"Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 710 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31160 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында:

      9, 10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басқарудың күнделікті ұзақтығы 9 сағаттан аспайды. Оны аптаның ішінде ең ұзақ дегенде 10 сағатқа дейін екі рет ұлғайтуға рұқсат етіледі.

      10. Басқарудың апталық ұзақтығы 56 сағаттан аспайды.

      11. Басқарудың жалпы ұзақтығы кез келген жалғасқан екі аптаның ішінде 90 сағаттан аспайды.";

      13, 14, 15 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Төрт жарым сағат бойы басқарған кезеңнен кейін, егер демалыс уақыты келмесе, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасайды.

      14. Бұл үзіліс ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліспен ауыстырылады, одан кейін ұзақтығы кемінде 30 минут үзіліс басқару кезеңі ішінде төрт жарым сағат ішінде немесе осы кезеңнен кейін бірден осы Қағидалардың 13-тармағының ережелеріне сәйкес бөлінеді.

      15. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарының негізінде сақталатын үзілістер күнделікті демалыс кезеңдері ретінде қаралмайды. Күту уақыты және басқару үшін пайдаланылмайтын уақыт және жылжымалы көлік құралында, паромда немесе пойызда өткізілген уақыт басқа жұмыс ретінде қаралмайды және үзіліс ретінде сараланады.

      16. Жүргізуші ұзақтығы кемінде 11 сағат күнделікті және ұзақтығы кемінде 45 сағат апта сайынғы демалыс кезеңдерін пайдаланады. Күнделікті демалудың ең аз уақытын екі кезеңге бөлуге рұқсат етіледі, олардың біріншісі кемінде 3 сағат үздіксіз кезең, екіншісі кемінде 9 сағат үздіксіз кезең, ал үшінші аптаның соңына дейін тиісті демалыс уақытын өтеу кезінде апта сайынғы демалыстың ең аз уақыты кемінде 24 сағат болуы тиіс.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бірнеше адамнан тұратын экипаж жүргізушілерінде әрбір аптада кемінде 45 сағат қалыпты апта сайынғы демалыс кезеңі болады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Тахографтар "Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 18086 тіркелген) бекітілген тәртiппен аттестатталған ұйымдар мен кәсіпорындарда тексеріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады