Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 09.08.2024 № А-8/366 бірлескен қаулысымен және Ақмола облысы мәслихатының 09.08.2024 № 8С-12-4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бурабай ауданы Щучинск қаласының шекарасына (шегіне) Бурабай ауданының 257,96 гектар босалқы жерін қосу арқылы шекарасы (шегі) өзгертіліп, шекарасының (шегінің) жалпы көлемі 10661,4 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржикпаев |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Т.Жунусов |