Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2022 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Жакеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің | |
2022 жылғы 29 наурыздағы | |
№ 107-883 қаулысына | |
қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2022 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттары | Қосымша білім беру түрлері | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиелену- шілердің саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Техникалық бағыт | ||||
1 | Бейін: бастапқы техникалық модельдеу | Модельдеу (авто, кеме, радио және авиа, инженерлік-техникалық) | 33388 | 20 |
2 | Бейін: Компьютерлік техника және бағдарламалау | Компьютерлік графика және дизайн | 15586 | 200 |
Бағдарламалау және есептеу техникасы | 15586 | 50 | ||
3 | Бейін: Медиашығармашылық және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары | Медиажурналистика және видеография | 10820 | 230 |
Кинобейне шығармашылық | 10820 | 145 | ||
Графикалық дизайн және 3D анимация | 10820 | 85 | ||
Мультипликация және Flash анимация негіздері | 10820 | 30 | ||
Фотография және сандық фотостудия | 10820 | 45 | ||
4 | Бейін: Өнертапқыштық және рационализаторлық | Инженерлік жобалау негіздері | 33388 | 75 |
Робототехникалық және мехатрондық жүйелерді инженерлік жобалау негіздері | 33388 | 70 | ||
5 | Бейін: Радиотехника және электроника | Робототехника және 3D модельдеу | 27823 | 370 |
Лего-құрастыру | 27823 | 145 | ||
6 | Бейін: Радиотехника және электроника | Пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану (квадрокоптерлер, ұшақтар, тікұшақтар планерлер, зымырандар) | 27823 | 30 |
7 | Бейін: Техникалық спорт түрлері | Желкен ісі | 31881 | 20 |
Жаратылыстану- ғылыми бағыт | ||||
8 | Бейін: Экология-биологиялық | Экология және экожурналистика | 9107 | 15 |
9 | Бейін: Физико-математикалық | Ментальді арифметика | 9107 | 50 |
Математика, химия, физика бойынша үйірмелер желісі | 9107 | 45 | ||
Туристік- өлкетану бағыты | ||||
10 | Бейін: туризм | Тау, су, шаңғы, жаяу туризмдері | 11922 | 30 |
Туризм және іздестіру-құтқару жұмыстарының негіздері | 11922 | 15 | ||
Құзға шығу | 11922 | 30 | ||
Дене шынықтыру- сауықтыру бағыты | ||||
11 | Бейін: Жалпы дене шынықтыру | Жүзу | 17200 | 1180 |
Үстел теннисі, үлкен теннис | 15581 | 165 | ||
Үстел ойындары (шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ) | 5127 | 175 | ||
12 | Бейін: Спорттық дайындық | Баскетбол | 14165 | 50 |
Волейбол | 14165 | 50 | ||
Футбол | 14165 | 50 | ||
Джиу джитсу, кикбоксинг | 14165 | 30 | ||
Көркем гимнастика | 14165 | 150 | ||
Дзюдо | 14165 | 50 | ||
Каратэ | 14165 | 50 | ||
Таэквондо | 14165 | 50 | ||
Флорбол, шайбалы хоккей, шөп үстіндегі хоккей | 14165 | 100 | ||
Мәнерлеп сырғанау | 14165 | 100 | ||
Бокс | 14165 | 55 | ||
Әлеуметтік- гуманитарлық бағыт | ||||
13 | Бейін: кәсіби бағдарлау | "Жас кондитер" бағдарламасы | 10134 | 15 |
14 | Бейін: әлеуметтік-мәдени | "Жүргізушілер клубы" бағдарламасы және шешендік өнер | 12040 | 30 |
Балаларды мектепке дайындау бойынша "Тұлғаны дамыту балалар клубы" бағдарламасы | 12040 | 100 | ||
Жас модельдер мектебі | 12040 | 50 | ||
15 | Бейін: гуманитарлық | Шет тілдерін (ағылшын, қытай, араб, түрік, жапон, неміс) оқу | 8123 | 205 |
Көркем-эстетикалық бағыт | ||||
16 | Бейін: музыкалық шығармашылық | Аспаптық ансамбльдер (гитаристер, барабаншылар, домбырашылар, жетігеншілер) | 13660 | 120 |
Вокалдық ансамбльдер мен студиялар | 13660 | 50 | ||
17 | Бейін: Бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер | Көркем ою (тас ою, ағаш ою, сүйек ою) | 8445 | 15 |
Керамика, қыш ісі (мүсіндеу, мүсін, керамикалық мүсін) | 8445 | 30 | ||
Кесте тігу, тоқу, бисермен тоқу, кілем тоқу. Қолданбалы өнер түрлері | 8445 | 75 | ||
Бейнестудия бағдарламасы | 8445 | 100 | ||
18 | Бейін: театр өнері | Жас актер мектебі, қуыршақ және драма | 14987 | 50 |
19 | Бейін: хореографиялық өнер | Классикалық би және балет | 12490 | 80 |
Спорттық-бал биі | 12490 | 50 | ||
Эстрадалық би | 12490 | 50 | ||
Көше биі | 12490 | 50 | ||
Халық биі | 12490 | 50 | ||
Инклюзивті қосымша білім беру | ||||
20 | Бейімді театр | 29975 | 30 | |
21 | Art-терапия | 29975 | 30 | |
22 | Ерекше білім беруді қажет ететін балалар арналған бейнестудия | 29975 | 75 | |
23 | Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған ағылшын тілі | 29975 | 90 | |
24 | Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған қолданбалы өнер | 29975 | 100 | |
25 | Бейімделгіш жүзу | 21500 | 100 |