"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 292 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31511 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26492 болып тіркелген);

      2) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы бұйрығы № 292 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29044 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады