"Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсанда № 31261 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23068 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230 және 231-тармақтар алып тасталсын;

      263-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) резервуардың градуирлеу кестесі;";

      331-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Қағидалардың 388 және 398-тармақтарында көрсетілген жағдайларда металл мен дәнекерленген қосылыстарды механикалық сынау және металлографиялық зерттеу;

      6) қажет болған жағдайда осы Қағидалардың 404-тармағына сәйкес металды химиялық талдау;";

      446-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "446. Резервуардың ішінде жұмыс істейтін жұмысшылар металл шегесіз және тағасыз арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілуі тиіс. Тазалау жұмыстары кезінде жұмысшылар құбыршекті газтұтқышпен қамтамасыз етіледі. 10 м-ден ұзын құбыршектері бар газтұтқыштарды пайдалану қажет болған кезде ауаны еріксіз беретін газтұтқыштарды қолдану талап етіледі.

      Жұмысшының құбыршекті газтұтқышта бір мезгілде болу мерзімін резервуарда тазарту және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты адам анықтайды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларындағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 тіркелген) нысанға сәйкес рұқсат нарядына жазылады. Бұл мерзім 30 минуттан аспауы керек, содан кейін кем дегенде 15 минут демалады. Газтұтқыштың ауа құбыршегінің ашық ұшы алдын ала таңдалған жерде таза ауа аймағында бекітілуі тиіс.";

      27 және 30-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады