"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 760 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31518 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн бастамашы маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесiн әзiрлейдi және оларды тасымалдауды ұйымдастырушыларға:

      тұрақты халықаралық маршруттар бойынша – автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға;

      жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына;

      жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жібереді.

      Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік, ауданаралық, қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған автобустардың қозғалыс кестесі осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес қалыптасады.";|

      27-тармақ алып тасталсын;

      92, 93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органнан маршрут бойынша растаған қозғалыс схемалары мен маршрут бойынша қозғалыс кестелерін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтерді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсатты (бұдан әрі - Рұқсат) (бұдан әрі - халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшін, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту үшін тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға тігілген, нөмірленген және өтініш берушінің жауапты тұлғасы қол қойған, сондай-ақ осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда мөрмен (болған жағдайда) расталған жеке папкаға ресімделген мына құжаттарды:

      1) тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шартты халықаралық қатыста жолаушыларды автобустармен, микраавтобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензиясы және шетелдік тасымалдаушымен лицензияға қосымшасы бар;

      2) жалға алынған автокөлік, жалға алынған автокөлік құралдары шарттарының көшірмелері кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көшірмелері қоса берілген, ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен маршрутта пайдаланылуы көзделетін жылжымалы құрам туралы мәліметтерді (автобустардың саны және үлгісі (класы) негізгі және резервке бөлумен;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидалары) 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін және профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медициналық ұйыммен немесе медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;

      4) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтілу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттері мен мемлекеттердің шекаралары арқылы өткізу пункттері, автобустар қозғалысының жылдамдық режимі бойынша қашықтықтар көрсетілген қозғалыс кестелерін;

      5) автовокзалдар мекенжайын, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ автомобильдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің атаулары көрсетілген маршрут схемасын;

      6) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жеңілдетілген тарифтің көрсеткішімен осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушылар тіркелген мемлекеттердің ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттері бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтерді.

      Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдік тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлермен (болған жағдайда) расталған құжаттар төрт данада ұсынылады.

      Маршрут бойынша қозғалыс схемасы және қозғалыс кестесі, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді автомобиль көлігі саласында уәкілетті органың жауапты тұлғасының қолымен және мөрімен (рамка қалыңдығы 1 миллиметрлі төртбұрыш формалы мөр, жоғары бөлігінде автомобиль көлігі саласында уәкілетті орган атауы, ортасында "Автобус бағыты бойынша қозғалысқа рұқсат берілді" деген сөз бар және астында растау мерзімі және "_________қолы" ) растайды.";

      93. Осы Қағидалардың 92-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға өтiнiм автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға рұқсат құжаттарының белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей ұсынылады.";

      94. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтінім тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 92-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетін мемлекеттердің құзыретті органдарына, оның ішінде тасымалдаушыға, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 92-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтінішті жібереді.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Осы Қағидалардың 92-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттардың көшірмелері бір данада тізілімді жүргізу үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға беріледі.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Автобустардың қозғалыс кестесіне өзгерістерді енгізгенде осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 92-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып еркін нысандағы өтінімді ұсынады.

      Автобустардың қосымша қозғалыс кестесін келісуге ұсынған кезде осы бағытқа қызмет көрсететін тасымалдаушы осы Қағидалардың 92-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтініш береді.";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Конкурстық ұсыныстар Комиссия Конкурстың қорытындылары бойынша қатысушыларды бағалауды жүргiзетiн мынадай өлшемдердiң жинағын қамтиды:

      1) ұсынылатын жылжымалы құрамның, соның ішінде отандық өндірісті (автобустардың, шағын автобустардың маркасы мен саны, меншiктiң түрi, пайдалану мерзiмi, паспорттық сыйымдылығы);

      2) тасымалдаушының жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі;

      3) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан, елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететін) болуы;

      4) автобустарды, шағын автобустарды маршрут бойынша қозғалыс кезiнде оларда ақаулық пайда болған жағдайда ауыстыру бойынша ұсынылатын шаралар жүйесi;

      5) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша қосымша ұсыныстар.";

      170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Конкурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн тиiстi лот бойынша Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдi (бұдан әрі – өтінім) Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берiлген конвертке салынған мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкiсiн;

      2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;

      3) сақтандыру полистерінің немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн;

      4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде жарамды міндетті техникалық тексеруден өту туралы диагностикалық карталардың көшiрмелерiн. Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтiк ретiнде, ал резервтiктi негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiледi. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi жылжымалы құрам ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiлмейдi;

      5) жүргізушілер құрамы туралы анықтама (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттарының және жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін қоса);

      6) маршруттың барлық ұзақтығына диспетчерлік сүйемелдеудің және телефонның немесе басқа байланыстың болуы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтаған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігі туралы анықтаманы;

      7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажетті жұмыстар кешенін өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан, конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өнеркәсіптік-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;

      8) жолаушылар мен багажды маршруттың тоқтау пункттері бойынша, соның ішінде маршруттағы екінші дәрежелі тоқтау пункттері бойынша (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;

      9) автобус жүргізушілерінің ауысым уақыты мен орнын көрсете отырып, барлық тұрақты маршрут жүргізушілерінің еңбек және тынығу режимінің кестесі (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша);

      10) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрiмен (бар болса) расталған, конкурстық ұсыныстар конкурстық құжаттама жиынтығына енгізілген нысандар санына тең мөлшерде.

      Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда бiркелкi, түзетулерсiз және өшiрулерсiз ресiмделедi.

      Құжаттармен қоса берілген өтінім нөмірленеді, тігінделеді және конкурсқа қатысушының қолымен, мөрімен (бар болса) бекітіледі.";

      242-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "242. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында тапсырыс берушi үш тәулiктен кешiктiрмей тасымалдаудың бастапқы белгiленген мерзiмiне дейiн ӘПК-ге жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және мынадай көрсеткiштердi көрсете отырып, ӘПК-ге арнайы автомобильдерiмен автобустардың ерiп жүруi туралы мәселелердi шешу үшiн ресми өтiнiм ұсынады:

      1) күндері және қозғалыс маршруты;

      2) "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 103-тармағының 3) тармақшасына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 24530 болып тіркелген) сәйкес жабдықталған маршруттың бақылау пункттерiнен өту уақытын, аялдама және демалу орындарын анықтауды қамтитын жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiнiң талаптарына жауап беретiн қозғалыс кестесi;

      3) медициналық көмек көрсету, ауруханалар пункттердiң көрсетiлуiмен қозғалыс жолының схемасы;

      4) белгiленген жағдайда медициналық ерiп жүрудi растау;

      5) автобустың (автобустардың) маркалары және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, бiлiм беру аумақтық органдарымен бекiтiлген балалардың және оларға ерiп жүретiн адамдардың тiзiмiн қоса бере отырып, балалардың тасымалдауын орындайтын жүргiзушiлердiң аты-жөндерi.";

      245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады.";

      350-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "350. Автовокзалдар мен автостанциялардың өз құрамында:

      1) ақпараттық қамтамасыз ету;

      2) автобустар мен шағын автобустар тұратын алаң;

      3) жолаушыларға арналған күту залы (залдары);

      4) жол жүру құжаттарын (билеттерiн), оның iшiнде алдын ала сатуға арналған касса (кассалар);

      5) багажды сақтау камерасы (камералары);

      6) диспетчерлiк пункттер;

      7) персонал мен жолаушылар үшін санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар;

      8) жүргiзушiлер демалатын қызметтiк үй-жайлар бар.

      Автовокзалдар үшін қосымша талаптар:

      1) анықтама бюросы;

      2) қоғамдық тамақтану пунктi;

      3) ана мен бала бөлмесi;

      4) автобустар мен шағын автобустарды тексеруге арналған бекеттер;

      5) қоғамдық тәртiптi қорғау пунктi;

      6) медициналық көмек пунктi және дәрiхана дүңгiршегi;

      7) Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу нүктелері;

      8) жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiнде, жолаушыларға арналған күту залында, автобустар мен шағын автобустардың тұрағына арналған алаңдарда бейнебақылау;

      9) діни рәсімдер жасау үшін бөлме болады.

      Автовокзалдар үшін қосымша талаптар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 213 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27649 болып тіркелген) Жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде көрсетілген:

      1) стационарлық металл тапқыш (металл детекторлар);

      2) портативтік (қол) аспаптар;

      3) рентген-телевизиялық қондырғы;

      4) жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура.";

      360-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "360. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық, ауданiшiлiк және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға, тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi арасында "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 4) тармағына сәйкес жасалатын шарттардың негiзiнде қызмет көрсетедi.

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға қызмет көрсету, олар тиiстi маршрутта жұмыс iстеуге арналған рұқсатты және куәлікті, маршрут бойынша қозғалыс схемасын және ол бойынша қозғалыс кестесін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді, ағымдағы кезеңіне жарамды техникалық байқаудың диагностикалық карталарын, автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын ұсынған кезде ғана рұқсат етiледi.

      Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері осы Қағидаларға сәйкес аталған қызмет түрiне жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарттар жасасады.

      Шарт тасымалдаушылар автовокзалға, автостанцияға және жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген рұқсат құжаттарын берген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде рұқсат құжаттардың қолданыста болатын уақыт аралығына жасалады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 760 бұйрыққа
1-қосымша
  Автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысаны

Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік, ауданаралық, қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған автобустардың қозғалыс кестесі

Қалалық (ауылдық) бағыттағы автобустардың қозғалыс кестесі
№ _______ _________________________ ____________________
(бағыттың атауы) (апта күндері)

Автобустың шығу кестесінің нөмірі

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Жоспарлы рейстердің саны

Жұмыс күн", сағат

1



























2



























3



























4



























5



























6



























7



























8



























9



























10



























      Парақтың сырт жағы             Маршрут № ____ ____________________

Маршруттың жылдағы маусымдылығы


Ескертпе:

Маршруттың апта ішіндегі жұмыс режимі



Жұмыс күндеріндегі автобустар саны, бірлік



Демалыс күндеріндегі автобустар саны, бірлік



Маршруттың ұзындығы,км



Айналымдағы рейс уақыты, минутпен



Қозғалыс аралығы, минут



Пайдалану жылдамдығы, км / сағ




Қозғалыс бағыты

Аялдама пункттерінің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

Тура бағытта




















Кері бағытта




















      Қолы, күні

      Мөр орны (Болған жағдайда)

Ауданішілік бағыттағы автобустардың қозғалыс кестесі
№ _______ _________________________ ____________________
(бағыттың атауы) (апта күндері)

Тікелей бағыт

орташа техникалық жылдамдық, кК / сағ

қозғалыстағы уақыт, минут

Қашықтық, км

Елді мекендердің атауы

Келу

Тұрақ

Кету

Келу

Тұрақ

Кету

 
Нүктелер арасында

Бастапқы нүктеден














































































      Кестенің жалғасы

Ауданішілік бағыттағы автобустардың қозғалыс кестесі
№ _______ _________________________ ____________________
(бағыттың атауы) (апта күндері)

Кері бағыт

Келу

Тұрақ

Кету

Келу

Тұрақ

Кету











































      Парақтың сырт жағы Маршрут № ______ ________________

Маршрут түрі


Ескертпе:

Маршруттың жылдағы маусымдылығы



Маршруттың апта ішіндегі жұмыс режимі



Автобустар саны, бірл.



Маршруттың ұзындығы, км



Айналымдағы рейс уақыты, минутпен



      Қолы, Күні

      Мөр орны (Болған жағдайда)

Ауданаралық маршрут автобустарының қозғалыс кестесі
№ _______ _________________________ ____________________
(бағыттың атауы) (апта күндері)

Тікелей бағыт

орташа техникалық жылдамдық, к кК/ сағ

қозғалыстағы уақыт, минут

Қашықтық, км

Елді мекендердің атауы

Келу

Тұрақ

Кету

Келу

Тұрақ

Кету ие

 
нүктелер арасында

бастапқы пункттен














































































      Кестенің жалғасы

Ауданаралық маршрут автобустарының қозғалыс кестесі
№ _______ _________________________ ____________________
(бағыттың атауы) (апта күндері)

Кері бағыт

Келу

Тұрақ

Кету

Келу

тұрақ

Кету











































      Парақтың сырт жағы Маршрут № ______ ___________________

Маршрут түрі


Ескертпе:

Маршруттың жылдағы маусымдылығы



Маршруттың апта ішіндегі жұмыс режимі



Автобустар саны, бірл.



Маршруттың ұзындығы, км



Айналымдағы рейс уақыты, минутпен



      Қолы, күні

      Мөр орны (Болған жағдайда)

Қала маңы маршруты автобустарының қозғалыс кестесі
№ _______ _________________________ ____________________
(бағыттың атауы) (апта күндері)

Автобустардың шығу кестесінің нөмірі

Елді мекеннің атауы

бастапқы пункттен қашықтық, км

уақыт, минут т

техникалық жылдамдық, км/час

Кету уақыты

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

Рейс

1




















































2




















































3




















































4




















































5







































      Кестенің жалғасы

Қала маңы маршруты автобустарының қозғалыс кестесі
№ _______ _________________________ ____________________
(бағыттың атауы) (апта күндері)

Жоспарлы рейстер саны, бірлік

Жалғастыру жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат







































      Парақтың сырт жағы Маршрут№ ____ ________________________

Маршруттың жылдағы маусымдылығы


Ескерту:

Маршруттың апта ішіндегі жұмыс режимі



Аялдама пункттерінің атауы елді мекендерде



Жұмыс күндеріндегі автобустар саны, бірлік



Демалыс күндеріндегі автобустар саны, бірлік



Маршруттың ұзындығы, км



Айналымдағы рейс уақыты, минутпен



Қозғалыс аралығы, минутпен



      Қолы, күні

      Мөр орны (Болған жағдайда)

Қалааралық облысаралық бағыт бойынша автобустардың немесе шағын автобустардың қозғалыс кестесі ____________________________ (маршрут атауы)

Елді мекендердің (аялдамалардың) атауы

Алға бағыт

Техникалық сипаттамалар

Қашықтық, км

Кері бағыт

келу уақыты

көлік тұрағы уақыты

жөнелу уақыты

қозғалыстағы уақыт
сағат/минут көзғалыстағы уақыт
сагат/минут

қозғалыстағы жылдамдық
км/сағ Қозғалыстағы жылдамдық
км/салу

Қашықтық, км

бастапқы нүктеден

келу уақыты

көлік тұрағы уақыты

жөнелу уақыты




































































































      Бір жылдағы маршруттың маусымдылығы ______________________

      (жыл бойы немесе маусымнан бастап _____ дейін _____)

      Апталық маршрут кестесі _________________ (апта күндері)

      Жалпы жол жүрген уақыты _____________________________ (сағат/минут)

      Орташа техникалық жылдамдық ____________________ (км/час)

      Автобус класы _________________________________ (екінші немесе үшінші сынып)

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
8-қосымша
Нысан

20 ___ жылғы "___"__________ конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды толтыруға арналған нысан

      1. Маршрутта (маршруттарда) жұмыс iстеу үшін қатысушы ұсынатын жылжымалы құрам:

Пакеттің (маршруттың нөмірі)

Автобустың, шағын автобустың үлгісі мен класы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Шығарылған жылы

Шығарған зауыт

Соңғы техникалық тексеруден өткен күні

Меншік түрі

Паспорттық сыйымдылығы

Отыратын орындар

Барлық орын саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      2. Жолаушы тасымалдау саласындағы тасымалдаушының жұмыс тәжiрибесi.

      3. Елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе қызмет көрсету шарт бойынша жүргізілетін болады), оның ішінде техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу кешендері бар өндірістік корпустардың, қойма үй-жайларының, автотұрақтардың, жинау-жуу кешендерінің, бақылау-техникалық пункттерінің, әкімшілік ғимараттардың және тұрмыстық корпустардың болуы туралы мәліметтер.

      4. Автобустарды, шағын автобустарды маршрут бойынша қозғалыс кезiнде оларда ақаулықтар туындаған жағдайда ауыстыру бойынша шаралардың жүйесi (пайдаланылатын немесе ұсынылатын).

      5. Жолаушылар тасымалдау жағдайын жақсартатын қосымша ұсыныстар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады