"Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 желтоқсанда № 31322 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескеретпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10247 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тау-кен, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін объектілерде ұйымның техникалық басшысымен жасалып, басшысымен:

      1) өндірістік бақылау туралы ереже;

      2) технологиялық регламенттер;

      3) аварияларды жою жоспары (бұдан әрі – АЖЖ) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген, Аварияларды жою жоспарын әзірлеу талаптарына сәйкес бекітіледі.

      АЖЖ жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың зерделеуі (бұдан әрі – бақылаушы адам), объектінің техникалық басшысының басшылығымен жүргізіледі.

      Аварияны жою жоспары жылына 1 рет кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құралымдарымен қайта қаралады және келісіледі.";

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Тау-кен жұмыстарына техникалық басшылық етуге "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында көзделген тұлғаларға рұқсат етіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЖЖ өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жасалады, осы қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіптік авариялық-құтқару қызметінің (бұдан әрі – ӨҚС КАҚҚ) басшысымен келісіледі және қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысымен бекітіледі.

      АЖЖ жедел бөлімді, аварияларды жоюға қатысатын персонал арасындағы міндеттерді бөлуді және оның әрекет ету тәртібін, сондай-ақ авария туралы дереу хабарландырылатын лауазымды тұлғалар мен мекемелердің тізімін қамтиды.

      АЖЖ-да:

      1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;

      2) шахтадағы аварияларға тап болған адамдарды қауіпті әсер ету аймағынан шығару жолдары;

      3) аварияларды жою және олардың дамуының алдын алу бойынша іс-шаралар;

      4) авариялар туындаған жағдайда мамандардың және жұмысшылардың іс-әрекеті;

      5) авария туындауының бастапқы кезеңінде ӨҚС КАҚҚ бөлімшесінің және шахта, кеніш персоналының іс-әрекеті көзделеді.";

      4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2. Барлық аса қауіпті жұмыстар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 21151 болып тіркелген) сәйкес әзірленген наряд-рұқсат бойынша орындалады.";

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ӨҚС КАҚҚ өкілдерінің ашық тау-кен жұмыстары объектісінде жаппай жару жұмысынан кейін жерасты қазбаларындағы атмосфераның жай-күйін тексеруді;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Кен орындарын ашық және жерасты тәсілдерімен аралас қазу жұмыстарын жүргізуші ұйымдар ӨҚС КАҚҚ бірге газдың өтуі, судың жаруы, тау-кен қазындысының өзгеруі ықтимал, қауіпті аймақтар шегіндегі тау-кен жұмыстарының учаскелерін анықтайды және көрсетілген учаскелердегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын әзірлейді.";

      24-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыскерлерді жерасты қазбаларына жіберу ӨҚС КАҚҚ тарапынан қазба жағдайын тексергеннен және қалыпты кеніш атмосферасы қалпына келтірілгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Салу, пайдалану және жою кезеңінде барлық шахталарға ӨҚС КАҚҚ қызмет көрсетеді.

      ӨҚС КАҚҚ бөлімшелерінің қызмет көрсету тәртібі, орналасуы, құрылымы және олардың саны ұйым, ӨҚС КАҚҚ басшылығының бірлескен шешімімен айқындалады.";

      52-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзі құтқарғыштардың жарамдылығын тексеру тоқсан сайын шахтаның шаң-желдету қызметінің бастығымен (учаске бастығы) ӨҚС КАҚҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Нәтижесі бойынша өзі құтқарғыштардың жарамдылығын тексеру актісі ресімделеді.";

      54-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Жерасты тау-кен жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндіріс объектілері бақылау, авариялар туралы хабарлау, персоналды позициялау және іздеу жүйелерімен, объектіге қызмет көрсететін ӨҚС КАҚҚ тікелей телефондық және оған қосымша балама байланыспен жабдықталады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Өздігінен жүретін көліктердің кенқұдыққа құлауын болдырмау үшін кенқұдықтарда автотүсіргіш доңғалағының диаметрінен биіктігі 1/3 кем емес және ені 1/2 кем емес сақтандыру тосқауылдары (доңғалақ тіректері) бар, торкөздерінің өлшемі 400х400 миллиметрден аспайтын рельстен немесе құбырлардан жасалған мықты торлар орнатылады.";

      мынадай мазмұндағы 93-1-тармақпен толықтырылсын:

      "93-1. Жерасты қазындыларында жабдықтардың жұмыс орындары мен оларға баратын өтпе жолдар адамдардың, машиналар мен механизмдердің қозғалысына кедергі келтіретін тау жыныстарымен немесе бөгде заттармен үйілмейді.";

      224-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "224. Улы, жанғыш газдың сыртқа шығу қаупі бар шахта оқпандарын үңгілеу және бұрғылау кезінде жуу сұйықтықтарын тазалау ғимаратында (ғимарат болған жағдайда), бұрғылау сорғылары ғимаратында және ұңғыма кенжарларының әрбір қиылысатын қатпарға дейін 10 метр сайын, қатпарларды қайта бұрғылап өткен соң қатпардан 5 метрден төмен қашықтықтарда улы, жанғыш газдар концентрациясын бақылау жүзеге асырылады.

      Өлшеу портативтік газ анықтағыштар арқылы ауысымда кемінде үш рет жүргізіледі, ауа температурасы 10 градус Цельсийден төмен болғанда резеңке ыдыстар қолдана отырып, қыздырудан кейін сынамадағы газдың құрамын анықтау қажет. Өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бұрғылау журналына жазылып, өлшеу жүргізген адамның қолы қойылады.

      Жанғыш газ құрамы 1 пайыздан асқанда бұрғылау қондырғысының жұмысы тоқтатылады, бұрғылау ерітіндісін тазалау ғимаратының ішіндегі электрлік қондырғылар ажыратылады. Әрі қарай жұмысты газдалған орындардағы газ концентрациясын 1 пайыздан төмендетуді қамтамасыз ететін мәжбүрлеп тиімді желдету шартымен жүзеге асыру керек.";

      478-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "478. Теспелерді бұрғылау жұмыстары бұрғылау-жару жұмыстарының паспортына сай жүргізіледі. Паспорттарға кенжардағы геологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты түзетулер енгізу ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен жүргізіледі.

      Бұрғылау-жару жұмыстарының бекітілген паспорттары қол қою арқылы учаске бастығына, бұрғылау-жару жұмыстарының басшысына, ауысымдық инженерлерге және тау-кен шеберлеріне беріледі, паспорттың бір данасы аталған адамдардың қолы қойылып, ұйымның техникалық бөлімінде сақталады.

      Бұрғылау-жару жұмыстарының паспортымен аталған кенжарда тікелей жұмыс істейтін барлық үңгілеушілер және жарушылар қол қою арқылы таныстырылады.

      Бұрғылау-жару жұмыстары паспортының көшірмесі бұрғылау қондырғысында сақталады. Қол перфораторымен бұрғылаушылар үшін бұрғылау-жару жұмыстарының паспорты жұмыс жүргізу орнынан қолжетімді қашықтықта сақталады.";

      488-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "488. Тиеу машиналарын, экскаваторларды және тиеу құралдарын пайдалану өндірушінің нұсқаулығына сай жүргізіледі. Тиеу құралдарының кенжарда жұмыс жасау кезінде оның қозғалу радиусында бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.

      Тиеу машиналарын вагонеткасы бар тіркеме құрылғысында пайдалану зауытта жасалған қатты тіркеме болған кезде ғана жүзеге асырылады.";

      595-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "595. Кентіректерде және төбелерде олардың беріктігін төмендететін кемшіліктер анықталған жағдайда геотехникалық қызмет тарапынан кентіректер мен төбелердің беріктігін қамтамасыз ететін ұсынымдар әзірленіп және ұйымның іс-шараларды орындауына дейін тазалау жұмыстары тоқтатылады.";

      598-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "598. Қиғаш және тік қазбалардың жүру алаңдары, ысырма сөрелерінің тиеу ойықтары, сондай-ақ желдеткіш кеніш түсіргіштер мен кенқұдықтар адамдардың қазбаларға құлауынан сақтайтын қақпақтармен немесе металл торлармен жабылады.";

      640-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "640. Камералық-бағандық өндіру жүйесімен қалыңдығы 18 метрге дейінгі көлденең және жайпақ (шоғырлардың құлау бұрышы 20 градусқа дейін) кен шоғырларын қазымдау үшін кен денелерін ойымдау екі кезеңмен жүргізіледі:

      камералық қорларды ойымдау, одан кейін кентіректерді ойымдау (қайта қазымдау).

      Жұмыс басталғанға дейін технологиялық регламент әзірленеді.

      1) Қалыңдығы 18 метрден астам шоғырларды қазымдау екі кесу қазбасымен – төбе астында және қабат астындағы қалған орта бөліктегі табан бойынша жүргізіледі;

      2) көлбеу (20-50 градус) және тік құлама (50 градустан артық) кен денелері қазылған кеңістікті толтырымдау арқылы өндіру немесе толық құлату жүйелерімен қазымдалады. Әрбір өндіру жүйесінің қауіпсіз қазымдау шекаралары жобамен анықталады;

      3) тазаланған кеңістікте адамдар жүрген жағдайда камералық-бағандық жүйемен шоғырларды қазымдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кентіректерді қайтадан ойымдаған кезде қазылған кеңістіктің геомеханикалық жай-күйіне, тау-кен массивінің үздіксіз геомониторингінің негізінде жыныстардың жанасу қалыңдығының сырғуына және опырылуына геомеханикалық қызмет тарапынан бақылау жүргізіледі;

      4) кентіректердің жаппай бұзылған, тау-кен жыныстарының жанасу қалыңдығы опырылған аймақтарға түйісетін учаскелерді қазымдау және опырылу процесінің одан әрі таралуына жол бермеу, төбелерді және қазылған қабаттарды басқару үшін опырылу шекараларында өлшемдері в/һ>1,0 (мұндағы в – кентіректің ені, һ – оның биіктігі) қатты бөлу сызықтарын қалдыра отырып, таспалы кентіректермен жүргізіледі;

      5) тау-кен жұмыстары жүргізілетін кен бөлу шегіндегі жер бетінің сырғу аймағында адамдар кіруіне, инженерлік желілер мен коммуникациялардың, ғимараттардың, құрылыстардың болуына жол берілмейді, аумақ қоршалады.";

      654-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кентіректердің жалпы құлатылуы кезінде ауа соққысының қауіпті салдарын болдырмайтын шаралар қолданады. Барлық жағдайда жаруға екі тәуліктен кем емес уақыт қалғанда ӨҚС КАҚҚ хабарланады;";

      726-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "726. Қазбалардағы тау-кен жұмыстары атқылау және іліктастардың пайда болуының қарқындылығы басылғаннан кейін өткізіледі.

      Тазартым кенжарында кен массасын жинау қашықтықтан басқарылатын тиеу машиналарымен немесе шөміштің алдыңғы шеткі жағынан немесе тиеуіш органынан 4 метрге жақын емес қылып қорғаныс қоршауымен жабдықталған машинистің кабинасымен жүргізіледі.";

      753-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "753. Газ режимі жағдайындағы жерасты жұмыстарымен байланысты персонал ұйымның техникалық басшысы бекіткен бағдарлама бойынша шахталық газ анықтағыштардың көмегімен газ өлшемін жүргізуге оқытылады.

      Газ бойынша қауіпті шахталарға жанғыш және улы газдар табылған шахталар жатады.

      Қазбалар мен құрылыстардың жанғыш және улы газдардың енуі бойынша қауіптілігінің аймағы мен дәрежесін бағалауды, құрамына техникалық басшы, бас маркшейдер, бас геолог, шахтаның шаң-желдету қызметінің басшысы және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымның мамандары кіретін комиссия, геолого-маркшейдерлік құжаттама негізінде жыл сайын жүргізеді.

      Қазбалар мен құрылыстардың газ қауіптілігін бағалаудың қорытындысы 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде жобалау және техникалық қызметтердің мәліметіне жеткізіледі.";

      764-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "764. Қазбаны газсыздандыру ӨҚС КАҚҚ қатысуымен лауазымы бойынша учаске бастығының оынбасары қызметінен төмен емес бақылау тұлғасының басшылық етуімен жүргізіледі.";

      766-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "766. Далдаларды ашу және жабылған қазбаларды газдан тазарту ӨҚС КАҚҚ өткізіледі. Бұл қазбалардың атмосферасында жанғыш газдары 2 пайыздан көп және улы газдарының шектік рұқсатты шоғырламадан көп болған жағдайда, оларды газдан тазарту шахтаның техникалық басшысы бекіткен шараларға сәйкес өткізіледі.";

      767-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "767. Газдың орын ауыстыруы нәтижесінде газдануы бойынша қауіпті қатарына жататын қазбалар мен имараттардағы жанғыш газдар (метан, сутегі) құрамын бақылау әр тоқсан сайын шахтаның техникалық басшысымен бекітілетін кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Кестелер ӨҚС КАҚҚ-ға жіберіледі.";

      797-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "797. Апатты жағдайларда учаске механигінің тікелей басшылық етуімен және ӨҚС КАҚҚ респираторшысының қатысуымен шахтаның техникалық басшысының жазбаша рұқсаты бойынша пісіру және газжалынды жұмыстарды жергілікті желдету желдеткішімен желдетілетін қазбаларда өткізуге жол жүргізіледі.";

      818-тармақ алып тасталсын;

      885-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реверсивті құрылғыларды ағынды ауыстыра отырып тексеруді алты айда бір рет, жұмыс істелінбейтін кезде, шақтаның техникалық басшысының басқаруымен шаң - желдету қызметінің бастығы, шахтаның механигі мен энергетигі уәкілетті органның, ӨҚС КАҚҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі және актімен рәсімделеді, ол АЖЖ-ға қоса тігіледі. Реверсивті құрылғылардың жағдайы, реверстеуді тексеру нәтижелері мен желдеткішті реверсивтілікке ауыстыруға жұмсалатын нақты уақыт шамасы осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Желдеткіш қондырғыларын қарау және реверсия тексерулері журналына жазылады.";

      909-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бір данасы шахтаның шаң - желдету қызметінің бастығында, екіншісі – ӨҚС КАҚҚ-да және үшіншісі шахтаның техникалық басшысында АЖЖ жиынтығымен бірге сақталады.";

      мынадай мазмұндағы 932-1-тармақпен толықтырылсын:

      "932-1. Локомотивтермен тасымалдау өндірісі кезінде адамдардың қозғалысы жүзеге асырылмайды. Тасылым мүмкін болатын жұмыс аймағының (алаңның) радиусында "Тоқта, өтуге тыйым салынады" деген қосымша ескерту хабарламалары орнатылады.";

      970-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "970. Механикалық төңкергіштерді пайдаланған кезде контаклілі тармаққа төңкергіш двигателінен тежеуіш орнатылады, ол контактілі желіде кернеу болған кезде вагоншаның төңкерілуіне жол бермеу үшін жасалады. Рельс жолдарында жабық тежеуіш тоқтатқыштар орнатылады.";

      1063-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1063. Жер асты жағдайларында, іштен жанатын қозғалтқыштардың өңделген газдарындағы зиянды қоспалардың рұқсат етілген шоғырлануы осы Қағидаларға 25-қосымшаның кестесінде көрсетілген шамалардан аспауы керек.

      Пайдалану процесі кезінде газдан тазалауға дейінгі көрсеткіштер тексерілмейді және тек дайындаушылар үшін ғана келтірілген.

      Іштен жанатын қозғалтқышы жұмыс істейтін жерасты қазбаларына берілетін ауаның мөлшері, осы Қағидаларға 25-1-қосымшаның Кен атмосферасында пайдаланылған газдардағы зиянды компоненттерді шекті рұқсат етілген концентрацияға дейін сұйылту үшін іштен жанатын қозғалтқышы бар машинаның қуат бірлігіне ауаның берілу нормасын есептеумен анықталады.

      Көміртегі қышқылы каталитикалық бейтараптандырғыштан кейін жұмыстан кейінгі газдардың температурасы 250 градус Цельсиядан кем болмаған жағдайда анықталады.";

      1548-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1548. Дизельді отын және майлаушы материалдарды жер үстінен қоймаға құбыржолдары арқылы беру өртке қарсы шараларды орындаған жағдайда, шахтаға қызмет көрсететін ӨҚС КАҚҚ және өрт күзетімен келісілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Жерастындағы қазбаларда салынған құбыржолдары арқылы дизельді отын мен майлаушы материалдарды айдау ӨҚС КАҚҚ келісілген жоба бойынша жүргізіледі.";

      1571-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұстауыштарды орнату орыны мен мерзімі және олардың саны техникалық басшысымен бекітіледі және ӨҚС КАҚҚ-мен келісіледі.";

      1583-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазбаларда ішкі жану қозғалтқышы жоқ өзі жүретін қондырғы, электр кабелі, ағаш тіреуіші болмаған жағдайда, газ немесе шаң бойынша қауіпті емес, және өзі жанатын кен шахталарда өрт қауіпсіздігі құбыржолдарының қажеттілігі ӨҚС КАҚҚ келісімі бойынша шахтаның техникалық басшысымен анықталады.";

      1604-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1604. Өрт жайында хабарды алған кезде шахтаның техникалық жетекшісі немесе оны ауыстыратын тұлға жетіп келген ӨҚС КАҚҚ бөлімшесінің командирімен бірге АЖЖ-да қарастырылған шараларды қабылдайды, адамдарды құтқару және аварияны жою жөнінде жоспарды нақтылайды, ӨҚС КАҚҚ командиріне төмендегі шараларды қарастыратын, жазбаша тапсырмалар береді:";

      1607-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1607. Өрт сөндіру учаскесінен СО2, СО, SO2, О2 талдау үшін ауа сынамалары, жанғыш көмірсутектер және күкірт қышқылының құрамын талдау үшін су сынамалары үнемі алынады. Ұстағыштардан ауа сынамасын жинау кезінде сырттан ауа соруға жол берілмейді. Ауаның сынамасын алуды ӨҚС КАҚҚ респираторшылары жүргізеді. Жинау орындарын ӨҚС КАҚҚ-ның келісімі бойынша шахтаның техникалық жетекшісі анықтайды.";

      1611-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Учаскені аршу және оны алғаш рет желдету ӨҚС КАҚҚ қызметкерлерімен жүргізіледі.";

      1628-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1628. Қазба кенжарында жанғыш және улы газдарды анықтаған кезде оларды өлшеу газохиманализатор көмегімен ауысымда 3 реттен кем емес экспресс-әдіспен және ӨҚС КАҚҚ зертхана қызметкерлерінің химиялық талдау үшін айына екі реттен кем емес сынама алуы арқылы жүргізіледі.";

      1636-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1636. Су басып қалған тіке және еңкіш кен орындарынан суды шығару кезінде осы кен орындарындағы желдетілмейтін бөлігіндегі су айнасынан жоғары атмосфераның жай-күйі тексеріледі. ӨҚС КАҚҚ қызметкерлері алған ауа сынамасында СО2, СО, СН4, H2S, O2 және Н2 болуы тексеріледі.";

      1700-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1700. Жерасты қазбаларында лазерлі аспаптармен жұмыс істеу мынадай талаптар сақталған жағдайда орындалады:

      1) жерасты тау-кен қазбаларын үңгілеген кезде бұзу жұмыстары және бағыттау тапсырмасы үшін қауіптілігі бірінші, екінші және үшінші класты лазерлер қолданылады;

      2) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды факторлар деңгейі гигиеналық нормалармен белгіленген шамалардан аспайды;

      3) лазерлік шағылысудың әсер ету аймағында лазерлік қауіптілік белгісі орнатылады. Көзбен шолып бағыттаудың оптикалық аспаптарымен жұмыс істеу осы аумақта персонал болмағанда жүргізіледі.";

      1717-тармақ алып тасталсын;

      1969-тармақ алып тасталсын;

      2408-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2408. Тозаңды газ режимі өте ауыр карьерлерде тозаң желдету қызметі ұйымдастырылады. Объектілерге ӨҚС КАҚҚ қызмет көрсетеді.";

      2430-тармақ алып тасталсын;

      2447-12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2447-12. Ашық тау-кен жұмыстарында геомеханикалық қызметтің негізгі жұмыстары:

      1) беткейлердің деформацияларын, кертпештер мен үйінділер қиябеттерін мониторингтеу және бақылау, олардың орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

      2) тау-кен жұмыстары учаскелерінің тиімді қиябет көрсеткіштерін белгілеу;

      3) ашық тау-кен жұмыстарында көшкіндердің және беткейлердің опырылуының алдын-алу, адам өміріне қауіпті деформациялар құбылысына жол бермейтін іс-шараларды әзірлеу және қолдану.";

      2844-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2844. Жерасты тау-кен барлау қазбарларына (шахта, штольня және ұзындығы 100 метрден артық тарақтары бар шурфтар) кәсіптік ӨҚС КАҚҚ қызмет көрсетеді.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 25-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Қағидаларға 39-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 336 бұйрығына
1-қосымша
Тау-кен және геологиялық
барлау жұмыстарын жүргізетін
қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
25-1-қосымша

Кен атмосферасында пайдаланылған газдардағы зиянды компоненттерді шекті рұқсат етілген концентрацияға дейін сұйылту үшін іштен жанатын қозғалтқышы бар машинаның қуат бірлігіне ауаның берілу нормасын есептеу

      Іштен жанатын қозғалтқышы бар машинадан кен атмосферасына тарайтын улы газдарды шектік-рұқсаттық концентрацияға дейін сұйылту үшін таза ауа берудің қажетті мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      q = Qг× Cг(NOх)/Cпдк(NOх), м3/с на 1 кВт,

      мұндағы Qг – Еуро экологиялық стандартының іштен жанатын қозғалтқышы қуатының 1 кВт-қа шаққандағы пайдаланылған газдардың ең үлкен көлемі 0,00084 м3/с құрайды;

      Cпдк(NOх) – кен атмосферасындағы азот тотықтарының (азот оксидтерінің) шектік-рұқсаттық концентрациясы, осы құжатқа 20-қосымшаға сәйкес 0,00026 % тең болып қабылданады (көлемі бойынша);

      Cг(NOх) – іштен жанатын қозғалтқышта пайдаланылған газдардағы азот тотықтарының (азот оксидтерінің) шектік-рұқсаттық концентрациясы, % (көлемі бойынша), бейтараптандырылғаннан кейінгі өлшеулермен анықталады немесе қозғалтқыштың экологиялық стандартқа сәйкестігіне қарай қабылданады.

      Пайдаланылған газдарды шектік-рұқсаттық концентрацияға дейін сұйылту үшін ауа беру нормасын есептеуге арналған жобалау кезінде кестеге сәйкес Cг(NOх) қабылдау керек:

Cг(NOх), % (көлемі бойынша)

1 а.к. мин. q, м3 (1 кВт-ға м3/с), кем емес

0,025-ға дейін

3,6 (0,08)

0,026-0,030

4,3 (0,097)

0,031-0,035

5,0 (0,113)

      * іштен жанатын қозғалтқышта пайдаланылған көміртек тотығының бейтараптандырылғаннан кейінгі рұқсаттық концентрациясы көлемі бойынша 0,08%-дан артық емес.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 336 бұйрығына
2-қосымша
Тау-кен және геологиялық
барлау жұмыстарын жүргізетін
қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
39-қосымша
Нысан

Өрт учаскелерін бақылау журналы

      Ұйым _______________________________________________________

      Шахта ______________________________________________________

      Басталды ___________________

      Аяқталды ________________

      Журналды жүргізуге түсіндірме

      Учаскелердің өрт жағдайына бақылауды шахтаның шаң желдету қызметінің қызметкері жүзеге асырады. Өрт учаскелерінде өткізілген барлық өзгерістер мен іс-шаралар журналға жазылады. Өрт учаскесін оқшаулайтын маңдайшаларды қарау тәулік сайын, ал ерекше жағдайларда, мысалы, белсенді жерасты өрті кезінде, маңдайшаның ақаулары кезінде - ауысымына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Қазбаланған кеңістікті жұмыс істеп тұрған қазбалардан оқшаулайтын маңдайшаларды қарау өздігінен тұтанатын пайдалы қазбалар кезінде аптасына кемінде бір рет жүргізіледі.

      Ауа сынамасын алуды ӨҚС КАҚҚ респираторшылары жүргізеді; сынамалар алынатын орынды, олардың саны мен алынатын уақытын ӨҚС КАҚҚ келісімі бойынша шахтаның техникалық жетекшісі белгілейді. Өрт учаскесіндегі температура немесе ауа құрамы күрт өзгерген жағдайда ауа сынамасын алу тәулік сайын жүргізіледі.

      Журналдың соңында маңдайшаларды тіркеуге арнайы бөлінген парақтар бар.

Саны, ай және жыл

Маңдайша №

Маңдайшаның жай-күйі

Маңдайша сыртындағы ауа температурасы, оС

Маңдайша сыртындағы ауа құрамы

Ескертпе

Маңдайшалардың орналасқан жері

Маңдайшалардың жай-күйі

Қандай жөндеу жүргізу керек

Маңдайша сыртындағы су құйылымы, м3/с

СО2

СН4

СО

О2

Қажетіне қарай

SO2

H2

H2S

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15
















Шахта бойынша маңдайшаларды тіркеу

№ т/б

Маңдайша №

Маңдайшалардың орналасқан жері

Маңдайша материалы

Маңдайша орнатылған уақыт

Ескертпе

1

2

3

4

5

6








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады