"Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № А-7/1369 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № А-10/2078 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қазанда № 30300 болып тіркелді

      Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № А-7/1369 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23546 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі Б.Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясымен

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ A-10/2078 қаулысына
қосымша
  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ А-7/1369 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Көкшетау қаласы

"Юбилейный" шағын ауданы, 39/1, "Бакалея" дүкені ғимаратының оң жағында

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60, "Тігін фабрикасы" аялдамасының сол жағында

Мұхтар Әуезов көшесі, 173, "Базар" аялдамасының сол жағында

"Васильковский" шағын ауданы, 34, "Сырымбет" дүкені ғимаратының алдында

Кенесары Қасымұлы көшесі, 191 А, "Достық" дүкені ғимаратының сол жағында

Төлеу Сүлейменов көшесі, 2, "Жібек Жолы" базары ғимаратының сол жағында

Осипенко көшесі, 1, "РИО" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының сол жағында

Рақымбек Сабатаев көшесі, 1/1, "Ақмола облыстық ауруханасы" аялдамасының сол жағында

Станиславский көшесі, 35, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Абай көшесі, 124, "Истоки Кокшетау" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдында

Буденный көшесі, 83, "Бурабай спорт кешені" аялдамасының сол жағында

Оразбек Қуанышев көшесі, 170 A, "Ауыл шаруашылығы институты" аялдамасының оң жағында

2

Красный Яр ауылы

Достық көшесі, 22, "Темирлан" дүкені ғимаратының сол жағында

Желтоқсан көшесі, 1 A, "Наурыз" дүкені ғимаратының сол жағында

3

Станционный кенті

Юбилейная көшесі, 18, "Синегорье" дүкені ғимаратының оң жағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады