БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларында:
4 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау кезінде "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автомобильдер, сондай-ақ "Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2273-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады.";
5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтар алынып тасталсын;
19, 20 және 21-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі