Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қарашадағы № С 51-3 "Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 тамыздағы № С 23-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28980 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № С 8-5 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 31.08.2023 № С 8-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы № С 51-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5123 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің қосымшасында:

      ІІ тармақтың екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

II

1,6

01-001-007 Айдарлы ауылы, Кеңес ауылдық округі

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Д.Салыбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады