"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31120 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 129) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2018 жылғы 8 ақпандағы № 68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16469 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 18 шілдедегі № 552 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19081 болып тіркелген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1220 Бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі–Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығысқа көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі заңнаманы қолдануды нақтылайды.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік протокол) шетелдік делегация деңгейіне байланысты сапар "аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапар болып бөлінеді.

      "Аса жоғары деңгейдегі" сапарға Қазақстан Республикасы мемлекет немесе үкімет басшыларының қатысуымен шетелдік делегация сапары, "жоғары деңгейдегіге" –Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының (Қорғаныс министрі, Қорғаныс министрінің орынбасарлары) қатысуымен шетелдік делегация сапары жатады.

      2. Өкілдік шығысқа шетелдік делегацияны қабылдау, халықаралық, салтанатты және ресми іс-шаралар, бірлескен оқу-жаттығу мен операцияды, жарыс, Армиялық халықаралық ойындар, отырыс, конференция, кеңес, семинар, баспасөзтурын (бұдан әрі – іс-шаралар) өткізу кезінде:

      1) іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдардың тұруын және белгіленген пунктке дейін көлік шығынын төлеуге;

      2) ресми қабылдауға (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас);

      3) кофе-брейкке (буфеттік қызмет көрсету);

      4) музыкалық сүйемелдеуге;

      5) кәдесый, естелік сыйлық, гүл композициясын (гүл), су сатып алуға;

      6) автокөлік қызметін көрсетуге;

      7) аудармашы қызметін төлеуге;

      8) залды жалға алуға;

      9) залды безендіруге;

      10) мәдени, спорттық іс-шаралардың және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлемдік аренадағы беделін арттыратын іс-шаралардың жеңімпаздары мен қатысушыларына жүлде, бағалы сыйлық сатып алуға;

      11) халықаралық уағдаластық бар болған жағдайда (келісім, шарт, меморандум, хаттама) бірлескен халықаралық оқу-жаттығу мен операция, жарыс, Армиялық халықаралық ойындар өткізу барысында шетелдік делегацияның тамақтануына арналған шығыс жатады.

2-тарау. Өкілдік шығысты пайдалану

      3. Кезекті қаржы жылына арналған бюджетте өкілдік шығысқа көзделген қаражат мөлшеріне сүйене отырып, өкілдік шығыс талап етілетін іс-шаралардың жылдық жоспары (бұдан әрі–Жоспар) жасалады.

      Құрылымдық бөлімшелер жоспарланатын кезеңге арналған бюджеттік өтінімге қосу үшін түсіндірме жазбаны және негіздеу құжаттарын қоса беріп, Жоспарға ұсыныстар береді.

      4. Өкілдік шығысты жоспарлау осы Нұсқаулыққа қосымшада көзделген лимит бойынша жүргізіледі.

      5. Жоспардан тыс іс-шаралар өткізілген жағдайда шығыс сметасында қаражаттың Жоспардың қандай тармағы есебінен іс-шараларды өткізуге қайта бөлінетіні көрсетіледі.

      6. Өкілдік шығысқа қаражат бөлу жоспарланған іс-шара өткізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен ресімделеді.

      7. Өкілдік шығысқа қаражат бөлу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) іс-шараны жүргізу қажеттілігінің негіздемесі;

      2) іс-шараны жүргізу бағдарламасы;

      3) іс-шараға дайындалу мен оны өткізудің жұмыс жоспары;

      4) іс-шараға қатысушылар құрамы;

      5) іс-шара шығысының әрбір құжаты негізделген шығыс сметасы.

      8. Жоспарда көзделген өкілдік шығыс тізбесі, мөлшері мен құны мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізіледі.

      9. Іс-шараны өткізу бағдарламасында ресми қабылдау, кофе-брейк, кәдесыймен алмасу, делегацияны орналастыратын жер және мәдени-демалыс ұйымына, музейге бару көзделеді.

      10. Делегация құрамы бес адамнан астам болған кезде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерде көзделген жағдайды қоспағанда, делегацияға қызмет көрсететін бірге жүретін адамдар және аудармашы саны (ілеспе аудармадан басқа) кемінде делегацияның бес мүшесіне бір аудармашы немесе бір бірге жүруші есебінен айқындалады. Тексеру (инспекциялау) үшін келетін шетелдік инспекциялау тобын қамтамасыз ету шеңберінде бірге жүретін адамдар мен аудармашы саны инспекциялау тәртібіне байланысты айқындалады.

      11. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 24) тармақшасына және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Өкілдік шығысты есептен шығару шығыс сметасын, іс-шараны өткізу бағдарламасын және нақты шығысты растайтын құжаттарды (жүк құжат, орындалған жұмыс актісі, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау актісі) қоса беріп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1220
"Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
жауынгерлік жұмылдыру
дайындығын қамтамасыз ету"
бюджеттік бағдарламасының
"Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
жауынгерлік әзірлігін
арттыру" бюджеттік кіші
бағдарламасы бойынша
республикалық бюджетте
өкілдік шығыстарға көзделген
қаражатты пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша

Өкілдік шығыс лимиті

Р/с №

Шығыс атауы

Құны теңгемен

1.

Қабылдауға (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығын делегация үшін күніне бір адам есебінен жүргізіледі

6 500 теңгеге дейін

2.

"Жоғары деңгейдегі" сапарға жататын делегацияны қабылдауға (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығын делегация үшін күніне бір адам есебінен жүргізіледі

13 000 теңгеге дейін

3.

"Аса жоғары деңгейдегі" сапарға жататын делегацияны қабылдауға (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығын делегациялар үшін күніне бір адам есебінен жүргізіледі

30 000 теңгеге дейін

4.

Кофе-брейк (буфеттік қызмет көрсету) күніне бір адам есебінен

1 040 теңгеге дейін

5.

"Аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарға жататын іс-шаралар кезінде кофе-брейк (буфеттік қызмет көрсету) күніне бір адам есебінен

2 500 теңгеге дейін

6.

Іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдардың тұруын және белгіленген пунктке дейін көлік шығынын төлеу

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсынысының ең төмен құны

7.

Кәдесый, естелік сыйлық, гүл композициясын (гүл), су сатып алу, мәдени, спорттық іс-шаралардың және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлемдік аренадағы беделін арттыратын іс-шаралардың жеңімпаздары мен қатысушыларына жүлде, бағалы сыйлық сатып алу

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсынысының ең төмен құны

8.

Залды жалға алу, залды безендіру, музыкалық сүйемелдеу

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсынысының ең төмен құны

9.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа) сағат бойынша төлеу есебінен

700 теңгеге дейін

10.

"Аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарға жататын іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа) сағат бойынша төлеу есебінен

3000 теңгеге дейін

11.

Автомобиль көлігімен шетелдік делегацияға қызмет көрсетуге арналған көлік шығынын төлеу сағат бойынша төлеу есебінен көзделеді

жеңіл автомобиль– 2 060 теңгеге дейін

"аса жоғарыдеңгейде"және"жоғарыдеңгейде" бизнес-классты автомобиль–2 500 теңгегедейін

шағын автобус – 2 700 теңгеге дейін автобус – 3 400 теңгеге дейін іс-шараның деңгейіне қарамастан

12

Халықаралық уағдаластық (келісім, шарт, меморандум, хаттама) бар болған жағдайда бірлескен халықаралық оқу-жаттығу мен операция, жарыс, Армиялық халықаралық ойындар өткізу барысында шетелдік делегациясынтамақтандыруға арналған шығыс

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсынысының ең төмен құны

      Ескертпе: ресми қабылдау және кофе-брейк уақытында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен қатысушылар саны шетелдік делегация қатысушылары санынан аспауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады