"Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 90/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30986 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б. Д. Дәрменов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының МУА
Н. Билисбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының МУА
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 90/қе бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 25/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісін құрайтын телекоммуникация желілеріне қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға;

      2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тірелген байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) интернет-трафик – белгілі уақыт аралығында Интернетпен қосылу арқылы жіберілетін және алынатын ақпарат көлемі;

      4) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі – басқару жүйесі) – телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;

      5) қалааралық байланыс операторы – қалааралық байланыс желісін, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

      6) қалааралық және халықаралық байланыс операторы – қалааралық және халықаралық байланыс желілерін, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

      7) басқару жүйесінің байланыстыру арнасы (бұдан әрі – байланыстыру арнасы) – басқару жүйесінің екі торабын қосатын және байланыс операторының желілеріндегі ассиметриялы трафик туралы ақпаратты жіберуді қамтамасыз ететін байланыс арнасы;

      8) басқару жүйесін басқару арнасы (бұдан әрі – басқару арнасы) – басқару жүйесінің торабын орталық тораппен қосатын және басқару жүйесінің торабы мен басқару орталығы арасында қызметік ақпаратты (бейнебақылау жүйесінің деректері, трафиктің жай-күйі туралы статистикалық деректер, басқару параметрлері туралы мәліметтер, инфрақұрылымның жай-күйі туралы деректер) жіберуді қамтамасыз ететін байланыс арнасы;

      9) басқару жүйесінің ішкі шеңбері – басқару жүйесін басқару мен жұмыс істеуіне арналған оқшауланған байланыс желісі;

      10) басқару жүйесінің орталық торабы – басқару жүйесін басқарудың кіші жүйесі орналасқан объект;

      11) басқару жүйесінің торабы – басқару жүйесінің жабдығы орналасқан объект;

      12) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

      13) халықаралық байланыс операторы – халықаралық байланыс желісін, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

      14) халықаралық түйісу нүктесі – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен қосуға арналған телекоммуникациялар құралдары;

      15) шетелдік байланыс операторлары – Қазақстан Республикасы аумағынан тыс байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар.

      4. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының шетелдік байланыс операторларымен өзара іс-қимылы тек қана басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары шетелдік байланыс операторларымен трафик алмасуды Заңның 25-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      6. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары өздерінің байланыс желілерін пайдалануға енгізуді олар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен басқару жүйесіне қосылғаннан кейін ғана жүзеге асырады.

      7. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары басқару жүйесіне қосылған кезде Қазақстан Республикасының тиісті облысының немесе республикалық маңызы бар қаласының барлық абоненттерінің интернет-трафигін сол облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан басқару жүйесінің торабы арқылы өткізуді жүзеге асырады.

      Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының және/немесе "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – МТҚ) тиісті облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың барлық абоненттерінің немесе оның бөлігінің интернет-трафигін басқару жүйесінің торабы арқылы өткізуге техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары осы интернет-трафикті басқа облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың басқару жүйесінің торабы арқылы өткізуді жүзеге асырады.

      8. Басқару жүйесіне қосылмаған байланыс операторлары облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар арасында интернет-трафикті басқару жүйесіне қосылған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы өткізуді жүзеге асырады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібі

1-параграф. Халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыру, тіркеу және пайдалану

      9. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторы өзінің халықаралық коммутациялық станциясын шетелдік байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станциясымен қосу үшін халықаралық түйісу нүктесін ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      10. Халықаралық түйісу нүктесін тіркеу үшін халықаралық байланыс операторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТҚ-ға шетелдік байланыс операторларымен халықаралық түйісу нүктесін тіркеуге өтініш жолдайды.

      11. Халықаралық түйісу нүктесін тіркеуге өтінішті алғаннан кейін МТҚ 10 жұмыс күні ішінде халықаралық байланыс операторына халықаралық түйісу нүктесінің тіркеу нөмірін жібереді.

      12. Халықаралық байланыс операторы тіркеу нөмірін алғаннан кейін халықаралық түйісу нүктесін пайдалануға енгізуді жүзеге асырады.

      Халықаралық түйісу нүктесін пайдалану халықаралық байланыс операторы оны тіркеу туралы өтініште көрсеткен мақсаты мен міндетіне сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Шетелдік байланыс операторларымен халықаралық түйісу нүктесінің сыйымдылығы өзгерген жағдайда, халықаралық байланыс операторлары жоспарлы өзгертуге дейін кем дегенде 10 жұмыс күні бұрын, ал төтенше жағдайдарда 5 жұмыс күні бұрын Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, МТҚ-ға шетелдік байланыс операторларымен халықаралық түйісу нүктесінің сыйымдылығын өзгерту туралы хабарлама жолдайды.

      14. Халықаралық түйісу нүктесін таратқан жағдайда халықаралық байланыс операторлары Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТҚ-ға шетелдік байланыс операторларымен түйісу нүктесін тарату туралы хабарлама жолдайды.

2-параграф. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру

      15. МТҚ басқару жүйесі арқылы Заңның 14 және 41-1-баптарының талаптарын орындауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені мен басқарушы өлшемдерді қалыптастыруды мынадай тәртіппен іске асырады:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органынан алынған нұсқама негізінде желілер және (немесе) байланыс құралдары, интернет-ресурстар тізімін қалыптастырады;

      2) нұсқамада көрсетілген желілер және (немесе) байланыс құралдары, интернет-ресурстар тізімі үшін басқару жүйесіне басқару параметрлерін (қағидалар жиынтығын) енгізеді;

      3) басқару жүйесінде енгізілген басқарушы параметрлердің дұрыс орындалуын тексеруді жүзеге асырады;

      4) Ақпараттық жүйелерді немесе электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, нұсқаманың орындалуы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      МТҚ жабдықты техникалық сүйемелдеуді, басқару жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңартуды, баптауды және басқару жүйесінің жұмысындағы іркілістерді жоюды қамтитын басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін тәулік бойы жүзеге асырады.

3-параграф. Қолданыстағы байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптар, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, байланыс желілерін пайдалануға енгізу және олардың орындалуына бақылау жасау

      16. Байланыс құралдарына және оларды басқаруға мынадай талаптар қойылады:

      1) байланыс және оларды басқару құралдары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сертификатталады;

      2) басқару жүйесін басқаруға қатысатын байланыс құралдары мыналарды қамтиды:

      әкімшілердің артықшылық деңгейлерін конфигурациялау;

      әкімшілердің іс-әрекеттерін логтау;

      желілік шабуылдардан қорғау;

      физикалық және логикалық порттардың жай-күйін бақылау;

      3) басқару және байланыстыру арналарын резервтеу тәуелсіз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылатын тәуелсіз айналма жолдарын беру арқылы жүзеге асырылады;

      4) басқару және байланыстыру арналары ұйымдастырылған басқару жүйесінің жабдығы үздіксіз қуат көздерінен электр қоректендірумен қамтамасыз етіледі.

      17. Байланыс арналарында ақпараттық қауіпсіздік:

      1) басқару және байланыстыру арналарын жазылған маршруттау алгоритмдері мен қауіпсіздік саясаты бар байланыс құралдары арқылы басқару жүйесінің ішкі шеңберіне қосумен;

      2) басқару жүйесінің ішкі шеңберіне қосылуды қамтамасыз ететін басқару және корреляция арналарын резервтеуді жүзеге асырумен;

      3) басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын басқару және байланыстыру арналарына физикалық қолжетімділікті бақылауды жүзеге асырумен;

      4) криптографиялық қорғау құралдары пайдаланылып ұйымдастырылған арналарды қоспағанда, басқару жүйесінің ішкі шеңберін Интернет желісінен оқшаулаумен қамтамасыз етіледі.

      18. Осы параграф ережелерінің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың, оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган Заңның 2-тарауында айқындалатын құзыреттері шеңберінде жүзеге асырады.

      19. Өзінің телекоммуникация желілерін басқару жүйесіне қосу үшін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТҚ-ға басқару жүйесіне қосудың техникалық шарттарын беруге өтініш жолдайды.

      20. МТҚ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының өтінішін алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқару жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын (бұдан әрі – техникалық шарттар) береді.

      Өтініште дұрыс емес ақпарат көрсетілген жағдайда, МТҚ өтінішті алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына бас тарту себептері негізделген техникалық шарттарды беруден бас тарту жібереді.

      21. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы техникалық шарттарды алған күннен бастап немесе берілген техникалық шарттардың қолданысы басталатын күннен бастап (бұл ретте техникалық шарттардың қолданысы басталатын күн техникалық шарттар берілген күннен бастап 3 айдан кешіктірілмеуі тиіс) күнтізбелік 30 күннің ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес басқару жүйесіне қосылу жөніндегі қажетті техникалық іс-шараларды жүргізеді. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы электрондық пошта арқылы МТҚ-ға хабарлама жіберіп, телефон байланысы арқылы жұмыс тәртібімен келісілгеннен кейін интернет-трафикті өткізуді жүзеге асырады.

      22. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы берілген басқару жүйесіне қосылудың техникалық шарттарына сәйкес байланыс арнасын таратуға дейін 5 жұмыс күні бұрын МТҚ-ны жазбаша хабардар етеді.

4-параграф. Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс желілерін және арналарын ұсынуы

      23. МТҚ басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті байланыстыру арналары мен басқару арналарының санын, сондай-ақ олардың өткізу қабілетін есептеуді жүргізеді және қалааралық және халықаралық байланыс операторларына орындалған есептеулердің нәтижелерімен хат жібереді.

      Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары алынған есептеулерге сәйкес өз қаражаты есебінен басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті байланыстыру арналары мен басқару арналарын, сондай-ақ байланыс желілерін ұсынады.

      24. МТҚ байланыстыру арналары мен басқару арналарын қалааралық және халықаралық байланыс операторларының орналасқан нүктелерінде басқару жүйесінің тораптарына қосуды жүргізеді.

      25. Байланыстыру және басқару арналарының жұмысында кідірулер немесе зақымдалулар орын алған жағдайда МТҚ қалааралық және халықаралық байланыс операторын жазбаша хабардар етеді.

      Хабарламаны алғаннан кейін қалааралық және халықаралық байланыс операторы оларды қалпына келтіру немесе олар зақымдалған жағдайда арналарды ауыстыру бойынша шаралар қолданады.

      26. Қалааралық және халықаралық байланыс операторының жаңа телекоммуникация желілерін басқару жүйесіне қосқан жағдайда, МТҚ қосудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде байланыстыру арналарының өткізу қабілетінің көлемін есептеуді жүргізеді және ол ұлғайған жағдайда қалааралық және халықаралық байланыс операторларына байланыстыру арналарын кеңейту үшін қажетті көлемді көрсете отырып, хат жібереді.

      МТҚ көрсеткен көлемге сәйкес қалааралық және халықаралық байланыс операторлары байланыстыру арналарының өткізу қабілетін жоғарылатады.

  Қазақстан Республикасының
телекоммуникация желілерін
орталықтандырылған басқару
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Шетелдік байланыс операторларымен халықаралық түйісу нүктесін тіркеуге ӨТІНІШ

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      _________________________________________________________________________

      (шетелдік байланыс операторының атауы) шетелдік байланыс операторымен трафик

      алмасуды жүзеге асыру үшін

      _________________________________________________________________________

      (халықаралық түйісу нүктесінің мақсаты мен пайдалануға енгіуздің міндеті)

      __________________________________________________________________________

      (түйісу нүктесінің географиялық координаттары, жабдық пен оның орналасқан орны

      туралы мәліметтер)

      __________________________________________________________________________

      (техникалық параметрлері: трафиктің көлемі, түрі) халықаралық түйісу нүктесін тіркеу

      жүргізуді сұрайды.

      __________________________ (қолы, күні)

      Мөр орыны (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
телекоммуникация желілерін
орталықтандырылған басқару
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Шетелдік байланыс операторларымен халықаралық түйісу нүктесінің сыйымдылығын өзгерту туралы ХАБАРЛАМА

      Түйісу нүктесінің тіркеу нөмірі №_____________________________________________

      (мемлекеттік техникалық қызмет берген)

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      түйісу нүктесінің сыйымдылығын өзгертетіні (ұлғайту/азайту) туралы хабарлайды

      __________________________________________________________________________

      (түйісу нүктесінің географиялық координаттары, жабдық пен оның орналасқан орны

      туралы мәліметтер)

      __________________________________________________________________________

      (жаңа техникалық параметрлері: трафиктің көлемі, түрі)

      __________________________________________________________________________

      (жалпы түйісу сыйымдылығы: Гбит / с)

      шетелдік байланыс операторымен трафик алмасуды жүзеге асыру үшін

      _________________________________________________________________________

      (шетелдік байланыс операторының атауы)

      ___________________________________

      (қолы, күні)

  Қазақстан Республикасының
телекоммуникация желілерін
орталықтандырылған басқару
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Шетелдік байланыс операторларымен түйісу нүктесін тарату туралы ХАБАРЛАМА

      Түйісу нүктесінің тіркеу нөмірі

      №_______________________________________________________________________

      (мемлекеттік техникалық қызмет берген)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      түйісу нүктесін таратады__ _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (түйісу нүктесінің географиялық координаттары, жабдық пен оның орналасқан орны

      туралы мәліметтер)

      cебебі бойынша____________________________________________________________

      __________________________

      (қолы, күні)

      Мөр орыны (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
телекоммуникация желілерін
орталықтандырылған басқару
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосу үшін техникалық шарттар беруге ӨТІНІШ

      Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы

      ______________________атынан негізінде әрекет ететін _______________________

      (байланыс операторы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған

      басқару жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын беруді сұрайды:

Байланыс операторы


Заңды мекенжайы/тұрғылықты жері


Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi


Қосылу мекенжайы


Арналар саны


Өткізу қабілеті


Жауапты орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жауапты орындаушының телефоны


      20___ жылғы "____" _________________

      _______________________

      (қолы)

      Мөр орыны (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
телекоммуникация желілерін
орталықтандырылған басқару
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  20___ жылғы "___"_________

Телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылуға арналған №___ ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР

Қалааралық және халықаралық байланыс операторының атауы


Объектінің атауы мен мекенжайы


Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының сыртқы интернет-арнасының атауы


Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторынан Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне дейін қосу өлшемдері


Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінен қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына дейін қосу өлшемдері


Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосуға қойылатын талаптар


Мемлекеттік техникалық қызметтің нөмірлеуіне сәйкес арнаның нөмірі


Техникалық шарттың жарамдылық мерзімі


Мемлекеттік техникалық қызмет атынан жауапты тұлға



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады