"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 485/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 31017 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақпараттық жүйелер:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;

      3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;

      7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      8) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      9) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      10) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;

      11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;

      14) статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;

      15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;

      16) акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);

      17) интеграцияланған деректер қоймасы;

      18) "Web-декларант" электрондық декларациялау кешені;

      19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      20) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;

      21) "Жылжымалы мүлік тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      22) "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      23) "e-learnіng" электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;

      24) "Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;

      25) "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      26) "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы" ақпараттық жүйесі;

      27) "Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      28) "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;

      29) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;

      30) "ҚР Қаржымині МКК Web-порталы" ақпараттық жүйесі;

      31) "Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      32) "Электрондық шот фактуралар" ақпараттық жүйесі;

      33) "Жедел басқару орталығы" ақпараттық жүйесі;

      34) "Интеграцияланған кедендік тариф" ақпараттық жүйесі;

      35) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;

      36) "Қазақстан Республикасының электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;

      37) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      38) "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі;

      39) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі";

      40) "ASHYQ" платформасы" бағдарламалық қамтылымы (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);

      41) "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі";

      42) "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің м.а.
А. Турысов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады