"Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31424 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

М-36

"РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы"

2042,1

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

А-1

"Астана - Петропавл, Көкшетау арқылы"

456

      ";

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42

Р-2

"Астана – Қорғалжын" (Қорғалжын қорығына кіреберіспен)

161

      ";

      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

43

Р-3

"Астана - Қабанбай батыр - Энтузиаст - Киевка – Темiртау"

250

      ";

      реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

44

Р-4

"Астана - Ерейментау – Шідерті"

238

      ";

      реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

50

Р-10

"Астана айналма жолы"

52,7

      ";

      реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

58

Р-18

"Қонаев -Құрты"

67

      ";

      "Жиыны" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


Жиыны

24 937,085

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады