2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/192 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 сәуірде № 27683 болып тіркелді

      "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.

      2. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ А-4/192 қаулысына
қосымша

2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері

Субсидиялау бағыттары

Субсидиялауға талап етілетін қаражат, мың теңге

Бірегей тұқымдар

16 636

Элиталық тұқымдар

344 070

Бірінші репродукция тұқымдары

306 480

Бірінші ұрпақ будандары

121 826

Бюджет қаражатының барлығы

789 012


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады