"Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 1263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31087 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      287-тармақ мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:

      "37) вакциналарды, медициналық және ветеринариялық препараттарды, диагностикалық тест-жүйелерді, патогенді биологиялық агенттерді бейтараптандыруға арналған препараттарды өндіру үшін химиялық реагенттер мен компоненттерді, шығын және орау материалдарын сатып алу.";

      294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "294. Осы Қағидалардың 288 және 293-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтерді қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға, сондай-ақ бейрезидентпен шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 3), 4), 16), 19), 36) және 37) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын сатып алуға қолданылмайды.";

      319-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "319. Егер шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      Осы талап осы Қағидалардың 287-тармағының 37) тармақшасында көзделген сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады