Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы №306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Қосшы қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қосшы қаласының әкімі | Г.Касенов |
Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 10-237 қаулысына қосымша |
Ақмола облысы Қосшы қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері
№ | Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекенжайы | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері |
1 | Қосшы қаласы, "Алтын дала" шағын ауданы, 3 үй, 12, 15, 31, 43 пәтерлер | 61 теңге, 4 тиын |
2 | Қосшы қаласы, "Алтын дала" шағын ауданы, 5 үй, 2, 11, 17, 26, 29, 44 пәтерлер | 76 теңге, 2 тиын |
3 | Қосшы қаласы, "Алтын дала" шағын ауданы, 6 үй, 1, 2, 3, 4 , 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 пәтерлер | 75 теңге, 6 тиын |
4 | Қосшы қаласы, Республика көшесі, 1/1 үй, 1/4 корпус, 154 пәтер | 89 теңге, 93 тиын |