Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 19 шілдедегі № 83/16-7 "Қосшы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 9 қарашадағы № 107/22-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қарашада № 30493 болып тіркелді

      Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 19 шілдедегі № 83/16-7 "Қосшы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28850 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:"

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласы
мәслихатының хатшысы
Б.Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады