"Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 7С-18-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 маусымда № 28526 болып тіркелді

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 56-3 және 56-4-жолдармен толықтырылсын:

      "

56-3

"Степняк – Қаратал"

ауданішілік

56-4

"Степняк – Уәлихан"

ауданішілік

      ";

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 62-1, 62-2 және 62-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

62-1

Щучинск қаласының № 21 маршруты

қала маңындағы

62-2

Щучинск қаласының № 22 маршруты

қала маңындағы

62-3

Щучинск қаласының № 26 маршруты

қала маңындағы

      ";

      келесі мазмұндағы "Ауданаралық (облысішілік қалааралық)" бөлімімен толықтырылсын:

      "

Ауданаралық (облысішілік қалааралық)

68

"Көкшетау – Есіл"

ауданаралық

69

"Көкшетау – Жақсы – Державинск"

ауданаралық

70

"Көкшетау - Еңбекшілдер"

ауданаралық

71

"Көкшетау – Ұлан – Мәдениет"

ауданаралық

72

"Көкшетау – Астраханка"

ауданаралық

73

"Көкшетау – Степняк"

ауданаралық

74

"Степногорск – Ақкөл"

ауданаралық

      ";

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Т.Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады