Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 5 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27814 болып тіркелді

      Ақкөл ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 7 шілдедегі № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23337 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 119 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "№ 119 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Малоалександровка ауылы, Абай көшесі 23, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Мало-Александровка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Малоалександровка ауылы.";

      № 123 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "№ 123 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Кемеркөл ауылы, Мектеп көшесі 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Кемеркөл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Кемеркөл ауылы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысы Ақкөл аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Ю.Курушин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады