ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6 тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру үшін аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес рұқсаттама талаптарға сәйкестігін тексеру үшін кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.";
осы бірлескен бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрықтың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес көрсетілген бірлескен бұйрықтың 4 және 5-қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына және 143-бабына сәйкес, "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъекті (объекті) – аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдар;
2) елеулі бұзушылықтар – әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқпайтын, бірақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу, сондай-ақ бақылау объектілерінің қызметіне қатысты расталған бір шағымның және өтініштің болуы;
3) елеусіз бұзушылықтар – 2 (екі) ай ішінде "4"-тен төмен баға алған жағдайда, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби аудиторлық ұйымның шешімімен айқындалатын мерзімде анықталған кемшіліктерді жоймауы;
4) өрескел бұзушылықтар – мемлекеттің мүдделерін қозғайтын "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қолдануға әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, сондай-ақ бақылау объектілерінің қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы;
5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік және рұқсаттама талаптарға сәйкестігін (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;
7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) аудиторлық қызмет саласындағы талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел.
4. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылады.
Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
5. Аудиторлық қызмет саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары
6. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.
7. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің екі дәрежесі (жоғары және орта) бойынша бөлінеді.
8. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне мыналар жатады:
1) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар;
2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымдар.
9. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне мыналар жатады:
1) міндетті аудит жүргізбейтін аудиторлық ұйымдар;
2) міндетті аудит жүргізбейтін аудиторлық ұйымдар мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымдар.
2-параграф. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады.
11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалауға мынадай:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны ақпарат көздері пайдаланылады.
Талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалауға мынадай:
1) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
2) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
3) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулердің нәтижелері ақпарат көздері пайдаланылады.
12. Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі және елеусіз) осы Өлшемшарттың 1 және 2- қосымшаларына сәйкес белгіленген анықтамаларға сәйкес беріледі.
13. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
3- параграф. Тәуекелдерді басқару
14. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізуден босатылады.
15. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осындай негіздер көзделген болса, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың қолданылатын баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату мүмкін болады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
16. Осы Өлшемшарттардың 4-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.
Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Өлшемшарттардың 4-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.
Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттары (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) | Бұзушылық дәрежесі |
1.Аудиторлық ұйымдар бойынша | ||
Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | ||
1 | Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті уәкiлеттi органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (жыл сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін) | Өрескел |
2 | Аудиторлық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептілікті уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (тоқсан сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін) | Өрескел |
3 | Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша ақпаратты уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде) | Өрескел |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері | ||

4 |
Аудиторлық ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыруы: | Өрескел |
5 | Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе ерікті түрде шыққан немесе шығарылған күннен бастап бір ай ішінде, сондай-ақ кәсіби ұйым аккредиттеуден айырылған кезде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кіргенін растайтын құжаттардың болуы | Өрескел |
6 | Аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы | Өрескел |
7 | Аудит жүргізуге арналған шарттың болуы | Елеулі |
8 | Аудит жүргiзу және (немесе) аудит стандарттары бойынша ілеспе және басқа да қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі | Елеулі |
9 | Аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беру (оның ішінде мемлекеттік мекемелерде) | Елеулі |
10 | Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты жасалған ұйымдарға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу құқығына шектеулерді сақтауы | Елеулі |
11 | Осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудитін, өзге де ақпарат аудитін жүзеге асыратын оның қызметкерлері қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілердің аудиторлық ұйымының аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудитін, өзге де ақпарат аудитін жүргізу құқығына шектеулерді сақтауы | Өрескел |
12 | Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау және (немесе) ішкі аудит бойынша (бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілген қызметтер ұсынылған ұйымдардың квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аудит, салықтар бойынша аудит, арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізуге тыйым салуды сақтауы | Өрескел |
13 | Аудиторлық ұйымның орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да астам процентiн (немесе жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың аудитін, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитін, салықтар бойынша аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу бойынша құқығын шектеулерді сақтауы | Өрескел |
14 | Аудиторлық ұйымдардың аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар орындаушылардың аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, салықтар бойынша аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу бойынша құқығын шектеулерді сақтауы | Өрескел |
15 |
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау; | Өрескел |
16 | Аудиторлық ұйымдардың аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, салықтар бойынша аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу бойынша құқығын шектеулерді сақтауы | Өрескел |
17 | Аудиторлық ұйымдардың жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізуі бойынша шектеулерді сақтауы | Өрескел |
18 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептің дұрыстығын қамтамасыз етуі | Өрескел |
19 | Аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтау | Елеулі |
20 |
Ең төменгі талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі: | Өрескел |
21 | Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуы | Елеулі |
22 | 2 (екі) ай ішінде "4"-тен төмен баға алған жағдайда, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби аудиторлық ұйымның шешімімен айқындалатын мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюуы | Елеусіз |
Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
23 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | Өрескел |
24 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағымның және өтініштің болуы | Елеулі |
2.Кәсіби аудиторлық ұйымдар бойынша | ||
Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | ||
1 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметі туралы жартыжылдық есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну | Өрескел |
2 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі және сертификаттар беруі туралы жыл сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін) ұсыну | Өрескел |
3 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Міндетті аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдардың ең аз талаптарға сәйкестігі туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну; | Өрескел |
4 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну | Өрескел |
5 | Кәсіби ұйым кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты сапаны сыртқы бақылау жүргізу 3 (үш) жылда бiр рет жүргізу | Елеулі |
6 | Кәсіби ұйымның құрылтайшылары мен қатысушыларының болып табылатын аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдардың ғана болуы | Елеулі |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері | ||
1 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметі туралы жартыжылдық есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну | Өрескел |
2 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі және сертификаттар беруі туралы жыл сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін) ұсыну | Өрескел |
3 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Міндетті аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдардың ең аз талаптарға сәйкестігі туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну; | Өрескел |
4 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну | Өрескел |
5 | Кәсіби ұйым кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты Сапаны сыртқы бақылау жүргізу 3 (үш) жылда бiр рет жүргізу | Елеулі |
6 | Кәсіби ұйымның құрылтайшылары мен қатысушыларының болып табылатын аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдардың ғана болуы | Елеулі |
7 | Уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді 3 (үш) ай ішінде жою | Өрескел |
8 | Мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлау | Елеулі |
9 | Аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауы | Елеулі |
10 | Өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлардың ғана сапаға сыртқы бақылау жүргізуі | Елеулі |
11 |
Сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау негіздерін сақтауы: | Елеулі |
12 | Аудиторлық ұйымдар - кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының 10 (он) пайызында, бірақ кемінде 5 (бесеуінде) күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылу фактілерінің болмауы | Өрескел |
13 | Бекітілген ішкі жоспар бойынша әрбір аудиторлық ұйым бойынша сапаға жоспарлы сыртқы бақылау жүргізу мерзімдерінің сақталуы | Елеулі |
14 | Аудиторлармен сыртқы сапаны бақылау жүргізу мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды | Елеулі |
15 | Сыртқы сапаны бақылау қорытындылары бойынша бағаны айқындау мерзімі 2 (екі) айдан аспайды | Елеулі |
16 |
Сапаға сыртқы бақылау жүргізу тәртібін сақтау: | Елеулі |
Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
17 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | Өрескел |
18 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағым мен өтініштердің болуы | Елеулі |
Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Талаптарға сәйкестігін тексеруді жүргізу үшін субъективті өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттары (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) | Бұзушылық дәрежесі |
1.Аудиторлық ұйымдар бойынша | ||
Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | ||
1 | Аудиторлық ұйымның құрамында кемінде 2 (екі) адамнан тұратын (оның ішінде басшысының және (немесе) құрылтайшылардың (қатысушылардың) болуы | Елеулі |
2 | Аудитордың өз қызметін аудитор ретінде тек бір аудиторлық ұйымның құрамында жүзеге асыруы | Елеулі |
3 | Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлесінің кемінде жүз пайыз болуы | Елеулі |
4 | Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес аудиторлық ұйымның басшысына қатысты бұрын ол жетекшілік еткен аудиторлық ұйымның лицензиясынан айыру туралы мәліметтердің болмауы | Елеулі |
5 | Аудиторлық ұйым басшысының, сондай-ақ аудиторларда аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілік куәлігінің болуы | Елеулі |
6 | Филиал басшысының Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы | Елеулі |
7 | Орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады | Елеулі |
8 | Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының резиденті-басқа аудиторлық ұйымның қатысушысы болмайды | Елеулі |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулердің нәтижелері | ||

9 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | Өрескел |
10 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағым мен өтініштердің болуы | Елеулі |
2. Кәсіби аудиторлық ұйымдар бойынша | ||
Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | ||
1 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары болуы | Елеулі |
2 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі болуы | Елеулі |
3 | Кәсіби ұйымдардың басқару органы соңғы бес жылдың ішінде кемінде 3 жыл аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш аудитор - кәсіби ұйымның мүшелері қатарынан құрылады | Елеулі |
4 |
Кәсіби ұйымда жұмыс органдарының болуы: | Елеулі |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулердің нәтижелері | ||
1 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары болуы | Елеулі |
2 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі болуы | Елеулі |
3 | Кәсіби ұйымдардың басқару органы соңғы бес жылдың ішінде кемінде 3 жыл аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш аудитор - кәсіби ұйымның мүшелері қатарынан құрылады | Елеулі |
4 |
Кәсіби ұйымда жұмыс органдарының болуы: | Елеулі |
Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
5 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | Өрескел |
6 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағым мен өтініштердің болуы | Елеулі |
Тексеру парағы
_______________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 -бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы аудиторлық ұйымдарға қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
___________________________________
№, күні
_________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_________________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті уәкiлеттi органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (жыл сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін) | ||
2 | Аудиторлық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептілікті уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (тоқсан сайынғы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін) | ||
3 | Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша ақпаратты уәкілетті органға ұсыну немесе уақтылы ұсыну (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде) | ||
4 |
Аудиторлық ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыруы: | ||
5 | Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе ерікті түрде шыққан немесе шығарылған күннен бастап бір ай ішінде, сондай-ақ кәсіби ұйым аккредиттеуден айырылған кезде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кіргенін растайтын құжаттардың болуы | ||
6 | Аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы | ||
7 | Аудит жүргізуге арналған шарттың болуы | ||
| Аудит жүргiзу және (немесе) аудит стандарттары бойынша ілеспе және басқа да қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі | ||
9 | Аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беру (оның ішінде мемлекеттік мекемелерде) | ||
10 | Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты жасалған ұйымдарға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу құқығына шектеулерді сақтауы | ||
11 | Осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудитін, өзге де ақпарат аудитін жүзеге асыратын оның қызметкерлері қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілердің аудиторлық ұйымының аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудитін, өзге де ақпарат аудитін жүргізу құқығына шектеулерді сақтауы | ||
12 | Аудиторлық ұйымның соңғы үш жылда бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау және (немесе) ішкі аудит бойынша (бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілген қызметтер ұсынылған ұйымдардың квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аудит, салықтар бойынша аудит, арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізуге тыйым салуды сақтауы | ||
13 | Аудиторлық ұйымның орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да астам процентiн (немесе жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың аудитін, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитін, салықтар бойынша аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу бойынша құқығын шектеулерді сақтауы | ||
14 | Аудиторлық ұйымдардың аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар орындаушылардың аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, салықтар бойынша аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу бойынша құқығын шектеулерді сақтауы | ||
15 |
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау; | ||
16 | Аудиторлық ұйымдардың аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, салықтар бойынша аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізу бойынша құқығын шектеулерді сақтауы | ||
17 | Аудиторлық ұйымдардың жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге де ақпарат аудитін жүргізуі бойынша шектеулерді сақтауы | ||
18 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептің дұрыстығын қамтамасыз етуі | ||
19 | Аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтау | ||
20 |
Ең төменгі талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі: | ||
21 | Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуы | ||
22 | 2 (екі) ай ішінде "4"-тен төмен баға алған жағдайда, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби аудиторлық ұйымның шешімімен айқындалатын мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюуы | ||
23 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
24 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағымның және өтініштің болуы |
Лауазымды адам
(адамдар) _________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы

_________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 -бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_________________________________________________________________________
__________________
__________________________________________________________________________
___________________
Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
__________________________________
№, күні
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
______________________________________________
______________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметі туралы жартыжылдық есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну | ||
2 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі және сертификаттар беруі туралы жыл сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін) ұсыну | ||
3 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Міндетті аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдардың ең аз талаптарға сәйкестігі туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну; | ||
4 | Уәкілетті органға уақтылы және дұрыс есептілікті ұсыну; Кәсіби аудиторлық ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы тоқсан сайынғы есеп (есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін) ұсыну | ||
5 | Кәсіби ұйым кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты сапаны сыртқы бақылау жүргізу 3 (үш) жылда бiр рет жүргізу | ||
6 | Кәсіби ұйымның құрылтайшылары мен қатысушыларының болып табылатын аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдардың ғана болуы | ||
7 | Уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді 3 (үш) ай ішінде жою | ||
8 | Мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлау | ||
9 | Аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауы | ||
10 | Өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлардың ғана сапаға сыртқы бақылау жүргізуі | ||
11 |
Сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау негіздерін сақтауы: | ||
12 | Аудиторлық ұйымдар - кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының 10 (он) пайызында, бірақ кемінде 5 (бесеуінде) күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылу фактілерінің болмауы | ||
13 | Бекітілген ішкі жоспар бойынша әрбір аудиторлық ұйым бойынша сапаға жоспарлы сыртқы бақылау жүргізу мерзімдерінің сақталуы | ||
14 | Аудиторлармен сыртқы сапаны бақылау жүргізу мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды | ||
15 | Сыртқы сапаны бақылау қорытындылары бойынша бағаны айқындау мерзімі 2 (екі) айдан аспайды | ||
16 |
Сапаға сыртқы бақылау жүргізу тәртібін сақтау: | ||
17 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
18 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағым мен өтініштердің болуы |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________________________________
_________________________________________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы
__________________________________________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексеру парағы
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 -бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы аудиторлық ұйымдарға қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
__________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ____________________________________________
№, күні
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
__________________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
______________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
___________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Аудиторлық ұйымның құрамында кемінде 2 (екі) адамнан тұратын (оның ішінде басшысының және (немесе) құрылтайшылардың (қатысушылардың) болуы | ||
2 | Аудитордың өз қызметін аудитор ретінде тек бір аудиторлық ұйымның құрамында жүзеге асыруы | ||
3 | Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлесінің кемінде жүз пайыз болуы | ||
4 | Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес аудиторлық ұйымның басшысына қатысты бұрын ол жетекшілік еткен аудиторлық ұйымның лицензиясынан айыру туралы мәліметтердің болмауы | ||
5 | Аудиторлық ұйым басшысының, сондай-ақ аудиторларда аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілік куәлігінің болуы | ||
6 | Филиал басшысының Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы | ||
7 | Орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады | ||
8 | Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының резиденті-басқа аудиторлық ұйымның қатысушысы болмайды | ||
9 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
10 | Аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағымның және өтініштің болуы |
Лауазымды адам (адамдар) __________________________________________________
__________________________________________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы
_________________________________________________________________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексеру парағы
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 -бабына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт __________________________________________
№, күні
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
__________________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары болуы | ||
2 | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі болуы | ||
3 | Кәсіби ұйымдардың басқару органы соңғы бес жылдың ішінде кемінде 3 жыл аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш аудитор - кәсіби ұйымның мүшелері қатарынан құрылады | ||
4 |
Кәсіби ұйымда жұмыс органдарының болуы: | ||
5 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты 2 (екі) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
6 | Кәсіби аудиторлық ұйымның қызметіне қатысты расталған бір шағым мен өтініштердің болуы |