"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 40 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 121 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31084 болып тіркелді

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген тексеру парағының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектілерін іріктеуге арналған.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері – заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге: жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға, клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға, банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға, компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға, заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер;

      2) болмашы бұзушылықтар – қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) қаупінің туындауы үшін алғышарттар жасамайтын, бірақ өз қызметін жүзеге асыру кезінде қаржы мониторингі субъектілері үшін орындау міндетті болып табылатын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) іс-қимыл туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары;

      3) елеулі бұзушылықтар – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қаупінің туындауы үшін алғышарттар жасайтын КЖ/ТҚҚ туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары;

      4) өрескел бұзушылықтар – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қаупін келтіретін КЖ/ТҚҚ туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары;

      5) тәуекел – бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қаупін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі - КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ) саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      5. Тәуекелді айқындау КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне:

      бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

      бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер жатады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне:

      лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

      жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар жатады.

      8. Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің салалары үшін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша анықталады және жартыжылына 1 (бір) реттен жиі болмауға тиіс.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бақылау субъектілерінің субъективті өлшемшарттарының тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Бұрын жүргізілген бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілерін мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:

      "12-2. Бақылау субъектілері тәуекел дәрежесі жоғары ақпараттық жүйені қолдана отырып тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен бақылау және қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады:

      1) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады:

      1) бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі;

      2) елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;

      3) болмашы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны;

      4) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша анықталады:

      SР = SРз + SРн, мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатқызылады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін;

      2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.";

      осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген заң консультанттарына, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
  2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 121 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 40
Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасын
сақтаудың тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

р/б

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1-тарау. Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

1

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну

өрескел

2

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

болмашы

3

Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)

елеулі

4

Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

елеулі

5

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциясы күдікті деп танылған және осындай танылудың нәтижелері тіркелгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

елеулі

6

Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларымен бекітілген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасын орындауы (WEB ҚМС жүйесінде тестілеу нәтижелерінің жоқтығы)

болмашы

7

Бөлінген байланыс арнасының болуы

елеулі

2-тарау. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

8

Клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде сұратылатын мәліметтер мен құжаттарды тіркеу бойынша шараларды сақтау, оның ішінде жеке тұлғаны, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тiркеу; бенефициарлық меншік иесін анықтау және оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу; іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау; жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу; клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту; клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыру; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыру; осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алу; осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдау, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдану бөлігінде

елеулі

9

Клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде сұратылатын мәліметтер мен құжаттарды сақтау бойынша шараларды сақтау, оның ішінде жеке тұлғаны, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тiркеу; бенефициарлық меншік иесін анықтау және оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу; іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау; жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу; клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту; клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыру; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыру; осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алу; осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдау, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдану бөлігінде

болмашы

10

Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы

болмашы

11

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну

өрескел

12

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

болмашы

13

Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

елеулі

14

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)

елеулі

15

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған)

өрескел

16

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну

өрескел

17

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциясы күдікті деп танылған және осындай танылудың нәтижелері тіркелгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

өрескел

18

Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы

елеулі

19

Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану

өрескел

20

Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру

өрескел

21

Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау

өрескел

22

Ішкі бақылау ережелерінің болуы

елеулі

23

Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы)

өрескел

3-тарау. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

24

КЖ/ТҚҚ туралы заңның бұзушылығы жөніндегі жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 121 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 40
Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021 жылғы 16 тамыздағы № 7
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 16 тамыздағы № 80
бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

      Заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге: жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға, клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға, банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға, компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға, заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды

      тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы Акті _______________________________________________

      ____________________________________________________________ №, күні

      Бақылау субъектісінің атауы ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      Нөмірі ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде сұратылатын мәліметтер мен құжаттарды тіркеу бойынша шараларды сақтау, оның ішінде жеке тұлғаны, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тiркеу; бенефициарлық меншік иесін анықтау және оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу; іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау; жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу; клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту; клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыру; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыру; осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алу; осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдау, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдану бөлігінде

2

Клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде сұратылатын мәліметтер мен құжаттарды сақтау бойынша шараларды сақтау, оның ішінде жеке тұлғаны, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тiркеу; бенефициарлық меншік иесін анықтау және оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу; іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау; жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу; клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту; клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыру; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыру; осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алу; осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдау, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдану бөлігінде

3

Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы

4

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну

5

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

6

Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

7

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)

8

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған)

9

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну

10

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциясы күдікті деп танылған және осындай танылудың нәтижелері тіркелгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

11

Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы

12

Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану

13

Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру

14

Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау

15

Ішкі бақылау ережелерінің болуы

16

Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы)

17

Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу

      Лауазымды адам (-дар) __________________________________ _____________

      лауазымы қолы

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ___________

      лауазымы қолы

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 121 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 40
Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021 жылғы 16 тамыздағы
№ 7 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 16 тамыздағы № 80
бірлескен бұйрыққа
3-қосымша

      Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды

      тағайындаған мемлекеттік орган_________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акті ________________________________________________

      _____________________________________________________________ №, күні

      Бақылау субъектісінің атауы ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ___________________________________________________________________

р/б

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде сұратылатын мәліметтер мен құжаттарды тіркеу бойынша шараларды сақтау, оның ішінде жеке тұлғаны, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тiркеу; бенефициарлық меншік иесін анықтау және оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу; іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау; жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу; клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту; клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыру; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыру; осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алу; осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдау, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдану бөлігінде

2

Клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде сұратылатын мәліметтер мен құжаттарды сақтау бойынша шараларды сақтау, оның ішінде жеке тұлғаны, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды) сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тiркеу; бенефициарлық меншік иесін анықтау және оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу; іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау; жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу; клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту; клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыру; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыру; осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алу; осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдау, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдану бөлігінде

3

Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы

4

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну

5

Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

6

Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

7

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)

8

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған)

9

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну

10

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциясы күдікті деп танылған және осындай танылудың нәтижелері тіркелгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

11

Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы

12

Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану

13

Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру

14

Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау

15

Ішкі бақылау ережелерінің болуы

16

Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы)

      Лауазымды адам (-дар) __________________________________ _____________

      лауазымы қолы

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ___________

      лауазымы қолы

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады