Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының "Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы" 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7865 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Донорларға бір реттік қан донациясы үшін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген мөлшерде, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша көтермелеу берілсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | М.Балпан |