БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18639 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.
Кинематография саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің қалыптастырылған жобасын жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарастыратын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды Уәкілетті органға жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларының 1-қосымшасында:
жол
"Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген мәліметтерді пайдалануға келісемін."
келесі редакцияда жазылсын:
"Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген мәліметтерді пайдалануға келісемін.";
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларының 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20926 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20666 болып тіркелген) Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) толтырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде жазылған.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";
4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу кезінде, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – келісуші органдар) келісуге жібереді.
Келісуші органдар құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы жауапты не келісуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
Жауапты орындаушы келісуші органның жауабын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қарап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның басшысына бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қойылғаннан (қол қойғаннан) кейін көрсетілетін қызметті алушы порталдағы жеке кабинетте көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында лицензияны немесе Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды алады.";
11 және 12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті орган, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
12. Уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми- реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымша |
|
___________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) кімнен _____________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) Мекен жайы _________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №) |
|
Нысан". |
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 352 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларына 2-қосымша |
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні, ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу – 11 (он бір) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – қайта ресімделген лицензия) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) осы субъектілердің санаттары үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: |