Қосшы қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 45/11-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27403 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Қосшы қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Қосшы қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б.Ибраев


  Қосшы қаласы мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 45/11-7 шешіміне
1 қосымша

Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Елді мекеннің, ауылдық округтің атауы

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін орын

Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты

1

Қосшы қаласы

Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңы

Республика көшесі, 3В бастап Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңына дейін. Шекті толымдылық нормасы - 100 адам


  Қосшы қаласы мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 45/11-7 шешіміне
2 қосымша

Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Егер Заңда және өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушылар мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

      3. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстар өткізуді ұйымдастыру үшін арнайы орындарды шекті толтыру нормалары:

      1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін орын: Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңы. Шекті толымдылық нормасы - 100 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Республика көшесі, 3В бастап, Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңына дейін. Шекті толымдылық нормасы - 100 адам;

      4. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға жол берілмейді.


  Қосшы қаласы мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 45/11-7 шешіміне
3 қосымша

Қосшы қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Қосшы қаласында келесі объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистралдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистралдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады