Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 296/37-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31530 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) мынадай мөлшерде жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін:

      1) 7 жастан 18 жасқа дейінгі білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – мектеп көлік картасын міндетті валидациялау кезінде балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) – 0 теңге;

      2) 18 жастан асқан білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі көлік карталары маусымнан тамыз айына дейінгі кезеңді қоспағанда, ай сайын "Айлық жол жүру – Қала" келісімшартымен толықтырылады.

      2. Астана қаласы мәслихатының келесі:

      1) "Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы" 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 959 болып т іркелген);

      2) "Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 6 наурыздағы № 359/45-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1223 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатның хатшысы Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады