"Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 461 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 1033 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31189 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 407 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 23.06.2023 № 407 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19387 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сыйақы төлеуге арналған қаражат сомасын есептеуді жабдықтар мен материалдық тасығыштарды дайындаушы дербес жүзеге асырады. Есепті кезең үшін төленуге жататын сыйақыны төлеуге арналған қаражат сомасы жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірлігін өткізу бағасын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер үшін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым белгілеген сыйақы төлеуге арналған қаражат мөлшеріне, сондай-ақ есепті кезең ішінде сатылған жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерінің санына көбейту арқылы есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады