"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және 62-бабының 5-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2021–2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.Р. Ораловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің | |
2022 жылғы 1 ақпандағы | |
№ 107-210 қаулысына | |
қосымша |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Даярлау бағытының коды және сыныпталуы | Білім беру бағдарлама коды және тобының атауы | 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылы ішінде бір студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6B01 Педагогикалық ғылымдар | ||||
1 | 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | 7 | 443 300 |
2 | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 30 | 443 300 |
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | 50 | 635 800 | ||
3 | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | В009 Математика мұғалімдерін даярлау | 37 | 443 300 |
В010 Физика мұғалімдерін даярлау | 14 | 443 300 | ||
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау | 13 | 443 300 | ||
В012 Химия мұғалімдерін даярлау | 35 | 443 300 | ||
В013 Биология мұғалімдерін даярлау | 35 | 443 300 | ||
В014 География мұғалімдерін даярлау | 21 | 443 300 | ||
4 | 6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау | В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау | 32 | 443 300 |
5 | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 19 | 443 300 |
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 55 | 443 300 | ||
В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 119 | 443 300 | ||
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | ||||
6 | 6В022 Гуманитарлық ғылымдар | В033 Дінтану және теология | 15 | 371 796 |
Итого: 482 |