"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 10 қарашадағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2022 жылғы 11 сәуірдегі қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мыналарға:
Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
жобалық атауы А82 көшеге – Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі;
жобалық атауы № 23-15 көшеге – Қалибек Қуанышбаев көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы Е11 көшеге – Әзілхан Нұршайықов көшесі;
жобалық атауы Е609 көшеге – Әшірбек Сығай көшесі;
жобалық атауы Е613 көшеге – Саят Абеев көшесі;
жобалық атауы Е632 көшеге – Тұяқберді Шәмелов көшесі;
жобалық атауы Е633 көшеге – Бақтыгерей Құлманов көшесі;
жобалық атауы Е635 көшеге – Ғазиз Байтасов көшесі;
жобалық атауы Е809 көшеге – Жошы хан көшесі;
жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерге – Әмір Едіге көшесі;
жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерге – Роза Жаманова көшесі;
жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерге – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы көшесі;
Сығанақ көшесінде орналасқан, "Зеленый квартал" тұрғын үй кешенінің жанындағы атаусыз саябаққа – "Бухарест" саябағы атауы берілсін.
2. Мыналар:
Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:
Мұхамеджан Тынышбаев және Иманжүсіп Құтпанов көшелері – Иманжүсіп Құтпанұлы көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі |
А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |