"Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерісті енгізу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 16 наурызда № 145/22-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27268 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      99-2) тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "99-2. Әлеуметтік көмектің көлемі 130 АЕК аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады