөндіру бөлімшелері органдарының жеке құрамына хабарлауды және шақыру орнында жинауды ұйымдастырады (қамтамасыз етеді);

      өз құзыреті шегінде жедел жағдайды қиындататын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қабылдайды, барлық анықталған бұзушылықтар және өрт сөндіру гарнизонының тиісті лауазымды тұлғасы қабылдаған шаралар туралы баяндайды.

      192. Мыналарды:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      байланыс құралдарының, хабарлау жүйелерінің құрылысы мен оларды пайдалану қағидаларын;

      өндіріс технологиясын ұйымдастыруды және оның негіздерін;

      ұйымның өндірістік объектілерінің орналасу схемасын;

      өндірістік бөлімшелер жұмыскерлерінің санын;

      ұйымның өндірістік қуаттары, ұйым бөлімшелерінің мамандануын және олардың арасындағы өндірістік байланысты;

      шығарылатын өнім номенклатурасын, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) түрлерін;

      өндірістік қоймалардың жұмысын ұйымдастыруды;

      ұйымның өнімді шығару технологиясының негіздерін;

      өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері шығатын аудандағы жедел өрт жағдайын;

      өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары жасалатын объектілер тізбесін;

      маңызды және өрт қаупі бар объектілердің, өтетін жолдардың және су көздері желісінің орналасқан жерлерін;

      гарнизонда бар өрт автомобильдерінің (кемелердің, пойыздардың) негізгі тактикалық-техникалық деректерін;

      бөлімшенің жедел-қызметтік құжаттарын, оларды толтыру және қолдану тәртібін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 192-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      193. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймай, белгіленген бағдарлама бойынша қосымша кәсіби білім.

37-параграф. Өрттен қорғау жөніндегі инженер

      194. Лауазымдық міндеттері:

      құрылымдық бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      кәсіпорын жұмыскерлерінің өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі білімін насихаттауды арттырады;

      еңбек қорғау қызметімен және құрылымдық бөлімшелермен бірге объектілерде өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлейді;

      жұмыскерлермен өрт қауіпсіздігі жөніндегі кіріспе нұсқама жүргізеді;

      кәсіпорын объектілерінде болған жану және өртті тексеруді, есепке алуды және талдауды ұйымдастырады;

      өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде кәсіпорынның статистикалық есептерін дайындайды;

      объектілерде өртке қарсы режимді күшейту бойынша жұмыстың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлейді;

      жұмыс орындарында және тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауды насихаттайды;

      объектілерде жану мен өрт шығуды тексеруге, өрт сөндіру-техникалық комиссиясының жұмысына қатысады;

      өрт қауіпсіздігі жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарды әзірлейді;

      еңбек қорғау жөніндегі комиссияның жұмысына, өрт сөндіру кезінде персоналдың іс-әрекеті жөніндегі жедел карточкаларын әзірлеуге қатысады;

      кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде іс-шаралар әзірлеуге, дәріс жүргізуге, әңгімелесу өткізуге әдістемелік көмек көрсетеді;

      өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындайды;

      өрт сөндіру-техникалық минимумы жөнінде дәріс өткізеді, жергілікті өрттен қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

      195. Мыналарды:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      ұйым өнімін өндірудің негізгі технологиялық процестерін;

      жұмыс орындарында еңбек жағдайын зерделеу әдістерін;

      ұйымда қолданылатын жабдықты пайдалану ерекшеліктерін;

      жабдықтың техникалық жай-күйінің жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкестігін бақылау қағидалары мен құралдарын;

      жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын;

      өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      өрт қауіпсіздігін насихаттау мен ақпараттаннудың әдістері мен нысандарын;

      өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілік дайындау тәртібі мен мерзімдерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 195-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      196. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы өрттен қорғау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы өрттен қорғау жөніндегі инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы өрттен қорғау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ өрттен қорғау жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      өрттен қорғау жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өртке қарсы қызметте жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және өртке қарсы қызметте жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

38-параграф. Сазды ерітінділер жөніндегі инженер

      197. Лауазымдық міндеттері:

      геологиялық-техникалық нарядтардың талаптарын ескере отырып, тазалағыш сұйықтықтарының рецептурасын таңдауды жүзеге асырады;

      тазалағыш сұйықтықтарын дайындау және өңдеу технологиясының өзгеруіне байланысты техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізеді;

      тазалағыш сұйықтықтардың өлшемдерін бақылап өлшейді және ұңғымаларды қазудың геологиялық-техникалық шарттарына сәйкес оларды жүргізу мерзімдерін белгілейді;

      бұрғылау процесінде тазалағыш сұйықтықтарының қалпы мен сапасын анықтайды;

      сазды ерітінділерді дайындауды, өңдеу мен тығыздауды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;

      бұрғылау аралығын ескеріп, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттерді жұмсауды талдайды;

      тазалағыш сұйықтықтарды айдау процесінде бұрғылау қондырғысындағы бақылау-өлшеу аспаптары мен тазартқыш қондырғылардың жағдайын бақылайды;

      тазалағыш сұйықтықтарды айдау кезінде бұрғылау бригадаларының жұмысшыларына жұмыс орнында нұсқама беруді жүргізеді;

      сазды балшық шаруашылығының цехінде жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуі бойынша шараларды қабылдайды;

      лаборант-коллекторлар жұмысын қамтамасыз етеді;

      белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізеді;

      жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

      198. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай-газ өндіру саласына, саз-балшық шаруашылығын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      кен орындарының геологиялық құрылымын;

      бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының әдістерін, мұнай және газ өндіру технологиясын;

      ұңғымаларды геофизикалық зерттеу негіздерін;

      жалпы бейорганикалық және коллоидтік химия негіздерін, пайдаланылатын ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің физикалық-химиялық сипаттамасын;

      тазалағыш сұйықтықтар өлшемдерін өлшеу әдістерін және өлшеу аспаптары жұмысының қағидаттарын;

      материалдарды жұмсау нормалары мен сақтау қағидасын;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 198-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      199. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      сазды ерітінділер жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және сазды ерітінділер жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

      сазды ерітінділер жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ сазды ерітінділер жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      сазды ерітінділер жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тазалағыш сұйықтықтарын дайындау және өңдеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

39-параграф. Су құбыры-кәріз шаруашылығы құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер

      200. Лауазымдық міндеттері:

      су құбыры мен кәріз желілерін, құрылыстар мен олардың жабдығын үздіксіз қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындайды;

      желілерді, құрылыстарды, сондай-ақ су құбыры-кәріз шаруашылығының басқа да негізгі қорларын түрлі жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларын әзірлейді;

      алдын алу жұмыстарының кестелерімен бекітілген жоспарлық-алдын алу жөндеуді уақтылы орындауды қамтамасыз етеді;

      негізгі қорларды күрделі және ағымдағы жөндеуге қатысты қажетті құжаттаманы дайындайды және материалдарды есептен шығару бойынша шаралар қабылдайды;

      материалдарға, құрал-саймандарға, жабдыққа арналған қосалқы бөлшектерге өтінім мен өзіндік ерекшеліктерді дайындайды, олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      құрылыстардың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге қатысады;

      су құбыры-кәріз шаруашылығы объектілерінде авариялар мен зақымданулардың себептерін талдайды және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

      су құбыры-кәріз шаруашылығының объектілерін есепке алу мен паспорттауды жүзеге асырады, оларды жөндегеннен кейін құжаттамаға өзгерістер енгізеді;

      өндірістің негізгі құралдарын түгендеу бойынша тиісті құжаттама жүргізеді;

      жұмыскерлердің еңбек қорғау қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді, тиісті құжаттаманы жүргізеді;

      қауіптілігі жоғары объектілерге қызмет көрсететін жұмыскерлерді уақтылы аттестаттау бойынша шаралар қабылдайды;

      жарақаттану себептерін тексеруге қатысады және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

      201. Мыналарды:

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      кәсіпорын құрылымын, сумен жабдықтау, су бұру схемасын, сорғы станцияларының жұмыс аймақтарын;

      елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын;

      елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларын;

      коммуналдық су құбыры мен кәрізді пайдалану қағидаларын;

      құрылыс нормалары мен қағидаларын, су құбыры мен кәріз құрылыстарына, ауыз суға арналған мемлекеттік стандарттарды;

      сарқынды суларды тазартуға қойылатын талаптарды;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 201-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      202. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және су құбыры-кәріз шаруашылығында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

40-параграф. Талдаушы

      203. Лауазымдық міндеттері:

      зерттеу жұмыстарын жүргізуді талдамалық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      алынатын ақпаратты жинау, бағалау және талдау, сондай-ақ практикалық ұсынымдар әзірлеу мақсатында талдамалық және зерттеу жұмысын жүргізеді;

      ағымдағы жағдай бойынша талдау жасайды және басшылыққа ұсынады;

      ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс істеген кезде қосалқы орындаушылардың қызметін үйлестіреді;

      маркетингтік зерттеуді және деректерді өңдеуді және ситуациялық талдауды жүргізеді, оларды басқарушылық шешімдер қабылдау үшін белгіленген нысандарда ұсынады;

      компанияның маркетингтік және баға саясатын қалыптастыруға қатысады;

      мұнайды, мұнай мен газдан өндірілген өнімдерді сату тиімділігі деректерін түрлік-түстік математикалық және статистикалық диаграммалар мен графиктерді дайындап, талдайды және өңдейді;

      мұнайды, мұнай мен газдан өндірілген өнімдерді жеткізуге және мұнай өңдеу өнімдерін тиеп, жөнелтуге арналған шарттық міндеттемелердің орындалуын талдайды;

      өндіріс ұйымын жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысады, мұнайды, мұнай мен газдан өндірілген өнімдерді сату тиімділігін ұлғайтуға, шығыстарды оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды;

      мұнай-газ саласы нарықтарын дамытудың қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді болжамдарын әзірлеуді жүргізеді;

      ұйымның әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттарын және өзге де мәмілелерді жасауының қаржылық мақсаттылығын талдайды;

      мұнай және мұнай өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға сату бойынша шығыстарды есепке алудың электрондық деректер базасын жүргізеді;

      кредиторлық және дебиторлық берешек жағдайын талдайды;

      компанияның электрондық деректер базасына валюталардың ресми бағамдарын енгізеді;

      салық төлемдерінің төленуін талдайды.

      204. Мыналарды:

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, талдау және әдістемелік материалдарын;

      ақпаратты жинау әдістерін;

      ағымдағы жағдай бойынша талдау жасау үшін факторларды анықтау әдістерін;

      ұйымның даму перспективасын, өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сату нарықтарының жағдайы мен даму перспективаларын;

      қаржы салымдарының тиімділігін анықтау әдістерін;

      макро- және микроэкономиканы анықтау стандарттарын;

      қоржындық инвестицияларды басқаруды ұйымдастыруды;

      көлемді ақпаратпен жұмыс істеу әдісін, тәуекелдерді басқарудың және инвестицияларды басқарудың этикалық нормаларын;

      статистиканы, экономиканы, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруды;

      есептеу техникасының, телекоммуникациялар мен байланыс құралдарын;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі қағидасын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      Ескерту. 204-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      205. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы талдауды: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде ІІ санаттағы талдаушы лауазымында кемінде 3 (үш) жыл;

      ІІ санаттағы талдауды: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде санаты жоқ талдаушы лауазымында кемінде

      2 (екі) жыл;

      санаты жоқ талдаушы: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

41-параграф. Тау-кен жұмыстары жөніндегі инженер

      206. Лауазымдық міндеттері:

      пайдалы қазбалар кен орындарын ашуға және оларды тасымалдауға арналған құрылыстарды салуды жобалайды;

      тау-кен жұмыстарын техникалық-технологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      тау-кен жұмыстарын жоспарлауға және жобалық-сметалық құжаттаманың өндірістік-техникалық бөлігін әзірлеуге қатысады;

      тау-кен қазбалары құрылыстарының жоспар-кестелерін жасайды, тау-кен қазу бригадаларын жұмыстар объектілеріне орналастыруға және олардың техникалық құралдармен жарақтануын белгілеуге қатысады;

      тау-кен қазбаларын қазу жобаларын және технологиясын, бұрғылау-жару жұмыстарының паспортын және тау-кен қазбаларының бекітілуін әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу бригадаларының және жабдығының жұмысы туралы деректерді жинақтайды, өңдейді және талдайды;

      тау-кен жұмыстары кезінде іркілістер, авариялар мен ақаулар себептерін талдайды;

      тау-кен жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыруды жетілдіру және тиімділігін арттыру, тау-кен қазу бригадаларының жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, қауіпсіздікті арттыру және тау-кен жұмыстарында авариялар мен кедергілердің алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді;

      бұрғылау бригадаларының өндірістік және технологиялық тәртіпті, тау-кен жұмысының сапасына қойылатын талаптарды, тау-кен қазу жабдықтарын пайдалану, еңбекті қауіпсіздігі мен оны қорғау қағидалары мен нормаларын, тау-кен қазу жабдықтарын пайдалану қағидасын, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      тау-кен жабдығын жөндеу және оған техникалық қызметтер көрсету кестелерін әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      тау-кен қазу бригадаларын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуді жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысады және олардың ұтымды пайдаланылуын бақылайды;

      жарылғыш материалдарды сақтауға, тасымалдауға рұқсаттарды ресімдеу және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттаманы жасауды қамтамасыз етеді;

      талап етілетін жарылғыш материалдарға, тау-кен жабдыққа, құралдарға және қауіпсіздік құралдарына арналған өтінімдерді жасауға, сондай-ақ оларды объектілер бойынша бөлуге қатысады;

      тау-кен қазу жабдығының, құралдың және басқа да техникалық құралдарды ұтымды сақтау мен пайдаланылу бойынша шараларды қабылдайды;

      жаңа техника мен технологияны енгізу, оңтайландыру, өнертабыс, еңбекті нормалау жұмысына қатысады;

      тау-кен жұмыстарының озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді және талдайды, оны тау-кен жұмыстарында таратуға қатысады;

      белгіленген есепті жүргізеді және қажетті есептілікті жасайды;

      тау-кен жұмыстарындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын бақылайды.

      207. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      геологиялық зерттеу, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарын, тау-кен жұмыстары өндірісіне қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдарды;

      геология негіздерін, жұмыстар ауданының геологиясы туралы жалпы мәліметтерді, тау-кен-геологиялық шарттарды, жұмыстар ауданының бағытын, мамандануы мен даму перспективаларын;

      тау-кен қазбаларының мақсаты мен конструкцияларын;

      тау-кен қазбаларын қазуға арналған жобалық-өндірістік құжаттаманы әзірлеу талаптары мен тәртібін;

      тау-кен қазбаларын қазудың өндірістік процестері мен технологиясын ұйымдастыруды;

      арнайы рұқсаттарды, ресімдеуді және келісуді талап ететін жағдайда және материалдармен жұмыс жасауға арналған құжаттарды ресімдеу тәртібін;

      сынамаларды іріктеуге және тау-кен жұмыстарының сапасына қойылатын техникалық және геологиялық талаптарды;

      тау-кен қазу жабдығын, механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптарын, қорғау құралдарын техникалық пайдалану мен оған қызмет көрсету талаптары мен қағидаларын;

      тау-кен қазудағы геологиялық қиындықтардың, техника-технологиялық бұзушылықтардың, олқылықтар мен авариялардың пайда болу себептері мен шарттарын, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;

      тау-кен қазбаларының жағдайын бақылау тәртібі мен құралдарын;

      қауіпсіздік техникасының талаптары мен бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу жұмыстарын, тау-кен қазбаларын қазу кезінде пайдаланылатын материалдарды жұмсау нормалары мен сақтау қағидаларын;

      жарылғыш материалдардың түрлері мен сипаттамаларын, оларды пайдалану, тасымалдау, есепке алу және сақтау қағидаларын;

      сынау технологиясын;

      құбырларды іріктеуге және олардың сапасына қойылатын талаптарды;

      геологиялық материалды (кернді, сынамаларды және т.с.с.) есепке алу және сақтау қағидасын, өндірістік және есеп құжаттамасы нысаны мен жүргізу қағидасын;

      тау-кен жұмыстарын жоспарлау, жобалау тәртібі мен қаржыландыру тәртібін;

      тау-кен жұмыстарының нормалары мен бағаларын, оларды қайта қарау тәртібін;

      жұмыскерлерге еңбекақы төлеу жөніндегі қолданыстағы ережелерді;

      тау-кен жұмыстарының техникасы мен технологиясы саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      экономика мен еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 207-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      208. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тау-кен жұмыстары жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тау-кен жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      тау-кен жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқтау-кен жұмыстары жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      тау-кен жұмыстары жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тау-кен жұмыстарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

42-параграф. Техник-химик

      209. Лауазымдық міндеттері:

      неғұрлым білікті маманның басшылығымен химия зауыттарына жабдықты, жаңа өнеркәсіптік химиялық технологияларды зерттеу мен әзірлеу, тәжірибелік үлгілерге сынақ жүргізу саласында техникалық тапсырмаларды орындайды;

      химиялық жабдық пен технологиялық жүйелерді пайдалану дұрыстығын, алдын ала тексеру және жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      жабдықты жұмысқа дайындайды, ақауды анықтайды және жояды;

      нәзік және дәл химиялық технологиялардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      қолданылатын материалдардың, өндірілген өнімдер мен процестердің технологиялық аспектілері жөнінде консультация беруді жүзеге асырады;

      химиялық жабдық жұмысының көрсеткіштері мен режимдерін есепке алады, басқадай техникалық құжаттама жүргізеді;

      жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін химиялық өнеркәсіптік жабдығын әзірлеу мен пайдалану саласындағы техникалық білімін қолданады.

      210. Мыналарды:

      химиялық өндірістік жабдықты әзірлеумен, құрастырумен, пайдаланумен және жөндеумен байланысты техникалық міндеттерді орындау мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, басшылыққа алынатын басқа да әдістемелік және нормативтік құжаттарды;

      шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге химиялық талдау физикалық-механикалық сынақтар және басқа да зерттеулер жүргізудің әдістерін;

      жалпы, талдамалық және физикалық химия негіздерін;

      өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін;

      өндірілетін өнімнің негізгі технологиялық және конструкциялық деректерін;

      сала мен ұйымда қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарды, техникалық құжаттамаға, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге қойылатын талаптарды;

      зертханалық жабдыққа қызмет көрсету мен пайдалану қағидасын;

      талданатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, қолданылатын реактивтерді, олардың сапасын бақылау әдістері мен құралдарын, сынақ жүргізу, өнім қабылдау мен сақтау қағидасын;

      орындалатын жұмыстарға құжаттама жүргізу қағидасын;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      211. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары білім және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және тиісті салада жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

43-параграф. Техник-маркшейдер

      212. Лауазымдық міндеттері:

      маркшейдерлік жұмыстарға, тау-кен жыныстарының, құрылыстардың, трассалардың жобаларын жергілікті жер жағдайына ыңғайлауды және оларды натураға ауыстыруды жүзеге асыруға қатысады;

      жобалық-сметалық және өндірістік құжаттаманы, есептілікті және маркшейдердік жұмыстарды орындау туралы жедел ақпаратты дайындау мен ресімдеуге қатысады;

      тау-кен қазбаларын үңгілеуді бақылау, жобалық қималардың, еңістердің, және габариттердің сақталуы үшін қажетті өлшеуді орындайды;

      тау-кен қазбаларын үңгілеуге маркшейдерлік қызмет көрсетуді, қоймалар мен үйінділерді өлшеуді қамтамасыз етеді;

      жер бетіндегі топографиялық түсіруді, өлшем материалдарын камералық өңдеуді жүргізеді;

      бастапқы геодезиялық құжаттама жүргізеді және оны өңдеуді есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;

      маркшейдерлік жұмыстардың мәтіндік, кестелік және кескіндік материалдарын дайындауға қатысады;

      нүкте орындарында ұзақ мерзімді және уақытша белгілерді орнатады, жұмыс жобасы мен белгіленген тапсырмаға сәйкес нүктелердің жоспарлық координаттары мен биіктігін анықтайды;

      тау-кен жұмыстары жоспарларын сызады және басқа да кескіндік жұмыстарды орындайды;

      қозғалысты және пайдалы қазбалардың шығынын есепке алу, күзетілетін объектіге арналған сақтандыру белгілерінің шекараларын белгілеу үшін құжаттама әзірлейді;

      қажетті аспаптарды, құралдарды және басқа да керек-жарақтарды алу мен оларды сақтауға тапсыруға қатысады;

      маркшейдерлік жұмыстардың сапасына қойылатын талаптардың, жер қойнауын қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың, еңбек қорғау ережесінің, маркшейдерлік жұмыспен айналысатын жұмыскерлермен өртке қарсы қорғаныс ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      213. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      геологиялық зерттеу, жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      маркшейдерлік жұмыстар жүргізуге қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік және әдістемелік материалдарды;

      тау-кен жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мен технологиясының негіздерін;

      геологиялық ұйымда тау-кен жұмыстарын дамыту перспективасы мен жүргізу ерекшеліктерін;

      маркшейдерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен технологиясын;

      қолданылатын жабдықтың, аппаратураның, аспаптардың конструкциясын, сондай-ақ техникалық пайдалану мақсаты мен сақтау қағидаларын;

      аспаптар мен құралдарды тексеру тәртібін;

      маркшейдерлік құжаттама мен есептерді ресімдеу тәртібі мен ережесін;

      материалдарды өңдеу, техникалық есептерді, кескіндік және есептеу жұмыстарын орындау, геодезиялық карталар, жоспарлар, схемалар, пішіндерді құру тәртібін, әдістері мен құралдарын;

      жер қойнауындағы қорлар қозғалысы мен пайдалы қазбалардың шығынын есепке алу негіздерін;

      маркшейдерлік жұмыстар сапасына қойылатын негізгі қағидалар мен талаптарды;

      сызба құралының негізгі түрлері мен оларды пайдалану қағидаларын, маркшейдерлік материалдарды ресімдеу мен сақтауға қойылатын талаптарды;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 213-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      214. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы техник-маркшейдер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және ІІ санаттағы техник-маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ІІ санаттағы техник-маркшейдер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санаты жоқ техник-маркшейдер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      санаты жоқ техник-маркшейдер: жұмыс өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.

44-параграф. Ұңғымаларды құю жөніндегі инженер

      215. Лауазымдық міндеттері:

      ұңғымаларды құюдың (цементтеудің) технологиялық процестерін басқарады;

      ұңғыма оқпанын цементтеуге дайындауды қамтамасыз етеді, пайдалану колонналарын жарақтандырудың дұрыс орнатылуын қамтамасыз етеді;

      жерүсті коммуникацияларды қысыммен пресстеуді және цементтеу жұмыстары үшін материалдық және техникалық құралдарды дайындауды ұйымдастырады;

      ұңғыманы цементпен құю үшін технологиялық жабдықты анағұрлым ұтымды орналастыруды қамтамасыз етеді, қажетті цементтің, басуға арналған сұйықтық пен химиялық реагенттердің көлемін есептеуді жүргізеді;

      ұңғымада күтілетін ең үлкен қысымды және шегендеу колонналарды цементтеу және құю жұмыстарын орындау үшін қажетті уақытты белгілейді;

      тиісті техникалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады және технологиялық тәртіптің сақталуын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      цементтеу жұмыстарын орындау кезінде жабдық пен көлік құралдарының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      пайдалану колонналарын цементтеу процесінде алынған ақауларды жою жұмыстарына қатысады.

      216. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      бұрғылау (ұңғымаларды бекіту) жұмыстарын жүргізуге, мұнай өндіруге қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      кен орындарының геологиялық құрылымын;

      геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу әдістерін;

      цементтеу жұмыстары өндірісінің технологиясын, шегендеу тізбегінің конструкциясын, пайдаланылатын цемент пен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, оларды жұмсау нормаларын;

      сақтау және тасымалдау қағидасын, ұңғымаларды бұрғылау және салу технологиясын;

      мұнай мен газ өндіру технологиясының негіздерін;

      қабат флюидтерінің физикалық-химиялық қасиеттерін;

      бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жұмысының қағидаттары мен оларды дұрыс пайдалануды;

      ұңғымаларды құю бойынша озық тәжірибені;

      кен орындарының геологиялық құрылымын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 216-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      217. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      ұңғымаларды құю жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды құю жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ұңғымаларды құю жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқұңғымаларды құю жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      ұңғымаларды құю жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

45-параграф. Ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженер

      218. Лауазымдық міндеттері:

      қабылданған жұмыстар технологиясына сәйкес ұңғымаларды бекіту процесін, технологиялық тәртіптің сақталуын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды цементтеу жұмыстарын жүргізу үшін технологиялық жабдық пен көліктік құралдарды дайындауды қамтамасыз етеді;

      цементтеу жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық жабдық пен техниканы анағұрлым ұтымды орналастыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      цех, учаске басшылығының өндірістік тапсырмаларын орындау дәрежесі туралы ақпаратты дайындайды және береді;

      ұңғымаларды цементтеу бойынша қажетті техникалық-технологиялық құжаттаманы әзірлейді;

      цементтеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін материалдық құралдарды дайындауды ұйымдастырады;

      жаңа жабдықты, материалдар мен ұңғымаларды бекітудегі техникалық процестерді технологиялық сынауды жүргізеді;

      ұңғымаларды бекіту кезіндегі авариялар мен қиындықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды енгізуге қатысады;

      ұңғымаларды бекіту саласындағы озық тәжірибені зерттейді, жинақтайды және таратады;

      авариялық жағдайдың дамуын шектеу және оны жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді, жедел жәрдем, авариялық қызмет, өрт қорғаушыларды шақыру бойынша шаралар қабылдайды.

      219. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      ұңғымаларды бекіту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мен мұнай өндіруге қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      ұңғымаларды цементтеу, бекіту жөніндегі техникалық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу, ресімдеу және жүргізу қағидаларын;

      ұңғымалар мен олардың конструкцияларын бекіту жұмыстарын жүргізу технологиясын;

      ұңғымаларды бекіту жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық пен техниканың техникалық сипаттамаларын;

      ұңғымаларды цементтеу кезінде пайдаланылатын цементтердің, тампонаждық ерітінділердің, химреагенттерінің физикалық-химиялық қасиеттерін және олардың өзгеруіне әсер ететін факторларды;

      пайдаланылатын материалдар шығысының нормаларын, оларды сақтау мен тасымалдау қағидаларын;

      ұңғымаларды, жаңа техника мен технологиялық жабдықты бекітудің жаңа технологиялық процестерін сынауды жүргізудің әдістемесін;

      ұңғымаларды бекіту жұмыстарының озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 219-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      220. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      ұңғымаларды бекіту жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бекіту жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ұңғымаларды бекіту жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бекіту жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      ұңғымаларды бекіту жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылау және цементтеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жылнемесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

46-параграф. Ұңғымаларды сынамалау және сынау жөніндегі инженер

      221. Лауазымдық міндеттері:

      ұңғымаларды сынамалау (сынау) технологиясын әзірлейді;

      ұңғымаларды сынамалау және сынау үшін техникалық құралдарды дайындауды ұйымдастырады;

      ұңғымаларды сынамалау (сынау) жұмыстарының өндірісі бойынша жылдық тапсырмаларды жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды сынамалау және сынау, тесу және цемент көпірлерін орнату жұмыстарын тікелей басқарады;

      техникалық құжаттаманы әзірлейді, қажетті есеп пен есептілікті жүргізеді;

      қажет болғанда, ұңғымаларды сынамалау (сынау) бойынша қосымша шараларды әзірлейді;

      сорап-компрессорлық құбырлар тізбегінің техникалық өлшемдерін есептеуді жүргізеді, ұңғымаларды сынау, сынамалау мен тесу және цемент көпірлерін орнату кезінде ұңғымаларды орап байлау схемасы бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұңғымалар апробациясы (сынау) процесі бойынша бұрғылау бригадалары арасындағы жұмыс тәжірибесін алмасуды және жинақтауды жүргізеді;

      ұңғымалар апробациясын (сынауды) ұйымдастыруды және оның технологиясын жетілдіру жұмысын жүргізеді,

      бұрғылау бригадасының жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      222. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      ұңғымаларды сынамалау (сынау) жұмыстарына, мұнай өндіруге қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      жұмыстар жүргізу технологиясын, геологиялық-техникалық наряд жасау тәртібін және жұмыстарды жүргізуді қиындататын факторларды;

      ұңғымаларды бекіту конструкциясын;

      жабдықтың, құралдың және құрылғылардың техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану қағидаларын;

      мұнай мен газ өндіру, ұңғымаларды бұрғылау мен салу технологиясының негіздерін;

      кен орындарының геологиялық құрылымын;

      мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      ұңғымаларды сынамалау мен сынау жұмыстарын ұйымдастырудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 222-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      223. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      ұңғымаларды сынамалау және сынау жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды сынамалау және сынау жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ұңғымаларды сынамалау және сынау жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ ұңғымаларды сынамалау және сынау жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      ұңғымаларды сынамалау және сынау жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды сынамалау және сынау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

47-параграф. Ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі инженер

      224. Лауазымдық міндеттері:

      ұңғымаларды жөндеудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары үшін бекітілген жоспарлардың (кестелердің) орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды жөндеудің жылдық жоспарын және жедел кестесін жасауға қатысады;

      ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары қозғалысының кестелерін қабылдайды және бекітеді, бригадалар қозғалысы кестесінің, ұңғымаларды жөндеу жөніндегі айлық жоспарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды жөндеу бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары жұмысының қарқынын және ұңғымаларды жөндеуге уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды бастыру кезіндегі технологияның сақталуы, құбырларды, штангілерді және басқа да жерасты жабдықтарды жөндеуге дайындау, көтерме агрегатттар мен арнайы техникалардың ұңғыма сағасында орналасуы бойынша шаралар кабылдайды;

      ұңғымаларды бастыру технологиясымен байланысты есептерді (бастыру сұйықтығының үлестік салмағын есептеу, бастыру сұықтығының қажетті көлемі, химиялық құрамы, қойнауқат флюидтерімен үйлесімдігі және басқалары) жүргізеді;

      тереңдік сораптар мен сорап-компрессорлық құбырларды тұрақты есепке алуды және олардың пайдалану тиімділігін талдауды жүргізеді;

      ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадаларына жерасты жабдықты (ұңғымалық қойылмайтын сораптар, сорап-компрессорлық құбырлар, штангілер) және құралдарды жеткізуге арналған өтінімдерді дайындайды, олардың пайдалануын есепке алуды жүргізеді;

      ұңғымаларды жерасты жөндеу цехінің өндірістік көрсеткіштерін талдауды жүгізеді;

      ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадаларының қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы іс-шаралар қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, жерасты жабдықпен авария, жазатайым жағдайлар қаупі болған жағдайда бригаданың жұмысын уақытша тоқтатады;

      ұңғыма іркілістерін қысқарту бойынша іс-шараларды орындайды;

      жөндеуаралық кезеңін қысқартуға, ұңғымалар қорын жөндеу жиілігін қысқартуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;

      ұңғымаларды жерасты жөндеу техникасы мен технологиясын жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауға қатысады;

      мұнай өндіруге арналған жаңа техниканы енгізу жүргізілген ұңғымаларда тоқтап қалу себептерін талдайды;

      мұнай өндіруге арналған жаңа техниканы енгізу бойынша іс-шараларға қатысады;

      ұңғымаларды жөндеуді орындайтын бөлімшелер үшін еңбек жағдайын жақсарту мен сауықтыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      белгіленген нысандар бойынша қажетті есептілікті жасайды және тиісті органдарға ұсынады;

      ұңғымаларды жөндеу кезінде болған жазатайым жағдайларды және аварияларды тергеп-тексеруге және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      объектілерді, учаскелерді мерзімді тексеруді жүзеге асырады және техникалық құжаттамаға сәйкес өндірістік процестер мен жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      ұңғымаларды жерасты жөндеу уақытының нормаларын талдауға, әзірлеуге және жаңартуға қатысады;

      жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұңғымаларды таңдауға және ұңғымаларды жөндеуге тоқтату үшін негізгі өлшемшарттарды әзірлеуге қатысады;

      өндірістік қызмет көрсету базалар цехтерінің, ұңғымаларды жерасты жөндеуге дайындау бригадаларының, ұңғымаларды жерасты жөндеу кезінде технологиялық өзара байланысы жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      объектілерді арнайы техникамен уақтылы қамтамасыз етуді, оның ұтымды бөлінуі мен пайдаланылуын жүзеге асырады;

      өндірістік қызмет көрсету базасы цехтерінің өтінімдерді уақтылы орындауы бойынша шаралар қабылдайды;

      бригадалардың жұмыс жасаған уақытының және орындалған жұмыс көлемдерін есепке алуды жүргізеді;

      цехтің кешенді ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын, жұмыс уақытын жоғалтуға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

      225. Мыналарды:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай мен газды өніру мәселелеріне қатысты және ұңғымаларды жөндеу мен дайындау, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      мұнай мен газ дайындау және өндіру технологиясын;

      озық жөндеу жүйелері мен жөндеу жұмыстары технологиясын;

      ұңғымаларды жерасты жөндеу кезінде пайдаланылатын техниканың, жабдық пен құралдың мақсатын және жұмыс істеу режимдерін, конструкциялық ерекшеліктерін, техникалық сипаттамаларын, оларды техникалық пайдалану қағидаларын;

      мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 225-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      226. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі санаты жоқ инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі санаты жоқ инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 1-санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жылнемесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

48-параграф. Ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі)
күрделі жұмыстар жөніндегі инженер

      227. Лауазымдық міндеттері:

      ұңғымаларды салу және күрделі жөндеу бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      кедергілер мен авариялардың пайда болуының алдын алу үшін шаралар қабылдайды;

      болған кедергілер мен авариялардың себептерін талдайды және оларды жою үшін шаралар қабылдайды;

      авариялар көзін, авария объектілерін, авариялардың пайда болу және оларды жою процесіне әсер ететін факторларды, ауқымы мен салдарын анықтайды және талдайды, авариялардың себептерін жою мен алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      авариялар мен кедергілердің алдын алу бойынша нұсқаулықтарды әзірлейді;

      авариялардың анағұрлым маңызды көздері үшін авариялар объектілерінің түрлі топтары бойынша егжей-тегжейлендіруді жүргізеді;

      терең шегендеу бағандарын түсіру жұмыстарына қатысады;

      стандартты емес қармағыш құралды әзірлеуге қатысады;

      сазды ерітінділердің параметрлерін жүргізуді жүзеге асырады;

      шығарындылар мен ашық атқылауды жоюға қатысады;

      белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы, жұмыстарды қауіпсіз орындау нормаларының, әдістері мен тәсілдерінің сақталуы жөніндегі нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      228. Мыналарды:

      Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      мұнай және газ өндіру саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      бұрғылау жабдығының, құрал мен құрлымдардың техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктері мен жұмыс режимін;

      оларды техникалық пайдалану қағидаларын;

      өндірістік процес пен күрделі бұрғылау жұмыстарын жүргізу технологиясын;

      шығарындылармен, ашық атқылаумен және басқа да қиындықтармен күресу әдістерін;

      авариялар мен кедергілерді жою әдістерін;

      бұрғылау ерітіндісінің сіңіп кетуіне қарсы күрес әдістерін, сіңу аймақтарын оқшаулау үшін қоспалардың құрамы мен пайдалану тәсілін;

      ұңғымаларды бұрғылаудың тау-кен геологиялық шарттарын, ұңғымаларды бұрғылаудың түрлері мен тәсілдерін, ұңғымалардың мақсаты мен конструкциясын;

      есептеу әдістері және конструкциялау негіздерін;

      ұңғымаларды бұрғылау мен сынаудың сапасына қойылатын геологиялық-техникалық талаптарды;

      техникалық бұзушылықтардың, бұрғылау кезіндегі авариялар мен қиындықтардың пайда болу себептері мен шарттарын, олардың алдын алу тәсілдерін;

      мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;

      бұрғылау жұмыстарының нормалары мен бағаларын, оларды қайта қарау тәртібін;

      экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 228-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      229. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар жөніндегі санаты жоқ инженер: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылаудағы және күрделі жөндеудегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімжәне І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жыл.

49-параграф. Хатшы-референт

      230. Лауазымдық міндеттері:

      талдамалық материалдарды, басшылардың ұйымның негізгі қызметі жөніндегі сөз сөйлеулерінің жобаларын, іскерлік хаттарды, анықтамаларды, жеделхаттарды, телефакстерді және өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;

      құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді және олардың орындалуын, ақпараттық-анықтамалық қызмет пен құжаттық ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді;

      анықтамалық-ақпараттық қорын ұтымды қалыптастырады, басшыға ақпараттық қызмет көрсетеді;

      баспасөз шолуларын дайындайды, анықтамалық материалдарды жинайды, оларды жіктейді және жүйелейді, тақырыптық досье жүргізеді;

      отырыстарды, кеңестерді ұйымдастырады, хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді, олардың шешімдерін іске асыруды қамтамасыз етеді;

      аудармашысыз шетелдік әріптестермен келіссөздерге қатысады, хаттардың авторларына жауап дайындайды;

      ұйым басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды дайындау сапасын, дайындау, келісу, бекіту дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      құжаттар мен басшылардың тапсырмаларының орындалуын тексереді, олардың уақтылы және сапалы орындалуына бағытталған жедел шаралар қабылдайды;

      басшылыққа ұсынылатын анықтамалар мен баяндамаларға талдау жүргізеді, олар бойынша құзыретті қорытындылар береді;

      басшының іссапар мен кездесулерін дайындау, келушілерді қабылдау, сондай-ақ оның жұмыс уақытын жоспарлау мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      құжаттар қабылдауды, тіркеуді, жедел іздестіруді, жеткізуді, құжаттар бойынша жедел ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      бекітілген номенклатураға сәйкес іс жүргізуді қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімдерде мұрағатқа тапсырады;

      тікелей басшының басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды.

      231. Мыналарды:

      ұйым қызметіне және іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      ұйым мен оның бөлімшелерінің құрылымын және басшылық құрамын;

      іс қағаздарын жүргізуді, электрондық құжат айналымын жүргізу қағидасын, құжат ресімдеу мен өңдеу әдістерін, мұрағат ісін, машина басуды;

      қабылдау-келіссөз құрылғыларын пайдалану қағидасын;

      ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттарын;

      іскери хаттар құрастыру қағидасын;

      этика мен эстетика негіздерін;

      іскерлік қарым-қатынас қағидаларын;

      еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      есептеу техникасын пайдалану қағидаларын;

      әкімшілік құқық және еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуі тиіс.

      232. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жұмыс өтіліне талап қоймай, мамандық бойынша (біліктілік) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім немесе мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

4-тарау. Басқа да қызметшілер (техникалық орындаушылар) лауазымдары

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Қоймашы

      233. Лауазымдық міндеттері:

      отынды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, бөлшектерді, аспаптарды, заттарды және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды қоймаға қабылдауды, таразыға тартуды, сақтауды және қоймадан беруді жүзеге асырады;

      қоймаға түскен құндылықтардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді;

      материалдық құндылықтарды олардың түрлері, сапасы, мақсаты және басқа да белгілері бойынша бөле (сұрыптай) отырып, сақтау орындарына қолмен немесе механизм көмегімен тасымалдауды ұйымдастырады;

      материалдардың, жабдықтың және өнімнің бүлінуі мен ысырабын болдырмау мақсатында оларды ұтымды сақтауды қамтамасыз етеді;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауды, сақтау режимдерін, кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу мен тапсыру қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады;

      тауарлардың, жабдықтың, материалдардың сақталуына материалды жауапты болады;

      материалдық қалдықтардың ведомосін жасайды, ілеспе құжаттарды, тауар сату туралы жеткізушілердің есептерін ресімдейді;

      электрондық құжат айналымын, компьютерде тауарлық-материалдық құндылықтарды жедел есепке алуды (кіріс, шығыс, есеп) жүргізеді, сондай-ақ арнайы журналға тіркейді;

      өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауды қамтамасыз етеді, өрт сөндіргіштерді уақтылы зарядтайды, өртке қарсы жабдық ақаусыздығын, құрылыстың, шаруашылық керек-жарақтың, мүліктің сақталуын, оларды қалпына келтіруді, толықтыруды және уақтылы жөндеуді, орынжайлардың, аумақтың және жабдықтың жай-күйіне тиісті санитариялық талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      электр қондырғылары мен электр сымдарын, жерлендіруші құрылғыларды оқшаулаудың кедергілерін жыл сайын өлшеуді, су қыздыратын аспаптарға мерзімді сынақ жүргізу мен куәландыруды ұйымдастырады;

      электр энергиясын есепке алуды жүргізеді және тиісті ұйымға бұл туралы мәлімет береді, мүлікті түгендеп, есепке алады (пайдалануға жарамсыз мүліктің бір бөлігін түгендейді және есептен шығаруға дайындайды), қажетті есептеу-есепке алу құжаттамасын жүргізеді, оны орталықтандырылған бухгалтерияға және қойма меңгерушісіне уақтылы ұсынады;

      қосалқы және қызмет көрсетуші персоналдың (жүк көтерушілердің, қоймашы-жұмысшылардың) жұмыс уақытын кесте бойынша бақылауды жүзеге асырады, олармен жұмыс орнында нұсқама жүргізеді;

      ауыр заттарды тасу, жүк түсіру-тиеу жұмыстарын, қойма аумағында көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті, жарық пен жылу жүйесінің дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілердің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      234. Мыналарды:

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған стандарттар мен техникалық талаптарды;

      тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлерін, өлшемдерін, маркаларын, сұрыптылығын және басқа да сапалық сипаттамаларын және олардың шығыс нормаларын;

      жүк түсіру-тиеу жұмыстарын ұйымдастыруды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау мен қоймалау қағидалары мен тәртібін және оларды есепке алу ережесі мен нұсқаулығын;

      жүктерді тасымалдау мен сақтауға, қоймалық орынжайлар мен жабдықты жалға алуға арналған шарттардың талаптарын;

      қойма шаруашылығын жүргізу қағидаларын;

      сақтаудағы материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен түрлерін, олардың ерекшеліктері мен мақсатын;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу қағидаларын;

      өнімдерді ауыстыру нормасын, өнімдерді сақтау қағидаларын;

      есептеу техникасын, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану қағидаларын;

      бухгалтерлік есеп негіздерін, "1:С Сауда және қойма" мамандандырылған бағдарламасын, кассалық операциялар жүргізу негіздерін, компьютерде (Word, Windows, Exel бағдарламалары) жедел есепке алуды жүргізу тәртібін;

      гигиена негіздерін, санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 234-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.11.2021 № 369 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      235. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және қойма шаруашылығында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады