Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 107-1013 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27556 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Жакеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 6 сәуірдегі
№ 107-1013 қаулысына
қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №

Кадрларды даярлау бағыты

Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)

Бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

1

2

3

4

1

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

350

377 908

2

Дене тәрбиесі және спорт

50

377 908

3

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

350

377 908

4

Музыкалық білім беру

15

377 908

5

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

200

377 908

6

Информатика

35

377 908

7

Мейіргер ісі

200

382 000

8

Акушерлік іс

25

382 000

9

Лабораториялық диагностика

25

382 000

10

Әлеуметтік жұмыс

25

383 742

11

Исламтану

50

377 908

12

Кітапхана ісі

15

377 908

13

Шаштараз өнері

25

415 829

14

Қонақ үй бизнесі

100

383 742

15

Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

25

383 742

16

Тамақтандыруды ұйымдастыру

200

415 829

17

Туризм

50

383 742

18

Маркетинг (салалар бойынша)

125

383 742

19

Логистика (салалар бойынша)

25

383 742

1

2

3

4

20

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

300

383 742

21

Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

25

383 742

22

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

25

383 742

23

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

75

415 829

24

Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

45

415 829

25

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

150

383 742

26

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)

25

415 829

27

Токарлық іс (түрлері бойынша)

20

415 829

28

Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

50

415 829

29

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

125

415 829

30

Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер

40

415 829

31

Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану

25

415 829

32

Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

50

415 829

33

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

75

415 829

34

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

100

415 829

35

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

50

415 829

36

Ет және ет өнімдерін өндіру

25

415 829

37

Тағам өндірісінің технологиясы

50

415 829

38

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

142

415 829

39

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

90

415 829

1

2

3

4

40

Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

25

415 829

41

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану

50

415 829

42

Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)

50

415 829

43

Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру

25

415 829

44

Геодезия және картография

25

415 829

45

Орман шаруашылығы (түрлері бойынша)

50

415 829

46

Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

50

415 829

47

Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

25

415 829

48

Жол қозғалысын ұйымдастыру

25

415 829


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады