"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 30994 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №20393 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасығышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде берілген.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      6. Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.";

      14 және 14-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      14-1. Тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты қызмет көрсетуші тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
аппаратының) Департамент басшысының
міндетін атқарушы
Н. БАЙТИЛЕСОВ

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 16 Бұйрыққа қосымша
"Сот органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль
қою" жөніндегі мемлекеттік
қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

2

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық органдары

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі-портал);
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) кеңсесі (бұдан әрі – ҚР ЖС СҚҚД) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
порталда-1 (бір) жұмыс күні;
облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 (бір) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне - 5 (бес) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 5 (бес) жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетiлгенi үшiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төленеді.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма күндері қоса есептелгенде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліс.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы, мына интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті беруші: www.​sud.​gov.​kz;
2) Мемлекеттік корпорация: www.​gov4с.kz;
3) порталда www.​egov.​kz.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін);
5) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі);
6) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі).
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, жеке басты куәландыратын, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткенін растайтын құжаттар туралы, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мндетін атқарушы 2021 жылғы 4 қарашадағы №950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы №1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы №30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2021 жылғы 24 қарашадағы №155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы №851 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25789 тіркелген) апостиль қоюдың бірыңғай Қағидаларының талаптарына және осы Қағидаға сәйкес келмеуі.

11

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа да талаптары

Тiршiлiк әрекетiн шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығында кінәраты бар қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін олардың Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 7777 жүгінуі арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері қажет болған жағдайда құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
Цифрлық құжаттар сервисі "электрондық үкімет" мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, "электрондық үкімет" мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады