"Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 535 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31463 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

      Әлеуметтік жұмыс орнын жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялаумен оларды жұмысқа орналастыру үшін құрады

      50 жастан асқан жұмыссыздардың жалақысын субсидиялаумен оларды жұмысқа орналастыру үшін:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесшінің, әлеуметтік қызметкердің жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделеді.

      Табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуші адамдар үшін сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес, жастар және 50 жастан асқан адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас" жобасы шеңберінде де құрылады.

      Қатысу мерзімі:

      - "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 18 айдан;

      - "Күміс жас" жобасы бойынша 36 айдан;

      - "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша 6 айдан аспайды.

      Мыналар:

      - жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар "Алғашқы жұмыс орны" жобасына;

      - 2 (екі) жыл ішінде оқуын аяқтаған білім беру ұйымдарының түлектері "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына;

      - 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар "Күміс жас" жобасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар басым құқық пайдаланады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Алғашқы жұмыс орны" және "Күміс жас" жобаларын қоспағанда, азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Үкіметтік емес ұйымдар құрған жұмыс орындарына орналасқан мүгедектігі бар адамдарды және "Ұрпақтар келісімшарты", "Алғашқы жұмыс орны" және "Күміс жас" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарды қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды.

      "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде:

      1) қатысудың бірінші 12 (он екі) айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;

      2) қатысудың 13 (он үшінші) айынан бастап 24 (жиырма төртінші) айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;

      3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айынан бастап 36 (отыз алтыншы) айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.

      Мүгедектігі бар адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жыл сайын өңірлік комиссиялар белгілейді.

      "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның (жалақының) бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есептемегенде кемінде 30 (отыз) АЕК-ті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдардың еңбекақысын қоса қаржыландыруды және субсидиялауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жүзеге асырады.";

      1-қосымшада:

      2.4-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) "Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады