Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 510, 531-баптарына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосшы қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қосшы қаласының жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арттырылсын (азайтылсын).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы шешімнің 1-тармағын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы |
Б.Ибраев |
2022 жылғы 23 қарашадағы № 117/23-7 Шешімге 1-қосымша |
Қосшы қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
о
2022 жылғы 23 қарашадағы № 117/23-7 шешімге 2-қосымша |
Қосшы қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелерінің арттыруы (азайтуы)
Аймақ нөмерлері | Жер салығының мөлшерлемелерінің арттыруы (азайтуы) |
I | + 50 % |
II | + 35 % |
III | + 10 % |
IV | - 25 % |
V | - 50% |