Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 7С-22-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 27978 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады