Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11402 тіркелді.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 29.10.2024 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сынаптау қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;

      2) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақтың орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.04.2017 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.05.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтармен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________ И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 15 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
1-қосымша

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Қағидалары мен шарттары жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 29.10.2024 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:

      1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      2) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;

      3) жол органы – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган.

2-тарау. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары

      3. Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастыратын, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.

      4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және көрші мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады.

      5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) жол органы жүргізеді.

      6. Ұлттық оператор халықаралық немесе республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жол органына оны Тізбеге енгізу үшін ұсыныс береді.

      7. Жол органы Ұлттық оператордың ұсынысын қарағаннан кейін, Заңға сәйкес Тізбеге тиісті өзгеріс енгізеді.

      8. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауы және индексі бар.

      Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады. Автомобиль жолдары индексіндегі сандар индекс әріптерінен кейін беріледі.

      9. Автомобиль жолдарының атауына бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.

      10. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері келесі халықаралық келісімдерде белгіленген:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2274 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1975 жылғы Халықаралық автоарналар туралы (ХАК) Европа келісімінің (Женева, 15 қараша 1975 жыл) 1-қосымшасында;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген Азия автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісімнің 1-қосымшасында.

      11. Халықаралық автомобиль жолдары маршруттардың учаскелері өзара қайталанған жағдайда, олар "Е" және "АН" индексі бар жол белгілерімен немесе "Е" индексі бар жол белгісімен бірлесіп белгіленеді. Автомобиль жолының бір маршруты басқасына ауысқан немесе басқа маршруттармен қиылысқан кезде автомобиль жолдарының халықаралық және республикалық маршруттарының тиісті жол белгілері кіру немесе жол айрығы алдында, сондай-ақ олардан кейін орнатылады.

      12. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін латын әліпбиінің "KАZ" және "KZ" әріптерінен индекс белгіленеді:

      "КАZ" – Қазақстан Республикасының әкімшілік өңірлері мен көрші мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін;

      "КZ" – әкімшілік өңірлер мен көрші мемлекеттер ішінде көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін.


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
2-қосымша

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 29.10.2024 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Автомобиль жолыныңиндексі

Халықаралық келісімдерге сәйкес автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Ұзындығы, км

Халықаралық және республикалық маңызы бар негізгі автомобиль жолдары
(бір өңірден артық):

1

KАZ01

Е125
АН7

Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы

1207,95

2

KАZ02

Е125
АН6
АН64

Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шек. (Жаңа Жол ө/п)

526

3

KАZ03

Е123
АН7

Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолымен) – РФ шек. (Қайрақ ө/п)

860,3

4

KАZ04

Е018
АН64

Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. (Қосақ ө/п)

638

5

KАZ05


Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау

250

6

KАZ06

Е38
Е123
Е004
Е012
АН5
АН9
АН61
АН62

РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)

2687,44

7

KАZ07

Е127
АН60
АН64

ҚХР шек. – Майқапшағай –Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек. (Үрлітөбе ө\п)

1081

8

KАZ08

E40
АН60

Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шек. (Үбе ө/п) (Сарқанд, Аягөз айналма жолымен және Мұқры шатқалына кіреберіс жолымен)

1207

9

KАZ09

Е121

Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шек. (Құрманғазы ө/п)

865,4

10

KАZ10

Е38
Е40
АH61

Ақтөбе – Орал – РФ шек. (Сырым ө/п)

528

11

KАZ11

Е40
Е121
АН81

Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты

786

12

KАZ12

Е121

Атырау – Орал

487

13

KАZ13

Е123
Е019
АН62

Жезқазған – Арқалық – Петропавл

940

14

KАZ14

Е018
АН62

Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті

1175

15

KАZ15


Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз

921

16

KАZ16


Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек. (Бидайық ө/п)

278

17

KАZ17


Көкшетау – Рузаевка

196

18

KАZ18


Қостанай – Мамлютка

406

19

KАZ19


Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ

543

20

KАZ20


Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара

324

21

KАZ21


Өскемен – Семей

195

22

KАZ22


Ақшатау – Ағадыр – Ортау – "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автомобиль жолы

195

23

KАZ23


Қостанай – Әулиекөл – Сұрған

257

Жиыны

16 554,09

Тармақтар және байланыстырушы автомобиль жолдары (өңір ішінде):

Астана қаласы:

24

KZ01-01

Е125
АН7

Астана қаласының айналма жолы

86,1

Алматы қаласы:

25

KZ02-01


Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы

66

Ақмола облысы

26

KZ03-01


Астана – Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберіс жолымен)

161

27

KZ03-02


Макинск – Ақсу – Торғай

240

28

KZ03-03


Бурабай шипажай аймағының жолдары

66

29

KZ03-04


Щучинск – Зеренді

77

30

KZ03-05


Вячеслав су қоймасына кiреберіс жол

17

31

KZ03-06


Көкшетау – Атбасар

184

32

KZ03-07


Көкшетау қаласының айналма жолы (Әуежайға кіреберіс жолымен)

18

33

KZ03-08


Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс жол

4

34

KZ03-09


"Щучинск – Бурабай шипажай аймағы" ойын-сауық орталығына кіреберіс жол

8,9

35

KZ03-10


Жаңа Колутон – Ақкөл – Минское автомобиль жолына кіреберіс жол

4,6

36

KZ03-11


Ерейментауға кіреберіс жол

36

37

KZ03-12


Жақсы – Есіл – Бұзылық

82

Ақтөбе облысы

38

KZ04-01


Ақтөбе – РФ шек. (Әлімбет ө/п)

120,8

39

KZ04-02


Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз

401

Алматы облысы

40

KZ05-01


Байсейіт – Көкпек – Шоңжы – Көктал

160

41

KZ05-02


Көктал– Жаркент – Қорғас кіреберіс жолы

69

42

KZ05-03


Қонаев – Құрты

67

43

KZ05-04


Алматы – Шамалған – Ұзынағаш – Аққайнар – Сұраншы батыр – Қастек (Ұзынағаш ауылына кiреберiс жолымен)

115

44

KZ05-05


Ақсай – Шоңжы – Қалжат – ҚХР шек. (Қалжат ө/п)

160

45

KZ05-06

Е011

Көкпек – Кеген – ҚР шек. (Түп) Кеген асуының айналма жолымен

115

46

KZ05-07


Кеген – Нарынқол

89

47

KZ05-08


"Көкпек – Кеген – ҚР шек. (Түп)" автомобиль жолы – Жалаңаш – Саты – Құрметтi (Көлсай көлiне кiреберiс жолымен)

89

48

KZ05-09


Алматы – Талғар – Бәйдібек би

68

49

KZ05-10


Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – "Астана – Алматы" автомобиль жолы

52

50

KZ05-11


Алматы – Космостанция (Алматы және Алма-Арасан шипажайына кiреберiс жолымен)

37

51

KZ05-12


Алма-Тау турбазасына кiреберiс жол

15

52

KZ05-13


"Алатау ақпараттық
технологиялар паркі" еркін экономикалық аймағына кіреберіс жол

9,95

Атырау облысы:

53

KZ06-01


Мұқыр – Құлсары

136

54

KZ06-02


Махамбет – Хамит Ерғалиев

45

55

KZ06-03


Доссор айналма жолы

4,6

Батыс Қазақстан облысы

56

KZ07-01


Орал – РФ шек. (Шаған ө/п)

28

57

KZ07-02


Чапаев – Жалпақтал – Казталовка – РФ шек.

213

58

KZ07-03


Казталовка – Жәнібек – РФ шек. (Жәнібек ө/п)

165

59

KZ07-04


Подстепное – Федоровка – РФ шек. (Ақсай ө/п)

72

60

KZ07-05


Өнеге – Бисен – Сайхин

103

61

KZ07-06

Е38

Орал – Тасқала – РФ шек. (Тасқала ө/п)

100

62

KZ07-07


Хан Орда ауылына кіреберіс жол

21

Жамбыл облысы:

63

KZ08-01


Тараз – Өтмек – ҚР шек. (Айша бибі ө/п)

14

64

KZ08-02


Қордай – Қарасу – Масанчи – Сортөбе – ҚР шек. (Қарасу ө/п)

45,45

65

KZ08-03


ҚР шек.кіреберіс жол (Қарасу ө/п)

17,7

66

KZ08-04

АН7

Мерке – Шу – Бұрылбайтал

261,45

67

KZ08-05


Шу – Қайнар

56

68

KZ08-06

Е40

ҚР шек. шығыс кіреберіс (Қордай ө/п)

6

69

KZ08-07

Е40
АН7

ҚР шек. батыс кіреберіс (Сыпатай батыр ө/п)

24,3

Қарағанды облысы:

70

KZ09-01


Теміртау – Ақтау – Бастау

53

71

KZ09-02


Қарағанды қаласына кіреберіс жол

7

Костанай облысы:

72

KZ10-01


Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шек. (Қондыбай ө/п)

137

73

KZ10-02


Жітіқара – Чайковский – РФ шек. ( Желқұар ө/п)

27

74

KZ10-03


Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка

96

75

KZ10-04


Рудный қаласының батыс айналма жолы

6,9

76

KZ10-05


Мариновкаға кіреберіс

9

77

KZ10-06


"Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолы – "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автомобиль жолы

6

78

KZ10-07


"Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автомобиль жолы – "Астана – Атбасар – Қостанай" автомобиль жолы

21

Қызылорда облысы:

79

KZ11-01

Е38
АН9

Қызылорда қаласының айналма жолы

30

Манғыстау облысы:

80

KZ12-01


Ақтау – Құрық

59

81

KZ12-02

Е40

Бейнеу – Ақжігіт – ӨР шек. (Тәжен ө/п)

85

82

KZ12-03

Е40
Е121

Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шек. (Темірбаба ө/п)

229

83

KZ12-04


Құрық – Жетібай

64

Түркістан облысы:

84

KZ13-01


Жизақ – Гагарин – Жетiсай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жiбек жолы (Атакент ауылына кіреберіс жолымен) ӨР шек. (Сырдария ө\п), Гүлістан, Чиназ және Сарыағаш шипажайына кіреберіс жолымен)

221

85

KZ13-02


ӨР шек. (Сырдария ө\п) – Ташкентке – ӨР шек. (Целинный ө\п) Термезге

24,1

86

KZ13-03

Е004
АН5

Шымкент – ӨР шек. (Жібек-жолы ө/п)

98

87

KZ13-04


Т. Рысқұлов ауылына кіреберіс жол

36,9


Павлодар облысы:

88

KZ14-01


Павлодар – Шарбақты – РФ шек. (Шарбақты ө/п)

112

89

KZ14-02


Атамекен – Ертіс – РФ шек. (Амангельді ө/п)

263,78

90

KZ14-03


Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов

220

91

KZ14-04


Ертіс өзенінің көпір өткелі арқылы Павлодар қаласының батыс айналма жолы

15

Солтүстік Қазақстан облысы:

92

KZ15-01

Е125

Петропавл – Соколовка РФ шек. (Кызыл Жар ө/п)

62

92

KZ15-02


Петерфельд – Архангельск – Новокаменка – "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автомобиль жолы

30,519

94

KZ15-03


Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское

228,386

95

KZ15-04


Рощинское – Корнеевка – Волошинка

86,87

96

KZ15-05


Волошинка – Сергеевка – Тимирязево

119,441

97

KZ15-06


Петропавл қаласының әуежайына кіреберіс жол

5

98

KZ15-07


Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс жол

24

99

KZ15-08


Тимирязево – Сарыкөл – облыс шек.

31,574

100

KZ15-09

Е125
АН6

Петропавл қаласының айналма жолы

30

101

KZ15-10

АН6

РФ шек. (Қарақоға ө/п) – Петропавл

120

Шығыс Қазақстан облысы:

102

KZ16-01


Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары

446

103

KZ16-02

Е40

Өскемен – Риддер – РФ шек.

167

104

KZ16-03


"ҚХР шек. – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек." автомобиль жолы – Қалжыр – Марқакөл

124

Шымкент қаласы:

105

KZ17-01

Е40
АН9

Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы

36,5

Абай облысы:

106

KZ18-01


Қайнар – Семей

276

107

KZ18-02


Семей – РФ шек. (Ауыл ө/п)

111

108

KZ18-03

Е015

Таскескен – Бақты – ҚХР (Бақты ө/п)

187

Жетісу облысы:

109

KZ19-01

Е013
АН68

Сарыөзек – Көктал (Сарыөзек станциясының айналма жолы)

192

110

KZ19-02

Е014

Үшарал – Достық – ҚХР шек. (Достык ө/п)

184

Ұлытау облысы:

111

KZ20-01


"Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автомобиль жолы – Жайрем – Қаражал – Атасу

144

Барлығы:

8 356,82

Жалпы ұзындығы

24 910,91

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚХР – Қытай Халық Республикасы;

      ҚР – Қырғыз Республикасы;

      ӨР – Өзбекстан Республикасы;

      РФ – Ресей Федерациясы;

      шек. – шекара;

      ө/п – өткізу пункті;

      км – километр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады